Жасыбай батыр - 18 ғасырда өмір сүрген батыр. Орта жүз құрамындағы Арғын тайпасынан шыққан, Бәсентиін руынан. Олжабай батырдың жиені. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі тарихында ерекше рөл атқарған ірі тұлға. Әкесі-Өмірәділ от ауызды, орақ тілді шешен ......
Уәлихан, Шот-АманЫдырысұлы (Шота Уәлиханов) — сәулетші. Уәлиханов Шота Ыдырысұлы (26.4.1932 ж. туған, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Сырымбет ауыл) – сәулетші, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген сәулетшісі (1978), профессор, Шығыс елдері Халықаралық сәулетші академиясының академигі (2001).
Әлдененің сыбдырынан Гриша басын көтеріп алды. Үйдің іші ала көлеңке тартып, рауланған алтындай таң жарығы білініп, шығыс жақ құланиектеніп қалыпты. Ешбір тықыр білінбейді. Терезеге үңіліп еді, бәйтеректердің жапырағы баяу қимылдап тұрғанға ұқсайды. Бірақ ол сыбдыр таңғы тәтті ұйқыдағы Гришаның құлағына келуі мүмкін емес қой.
Басы екі терезенің ортасына тие қойылған кроваттағы Ставровский шалқасынан арбайын-сарбайын ұйқтап жатыр. Тіпті үстіндегі көрпесінің шеті төсегінен ысырылып түсіп қалғанын да білер емес. Гриша оның көрпесін жоғары тартып, үстіне жаба салды да, өзі де төсегіне қайта келіп, көрпесіне оранып көзін жұмды.
Гришаның көзі ілінер-ілінбестен жаңағы сыбдыр тағы шықты. Бірақ бұл жолы Гриша оның қағаздың сыбдыры екенін анық аңғарды. Мақталы сырмалы көрпені серпіп тастап қайта бір шынтақтап көтерілді. Тағы ештеңе жоқ. Ставровский сол қалпында, аяғы кеткен жерге басы кетіп жатыр. Басқалар да қыбыр етпейді, тек бір қалыпты тынысы ғана естіледі. Он жақ бұрышта жататын Ораздың ғана қолы қимылдағандай. Бірақ қолы бет-әлпетін көлегейлеп көрсетпейді. Гриша қайта жатуға ыңғайлана бергенде, терезе алдынан әлдекім жүріп кеткендей бір көлеңке қараң етті.
Нақ осындай құзғын сәріде кім болушы еді. Тіпті Гришаның елегізи беретін ескі әдеті. Жазғы таңғы тәтті ұйқысын қиып кім жылы төсектен тұрушы еді. Ол қайта жатты.
Бұрын, бұрын бұрында Қаңбақ шал деген шал болыпты. Мал мен басқа зар болыпты. Кедейліктен шықпапты. Ол ау салып, балық аулап, тамақ асырапты. Жел соқса, шал домалап жөнеледі екен. Содан соң оған Қаңбақ шал деген ат қойылыпты. Күн сайын ауына ілінген екі балығының біреуін бір түлкі әлімжеттік қып тартып жей береді екен. Түлкінің қорлығына шыдамай, шал бір күні екінші бір жерге көшем деп, дүние мүлкін арқалап жолға шығыпты. Шаршаған соң оны бір жерге көміп кетіпті, бір жерге елдің сойған малынан жинап алған ішек қарнын көміп кетіпті, бір жерге қарындағы айранды көміп кетіпті .Жүктің салмағымен Қаңбақ шал ұшып кетпей келеді. Жүктен арылған соң, желмен ұшып, бір жерге ұшып түсіпті. Қараса, бір дәу екі тауды біріне – бірі шақпақ қылып, ұрып тұр екен.......
Бастығы жаңа жүргізушісімен танысып жатыр! - Фамиляң қандай? - Атым Саша! - Мен өз адамдарымды фамилясымен атап үиренип қалғанмын фамилян кім? - Мені фамиляммен атау сізге ыңғайсыз.....
Бiздiң жерiмiздiң қойнауы тек қазына, байлық емес, ол қазiр түрлi улы газдар, күкiрттi сутегi және өзге де тiршiлiкке қауiптi химиялық қосылыстарға да «бай». Мұның барлығы адам денсаулығына керi әсерiн тигiзуде. Уланған топырақта өскен өсiмдiк, онымен қоректенген жануар айналып келгенде — адам азығы. Демек, адамзат өз өмiрiне қатерлi ортаны өзi жасап отыр.Елiмiзде жүргiзiлген экономикалық өзгерiстердiң барлығы экологиялық жағдайды қорғау саясатынсыз iске асты. Осыдан келiп, «Экономикадағы экологиялық жендеттiк синдромы» пайда болды. Кеңес Одағы тұсында «Бiз табиғаттан рақымшылық күтiп отырмаймыз. Оның бермегенiн тартып аламыз» деген солақай тұжырым жасалғаны белгiлi. Бұл адамзаттың қалыптасқан табиғи жағдайларға қарсы шығып, оны өзiне бағындыру әрекетiнiң бастауы болды. Мұның ақыры неге әкелгенi баршамызға аян.Ғылыми-техникалық жетiстiктерiмiз бiр жағынан мақтаныш болғанымен, оның да экологияға тигiзiп жатқан керi әсерi бар. Қырық жыл бойы Семейде ядролық қару сыналуы, әлi де Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшып жатқан зымырандардың айтарлықтай зардабы бар екенi баспасөз беттерiнде жиi айтылып жүр. Қазақстандағы экологиялық жағдайдың төмендiгiнiң бiр көрiнiсi — Арал теңiзiнiң тартылуы. Айдыны тартылған соң ғана «Арал тағдыры – адам тағдыры» деп көңiл аудара бастадық. Өткен жылдан берi Арал теңiзi мен Сырдария өзендерiнiң арналарын ретке келтiруде бiршама жұмыстар атқарылды. Бүгiнде олардың тiршiлiгi қайтадан жанданып келедi. Алайда, бұрынғы деңгейге жету үшiн әлi де көп уақыт қажет. Соңғы кезде бұл өңiрден экологиялық апатты аймақ мәртебесiн алып тастау туралы мәселе көтерiлген. «Арал апат аймағы мәртебесi әзiрге күшiнде қалады» деген материалда не жайында айтылатыны тақырыбынан–ақ белгiлi. Журналист теңiз проблемасын жалаң түрде баяндамай, бұл аймаққа бiр топ жауапты қызметтегi адамдардың келгенiн, «Арал экологиялық апат аймағынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы» заңның күшiнде қалатыны мен оның кемшiн тұстарын да атап өтедi. Автор жиi айтылатын Аралдың экологиялық жағдайын емес, аталған заңның әлi де жұмыс iстейтiнiне басты назар аударған.Теңiздiң тартылуы, жағадағы улы тұздардың ұшуы барша адамзатқа төнген қауiп. Оның зардабын қазақстан халқы ғана емес, көршi елдер де тарта бастады. Осыдан келiп бұл проблеманы шешу жолға қойылды. Экологиялық, экономикалық, әлеуметтiк факторларда жақсарту бағдарламалары қабылданды. Олардың нәтижесi ендi байқалып келедi.Жердiң тозуы мен шөлге айналуы қазiргi кездегi жаһандық экологиялық проблеманың бiрi болып саналады. Ғасырлар бойы қалыптасқан табиғи, экологиялық, әлеуметтiк жағдайларды ескермей жер пайдалану жүйелерiн күшпен енгiзудiң ақыры осыған әкелдi. Тың және тыңайған жерлердi игеру экологиялық – биологиялық тепе-теңдiктiң бұзылуына себеп болды. Сол жылдары Қостанай, Ақмола, Солтүстiк Қазақстан, Көкшетау және Павлодар облыстарында жыртылған жердiң көлемi 600 мың шаршы км. асқан. «Қазақстанның 26 млн. гектар тың жерi игерiлiп, соның салдарынан 8 млн. құнарлылығын жоғалтып, айналыстан шығарылды» (Назарбаев Н Көтерiлген тың – достық пен жасампаздықтың белгiсi // ЕҚ., 07.02.04). Осынша үлкен алқаптың соқаға тырналуынан келген зардаптың орны әлi толған жоқ. Кейiнгi жылдары түрлi техногендi факторлардың әсерi онсыз да құлдыраған жердiң жағдайына тiптен керi әсерiн тигiздi. Жер бүгiнгi таңда негiзгi табыс көзiне айналып отыр. Сондықтан, оны аяусыз пайдаланып, бойындағы бар нәрiн сатудамыз. Жыл сайын дақылдың бiр түрiн ғана егу, оның iшiнде көбiнесе пайдасы мол болғандықтан мақта өсiру, қажеттi мөлшерде тыңайтқыштар сеппеуiмiз де жердiң құнарлығын азайтуда.....