Ертегі: Жалмауызды алдаған қыздар

Ертеде бір бай болыпты. Байдың ауру әйелі және үш қызы бар екен. Бір күні әйелі науқасынан айықпастан қайтыс болады. Біраз уақыттан кейін бай үйіне басқа әйел алып келеді. Бұл әйел қатыгез адам болып шығады. Ол байдың қыздарын жек көреді. Бір күні өгей шешелері қыздарын шақырып алып:
— Шырақтарым, бүгін сендер тоғайдан жеміс теріңдер, – деп түбі тесік шелек береді. Қыздар:
— Алақай! Жеміс тереміз! – деп қуанып тоғайға кетеді. Тоғайға келіп, жеміс тере бастайды. Бірақ, терген жемістері тесік шелектен түсіп қала береді. Сол себепті қыздар тоғайда көп жүріп қалады.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Түлкі мен бөдене

Түлкі мен бөдене екеуі айырылмас дос болыпты. Екі дос талай жерді шарлапты, талай қызық көріпті.
Күндерде бір күні:
— Досым, мені бір күлдірші, – депті түлкі.
— Жарайды, күлдірейін. Сен менің артымнан ер де отыр. Мен ұшамын да отырамын, – депті бөдене.......
Ертегілер
Толық
0 0

Шығарма: О,туған жер! О, атамекен!

Кеңсің дала,
Туған ана.
Көйлегің кең көк ала.
Жан беретін,
Тән беретін,
Мірімді ана, сен ғана!
С.Сейфуллин.
О, қазақтың қасиетті қара топырағы! Менің ата-бабамның асылы, ұрпағына қалдырған баға жетпес мұрасы, ең аяулы дұғасы, баға жетпес байлығым. Атамекен, Отан, туған жер... Бұл сөздер - әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер қасиетті сөздер.
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент.......
Шығармалар
Толық
0 0

Ертегі: Қожанасыр әңгімелері

I

Қожаның үйіне бір күні шәкірттері жиылып келіп байқаса, қораның ішінде бір семіз тоқты тұр екен. Қожаның сойғалы семіртіп отырған тоқтысы болады. Шәкірттері Қожаның аңқаулығына сеніп, оны алдап, тоқтыны сойғызбақ болып, қасына жиылады да:

— Қожеке-ай, мына тоқтыға көп еңбекті босқа сарп қылғаныңыз-ай! Енді қызығын көрмей қаласыз-ау! — деседі.......
Ертегілер
Толық
0 0

Реферат: Психология | Қарым қатынас психологиясы

Адам қоғамнан тыс өмр сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасыды, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.
Кез келген адам дүниеге келсімен екәншә біп адаммен қарым- қатынасқс түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен «тілдесуі» қажетін қанағаттандырмау – біртіндеп оның қасаң сезімді, мейрімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына сезімінің азаюына әкліп соқтыратыны байқалып жүр. Сөйтіп, басқалармен қарым-қатынасқа түсу – қай жастағыларға болмасын, оған киім-кешек, баспана, ұйқы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен аралысып, дұрыс қарм-қатынас жасай білу де қажет. Мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау – жазаның ең ауыр түрі екндігі белгілі. Өзгелеромен қарым-қатынас жасау – бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат алмасу деген сөз. Адам қарым –қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәілмет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарға меңгереді. әрине қарым-қатынас ақпарт алумен ғана шектелмейді, оның шеңбері аса кең, бұл кең көп қырлы ұғым. Спектакель көрсекте, лекция тыңдасақта , телефонмен хабарлассақ та, дос- жарандармен сөйлессек те – осының бәрі – қарым- қатынастың сан алуан қырлары. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Ертегі: Қарынбай

Ертеде Қарынбай деген өте кедей адам болады. Оның дүние, мал дегенде жалғыз қаршығасы болыпты. Ол қаршығасы көзіне көрінген құсты құтқармайтын, өте алғыр болыпты.

Қарынбай осы қаршығасының ұстаған қаз, үйректерімен ғана қоректеніп күнелтеді екен. Бір күні қаршыға салып жүргенде, алдынан бір хан кез болады. Хан қаршығасы қаз, үйрекке түспей, қапаланып тұр екен. Қарынбайдың қаршығасын көріп, қалайды. Хан қалаған соң, Қарынбай амалсыз қаршығасын береді. Қаршығасынан айырылған соң, Қарынбайдың күн көрісі нашарлап, ішер ас таба алмай, қапаланып......
Ертегілер
Толық
1 0

Шығарма: Аяулы менің ұстазым!

Әлемдегі менің ең асыл, ең ардақты ұстазым - Шаймухаева Жанна апай. Ол кісі мен үшін алтынға толған қазына сияқты. Ал, ұстазым маған сол ішіндегі барлық алтынды берді.......
Шығармалар
Толық
0 0