Ертегі: Тамшы

Әкесі әлемнің мұхиттары мен теңіздері, анасы көк аспандағы қара бұлт кішкентай Тамшы бүгін қатты қуанышты. Өйткені, ол алғаш рет жерге түспекші. Биіктен қарағанда жер өте әдемі екен. Жап-жасыл бір әлем. Әдемі қызғалдақтар мен сарғалдақтар, раушан гүлдер мен қоңыраугүлдер, жасыл тал-теректер......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Әзілхан Нұршайықов | Ақиқат пен аңыз

БІРІНШІ ДИАЛОГ

I

Алматы жазда да, күзде де әсем ғой, шіркін! Сентябрьдың аяқ кезі болса да, астана ыстық, шуақ, жылы нұрға бөгіп тұр. Бірақ ауа райының хабаршылары бүгін жиырма бес градус ыстық болады деп айтқанымен, жаз жиырма бесі мен күз жиырма бесінің жалыны бірдей болмайды екен. Жаздың мұндай күндерінде шолақ жең көйлек киген көше жаяулары жандарына сая таппай дедектейтін еді. Қазір де көйлекшеңдер көп кездескенімен, бірсыпыра жұрт иықтарына костюм іліпті, бәрі де аяқтарын асықпай басатын болыпты.

Күн әлі де едәуір ыстық болғанымен, сары күздің келгенін сары ала жапырақтар айқын аңғартқандай еді. Төбеден төмен қарай қалықтай құлаған екі-үш жапырақ Фурманов көшесімен жоғары қарай өрлеп бара жатқан менің алдыма келіп түсті.

Комсомол көшесінің қиылысындағы «Ювелирторг» магазинінен өткеннен кейін, үйлердің номеріне көз сала бастадым. Өйткені менің іздеп келе жатқан үйім осы тұста болуға тиіс. Білетін адамдар маған магазиннен өтісімен-ақ оң жағыңа қарай бер деп түсіндірген. Расында да лезде-ақ мен бұрышында төрткіл көк қаңылтырға ақ сырмен 117 деп бадырайта жазылған номері бар үш қабат үйдің қасына келдім.

Үйдің осы номеріне көзім түскен сәтте жүрегім сәл шым ете қалып, өн бойымды әлде бір жеңіл діріл аралап өткендей болды. Ол бірте-бірте ұмытылыңқырап бара жатқан ескі сезім еді. Ұлы Отан соғысында жүрген кезімізде, шабуылға шығар алдында дәл осындай болып, көңіл қобалжыңқырайтын да, артынан дайындық басталғаннан кейін, дененің дірілі басылып, қорыққаның, қобалжығаның ұмыт боп кететін.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Шығарма: Анашым

Әр адамың әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ананың жылулығынан басталады.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Менің Отаным – Қазақстан

Менің Отаным – Қазақстан

(шығарма)



Менің Отаным Еуразия материгінің кіндік бөлігінде орналасқан, кең байтақ жер. Елім тәуелсіз. Халқым кең пейілді, қонақжай.

Еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар таулар, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Алуан түрлі аңдар мен құстар жасайды.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Алтын күз

Міне, қыркүйек туды, күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр да жауып тұр. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Анда-санда таңертең салқын болып қояды.......
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақша реферат: Барлыбек Сыртанов (1866 - 1914)

Барлыбек Сыртанов 1866 жылы Жетісу жерінің Қапал уезінде дүниеге келген. Барлыбектің әкесі өте ақылды, көргенді кісі болған. Барлыбек Сыртанов Верныйдағы ерлер гимназиясына оқуға түседі. 1866 жылы бұл оқу орнын өте жақсы деген бағамен бітіреді. Сыртанов өзінің өте қиын.....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Ақ қанат арман

Мына өмірде жүрегіңде, бойыңда ыстық қан барда, болмысты да, болмасты да болады деп арманда, - деп ақын Мұқағали Мақатаев ағамыз да арман жайлы жырлаған. Жыр керуені алға жылжыған сайын Мұхтар Шаханов шығармалары жарық жұлдыздардың қараңғы түн қойнауынан сәулесін шашқандай жарқырай түседі. Ақынның өзі жырлағандай адамға үміт отын жандыратын, үміт отын маздататын арман керек екенін сөз өрнегімен дәлелдеген.......
Шығармалар
Толық
0 0