Мақал - мәтел: Адам, жан, кісі, көп, көпшілік

Адам бір-біріне қонақ.

Адам қайғысы - заман қайғысы.

Күн күркіресе, көп дүркірер.

Күйесіз қазан жоқ, қайғысыз адам жоқ.

Адам ойға тоймас, қасқыр қойға тоймас.

Тоқ адамды ұйқы басады,
Аш адамнан ұйқы қашады.

Ас адамның арқауы.

Құс жаманы саңғығыш,
Адам жаманы қаңғығыш.

Адам мен адам арасы, аспан мен жердей.

Жақсы адам елдің ырысы,
Жақсы сөз жанның тынысы.

Жақсы адам тауып сөйлейді,
Жаман адам қауып сөйлейді.

Жақсы кісінің ашуы - шай орамал кепкенше.

Аққу айдынын аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.

Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Шығарма: Алғашқы ұстаз

Мен №31 мектеп – гимназиясының төртінші сыныбында оқимын. Ибраева Жанар сынып жетекшіміз. Бізге тереңірек білім бере отырып, саналы тәрбие берген ұстазым әрі кең пейілді ана Ибраева Жанарға алғысым шексіз.......
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақша шығарма: Қазақстаным!

Тәуелсіздік… Осы сөзді естігенде, жүрегімде керемет бір қуаныш орнағандай болады. Ал бір жағынан көңілім түсіп кетеді. Оның себебі, тәуелсіздікке қол жеткізу жолында, аға-әпкелеріміздің қан төккені жүрегімді ауыртады.

Бірақ, біз қазақ елі, ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. 1991 жылы желтоқсан айында «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Қазақстан.....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Астана

Әр елдің өзінің Астанасы болады. Қазақстанның жүрегі де Астана. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Дүние жүзіндегі ел ордаларының ішіндегі ең жас қала - Астана. Астана қазіргі еліміздің арқа сүйер Ел ордасына айналды. Бізді оған жеткізген тұңғыш президентіміз ......
Шығармалар
Толық
0 0

Ертегі: Өгіз бен есек

Бір күндерде өгіз бен есек жолдас болып, ауыл маңында бірге жайылып жүріпті. Бірде екеуі оңашарақ шығып кетеді де ағашы қалың бір бауға кіріпті. Баудың іші жайқалған шалғын екен, екеуі өлең шөпке сылқия тойып алыпты.

Қарны тойған соң, енді есектің бақырып, көңіл ашқысы келеді. Соған ыңғай білдіргенде өгіз:

– Сен ақырма, – дейді аузын басып......
Ертегілер
Толық
0 0

Қазақша реферат: Қарашаұлы Бәйдібек (VI-VII)

Қарашаұлы Бәйдібек (VI-VII ғ. ғ.) Жетісу алабындағы көшпелі тайпалар көсемі. Ақыл парасатымен, ерлік істерімен елге ұйтқы болған тарихи тұлға.

Ел ішіндегі қария сөздер далалық ауызша тарихнама бойынша (ДАТ) Ұлы жүздің үйсін бірлестігінің құрамындағы албан, суан, дулат, сарыүйсін, шапырашты, ысты, ошақты тайпалары.....
Рефераттар
Толық
0 0

Эмиль Кенжесариевтің алаңға оралуы екіталай

Бір айға жуық аурухананың жан сақтау бөлімінде жатқан ақтөбелік футболшы Эмиль Кенжесариев кеше есін жиды.

Дәрігерлердің айтуынша, спортшы орнынан қозғалып, бірінші рет өз қолымен ас ішкен. Алайда, Эмель 10-шы тамыз күні өзін аяусыз соққыға жыққан қаскөйлердің есімдерін айта алмай отыр. Есін енді жия бастаған футболшы сол күні орын алған оқиға туралы ештеңе есінде қалмағанын ишарамен түсіндірген.

Алматылық дәрігерлер Эмиьдің басынан алған жарақаты тым ауыр болуына байланысты есте сақтау қабілетінің төмендеп кеткенін, алайда бұл жағдай уақытша екенін алға тартып, науқасқа әлі де емделу керектігін айтып отыр.

Жаңалықтар
Толық
3 -2