Елімізде темекі және алкоголь өнімдеріне акциз көтерілетін болды. Бұл туралы ҚР экономика мен бюджетті жоспарлау министрі Ерболат Досаев хабарлады.
Ведомство басшысының айтуынша, қазіргі таңда 1000 темекі үшін акциз 1550 теңгені құрайды. 2014 жылға қарай бұл көрсеткішті 3000 теңгеге жеткізу арқылы, шылымның құнын 100% қымбаттату жоспарланған. Ал, 2020 жылға қарай оның бағасын 10 000-ға дейін көтеру көзделіп отыр. Қымбатшылық алкогольды ішімдіктерді де айналып өтпейді.
Бүгінгі күні 1 литр спирт үшін акциз 500 теңге болса, 2014 жылы ол 1000 теңгеге, ал 2016 жылы 1600 теңгеге дейін көтеріледі.
"Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеуі бойынша спирт өнімдерін көп пайдаланатын мемлекеттердің алғашқы отыздығына кіреді. Яғни бір Қазақстан азаматы 7-8 литр ішімдік ішеді деген сөз. Осыған орай, бізге темекі және алкоголь өнімдерінің бағасын көтеру маңызды. Әрине, қымбатшылық.....
Бір Мысық қаңғырып жүріп өліп жатқан арыстанға тап болады да оның жетім қалған күшігін бауырына басып, емізіп асырайды. Арыстан өсіп, азулы аң болады, өз тамағын өзі тауып жейтін халге жетеді.
Бір күні ашыққан Арыстан өзін асыраған Мысықты жемек болады. Мысық оның бұл ойын сезіп, өрмелеп ағаш басына шығып кетеді. Сонда Арыстан тұрып:
— О, менің ақ сүтін емізген асыраушым! Маған сен туған анамдай ыстықсың. Бар ақылыңды үйреткенде, ағашқа өрмелеуді неге үйретпегенсің? – дейді.
— О, қайырымды балам! Сені мен кішкентайыңнан бауырыма басып өсірдім, білген ақыл-айламның бәрін үйреттім. Бірақ құлқыныңнан қорқып, бір өнерімді айтпай, бүгіп қалып едім, оным ақыл болған екен! – дейді.......
Есіңізге түсіріңізші,өмір сүру туралы соңғы рет қашан ойландыңыз?Өмір ол ағып жатқан өзен.Аға береді,алға жылжи береді.Ал өмір тікелей уақытқа байланысты.Уақыт дегенің-көзге көрінбейтін,қолға ұсталынбайтын дүние.Минуттап,сағаттап,апталап,айлап кейде жыл өтіп кеткенін байқамай қалатн кездеріміз де бар.......
Елбасының бастамасымен қабылданған Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы үлкен саяси міндет қойылған болатын. Онда бұл міндеттің орындалуы мемлекеттік егемендікті сақтаудың, аумақтық тұтастықты және шекараның мызғымастығын қамтамасыз етудің кепілі ретінде атап көрсетілген. Міне, сондықтан да егемен 20 жыл ішінде еліміз қол жеткізген ұланғайыр табыстарының бірі ел аумағының....
1.«Аяғы ауыр болып, құрсақ көтеріп жүрген әйел дүние салса, шаһиттердің [3] қатарынан болады» (Хадисті Убада ибн Самиттен Ибн Саъат риуаят еткен).
2.Бір күні Алланың Елшісіне с.а.с. бір әйел баласымен келеді, сонда Пайғамбар с.а.с. былай деді:«Аяғы ауыр әйелдер, дүниеге бала әкеліп әрі балаларға қамқор, күйеуіне адал, айтқанын екі етпейтін....
БҒМ Қаржы министрлiгi және Бас прокуратурамен бiрлесiп, мұғалiмдердi қағазбастылықтан құтқармақ. Бұл туралы Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында айтты деп хабарлайды baq.kz.