«Қу да қу түстен кейін жолдас-ты» деген емес пе? Бір күні түс ауа берген мезгілде табиғаттың гүлденіп, нұр беріп тұрған шақта оңаша ат шаптырғандай ашық даласында таз, жалақ, сулы көз – үшеуі кездесіпті. Біраз отырып, басынан өткен қызықты әңгімелерін қыздыра отырып, таз жолдастарымен: «бір нәрсе ойлап отырмын», – деді. – Айт, айт! Біз үшеуміз жолымыз түсіп, қосыла қалған екенбіз. Күнде мұндай бас қосылып, көңіл көтеру табыла бермес. Сондықтан қыз күнімізге дейін ескерткіш болу үшін мен ойлағанымды орталарыңа салайын. Менің жолым алыс, сендерді білмеймін, егер де мақұл көрсеңдер, маған біраз жерге серік болыңдар, бұл – бір. Екінші, сонау мұнарланған төбеге жеткенше мен басымды қасымаймын, сулы көз көзін сүртпесін, жалақ ернін жаламасын. Міні, осыны орындаған күнде біздердің қай жерде жүргенде де қулығымыз тірі жаннан кем болмайды, – деді. Сулы көз жалақ екеуі ақылдасады. «Мұның да айтқанын істеп көрейік. Осы бізден бұрын өткендер «өнерді үйрен де жирен» деп, неге айтты дейсің? О да осындай жастарына үйрене бер деген ақыл ғой, екеуміз де болады дейік, – деп, тазға келді. Таз: – Не ойладыңдар, мырзалар!......
Баяғыда Тоқсанбай деген атқан оғы жерге түспейтін бір мерген болыпты. Оның жасынан бергі кәсібі аңшылық екен. Жұрт оны мерген деп есептесе де, ол өзін шын мерген екендігіне сенбейді екен. Тоқсанбай жетпіс жастан асқанда аңшылықты шорт тоқтатыпты. Мылтығы жиырма жыл ілулі тұрыпты. Тоқсанбай тоқсанға келгенде өзінің мергендігін сынамақ болып, мылтығын сүртіп тазалап, атына мініп, аңға шығыпты. «Егер атқан оғым әлі тиетін болса, онда оғым жерге түспейтін болғаным, үйткені әзір қарауылды көретін көз де қалмады. Әдеттегі мерген болсам, бұл жолы оғым тимейді» деп ойлайды.
Иенде жалғыз келе жатқан Тоқсанбай жайылып тұрған бір маралдың үстінен түседі де, абың-күбің мылтығын серт ұстап, маралды атып қалады. Марал оқпен бірге түседі. Тоқсанбай жантаңдай жүгіре басып маралды бауыздап алады. Жас кезіндегі әдеті бойынша, маралдың ішін де жармастан төсінен іреп жіберіп, төстігін сыпырып алып, қақтайды.
Тоқсанбай төстіктің қанды сары суы әлі әбден тарап болмаған жерінен бір кесіп аузына сала бергенде, әлгі бір жапырақ ет жерге түсіп кетіпті. Тоқсанбай «бісімила» деп етті қайта ала бергенде, ет ыршып барып, кесіп алған орнына жабыса қалыпты. Онымен қоймай марал тұра салып, қаша жөнеліпті. Мұны көрген Тоқсанбай өз көзіне өзі сенбей, аң-таң болыпты....
Ол бір заманда Көктелпек, Жамантелпек дейтін ұрылар болыпты. Көктелпек – әкесі, оның баласы – Жамантелпек. – Әке, сенің ұрлыққа шеберлігің қандай? – депті Жамантелпек. – Не қандайын сұрайсың, балам, мен ұя басқан сауысқанның астынан жұмыртқасын сездірмей аламын, – депті Көктелпек. Көктелпек тау басындағы ұя басып жатқан сауысқанның жұмыртқасын ұрлауға өрмелегенде, баласы әкесінің станын ұрлап алып қалады. Қайтып келіп, Көктелпек баласына: – Қалай, ұшырмастан сауысқанның астындағы жұмыртқасын ала алдым, – деп, мақтана сөйлейді. Баласы да: – Я, сіз өте шебер екеніңіз рас, ал мен сіздің станыңызды қалай білдірмей алдым, – дегенде, Көктелпек өз бойына қарап, киімінің жоқ екенін көріп, ұялып: – Я, балам, сенің ептілігің артық екеніне көзім жаңа жетті, – депті әкесі. Ханның атақты арғымақ аты болады. Атты тас сарайға аузына кілт салып, бағады. Ұрылар ханның атын ұрлап әкетуге қанша аңдыса да, шығарып әкете алмайды.....
Бір күні Жүсіп өзінің шиті мылтығын алып келе жатса, бір ағаштың басында қарақұс отыр екен. Жүсіп атайын деп оқтала бергенде, қарақұс: «Мерген, сен мені атпай-ақ қой»,—дейді. Әуелі таң қалып қалған Жүсіп ойланып: «Осы қарақұстың тірі жүргенінен өлгені артық болар»,—деп, атуға екінші рет оқталады. Қарақұс тағы да: «Мерген, мені атпай-ақ қой!»—дейді. Жүсіп тағы да ойланып, үшінші рет қарақұсты қарауылға алғанда: «Мен сенің қолыңа қонайын, сен мені бақ»,—дейді.
Жүсіп құстың айтқанын жасайды. Бір күні қарақұс Жүсіпке:—Сен арқама мін, орманға апарайын,—дейді де, Жүсіпке арқасын тосады. Жүсіп мысықтай ырғып құстың арқасына отырып қалың тоғайға келеді.
—Сен осының ішінен бір үлкен ағаш таңда!—деді қарақұс. Жүсіп көрсеткен ағашқа қарақұс қонады да, ағашты сілкілейді, бірақ оған ағаш сына қоймайды. Қарақұс: «Мені әлі де бақ»,—дейді. Жүсіп құсты екі ай бағып, қайта әкелгенде Жүсіптің таңдаған ағашы шорт сынады. Сонда қарақұс: «Сен менің арқама мін»,—деп әмір етеді. Жүсіп қарақұсқа мініп, аспанға ұшады. Қарақұс аспанға шарықтап, бір теңіздің үстіне келе бергенде Жүсіпті тастап жібереді де, суға жақын келгенде іліп әкетеді. Екінші рет жанып жатқан өрттің үстінен тастап жіберіп, отқа жақын қалғанда іліп әкетеді. Үшінші рет құздың үстінен тастайды да, тасқа жақын қалғанда қағып әкетеді. Сонда қарақұс бір төбеге қонып, Жүсіптен: «Сен жаңағы судан, өрттен, таудан қорықтың ба?»—деп сұрайды......
Пән:Алгебра Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.4B бөлім: Ықтималдық Сабақ тақырыбы: Оқиғалардың ықтималдығының бірігуі туралы теоремалар Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): • Оқиғалардың ықтималдығын қосу ережесін қарастыру ; • Оқиғалардың ықтималдығын қосу ережесіне есептер шығару. Сабақ мақсаты: • Оқиғаларға амалдар қолдануды қарастыру; • Мүмкін емес және ақиқат оқиғаларды қарастыру......
Бір күні Сәлім байбатша менен Рахым байбатша аң аулауға шығыпты. Бұлардың қасында құсшы болған бір Боқбасар деген қазағы бар екен. Бұлар құстың етін жейміз ғой деп, жол азық алмапты. Аң аулап жүргенде, бұларға ешнәрсе кез келмепті. Ертеден бері намазына шейін аулап жүріп, бір жалғыз шүрегей атып алыпты. Бұлар көп жүріп шаршаған соң бір жерге келіп, дем алмаққа тоқтапты. Әсіресе, қарны ашқан соң атып алған үйректің етін асып жемекке ойланып, Боқбасарға үйректің етін істікке шаншып, «отқа қақта», – деп, бұйрық қылыпты. Байбатшалар дем алуға жатыпты. Боқбасар онша көңілі қош болмай, мешкей байбатшалар, тым болмаса, маған үйректің бір жапырағын тастамас деп, үйректі жайғастыра бастапты. Қашан Боқбасар үйректің жүнін жұлып болғанда, байбатшалар қынжылып, бұлайша депті: «Үйрек бек кішкене екен, екеумізді тойғызбас», [– депті]. «[Ал] Боқбасарға да береміз», – деп, бір сөз айтпайды. Боқбасар қазақ болса да, қу қазақ еді. Байбатшалардың не ойлағанын күні бұрын біліп, оларға айтты: – Шүрегей бек кішкентай, байбатшалар, сіз екеуіңіз тоймайсыздар. Мұны жегендеріңмен қарындарың тоймай, ауыздарыңның дәмін алып, бекер тамсанып, сілекейлерің ағар. Менің ойымша, екеулерің бірдей аш болғанша, онан да шүрегейді біреулерің жеп, біреулерің аш болыңдар, – дейді. Байбатшалар Боқбасардың айтқанын мақұл көрсе де, шүрегейдің етін біріне-бірі қимай, екеулері де аш қалуға көнбеді. Сонда Боқбасар тұрып, былай дейді.....