Сатиралық ертегі: Ақылсыздың сазайы

Бұрынғы өткен заманда еңбекті сүймейтін, еріншек бір жалқау жігіт болыпты. Ол жалқау күні-түні «Қалай етсем бай боламын?» деп, армандайды екен. Күндердің бірінде ол бір данышпан адамға жолығып, арманын, ойын айтыпты. Әлгі данышпан оңай олжа іздеген еріншек жігітке былай деп кеңес беріпті.
– Бай болу үшін көп еңбек етуі керек. Береке деген тауға барасың, ол жерде мол байлық бар, керегінше аласың. Тек қана ақылыңды істете біл, ақыл болмаған жерде байлық та жоқ. Еңбек етпеген жігітке есе де болмайды.
Данышпанның осы кеңесінің байыбына жетпеген жігіт «Ал, жолын таптым ғой, енді бай болып кетсем керек» деп, Береке тауын іздеп, сапарға шығыпты. Мидай дала, шөліркеген сусыз шөл даланы кезіп жүріп, дала сойқаны бір қасқырға жолығыпты.
– Ал, жігітім, жолың болсын! Қайда барасың? – деп сұрапты Қасекең.
– Береке тауына бара жатырмын. Байлық, дәулет алып қайтам, – деп жауап беріпті. Мұны естіген қасқыр көк ми жігітке мейірбаншылық еткендей сүзіле қарап, өтініш етіпті. Күні-түні желе жортып, сандалмамен жүргенім мынау. Анау-мынау кездеспей, ауым болмай қалса, апта, он күндеп түк таппай, жортамын. Сол Береке тауына менің тілегімді айтып көрші. Менің де несібеме лайықты иелері бар ма екен?
Жігіт......
Ертегілер
Толық
0 0

Сатиралық ертегі: Өтірік саңырау

Бұрынғы уақытта Шаған елінің бір саудагері Киптанға келіп, сауда істеп жүреді екен, ақ қашқан жылы, қызылдың қолына түсіп, бар істеп жүрген күрегінен айырылып, кісі жатты. Ішінде бір Жүніс деген ақсақалы бар екен. Бір күні түнде отырып, саудагер Жүніске айтты:
– Көңіліміз бір көтерілсін, күлдірші, – деді. Сонсоң Жүніс айтты:
– Шынымды айтып күлдірейін бе, өтірігімді айтып күлдірейін бе? – деді.
Сонсоң:
– Өтірікпен күлдірмей-ақ қой, шыныңмен күлдір, – деді.
– Шыныммен күлдірсем, – деді, – бір көк атым бар еді. Соны жазды күні семіз күйінде ұрлап қойды. Өзі бәйге ат еді, зар ғып жүр едім, бір күні біреу бәленше жерде тұр деп айтты деген соң құлағымды тігіп, бақылай келсем, Керекудің аржағында тұр деген дейді естілді, бұрын сол Кіптанға келіп жүретін бір керекулік жігіт бар-ды. Талай «Тамыр болайық», – деп, – үйге жүр, қалағаныңды алып кет деп жүретін. Мен қолым тиіп, бара алмайтынмын-ды. Сонан соң жолдас та ерткенім жоқ, жүріп кеттім. Қуанышым қойныма сыймай, ойым сол тамырыма барсам деп, келе жатырмын. Үстімде киген киімім жақсы, сағаты бар күміс, бір күннен кейін тағы да жүріп келе жатырмын. Артыма қарасам, бір боз жорға атты келе жатыр. Сонсоң бөгелгенім жоқ, аттың екпінімен соғып келіп, өтті. Оң жақ тізем сынып қала жаздады......
Ертегілер
Толық
0 0

Сатиралық ертегі: Молданың тобасы

Ертеде бір молда есегімен келе жатып, ескі қыстауға кез болыпты. Келсе, ешбір қыбырлаған жан жоқ. Тек ұшып-қонып, шықылық қаққан құстарды көреді. Жағалай қораның ара-арасымен өтіп, көгалдау жерге келіп, түседі. Түсіп, есегінің ауыздығын алады. Есегі оттап жатады, өзі судың басына келіп, дәрет алып отырады. Бұл молданың бет алысы Топар бойында біреу шақырған екен, шақырған себебі – шақырған кісінің бір баласының сұлу әйелі болады, ол баласын менсінбейді екен. Содан молдаға:
– Дуа оқып, басын айналдырып бер, – деп, шақырған екен. Сонымен молда шақыруын қабыл етіп, жол шегіп, келе жатқан екен. Дәретін алып болып, молда бесін оқуға кіріседі. Есегі оттап тұрады, содан төскейге қарай бетін түзеп, намазын оқуға кіріседі, әуелі азан айтып алады, екі құлағын ұстап, азанын айтып болған соң «Аллау әкбар», – [деп], қолын жайып, бата қылады. Сәждеге басын қойып, бір-екі еңкейе бергенде, артынан біреу келіп, түртіп қалады. Бірақ молла пісмілләсін айтумен намазын оқып, тұра береді. Әлгі түрткі қайта-қайта молданың арқасынан жыбырлата түседі. Молда қарайын десе, намазы бұзылатын, қарамайын десе, тиыштық бермей барады. Бір мезгілде:
– Аһ-һ, бісміллә, – деп секіріп, анадай жерге түседі. Қараса, шашы дудыраған, жалаңаш бір адамзат пиғылы бар біреу екен. Молда жиырма шақты қадамдай жерге барып, ақырады:......
Ертегілер
Толық
0 0

Сатиралық ертегі: Үш сылқым

Серкебай деген байдың тіршілігінің арқасында үш ұл бірдей шырпы басын сындырмай, өмірді ылғи сылқым-серілікпен біркелкі өткеріп бара жатады. Күндердің күнінде Серкебай жасы жетіп, өмірі бітуге таянғандығын төңіректеп келген сырқаулықтан сезеді. Ес-ақылы бүтін, тіл-көмейі сау уағында үш баласын қасына шақырып алып, қоштасады.
Балаларына мынандай өсиет айтады: бірінші өсиетім: мал-мүлкімді үшеуің бөліп алыңдар, таласпаңдар, тартыспаңдар; екінші өсиетім – осы үйімнің үш бұрышына үш кесек алтын тықтым, бөліп алған мал-мүліктеріңді ішіп-жеп тауысқан соң сол алтынды тауып алып, қоректеніңдер. Үшінші өсиетім – ол алтынды тауысып алып, күн көру үшін кісі есігін іздестірсеңдер, үшеуіңе де айтқаным – зор мұрынды, қау сақалдау келген бір кісіге жалдана көрмеңдер, – дейді.
Серкебай өледі, мал-мүлкі бөлінеді, ол ішіп-желінеді. Алтын қазылып алынады, ол да ішіп болынды. Ең алдымен, үлкеннің қорегі таусылады, ол кәсіп іздеп, қаңғып кетеді. Адырақ көз, қау сақал адам жолығады.
– Е, не еткен жігітсің?
– Кәсіп іздеп жүрген жігітпін.
– Маған жалдан.
– Жұмысыңыздың түрі не?
– Жалғыз есегімнің боғын тазалайсың.......
Ертегілер
Толық
0 0

Сатиралық ертегі: Құлақай

Құлақайдың әкесі елге беделді адам болса керек. Мекені – Тарбағатай тауының алқымы, «Саршоқы», «Аршалы» деген жерлер. Сол уақыттағы дәстүр бойынша Құлақайдың әкесі күз болып, мал семірген уақытта маңындағы елдерге жата-жастана қонақтайтын әдеті екен. Құлақайдың сегіз-тоғыз жастағы кезі. Әкесінің алты ұлының ең кішісі де осы – Құлақай. Сондықтан да оны жасынан-ақ еркелетіп, бетін қақпай өсіріпті. Әкесі қайда барса да, өз қасынан қалдырмапты. Ел ішінің беделді адамы, атақты рудың баласы болғандықтан, Құлақайдың әкесін елі құрметтейтін. Өзі жоққа нанғыш, байлығы болмаса, момын адам еді. Сүйтіп, жас Құлақай әкесімен қонақтап жүріп, барған үйінен үнемі құлақ (малдың) жеп, оның тәттілігі жас баланы кәніктендіреді. Жасы жеткен адам болғандықтан да, қай үйге барса да, бас Құлақайдың әкесінікі де, құлағы – баласынікі. Көбінесе, ағайын ішіндегі бір ауылдың, қалса, бір елдің ақсақалы болғандықтан, бір үйден екінші үй өздері–ақ құрметтеп әкететін. Оған деген бір малдары ертеден арнаулы.
Құлақай жасынан-ақ бір бетті, көңілге алған ісіне тиянақты, көпшіл болды. Өзімен замандас балалардың ортасында әр нәрсеге ыңғайлы, қолынан іс келетін қабілеті күшті еді. Ең аяғы, ауыл балаларын әртүрлі ойынға ұйымдастыратын да осы Құлақай болды. Онсыз ойындарының беделі болмайтын, қызықсыз өтетін......
Ертегілер
Толық
0 0