Қиял-ғажайып ертегі: Қарамерген

Бұрынғы өткен заманда қазақ жұртының бір Қарамерген деген кісісі болыпты. Өзінің дәулеті жоқ, және перзенті жоқ екен. Мергендікпен бұғы атып мүйізін, құлан атып саурысын, әртүрлі аң атып, терісін сатып, жан сақтайды екен. Жаз кетсе – қыс келіп, қыс кетсе – жаз келіп, жолдассыз жалғыз жүреді екен.
Бір күндерде баяғы мерген мылтығын алып: «Қысы-жазы ел бармайтұғын, адам тұрмайтұғын бір алыс жерге барайын!», – деп жүріп кетіпті. Неше күн жол жүріп, бір үлкен тауға келіпті: қараса, тауда адам жүрген жол жоқ. Бір сайменен атын жаяу жетелеп, көп машақат тартып, таудың үстіне шығыпты. Жан-жағына қараса, аң киік есепсіз көп екен. Мерген қуанып, бір бастаудың басына келіп, тастан үй жасапты, төбесін жолым үйдей қылыпты, бірталай уық ағашпенен, үйдің төбесін аңның терісімен жауыпты.....
Ертегілер
Толық
0 0

Сатиралық ертегі: Екі дос соқырдың жайынан

Бұрынғы замандарда екі соқыр жолдас болып, бір-бірінен айрылмай, күннен күн екеуі дос болыпты. Һәр адам тең теңімен, тезек қабымен, екеуміз бір-бірімізге теңдеспіз ғой деп. Сол бейшаралардың достығы біреуісіз бірі тамақ жеместей болып, жанын да, тәнін де ортаға салып, қол ұстасып, ауқат қылып жүріпті. Біздің бұрынғы ең үлкен атамыз Адамға дұшпан болған бір шайтан атты біреу бар дейді ғой, сол осы екі соқырдың ұйымдасып, ауқат қылғанын да күндеп, екеуін ажыратудың шарасына кірісіпті. Бұған ажырату айласын таба алмай, не қыларын білмей тұрғанда бір адам:

– Нағып тұрсың сілейіп? – деп сұрапты.

– Ойбай, мен жетісіп тұрғам жоқ. Осы екі соқырдың достығын бұзудың кепілін алып едім. Енді сорым құрып, соны бұзудың ақылын таба алмай тұрмын, – дейді.

– Ой, сол ма? Мен оны боқтан оңай ажыратып берем, – деп, екі соқырдың біреуін «Мә, жолдасыңа!» – деп, бір ұрады.

– Мә, Құдай, уф, – деп, бір ұрды......
Ертегілер
Толық
0 0

Сатиралық ертегі: Рас һәм қисық

Баяғы заманда қанша уақыт өткенін білмейміз, қазақ жерінде апалы-сіңлілі екі қыз болыпты. Үлкенінің есімі − Рас, Кішісінің есімі – Қисық. Бұл қыздар бек кедей екен. Күн көруге қаражаты болмай, бір ауылдан бір ауылға қайыр сұрап жүріпті. Қазақтар шамасы келгенше бұларға қайыр беруші еді. Рас көркем, салмақты еді һәм адал жүріп, тыныш жүруші еді. Сонысына қарай қазақтар мұны жақсы көруші еді. Растың сіңлісі Қисық тынышсыз, ұрысқақ, қу болыпты. Һәм оңай жатқан нәрсе болса, ұрлап әкетуші еді. Мұндай мінезіне қарай қазақтар мұны жек көруші еді.
Бұл екеуі көп зәрушілік көрісті. Ғұмырларында шаттық етіп, бақ көре алмады. Ғұмырлары мұндайменен өтті, арты қандай болары белгісіз. Күндерде бір күн бұл екеуі ауылдан алысырақ барып, кеңес құрысты.
Ақырында, ойласып-ойласып, өзге тарапқа барысып, бағын сынаспақшы болды. Әр ауылдан ірімшік, құрт жиып алып, екеуі де ақырындап, жолға түсті. Бұлар дамыл алмай, көп жүрді. Жел жоқ, салқын соқпай, ауа айналып, жерге түскендей ыстық болды. Жан-жаққа қараған, ешнәрсе көрінбеді. Мұндай ыстық уақытта жан-жануар қамысқа қорғалаушы еді. Осыған қарағанда бұл екі міскіннің сапары бек қиын болды.
Күн батып бара жатқанда, бұл жолаушылар Түркістан жерінде Темір деген өзеннің жағасына келді......
Ертегілер
Толық
0 0

Қиял-ғажайып ертегі: Сиқыршының сыйы осы

Бұрынғы заманда бір батыр болыпты. Оның бірінен-бірі өткен екі дүлдүлі бар екен. Батыр дүлдүлін алма-кезек мініп аңға шығып тұрады екен. Батыр күнде таңертең дүлдүлінің біреуі, терлеп тұрғанын көреді. Бұл істің байыбына бара алмай бір күні атшыдан сұрайды:

—Тақсыр, сіз әр күні аңнан шаршап келіп, төсекке басыңыз тиісімен-ақ қатты ұйқыға кетесіз. Ал сіздің бәйбішеңіз ел әбден ұйқыға барды-ау деген мезетте дүлдүліңізге мініп, жай атқа үш күндік жердегі ойнас байына барып, таңға жуық қайтып келеді. Түн бойы қатты жүріс көрген дүлдүлдің таңертең терлеп тұруы осыдан,—дейді атшы. Бұны естіген батыр әйелін аңдымақ болып өтірік ауырып әрлі-берлі дөңбекшиді. Әйелі тыным алмай күтеді. Батыр ел бір ұйықтап оянғанға дейін тыныштана алмайды. Әйел де уағдалы мезгілінің өтіп бара жатқанына қарап қатты шиыршық атады. Сәлден соң батыр әйелінің тізесіне басын қойып «ұйықтап» кетеді. Әйелі жүктен жастық әкеп байының басына жастайды да, далаға шығып, әлгі дүлдүлге міне салып, суыт жүріп кетеді. Мұны білген батыр екінші бір дүлдүлге міне салып, қарасынан қалмай қуа жүріп кетеді. Әйел айдаладағы бір тамға келіп түседі. Ішінен сақалды дәу бір адам шығып:

—Неге кешіктің?—дейді.....
Ертегілер
Толық
0 0

Сатиралық ертегі: Алса – бермес пен берсе – қоймас

Баяғы өткен заманда Алса–бермес, Берсе–қоймас деген екі қу болыпты. Оның аты айтылу себебі олай деп, бір кісіден алған затын түк бермейді екен, сол үшін оны Алса–бермес қойған. Берсе–қоймас ол біреуге бір зат берсе, алмай қоймайды екен. Сол үшін аты солай болыпты. Екеуінің де дабысы жер жүзіне жайылыпты. Бір күні Бағадат шәрінде Алса–берместі естіп, соған Берсе-қоймас бармақ болып, көз жанарын тартарлық етіп, түрлі алтын сапты кездік соқтырады.
– Барып, үйіне қонғанда, көрсетейін, сұраса, берейін, – деп, соны алып, бірнеше күн жол жүріп, Алса–берместің үйіне іздеп келіп, қонады. Тамақ ішіп-жеп болған соң түрлі кездікті жайып салып, көрсете бастайды. Көріп-көріп, сұрамай қойды. Ертеңіне таң атты. Шай ішіп отырып, әйеліне айтыпты:
– Әй, мен бүгін базарға барып, жөні келсе, бір сиыр сатып әкелейін, – деді.
Сонымен базарға барды, әлгі қонағы да барды. Барып, базардан бір сиырды сатып алатын болды. Сонда он тиыны жетпей қалды. Жан-жағына қараса, түнде үйіне қонған қонағы тұр екен.
– Әй, он тиының бар ма? – деді......
Ертегілер
Толық
0 0