Қиял-ғажайып ертегі: Кедейдің үш баласы

Ертеде бір кедей болыпты. Үлкен баласының аты Әшкен, ортаншы баласының аты Мүшкен, кіші баласының аты Жұмакелді екен. Үйінде отырып, күнелте алмайтын болған соң, үш бала әкесінен рұқсат алып, алыс жерден кәсіп іздеуге шықпақшы болыпты. Сонымен, кедейдің үш баласы кірлерін жуғызып, бір қоржын малта алып, жүріп кетеді. Бұлар ұзын жолға түскен кезде артынан әкесі айқай салып, шақырады.

—Тоқтаңдар, әкеміз шақырады, тосайық,—дейді Әшкен. Балалары тоқтап тұрып, әкесін тосып алады.

—Қарақтарым, жолдарың болсын! Осы кетіп бара жатқан жақтан қопа кездессе қонбаңдар, түстенбеңдер. Онан әрі өте бергенде, жалғыз мола кездеседі, оған қонбаңдар да, түстенбеңдер де. Онан өтсеңдер, бір көп мола кездеседі, оған да қонбаңдар да, түстенбеңдер де... Ал енді, қош, аман болыңдар!—деп, шал қайтып кетті.

Балалар жүріп келеді. Айлардан ай өтіп, күндерден күн өтті. Тек мойындары ырғайдай, биттері торғайдай болғанда, кіші бесін кезінде бір қалың қопа қамысқа жетті. «Әкеміздің айтқаны бар, қонбайық, қопадан шыға қонайық»,—десті де жүріп кетті. Әлі жүріп келеді, әлі жүріп келеді, қопа бітетін емес, күн батып, қас қарайып, түн болды.....
Ертегілер
Толық
0 0

Қиял-ғажайып ертегі: Қаратай

Ерте заманда үш ағайынды жігіт болыпты: үлкенінің аты—Сарытай, ортаншысы—Торытай, ең кішісі—Қаратай.

Жігіттер аң аулаумен кәсіп етіпті. Әр күнде кішісі аңға шығып аң аулады, үлкен Сарытай үйде қалып аңшыларға ас даярлаушы еді.

Бір уақытта Сарытай үйде отырып ет пісіріп отырса, даладан бір зор дауыс естілді. Сарытай қорыққанынан жалма-жан орнынан тұра келіп, далаға шықты, далада ол не көрді? Сақалы қырық тұтам, бойы бармақтай, түсі суық адамды көріп қорыққанынан өле жаздады.

Құдайдың кем жасаған байғұсы Сарытайға қатты ақырды, һәм оған бұйырды: «Мені аттан түсіріп ал!»—деп. Сарытай есі шығып кетіп, қорыққанынан шалға жетіп келіп атынан түсіп, һәм үйге әкелді. Үйде ет ошақ үстінде тұр еді.

Ергежейлі шал Сарытайға: «ет бер»,—деп бұйырды. Байғұс Сарытай оның барша бұйырғанын орнына келтіре бастады. Қазаннан етті түсіріп алып, шақырмаған қонағының алдына қойды.....
Ертегілер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Текстура мен материалдарды зерттеу (Музыка, 2 сынып, IV тоқсан)

Пән: Музыка
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоршаған әлем
Сабақ тақырыбы: Текстура мен материалдарды зерттеу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 2.1.1.1қоршаған ортаны зерттеу барысында кейбір ерекшеліктерін, таныс бейнелері мен формаларын анықтау
2.1.4.1зерттеу, жазып алу, бақылау, елестету, сурет салуды үйрену кезінде өз идеялар мен сезімдерін әр түрлі тәсілдер арқылы шығармашылық түрде ұсыну және жеткізу
Сабақ мақсаттары: Әр түрлі текстуралар мен материалдарды зерттеу;
Тіршілік иелерінің текстурасын қарындашпен салу......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қиял-ғажайып ертегі: Ақбай

Баяғыда Серікбай деген байдың Ақбай деген жалғыз баласы болыпты. Ақбай ат аяғы жерге жетер елді аралап, өзіне лайықты сұлу қыз іздеп, таба алмапты. Сөйтіп, жүргенде бір елде отыз күн ойын, қырық күн тойын берген бір байдың қызының тойы болыпты. Ақбай қасына қырық жігіт ертіп, он бес күн жол жүріп, сол той болып жатқан елге келіпті.
Бұл тойда қасында қырық қызы бар, Бибісара деген бір байдың қызы да қырық ақ отау тіктіріп салтанат құрып жатыр екен. Алыстан келген қонақ деп, Ақбайларды да осы қырық қыздың отауына түсіріпті.
Екі күн өткесін, қыздармен танысып, үйреніскен Ақбай Бибісарадан: «Сіздің басыңыз бос па?»—деп сұрапты.
Бибісара айтыпты: «Мен дүнияға келгелі өзімнің алдыма қойған шартым бар еді. Сол шартымды толық орындаған жігітке тиемін,—деген. — Неше адамдар таламан болып аламын деп келсе де, менің қойған шартымды орындай алмайды».
Сонда Ақбай отырып: «Шартыңызды айтып көріңізші, мен де бағымды сынайын!»—дейді......
Ертегілер
Толық
0 0