Қиял-ғажайып ертегі: Тұз басты жыланның хикаясы

Бұрынғы заманда бір қатынның бір қызы бар еді. Ол қыздың аты Маржан еді. Бір уақытта Маржан көршілерінің қыздары мен суға түсуге кеткен, барлық қыздар киімдерін, көйлектерін шешіп суға түседі, бұл қыздар судың ішінде тұрғанда бір тұз басты жылан шығып, Маржанның көйлегіне кіріп жатқан. Қыздар суға шомылып болған соң, судан шығып, киімдерін киіп, үйге қайтып кетті. Маржан судан шығып, киімін киемін деп келсе, көйлегі ішінде бір өлген тұз басты жылан көрді. Жаман қорыққан Маржан бір үлкен таяқ алып, жыланды қуалап жіберем деп, таяқпен ұрам дегенде, жылан басын көтеріп, адам секілді Маржанға айтқан: «Әгар маған тием деп уағда қылсаң, киіміңді беремін, әгар маған тимесең, киіміңді де бермеймін, өзіңді өлтіремін», – деген. Маржан тіпті жаман сасып, уағда берген болады. «Тиемін»,—дейді. Мұнан соң жылан киімнің үстінен түсіп, суға түсіп кеткен. Маржан киімін киіп, үйіне қайтып кеткен. Қайтқан соң анасына барын қалдырмастан сөйлеген, қандай болған істерін һәм өзінің уағда қылғанын. Қыздың анасы қызына көп қарап айтты: «Бала, жаным, бұл сенің түсіңде көрген түсің шығар»,—деген......
Ертегілер
Толық
0 0

Қиял-ғажайып ертегі: Қасқыр мен жігіт

Бір байдың сансыз көп малы болған екен. Малының көбі жылқы екен. Бір жылы қыста қар қалың түсіп жұт болып, бай жылқысын алыс отарға шығарады. Қыс өтіп, жаз жақындаса да, жылқысы келмейді, жылқышылардан хабар-ошар болмайды. Бай жалғыз баласын жолдас-жорасымен жылқысын іздетіп жолға аттандырады.

Күндерден күн өтіп, арып-ашып, жылқыны таба алмай жүргенде, іздеушілер бір ескі қосқа келеді. Қостың ішінде шіріген ет, ыдыс-аяқ, тағы басқа заттар жатыр екен. Мұны көрген соң, іздеушілер өз жылқышыларының бұрын қонып аттанған жері екенін топшылайды. Сол жобамен маңайдағы шаттардан, сай-саладан іздеп жүріп, айғыр үйір шолақ жылқыға кездеседі. Сол кезде бір жақтан ағып келіп, бір көк шолақ қасқыр бір қара ту биені иығына салып ала жөнеледі. Мұны көріп іздеушілер тұра қуады. Бәрінен байдың баласы қасқырға бұрын жетіп, ұрмақшы болып төніп келе жатқанда, қасқыр артына қайрылып:....
Ертегілер
Толық
0 0

Сатиралық ертегі: Ұр, Тоқпақ

Бұрынғы өткен заманда бір шал мен кемпір болыпты. Шал мен кемпір кедей болыпты. Шал мен кемпір тұзақ қойып, күнін көреді екен. Бір күні шал келіп, тұзағына қараса, тұзағына бір қаз түсіп қалыпты. Шал келіп, қазды тұзақтан босатып алып, бауыздайын десе, қаз шалға айтыпты.
– Мені сен босат, менен не сұрасаң, соны бір жылдан кейін ал, – дейді.
Шал:
– Мақұл, – деп, қазды жібереді. Үйіне келіп, жаңағыны айтса, қатыны шалды ұрсады. Шал:
– Қой, сен нені білесің? – деп, сөзін тыңдамай, жүре береді. Бір жыл өтеді. Шал қазға бармақшы болады. Шал қаздың үйіне қарап жүреді. Бір жерге келсе, өңкей түйе жайылып жүр екен. Келіп, түйешіден:
– Бұл кімнің түйесі? – десе,
– Бұл – Қазы байдың түйесі, – дейді.
Шал ойланып, жүріп кетеді. Бір жерге келсе, көп қой жайылып жүр екен. Шал келіп:
– Бұл кімнің қойы? – деп, қойшыдан сұрайды. Қойшы:
– Бұл – Қазы байдың қойы, – деді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Сатиралық ертегі: Екі еріншек

Бір уақытта Итаяқ деген кәрі шал болған екен һәм мұның Шүйке деген кемпірі болыпты. Бұлардың бір жалғыз сиыры бар екен. Бұл сиырдың кәрілігі иелерінің кәрілігіндей екен.
Қаңтардың шақырлап тұрған аяз күні:
– Сиырға шөп сал, – деп, шал кемпіріне бұйрық қылды. Кемпір бұған бұлайша деп жауап берді:
– Кет арман, егер де тілесең, өзің бер. Мұндай суық күні шөптің үстінен қар күреп, сиырға шөп салып, азаптанбаймын, сен білмейсің бе. Сенің бұйрығыңды орнына бажай келтіруге үлпілдеп тұрған жас емеспін ғой, – дейді. Шал айтты:
– Сен бармағанда, мен барам ба? Алла тағала менен Мұхамед пайғамбарымның бұйырғаны бойынша өле-өлгеніңше мен неге бұйырсам, соған көнсең керек, – дейді. Шығуға аяздан қорқып, екеуі көп таласты. Ақырында, екеуі бұлайша деп, уағда қылды:
– Егерде қай бұрын сөйлегеніміз сиырға шөп салайық, – дейді. Кемпір шалды амалменен сөйлетуге ойлады. Бұл себептен кемпір бір күлдіргіш қу адамға барып:.....
Ертегілер
Толық
0 0

Қиял-ғажайып ертегі: Дүт тас

Бұрынғы өткен заманда Қасен деген бір кісі болыпты. Оның екі ұлы болыпты. Үлкен ұлының аты Мәркес, кіші ұлының аты Қарабас. Үлкен ұлына ер жеткен соң әйел әперіпті. Қарабас ер жеткен соң әкесінен сұрапты: «Әке, қашан маған әйел әпересің?»—деп. Сонда Қасен сөйлейді, сөйлегенде бүй дейді: «Қарабас, балам, сенің әйелің жер түбінде, өзің іздеп табасың»,—дейді.

Біраз уақыт өткеннен кейін, Қарабас: «әйел алып бер» деп ағасы Мәркестің мазасын алады, сөзге келеді, тіпті жанжалдасады да. Тілегі орындалмаған соң, Қарабас жолға екі бөлек нан алып, ағасына өкпелеп, басы ауған жаққа қарай жүріп кетеді. Тау-тасты аралап келе жатса, құмды жермен өзіне қарсы келе жатқан алтын мысыққа кездеседі. Мысық адамша сөйлеп, Қарабастан жөн сұрайды: «Қайда барасың, не іздеп келесің?». Сонда Қарабас сөйлейді, сөйлегенде бүй дейді: «Әкем маған сенің әйелің жер астында деп еді, соны іздеп келе жатқан бетім еді». «Ендеше мені қасыңа ертіп ал, мүмкін, жәрдемім тиер»,—дейді. Мысық екеуі жолдас болып жүре береді. Біраз жол жүргеннен кейін, екеуінің алдынан бір ит жолыға кетеді. Ит те сәлемдескеннен кейін, Қарабастың жөнін сұрайды: «Қайда барасың, не іздеп келесің?». Қарабас сонда сөйлейді, сөйлегенде бүй дейді: «Менің әкем айтып еді, сенің әйелің жер астында деп, соны іздеп келе жатырмын». Сонда ит тұрып: «Менімен дос боласың ба? Мен саған болысамын». Қарабас: «Дос болайық»,—дейді.....
Ертегілер
Толық
0 0