Бұрынғы заманда бір адам бар еді. Мал дегенде жалғыз байталы бар еді. Күн көретін қорегі үшін күнде қақпан құрушы еді, бір суыр алушы еді, соны қорек қылып жатушы еді. Бір күні қақпанын қарайын деп келсе, бір түлкі түсіп қалыпты. Бұрын мұндай жақсы аңды көрмеген байғұс түлкіні көріп бассалады, сонда түлкі сөйлейді: «Ей, бишара, мені қоя бер, сені мен мұратыңа жеткізейін»,—деді. Түлкінің тілін алып қоя берді. Түлкі босанып кетті.
Бұлардың уақытында Қайсар деген патша бар еді. Түлкі соған келіп айтады: «Сенің қызыңды балама айттырам деп, хан Елібай сізге жіберіп еді, сізден жауап алып кел деген еді»,—деді. Хан «беремін» деді. Бір жетіде келіп құда түспек болды. Ханның қолынан уағда қағазын алды да, түлкі кете берді. Бір жеті өткен соң жарлыны ертіп келе жатты. Бұрын жарлы атқа мініп үйренген жоқ екен, түлкі оны байталға мінгізіп үйретеді. Хан мен ауылдың арасында бір өзен бар еді. Түлкі өзеннің өткелінен өтті де, жарлының үстіндегі бар киімін суға тастап, өзін таза шомылдырды да, ханға кетті. Ханға келіп айтты: «Күйеуіңіздің айдап келе жатқан малы суға кетті, үстіндегі киіміне шейін, күйеуіңіз мықтылығынан бір байталдың құйрығынан ұстап сүйреп шықты.....
Пән:Геометрия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Алғашқы геометриялық мәліметтер Сабақ тақырыбы: Планиметрияның негізгі фигуралары Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.1.1 негізгі геометриялық фигураларды біледі; 7.3.1.3 кесінді, сәуле, бұрыш анықтамаларын біледі; 7.3.3.2 кесінділердің қасиеттерін біледі және қолданады; Сабақ мақсаттары: Кесіндінің қасиеттерін есептер шығару барысында қолдану дағдыларын қалыптастыру......
Пән:Геометрия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі параллельдік. Сабақтың тақырыбы: Фигуралардың аудандары Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.3.8 көпбұрыштың ауданы ұғымын және оның қасиеттерін біледі; 8.3.3.10 параллелограммның, ромбтың аудандарының формулаларын қорытып шығарады және қолданады; 8.3.3.11 үшбұрыштың ауданының формулаларын қорытып шығарады және қолданады ( , және Герон формуласы); 8.3.3.12 трапецияның ауданының формулаларын қорытып шығарады және қолданады; 9.3.3.13 дөңгелек, сектор, және сегмент аудандарының формулаларын қорытып шығарады және қолданады; Сабақтың мақсаты: Фигураның аудандарының қасиеттерін, аудандар табу формулаларын қолданып есептер шығаруды меңгерту.......
Ғалымдардың айтуынша, Жаңа жылды тойлау шамамен біздің дәуірімізге дейін 3000 жылы алғаш рет Месопотамияда басталған. Көне замандағы адамдар Мадрук құдай зұлымдық пен өлімді жеңді деп санаған. Сол себепті Месопотамия халқы жақсылықтың жамандықты жойғанына қуанып, бірнеше ай бойы тойлайды. Әртүрлі карнавалдар, маскарадтар мен шерулер өткізеді. Мейрам кезінде жұмыс істеуге, жазалауға және сот шешімін шығаруға тыйым салынған.
Уақыт өте келе бұл дәстүрді мысырлықтар мен гректер жалғастырып, содан соң римдіктер мен өзге халықтарға тарай бастайды. Ежелгі Грекияда Жаңа жыл жазғы күн тоқырауы – 22 маусымда тойланып, шарап құдайы – Диониске арналған. Гректердің жыл санауы Олимпиада ойындарынан басталды.
Жаңа Жыл мерекесі әр елде әртүрлі тойланғанымен, оны барлығы бірдей асыға күтеді. Тіпті, желтоқсан айының алғашқы күндерінен бастап ауылда не қалада болсын қысқы мерейдің ажары байқала бастайды. Ғалымдардың айтуынша, адам баласы алғашқы жаңа жылды біздің заманымыздан бұрынғы үшінші мыңжылдықта атап өткен. Жаңа жылды тойлау межесі Тигр мен Евфрат өзендеріне су толып, егін шаруашылығының басталған кезіне тура келеді. Уақыт өте келе, мереке Бабыл тұтқындары арқылы гректерге, ал гректерден Еуропаға тарай бастаған. Рим императоры Юлий Цезарь жаңа күнтізбе енгізген кезде, Жаңа Жылдың алғашқы күні 1 қаңтар болып есептелінген. Римдіктер Жаңа Жылды сәтті өткізу үшін бірінші күнді қуанышқа толы етіп қарсы алатын болған. ....
Иә, әрине,ұстаз ұрпақ тәрбиелеп өсіруші, қоғам сенген адам. Ұстаз болу әрі бақыт, әрі абырой. Осы қастерлі мамандықтың қадірін біліп, шәкірттерінің жүрегіне асыл қасиеттерін ұялатып, өн бойына ұстазға тән салмақтылық пен мәдениеттілікті сыйғыза білген жандарды халқымыз әрқашанда ерекше құрмет тұтқан.
Жаһандану заманында өркениет көшінен қалмау үшін білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеу маңызды. Ұстаз тәлімінен нәр алып сусындаған шәкірттің жетістікке қол жеткізуі – біздің қоғам үшін ең басты рухани құндылыққа апараы сөзсіз. Біліммен қаруланған тұлға қоғамды дамытуға өз үлесін қосатыны белгілі. Қазіргі заман талабына сай әр баланың қабілетіне қарай дарындылығын дамыту, білім бәйгесінде, дүбірлі жарыстарда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шәкірт шығару – ұстаздардың ерен еңбегінің жемісі......
Бұрынғы өткен заманда бір шал, кемпір және бір қызы болыпты. Бұлардың мал дегенде бес-алты ешкісі болған. Әр күні шал ешкісін бағып жүріп, ұйықтап қалып, қасқыр шалдың ешкілерін жатақ жеріне қуып кетеді. Шал ұйқыдан тұрып қараса, ешкілері жоқ. Сонан ізіне түсіп отырып, бір інге келеді. Шал қасқырдың інге әкеліп кіргізгенін білетін, қасқырды ұстап алмақшы болып, іннің аузында қапты қолына алып, аңдып тұрады. Біраздан соң қасқыр іннен шыға берген уақытта қасқырды қапқа салып алып, аулына қайтады. Өз үйіне жете алмай, жолда бір байдың үйіне келіп, қонады, үйге кіргеннен арқасындағы қапты керегенің басына ілдіріп қояды. Бір уақыттан кейін бай сұрайды шалдан «қабыңыздағы не?» – деп. Шал айтады:
– Қаптағы тұқымы асыл бір көк қошқар еді, – дейді.....
Өткен заманның заманында торғай мен бұлбұл дос болыпты. Күндердің күнінде бұл екеуі бір-біріне туған мекендерін көрсету үшін қонақ шақырысатын болыпты. Алдыңғы кезекті бұлбұл алып, торғайды әнімен қарық қылып орман-тоғайдың ішімен бір жеміс бағына әкеліпті. Бұл кезде бұлбұлдың жағымды әні онан ары сорғалай түсіпті. Кеудесін қуаныш кернеген бұлбұл қанша сайрағанымен торғай қабағын бір ашпапты. Бұны байқаған бұлбұл:
– Ой, досым, неге қабағыңды ашпайсың? – деп сұрайды. Сонда торғай:....
Мінезі тұйық, көңіл – күйі тұрақты. Өзіне – өзі қызмет ете алады. Қойылған талаптарды қабылдайды, тәртібі мектеп ережесіне сай. Эмоциялары: мазасыз емес, сабырлы, әр нәрсеге шыдамдылық таныта біледі.