Махаббат хикаясы: Соңғы көктем

Күн өзінің жарық сәулесін таудан асып шыққан күйде шаша бастады. Жер әлем түнгі тыныштықтан кейін оянып үздіксіз өмірін қайта жалғастырды. Дала мен қалаға ортақтасып келген көктемнің жылы шырайы білінді. Әлі ери қоймаған тау шыңдарына көктемнің иісі де келмеген сияқты.
Қала. Ұйыған тыныштықты бұзып тұрған бірер көліктің дауысы болмаса Алматы әлі ояна қойған жоқ. Кешегі сенбі күнді сәтті аяқтаған тұрғындар жексенбінің үлесін ұйқыдан алып жатыр. Апта бойы құрған жоспарларын жастық пен көрпеге қия алмай, қандарын ұйытып, мына әсем көріністен құр қалып бара жатқандарын қарашы.
Ауыл. Тау сілемдеріне түскен күн шапағаты таңның атысын білдірткенімен, жамағат әлдеқашан оянған. Өріске иірілген қойлар, енесін қуалап бара жатқан құлынның дауысы, жерді жарып шыққан көк майсаның иісі, таза ауаның тылсым күші өне бойыңды сергітіп, өмірге деген құлшынысыңды арттырады.
Ғасыр. Өткен күндерінің қарызын қара шашты ақ қылып, жұмыр бетіне әжім айқастырған адамдардан алып жатыр. Асқар қала ғимараттары, биік бұлттармен ұшы ұштасқан таулар сені қуалаумен асығады, жетпейді. Кешегі күн бүгінгідей болмағанымен, бүгінгідей ертең болмас. Кешегі қуаныш бүгінге жалғаспағанымен, бүгін болмаған қуаныш ертең келер. Арадағы үйлесімділік өз заңдылығымен сақталса болғаны.
Тек ғасыр ғана сол қалпында ойлы көзбенен шыққан күнге, ұйқының боданында жатқан қалаға, тіршілігі қайнап тұрған ауылға үнсіз қарап тұр. Тіс жарғысы да келмейді......
Махаббат хикаялары
Толық
0 0

Шығарма: «Радио әжейдің» радиосының дауысы

Қанша үйдің ұрлап адамын,
Қанша үйде сөніп қалды оттар.
Көрдің бе ұлын ананың,
Соғыстан қайтқан солдаттар?
Сырбай Мәуленов
Көктемгі демалысқа шығысымен әкем екеуіміз әкемнің кіндік қаны тамған ауылына барып қайттық. Бұл жолғы сапар мен үшін естен кетпес әсерлі болды.
Біздер ауыл іргесіне іліне бергенімізде, күн бесінге таянды. Тау етегіндегі ауылдың тыныс-тіршілігі алыстан байқалмайды.
Тыныштық. Осы тыныштықты әкемнің дауысы бұзды :
- Анау ауыл шетіне таман тұрған кішігірім ескі үйді көріп тұрмысың?- деді, ноқаттай боп көрінген бір ескі үйді нұсқап.
-Иә, көріп тұрмын,- дедім, әкемнің жүзіне қарап Әкем іле-шала:
- Ол- «Радио әжеміздің» үйі, әлі бұзылмай, сол қалпы тұр,- деді.
- Ескі үйде «Радио әжеміз» әлі тұра ма!?
- Жоға, ол қісі әлдеқашан бақилық болған...
- Сонда........
Шығармалар
Толық
0 0

Мысал ертегі: Қозы мен құлын

Қозы мен құлын жарысатын болып келісіпті. Жарысатын жері ұзақ жер екен, даяшылар оларды бір төбенің басынан тосып алатын болыпты.
Жарыс басталып, а дегенде құлын озып кетеді. Біраз жер жүгірген құлын артына қараса, қозы көрінбей қалған. Сонымен, ол өз-өзіне марсиып, «Маған қозы өлсе де жете алмайды, босқа жүгіргенше дем алайын, қозы осы араға келгеннен кейін жүгірсем де, бәрібір озбаймын ба», – деп қозының келуін тосып жатады....
Ертегілер
Толық
0 0

Махаббат хикаясы: Бірақ ешқашан жылап көрмеппін

Мен өз басымнан өткен бір оқиғаны айтқым келіп отыр. Мен 1курс студентті едім сол жылдар махаббат мол жылдар болған яғни өмірде алғаш бір жан үшін өз басымды бәйгеге тігіп махаббатымнан бас тартқан болатынмын. Махаббат ойламаған жерден кез-келген тіпті сенін кім екеніне қарамастан адамды ғашық ете қоя салады. Мен агенттегі бір жігітпен таныстым ол маған достық хабарлама жіберген болатын сол сәтті онын қандай жан екенін түсіндім арадан коп уақыт өтпей кездесуге келісімімді бердім бірақ сосын ол менен шынайы үйленуге ұсыныс тастады таңға дейін әңгімеміз сол жайлы болатын.

Ол мені шынайы сыйластықпен сүйген еді бірақ менінде осал қыз емес екенімді айта беретін. Солай ол мені кейіп танытып әр түрлі сұрақтар қойатын мен жаман баламын наркоманмын или қыздарға барамын деп. Бірақ мен бұлардың бірде біреуіне мән бермедім тіпті солай болған күнін өзінде де оны қойдыруыма көзім жететін еді. Сөйтіп бір күні алаңда кездестік менен бақытты жан жоқ еді, әңгімелесіп отырып бұрын жүрген қызын ойламаған жерден айтып қалды жалпы мен мүлдем қызғанбайтын адаммын бірақ бір періште соны ұнады деп мені жаман үгіттегендей болды өзім іштей сездім сонда да, сол жерде осы соңғы көруін мен сені қанша жақсы көрсемде шыдаймын тек сен бақытты болсан болды деп. Өзімді өзім өлтіргендей ант еттім.
Және сол сертімде тұрдым. Бірақ хабарласуын қойған жоқ, 5ай бойы:түнде маған хабарласып әлгі айтқан қызға үйленейін деп жатқанын айтты мен бақыт тіледім және бір өкініштісі ертен қызды алып келеді деген күні өкінбейсін ба алі де деп сұрағаны тойға кел тек сенімен вальс бейлеймін дегені тойды бітіріп танертен тан атпай маған хабарласқаны даже келіншегінің жанында отырып телефон соққаны одан кейінде күнде сабаққа бара жатсың ба қашан шығасың үйіңе жеттің бе тіпті келіншегіммен ажырастым енді мүмкін менімен кездесерсін жалпы менен неге бас тарттың соны түсінбеймін деген болатын......
Махаббат хикаялары
Толық
0 0

Махаббат хикаясы: Қызғаныш

Университетте өзін мойындату үшін бойындағы талантын, жігері мен білімін аяған емес. Сосын өзі басқарып отырған тобындағы басқа қыздар сияқты ешқашан көз жасына ерік беріп, сәл нәрсеге жас шығара бермейді. Осы табандылығы – марқұм анасынан дарыған сияқты. Мына өмірдің «жылағанды жұбатуға емес, жұдырықтауға құмар» екенін ерте түсінген балғын қыз – өз достарын қашан да сабырға, күресуге шақырудан тайған емес. Ақкөңіл, мінезі жеңіл, ақ жарқын қыз. Дегенмен тереңнен ойлайтын, өзгелерге қашан да қамқор, адал жан.
Өзіне рухани жақын, бір-бірін жақсы түсінетін досы Нұржанмен таныстығы да қызық басталған болатын. Университетке жазғы маусымда құжат тапсыру науқанымен, қалаға келген беті еді. Вокзалда теріс қарап сыныптасы Бауыржан тұр. Құлағына тосқан телефоннан тіпті қолы тиер емес. Ауылда асыр-салып, алыса кететін мінезімен Гүлзат Бауыржанның арқасына жүгіріп кеп мініп алып еді! Мұны күтпеген жігіт қызбен қоса жерге құлаған. Орнынан тұрғанда Гүлзаттың байқағаны – мына жігіт қалқан құлақ Бауыржан емес, мүлдем бөтен жігіт екен. Дегенмен түрлері нде ұқсастық бар. Сыртынан қарасаң құлақтары айнымайды екен... Ұялып екі беті алаулап кетті...
Таныстығы осылай қызық басталған екеуінің арасы кейін үлкен достыққа...дұрысы, берік махаббатқа ұласты. Гүлзат осылай ойлайтын...
Бірақ оның мына қабағында болар-болмас мұңның табы байқалады. Жаңағы құлағына жеткен жаңалық – бүкіл өмірін көз алдына алып келді. Өмірінде дәл бүгінгідей денесі түршікпеген шығар-ау. Тек туған анасының қайтыс болғанын естігенде ептеп жүрегі шымырлап, тұла-бойын осылай діріл жайлаған болатын. Өзінің жалғандағы жалғыз сенімді серігі санаған Нұржаны – Қаламқаспен жарасып, бүгінгі кешке сол қызбен баратынын естігенде, қызғаныштан жанын қоярға жер таппаған. Нұржанның бүгінгі қылығы – Гүлзатты өмірінде болмаған, байқалмаған сезімге т үсірді. Күні-бойы оқу ғимаратында бұған ләм деп тіл қатпақ түгілі, мойын бұрып та қараған жоқ. Құрбысынан естігені мынау. Дегенмен бұл қызғанышын ішіне түйіп, кешке болатын мерекеге өз тобындағы ең момын бала Ерқанатты ертіп бармақ болды. Бірақ сұр жемпірін үстінен тастамайтын бұл жігітпен бірге бару... Әй, тәуекел!.....
Махаббат хикаялары
Толық
0 0

Шығарма: Елімен өмірі өзектес

Қан майданнан, сұм ажалдың отынан
Аман келген, Алғыс алған Отаннан.
Жауынгердің бірі болып аттанып,
Біздер үшін Батыр болып оралған.
Ж.Шахидоллақызы
Ауданымызға белгілі үлкен әулеттің Бәйтерегі, бәздің бәріміз үшін қасиетті де қымбат жан – Сіз болдыңыз және сондай болып қала бересіз, Самалық Көке! Сіз біздің әруақытта есіміздесіз, биылғы Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 71 жылдығында Сізді ерекше мақтаныш сезімімен еске алып отырмыз. Халқыны қалаулы, қажет кезде Отан үшін кеудесін оққа тосқан жауынгер, еңбегңмен еліне елеулі, кезінде үлкенге де кішіге де қамқоршы, өз ортасында абыз қарттардың бірі болған абзал Азамат, бауырларыңыз бен ұрпақтарыңызға ұлағатты «Көке» бола білген Сіздің есіміңіз әулет мүшелерінің мәңгілік жадында болуымен қатар, әр жылдарда бірнеше ұжымшарды табысты басқара білген басшы ретінде де аудан тарихынан да өшпейді. Көке! Біз Сіздің ұл – қыздарыңыз және олардан тараған ұрпақ екенімізді мақтан тұтамыз! Сейтқазиев Самалық, 1908 жылы туды........
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ұстаз - қоғамның тірегі

Мұғалім деген ат — қасиетті ат. Мұғалім деген аттан таза еңбекті сүйетін мамандық иесі деген сөзді ұғынады. Елдің надандығымен алысатын адам - мұғалім.
С. Мұқанов

Ұстаздық ету – ең ұлы іс. Ал ұстаздар – шын бақыттылар. Ұстаз алдынан өтпеген жан кемде-кем. Мейлі әкім бол, мейлі ғалым бол, ұстазыңның алдында мәңгілік қарыздарсың! Өйткені оның тәлім-тәрбиесін, үйреткен оқу-білімін жылдар бойы сіңіріп, дүниенің бір кірпіші боп қаландың.

Ұстаз деген кім? Ол – мектептің жүрегі. Ахмет Байтұрсыновтың сөзімен жеткізсек, ұстаз - білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім. Мен «ҰСТАЗ» ұғымын өз ісінің ұстасы, шебері деп түсінемін.

Әр мұсылманға ілім үйренуді парыз еткен асыл дінімізде де ұстазға деген құрмет сөз болады. Сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) хадистерінде: «Ілім үйреніңіздер, ілімге қажетті байыптылық пен байсалдылықты да қоса үйреніңіздер. Сіздерге ілім үйреткен кісіні құрметтеңіздер, сыйлаңыздар»,- делінген. Халқымыздың: «Бір әріп үйреткенге қырық жыл сәлем бер» деген даналығынан ұстаздар қауымының жоғары бағасын көремін.......
Шығармалар
Толық
0 0

Махаббат хикаясы: Өмір белестері

Әңгімемді неден бастарымды да білмеймін....Анадан жаман болып тумайды ешкім.Жаратушы иеміз кейбір адамдарға жан сұлулығы мен тән сұлулығын қатар берсе, кейбіреулері әдемі бола тұра өзіндік қиыншылықтары болады.
Жақсы мінез, жарқын жүрек,парасат,
һәм денсаулық, әркімге де жарасад
Алла кімге бұл төртеуін сыйласа,

Ол өмірден табар мәңгі рақат демекші адамның төрт құбыласы тең болса,одан бақытты адам жоқ шығар. Анамның мейірімге толы жүрегімен дарытқан тәрбиесі бала санасына құрсақта жатқанымда-ақ алғам.Мен қарапайым қазақ қыздарына тән мінезді де қылықты қызбын. Бірақ сыртым бүтін болғанмен, ішімде от алауы жанып жатқанын кім білсін. Олай дейтін себебім-менің денсаулығым нашар. Жиі ауырамын. Оң жақ құлағымның дұрыс естумеушілігі бар. Тағдыр басқа не жазса да,адам одан айналып өте алмайды екем.Мұның өзі қандай -қиямет екенін ауырған адам ғана білетін шығар. Сондықтан болар, адамдармен тіл табысқанда өзімді төмен санаймын және де өзімді алшақ ұстауға тырысам.Түндерім ылғи жылаумен өтетінін менен басқа ешкім білмейді......
Махаббат хикаялары
Толық
0 0

Шығарма: Ерлерін еске алғанда кім егілмес

Иә, адам соңына қалдырған тарихына үңілмей, алдындағы өмірін болжай да алмас.Сондай үлкен, маңызы бар тарихи оқиға-Ұлы Отан соғысы. 1941 жылы 22 маусымда гитлерлік Германия КСРО-ға опасыздықпен шабуыл жасады.Сол күні кеңес үкіметі халықты Отан қорғауға шақырды.Үкіметтің елге арналған үндеуі «Біздің ісіміз әділ. Жау талқандалады.Біз жеңіп шығамыз!» деген сөздермен аяқталды.Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды.Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен Отаны үшін, келешек ұрпақ үшін қанқұйлы соғыс жүріп жатты. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халықтармен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Адамзат жаралғалы атам қазақ аттан түскен емес.Біздің елде аттан түсіп қалу азамат ерге - сын, намысына - нұқсан. «Аттан» дегенде, ат жалын тартуға жараған алты жасар балаға шейін жауға тұра шапқан.Ордалы елдің Отан қорғаушы ерлері осындай болған қазақта. Қазақ деген - батыр халық.Ол еңкейгенге еңкейеді, шалқайғанға шалқаяды.Шірене қалса, асқар-асқар тауларына сүйенеді, еңкейе қалса, азаматтығына, өзінің парасаттылығына сенеді.Осындай бай халқымыз қан майданда елдік мінездері мен ерлік қасиеттерімен сынға түсті.Осы жолда қанша ардагер әкелеріміз, аталарымыз бен апаларымыз қанын төкті, жанын пида етті десеңізші.Осылайша, біздің халқымыз соғыс барысында бүкіл әлем алдында бар ұлылығымен көрінді. Осындай ұлы халықтың ұлдары мен қыздары Брест қамалынан бастап, Берлинге дейін барды.Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда батырлық жасап, ерліктер көрсетті.Украинаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Прибалтиканы азат етті, Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарынан жеңіс туын көтеріп өтті.Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірдебір үлкен шайқас болмады.Сол сұрапыл соғыс жылдары бүкіл әлем 50-млннан астам адамынан айырылды.Оның ішінде Қазақстаннан 1млн.800 мың адам майданға аттанып, соның жартысы елге, өз отбасына қайтып оралған жоқ.Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді......
Шығармалар
Толық
0 0