Махаббат хикаясы: Ең бақытты отбасы боламыз

Біз әдеттегідей агентте таныстык. Танысқанымызға 4 күн/15 қыркүйек еді/ өткен соң ол маған сөз салды агентпен,кейін телофонмен сөйлесіп жүрдік. Бір өкініштісі Абай Шымкентте ал мен Алматыда окыдым.Оның талап қойғыштығы маған катты ұнайтын. Телофонмен сөйлескенде ол маған алғаш кездескенде сүйдіртесін бе деп сұраған еді мен жок дегем,ал мен кездескенімізде калай амандасасын дегенімде ол жай қол бер іп амандасам деген еді.Бірақ мүлдем олай болған жоқ 1 қазан ағамның тойы болғанда кездестік,тойхананын ішінде отырғанымда Абай қоңырау шалып келіп тұрғанын айтты мен шығып оны таппай тұрғанымда ол артымнан келіп құшақтап алып бетімнен сүйді.Содан кейн 3 ақ рет кездестік/2 еуінде ол алматыға келді/.

Қыста менің туылған күнім өткеннен кейн ол сирек хабарласатын болды кейіннен 1 ай хабарласпады. Женгем Абаймен бір Универде оқитын еді,содан женгем онын тағы басқа қызы бар екенін айтты,женгемнің алдында өзімді әлсіз көрсеткім келмей Абайме н айырылысып кеткенбіз деп өтірік айттым.Қысқы демалыс бітіп Алматыға қайттым, поезда екеуіміздің бірге болашақты армандағанымыз,сүйем деп айтқан сөздері есіме түсіп көзімнен жас тоқтамады.Ұмыта алмадым,үмітімді үзгім келген жоқ.16шы қаңтарда қайта хабарласа бастады,оған деген сағынышымнан ренішім басымырақ болдыма сразу кешіргім келген жоқ.Номерімді ауыстырып тастасамда жаңа номерімді құрбымнан алып қоңырау шалды дегенмен кешірім сұраған жоқ.Сүйген жүрек бәріне көнеді екен. Содан кейін ол алматыга келгенде 2рет және шымкентте 1рет кездестік. 23сәуір шымкентке келе жатқанымда поезда 1 жігітпен таныстым,оған жігітімнің бар екенін оны қалай сүйетінімді және басқада қызықтарды айтып жол бойы әңгімелесіп келдік......
Махаббат хикаялары
Толық
0 0

Шығарма: Жемқорлық

Жемқорлық-екі сөзден құралған,

Жамандықтың тамырынан .

Жетелеген арам ойы талайды

Шырмауықтай өмірі де шырмалған.



Жемқорлық сөзі , адамға естігенде құлаққа жағымсыз, жасағанда қасірет, ұсталғанда түрме екенін түсіне ме екен?

«Жемқорлық» аты айтып тұрғандай өміріңіз қорлықпен өтетін айтпаса да белгілі.

Жемқорлық адамға бала кезден басталуы мүмкін. Соған үйренген бала болашақта оңай жолмен ақша табуды құмартады. Қазіргі біздің Қазақстанда дамып келе жатқан індет десем артық айтпас едім?

Неге? Өйткені дипломмен ауылға жастар келеді, жұмысқа тұру үшін ақша тамыр-таныскерек. Ақша табу үшін 1-2 жыл (жігіттер) қара жұмыс істеп ақша жинап жұмысқа тұрады. Ал ол дипломы мейлі көк мейлі қызыл болсын шындықпен шырылдап, білімін көрсетіп алған білімгер болса өз мамандығымен жұмыста істей алмайды. Осы сұрақ мені қатты мазалайды. Мекеме басқарып отырған басшылар оның креслосы жеке меншік дүние деген көзқарас қалыптасқан. Жеке меншік дегеніміз өзінің дегенін жасайды деген мағына.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Болашаққа ұмтылсаң тарихқа назар аудар

Ер есімі - ел есінде мәңгі сақталады. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмақ емес. Уақыт көндіргісіз зымырап барады. Уақыт өте әлем де өзгереді, бірақ естелік мәңгі… Біз – қазіргі буын, өз тарихымызды жасай отырып, өз халқымыздың өткеніне әсер ете алмаймыз, бірақ есте сақтауға міндеттіміз. Ғасырлық тәжірибені, ғасырлық мәдениетті, тарихи шекараларды, өткенді жаңа уақыттың призмасы арқылы қарастыра отырып, пайдалана келе, біз сабақ алдық. Ал естелік сезімтал болуға мүмкіндік береді. Ұлы Отан соғысы еліміздің барлық халықтары үшін қатал сынағы болды. Жеңіске жету үшін қаншама құрбандық болды. Алайда, ол адами сананың, еркіндік сүюдің нағыз салтанаты болды, жоғары ерлік пен өзін өзі құрбандыққа әкелу үлгісін көрсетті.
Ұлы Жеңіске биыл 71 жыл толғалы отыр. Жеңіс! 1945 жылдың 9-мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста – 1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған... Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлингтегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарманмен жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді.
Біз Жеңіс күнін жақындатқан, қаратүнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз. Ұлы Отан соғысы және Ұлы Жеңіс.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Бір ғасырлық күрес

Бәрі де «Зұлмат» фильмін көргеннен кейін басталды. Бұл қысқаметражды фильм бір үйдің алты баласын анасының көз алдында атып тастауы арқылы 1930 жылы болған «Созақ көтерілісінің» себебін түсіндіріп берді. 1925-1933 жылдары Қазақстанды басқарған Ф. Голощекиннің геноцидтік саясатына қарсы әртүрлі аймақтарда 300-дей көтерілістер болғанын, оның «Кіші қазан» науқанын жүргізуінің нәтижесінде алапат аштық апатынан 6 миллион қазақтың 3 миллиондайы қырғынға ұшырағанын білгенде денем мұздап кетті.

Бұл фильм мені ХХ ғасырдың 20-30- жылдарының тарихын оқып- білуге құштарлығымды оятты. Сонымен, Бибі әжемнің үйіндегі кітапханадан «Алаш» тарихи-зерттеу орталығының «Қазақ ру-тайпаларының тарихы» ғылыми-зерттеу жобасы аясында жарық көрген үш кітаптан тұратын бірінші том- «Тама» атты кітабын тауып алдым. Онда біздің еліміздің бастауларын, ұлттың қалыптасу тамырларын ғылыми-зерттеу арқылы көрсетіп, ерте ортағасырлардан ХХ-ғасырдың 30-жылдарына дейінгі Кіші жүздің Жетіру тайпалар бірлестігіндегі Тама тайпасының тарихы баяндалған екен. Әртүрлі деректер мен нақты зерттеулерді талдау негізінде Тамалардың Түрік қағанаты тұсында, Алтын Орда құрамында, Қазақ хандығы тұсындағы ұлт-азаттық қозғалыстары, Тамалар бастаған 1930 жылғы «Созақ көтерілісі» туралы көптеген тың, соны мәселелерге қанықтым .

Сөйтіп, менің тарихқа деген қызығушылығым күн санап артты. «Зұлмат» фильмі мені қазақ халқының ұлт болып қалыптасуын білуге жетеледі, қызығушылығымды шыңдады .......
Шығармалар
Толық
0 0

Эссе: Еліміздің тағдырына бұйырған бақыт

Еліміздің тағдырына бұйырған бақыт - ЭКСПО – 2017. Бұл шараны өткізуге ынталы елдер көп еді. Қазақ жұрты алапауыт елдермен аламанда жеңімпаз атанды. ЭКСПО – көрмесі олимпиада ойындарымен пара-пар көрме,бүкіл дүниежүзіне өнерімізді, білімімізді, өмірімізді көрсету және дүние жүзі елдерінің өмірімен танысу.Астана көрмесінің ұраны – «Болашақ энергиясы». Ғалымдар еліміздің қуат көзі етіп,желіккен желді, қуырған күнді, селдеткен суды алды. Еліміз тағы бір биіктікті бағындырды. Дүниежүзінің 161 мемлекеті мүше болып табылатын халықаралық «ЭКСПО -2017» көрмесі өткен орталық болды. Жүзге жуық мемлекет өз жетістіктерін паш еткен бұл жахандық көрме Орталық Азия тарихында тұңғыш рет өткізілді. Бұл Астана қаласының экономикалық ахуалы дамыған, алдыңғы қатарлы мемлекеттер санатына қосылғанымыздың белгісі.Ғылымда да , білімде де ілгерушілік бар. Ғалымдар 15 жыл бойы жанып тұратын лампочка ойлап тапқан. Шикізат түрі жеткілікті болғандықтан биотехнология, жасыл технологиялар ойластырылды. Тіпті адам денесін жылытып тұратын батарея жасау мүмкіндігі де қарастырылды. Осындай жұмыстар еліміздің зертханасында қайнап пісіп «ЭКСПО-17» көрмесінде әлемді таң қалдырды. Ал Астана қаласында көрме - қалашығы бой көтеріп, көркімен оқшауланып тұр. Сәні мен сымбаты келіскен павильондар нысандарының ең үздіктері бұзылмай, Астана меншігіне айналды......
Эсселер
Толық
0 0

Өмірбаян: Анатолий Добровольцев

Анатолий Добровольцев Астанада жақсы лауазымдағы жұмысын тастап, туған жеріне бизнес құруға аттанды.

Дауншифтер бал арасын өсіре бастады, қазір бүкіл аймақты балмен қамтамасыз етеді. Омарташы Анатолий барлық қонақтарды шайға шақырып, өзі өндірген балдан дәм татуды ұсынады. Омарташы үшін ашық ауада шай ішу – үйреншікті іс.
Оның күні бұрын тек офисте өтетін. Күн сайынғы келіссөздерді, жоғары лауазымы мен ресми костюмдерін ол өзінің ежелгі арманына айырбастады. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Шығарма: Бейбітшілік мәңгілікке орнасын

«Айда аяқ жоқ, жылда жілік жоқ», - дегендей, желдей есіп, «Ұлы Жеңістің 71 жылдығына» да аяқ бастық. Ұлы Жеңіс күнін жанқиярлық ерліктерімен, қорқыныш сезімі билемей жақындатқан, Отаны үшін жан қиған жауынгер ата-апаларымызбен мақтанамын. Иә, Ұлы Жеңістің бізге оңайлықпен келмегенін тарих беттеріне салған соғыстың бедерлі-іздерінен айқын да анық байқауға болады. 1941 жылдың 22 маусымының мамыражай күні фашистік Германия шырт ұйқыда жатқан елімізге тұтқиылдан өзінің жасаған жоспарымен шабуыл жасады. Бұл соғыс ешкімді де елеңдетпей қоймады. Жауға тойтарыс беру үшін Республиканың түкпір-түкпірінен жауынгерлер «Өліспей, беріспейміз!», «Отан үшін қаныңды төксең де, арыңды төкпе», - деген ұранмен соғысқа аттанды. Отанды қорғау үшін Кеңес Армиясының қатарына үстіне сұр шинелін киген қаншама қаракөз боздақтарымыз да майдан даласындағы оққа кеудесін тосты.
Бұл жауынгерлер әр отбасының тірегі: бірінің сүйген жары, бірінің қимас бауыры, бірінің бауыр еті баласы, енді бірінің асқар тау әкесі еді. Арқа сүйер азаматтарын соғысқа аттандырарда сол ата-апаларымыз осылардан қаралы хат келеді-ау,- деп ойлады ма екен? Жоқ, олай ойлай қоймаған шығар. Қайта жігерлендіріп, сенім білдіріп, аман-есен елге жеңіспен оралуын жандарын шүберекке түйіп, тілеген болар.
Ел басына осылай күн туған шақта тылда қалған апа-аналарымыз белді бекем буып, білек сыбанып қара жұмысқа кіріскені, бейнетпен иығы иіле жүріп, майдандағы ер-азаматтың тілегін тілеп, сұрапыл жаудың бетін қайтарып отырған әскерлерді киіндірген де, азықпен, тіпті, оқ-дәрімен қамтамасыз еткеніне өзіміз оқыған көркем шығармалар мен ардагер атаәжелеріміз айтқан естеліктері дәлел. Елде қалған шал-кемпір, қатын-қалаш та бір кісідей жұмылып , «Бәрі майдан үшін, бәрі жеңіс үшін!» - деп, тыным таппай күні-түні еңбек етті. Бұрын үйден шықпаған аналарымыз соқамен жер жыртты, өгіз айдады, трактор рөліне отырды.......
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Рок-музыка ғарыш туралы (Музыка, 4 сынып, IV тоқсан)

Пән: Музыка
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғарышқа сапар
Сабақ тақырыбы: Рок-музыка ғарыш туралы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 4.1.1.1 - музыкалық терминдерді пайдаланып, әуеннің жанры мен музыкалық көркемдеуші құралдарын анықтау және салыстыру;
4.2.1.2 - музыкалық көркемдеуші құралдарды қолданып, қарапайым музыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығару және импровизациялау;
4.3.1.1 - шығармашылық жұмысын көрсете және бағалай білу.
Сабақ мақсаттары:
- ғарыш туралы музыканы тыңдау және талдау;
- рок-музыка ғарыш туралы ақпарат іздейді;
- тірек сөздер арқылы өлең құрастыру және музыкалық импровизациялау жасау;
- шығармашылық жұмыстарын көрсетіп, бағалайды.
.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Күң өлімі

Қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік ақындардың бірі де бірегейі Ілияс Жансүгіров. Ілияс Жансүгіров – ақын, драмашы, прозашы, оның поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. І.Жансүгіровтың шығармашылығы көп қырлы, алуан сырлы. Ол поэзия, проза, драма саласында өнімді еңбектеніп, өзіндік қолтаңбасы айқын көркем шығармалардың маржан шоғырын дүниеге келтірген құнарлы да тегеурінді қаламгер Ілияс-тек шебер айтушы ғана емес сонымен бірге көрген – білгенін, естігенін шебер жазып жеткіз білетін талантты жазушы.

Заман көрінісі мен өмір шындығын бейнелейтін жазушының алғашқы әңгімелерінің бірі «Күң өлімі».Әңгіменің негізгі идеясы қазақ әдебиетіндегі мәңгілік тақырып болған бақытсыз әйел образы.Жазушы бұл туынды арқылы асқан ана махаббатының құдіретін дәрменсіздік пен кедейліктің талқысына сала отырып оқырманға ой салады. Ол 1922 жылы жазылған. 1933 жылы Семейде шыққан «Толық жинағының» 2-томында, «Жол аузында» (1935) деген әңгімелер жинағында жарияланды. Сонымен бірге әңгіме қазақ әйелдерінің тұңғыш басылымы - «Жетісу әйелі» журналында жарияланған. Ілияс Алқаны өз көзімен көріп, әңгімелескендігі туралы дерек бар . /1965 жылғы «Жұлдыз» журналының№5 саны/

Алқа жайында былай деп жазады: «Алқа егде тартқан кісі еді, өңі сіріңке қара. Мінез орнында ерекше қуаныш минуты болмаса, қабағын ашып, ыржиып күлген емес.Бөтен қатындардай не болса соны сөйлеп, өсек- аяңға үйір болмай, тиісті кезекте ғана сөйлейтін. /Бұл қасиеті жөнінде әңгімеде де талай айтып өтеді/ Егер бір сөйлесе тізбегін әдемілеп, ұзақ-ұзақ сөйлеп кетуші еді. Сөзінің көбі өз басының мұңы болатын. Мұның атының Алқа екенін үйі аралас кісі білмесе, сырт кісі «Сандыбайдың күңі» дейтін......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Сыйға тартылған бақытты өмір

Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.
Aдaмзaт тaрихындaғы eң сұмдық сoғыстың бoлып өткeніне 71 жылғa тaяп қaлды. Бірaқ Ұлы Жeңістің ұмытылмaйтыны сияқты, сoғыс тa ұмытылмaстaй ізін қaлдырды. Жeңіс күні-бұл сaн мыңдaғaн ұрпaқ үшін oртaқ мереке. Бұл мeрeке-бeйбітшілік пен қaйырымдылықтың мәңгі жaсaмпaздығын, Oтaнын қoрғaғaн жaуынгeр-сoлдaттaр мен oфицерлeрдің aйбыны, тылдaғы Жeңісті жaқындaғaн жұмысшылaрдың eрлік eңбeктерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін бeлгі болып қaлмақ. Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ең қатыгез соғыс болып табылады. Майданға 61 мемлекет, жер шары тұрғындарының 80% қатысты, соғыс қимылдары 40 мемлекеттің аймағында, сондай-ақ, теңіздер мен мұхиттар аумағында жүргізілді. Қарулы күштерге барлық елдерді қоса алғанда 110 млн. адам біріктірілді. Әлем халқы фашизмді жеңу үшін құндылықтарын құрбан етті. Барлық елдердегі адам шығыны - 50 млн-ды құраса, оның ішінде 27 млн. адам – кеңес үкіметінің халқы. Соғыс аяқталғаннан бері 71 жыл өтті. Уақыт өте келе бұрынғы окоптардың орны білінбей де қалды, шайқастар өткен далада қазіргі таңда егістік алқаптары жайқалып тұр, фашистер талқандаған қалалар мен ауылдар қайта тұрғызылды. Соғыс іздері Жер бетінен өшіп қалғандай, әйтсе де, жаңғырығы әр адамның жадында сақталуда.....
Шығармалар
Толық
0 0