Махаббат хикаясы: Бұл махаббат па деп жүрсем....

Өмір деген қызыққой, бірде жылатса, бірде кулдіртеді.Қандай жағдай болсада бұл біздің маңдайымызға жазылған тағдырымыз. Бұған біз бағынуга міндеттіміз.Сол тағдырыма бағынып отырған адамдардың бірі мен боламын. Басымнан не өтпеді барлығына көндім, енді бір түсте жүрген сиактымын,кашан оянатынымды білмеймін, тіпті өмір бойы оянбай кетемінба депте қорқамын.Неден бастасам екен. Осыдан 9 ай бұрын бір жігітпен таныстым.3 ай сойлескеннен кейн маған сөз салды, мен келістім. Екеуміз жүрдік, қуанышты күндерді бірге өткіздік. Мен ол кезде 2 ші курс оқып жүргенмін, сабақ бітіп, өз ауылыма қайттым, ол да өз ауылына кетті. Екеуміз 3 ай бойы телефонмен хабарласып жүрдік. Сені сағындым, кашан демалысымыз өтіп кетеді екен деп жүрдік. Солай уақытты өтті. Сабақта басталды екеуміз кездестік. Менің басым бақыттан айналды. Ол адам менің ең бірінші жігітім болатын маған сондай ыстық болатын.Мені құшағына қысып, жылы сөздер айтқанда мен барлығын ұмытып кететінмін. Солай келіп жүрді. Бір күні мені бір жаққа шақырды, мен келістім жүргенімізге жарты жылдай болып қалған кез еді. Сол күнді ешқашан ұмытпаспын сірә..... Сол күні онымен бір түн өткіздім. Екеумізде олай болады деп ойламаппыз. Жылап жібердім еріксіз.Ол мені құшағына қысты, мен итеріп жібердім. Таң атқанын күттім, көз ілмедім .Таң ата сала сол жерден алды-артыма қарамай кеттім. Қатты өкіндім,жыладым, біршама қиналдым. Жігітіммен де сөйлестім істеген ісімді мойынымен көтеремін деді. .....
Махаббат хикаялары
Толық
0 0

Шығарма: Мұзды еріту кеш емес

Өмір - адамзатқа берілген ең бағалы сыйлықтардың бірі. Қамшының сабындай қысқа ғұмырымызда біз көп нәрсенің мәніне жете бермейміз, бізге тағдырдың өзі дайындаған таптырмас мүмкіндіктер мен керемет тосын сыйларды елемей өтіп кетіп жатқан кездеріміз қаншама?!

Мүмкіндіктерді уысымыздан ұшырып алуымызға ең басты себеп- ол біздің қорқынышымыз. Дәлірек айтқанда сыртқы ортадан , өзгенің ойларынан сескенуіміз. Өзімізге деген сенімділікті ең....
Шығармалар
Толық
0 0

Өмірбаян: Қайрат Майышев

Қайрат Майышев – «Жас Қанат 2006» құс фабрикасының директоры
Қайрат Майышев 1998 -2001 жылдар аралығында «Дәулет M» ЖШС директоры қызметін атқарды. 2001- 2006 жылдар аралығында – «Алтын Дән Күз» ЖШС директоры болды. 2006 жылдан бүгінге дейін - «Жас Қанат 2006» ЖШС директоры.

2006 жылы «Жас Қанат 2006» кәсіпорнын сатып алып, Рудный қаласында құс фабрикасын құру туралы шешім қабылдады.

2007 -2016 жылдар аралығында «Жас-Қанат 2006» ЖШС құс фабрикасы жаңарудың үш кезеңін өткерді. 2007 жылдан 2016 жылға дейін кәсіпорынның өнімділігі 2857%-ға артты. Ал құстар саны – 2857 %-ға артты. Осы уақыт аралығында кәсіпорын жаңа жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталды, жаңа ғимараттар, қоймалар, дүкендер салынды, бұл сапалы, экологиялық таза өнім - тауық жұмыртқасын өндіруге және қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Эссе: Мұқағали ағаға хат

Мұқағали аға, сіз ғасырда бір туатын үлкен қанаты бар, адамның көзі талатын биікте ғана самғайтын алып құс сияқтысыз. Қазақ жырындағы асыл да асқақ рух, астарлы да аңсарлы, аяулы да абыройлы асыл сөз, шабытыңа шабыт қосып отырар төгілмелі де төкпелі қуатты құдірет, елде жоқ орасан екпін сізде бар.

Сіздің өнеріңіз ұдайы заңғар биіктерде самғайттырып, алға жетелейді де тұрады. Сіздің ақын ретіндегі ең негізгі, ең басты қару-құралыңыз да осылар. Бұл да болса өзіңнен ешкім озбайтын, уақытпен бірге күйреп барып тозбайтын туындылар берген хас шебердің өзі сізге ғана тән, сіздің ғана маңдайыңызға бұйырар өлшеусіз сыбаға......
Эсселер
Толық
0 0

Махаббат хикаясы: Махаббат азабы

Біздің танысқанымызға 10 жыл болады. Менің алғашқы және мәңгілік махаббатым болып қаларын білмеген едім. Танысқаннан кейін 5 жыл уақыт өткенде қайта кездестік. Сол уақыттан бастап кездесе бастадық. Жүректегі сезімімді жеткіздім, сол маған азап болып берілген махаббат сияқты болып көрінеді. «Сені жақсы көремін» деп жүріп, былтыр осы уақыт шамасында басқа қызға үйленді. Онымен 2 ай тұрып, ажырасты. Сосын менің жаңа ұялы номерімді тауып алып, қайта хабарласа бастады.

Жүрек ақылға жеңгізбейді екен. Солай жүргенде бір қыздың аяғы ауырап қалып, әкелері үйлендірді. Үйленгенде қағаз жүзінде емес және бірге тұрған жоқ. Ол да оның айтуы бойынша. Қашанғы жүре беремін деп, хабарласпауын сұраған едім, бірақ жүрек көнбейді. Сағынады, іздейді. Мамыр айында ұлды болды. Енді онымен тұрып жатқанға көрінеді. Басқаға ренжісем, сөйлеспей, араласпай қоятын әдетім бар, бірақ мәселе оған келгендесол әдетім ғайып болып кетеді......
Махаббат хикаялары
Толық
0 0

Қоғам қайраткерлерін еске алып, бір минут үнсіздік сақтау шариғатқа қайшы ма?

بسم الله الرحمن الرحيم الحمد لله رب العالمين و الصلاة و السلام على سيدنا محمد وعلى آله وأصحابه أجمعين ” أما بعد“


Аса мейірімді, ерекше рақымды Алланың атымен бастаймын.


Барша мадақ атаулы әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың асылы пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай!


Ислам діні адам баласын тірі күнінде де қайтыс болғаннан кейін де құрметтеуге шақырады. Ол жайында Алла Тағала: «Расында Біз адам балаларын қадірлі еттік. Оларды құрлықта және теңізде көліктерге мінгіздік және оларға адал ырыздықтар бердік. Оларды Өзіміз жаратқан көп нәрседен абзал еттік» - дейді......
Кеңестер
Толық
0 0

Шығарма: Мен - бастауыш сынып мұғалімімін

Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, - деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз – ұлы тұлға, ұлы есім дегім келеді.

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Ұстаз болу – жай ғана мамандық емес. Ол – адам бағдарын жасаушы.Ұстаз болу - бұл сөз мен үшін қадірлі, мен үшін құдыретті сөз. Өйткені, мен - бастауыш сынып мұғалімімін.

Қазіргі заман талабына сай мұғалімдер бір орында тұрмай үнемі ізденісте болып, өзі жаңа әдіс - тәсілдерді тауып, іс жүзіне асырып отыру керек. Сонда ғана оның еңбегі жемісті, нәтижелі болады.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Халқымның жарқын болашағына сенемін

Осыдан 71 жыл бұрын, дәл осы күні таң қылаң бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады.
Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық-шекарашылар болды. Атақты Брест гарнизонының өзінде 1941 жылдың көктемінде біздің 3 мыңдай жерлесіміз қызмет еткен, шілде айында олардың көпшілігі әскерден елге қайтулары керек болған. Бірақ жаудың шабуылы олардың бұл жоспарларын күл-талқан етті. Соғыс өрті ішке қарай тез еніп, Брест қамалының тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. Олардың қатарында 190 қазақстандық болған және олардың көбісінің сүйегі беларусь жерінде қалған.
Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпір-түкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды.
Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік күштер дайындауға да лайықты үлес қосты. 1941-1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық жолданды, ал Қазақстанның аумағында сол жылдары жұмыс істеген 27 әскери оқу орны толық емес мәлімет бойынша 16 мыңдай офицер дайындап шығарған. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Аталар ерлігі ұмытылмайды

1941 жыл. 22 маусым. Фашистік Германияның жер шарын қанға бояғысы келген қанқұйлы әскері КСРО-ның шекарасына баса көктеп кірді. Сол күннен бастап аты тарихта қанмен жазылған үлкен соғыс басталды. Гитлердің соғыс жоспары «Барбаросса» деп аталды. Ол КСРО-ны қысқа мерзім ішінде жаулап алуға ұмтылды және әскерлері де мұздай қаруланған еді. Бүкіл Еуропаға қанды шеңгелін мықтап салды. Жалғанды жалпағынан басқан, өздеріндегі күшті еш нәрсеге теңгермеген, жауыздықтың шегіне жеткен фашистер талай қаланның маңын молаға толтырды, талай елді босытып, халықты аяусыз езгіледі. Талай мемлекетті балшықтай жаншып, шалшықтай шашып жіберді. Сол кезде алдарындағы басты мақсат – Совет Одағының уыздай ұйыған тыныштығын бұзып, қызын күң, ұлын күң ету болды. Бүкіл Совет Одағының халқы соғысқа жұмылған жұдырықтай қарсы тұра алды. Әрине, сол кездегі жеңістің өзі батыр аталарымыз бен апаларымыздың өмірімен өлшеніп тұрды. Бұл соғысқа не үшін, кім үшін баратынын анық аңғарған совет жауынгерлері өлімге қасқайып қарсы тұра білді. Оның ішінде, қазақ халқының да үлесі ерекше болды.
«Он оқтың тоғызы Қазақстанның үлесіне тиді» деген сөздің өзі көп нәрсені аңғартса керек. Кәмлеттік жасқа толған қазақтың ұлдары мен қыздары өз еріктерімен соғысқа аттанып жатты. 1931-1932 жылдары 3 миллион қазақ қолдан істелген ашаршылықтан қырылса да, соғысқа 1 миллион 200 мың әскер қоса алды........
Шығармалар
Толық
0 0