Махаббат хикаясы: Сені әлі де сүйемін

Сен үшін - ді жан досымның кеңесімен оқи бастадым) Басында хикаялары онша ұнамады бірақ оқи берген соң ұнай бастады да сосын өзімнің хикаямды қосқым келді. Қазір басымнан қиын кездер өтуде.. Дәл осы күндері шынын айтсам менің сүйген жанымның орны ерекше білініп жатыр.. Оның қолдауынсыз қиналып жүрмін.. Арамызда қанша реніштер мен ұрыстар болса да оны ешқашанда бір сәтке де жадымнан шығармадым.. Ол туралы нақтырақ айта кетер болсам:
Бәрі 2012 жылдың жаз айында басталды... Оны ағамның тойында көрдім сол кезде ол менің есімде қалды.. Немен екенін де білмеймін бірақ оны көп ойладым.. Кейін екеуміз сөйлесіп жүрдік, кездестік. Алғашқы махаббатымнан кейінгі шын жүрегіммен сүйген адамым осы жан еді. Мен жаныма(екеуміз бір бірімізге әрқашан да "жан" деп сөйлейтінбіз)шексіз сендім. Алғаш кездескен күннен бастап менің жүрегім тек оған тәуелді екенін сездім)) Әлі күнге дейін солай.. Көп сөйлесіп, бір бірімізді жақсы тани бастадық. Сосын екеуміз жүре бастадық. барлығы да керемет болған. Туылған күніме ең қымбат сыйлық жасады)) мен оны қайтарып бердім.. қайтарғым келмесе де мәжбүр болдым.. Мұны ешқашан ұмытпаймын.. Әр туылған күнім жанымды еске алумен мұңды боп өтетіні анық.. Біз түк ұрыспайтынбыз. Біз тура 5 ай жүріппіз. Осы қысқа мерзімде ол менің өмірімнің мәні болды.Ол мені ешқашан алдамайды, мені ешқашан жалғыз қалдырып ренжітеді деген ойлар келмейтін тұғын.Бірақ ол мені ренжітті... Оның кез келген қателігін кешірер едім.. Тек бұны емес.. Жаңа жыл кешіндегі сөздері әлі күнге дейін журегімнің төрінде..Үндемей тұрс а да жүрегімнің төрінде қалатын сөзерді есіттім.. Бірақ сүйген адам соқыр дегенге енді сеніп отырмын.. Одан қандай ағаттық кетсе де жүрегім әрқашан оны ақтап ала берді.. Оны көп ойлаймын. Түсіме әр түні кіреді.
Санасам сөйлеспегенімізге 3 ай болыпты.. Оның даусын сағындым. Оған деген сағынышым бүкіл әлемді алардай. Ең өкініштісі оның орындай алмайтын уәделері. Оның уәделерін мен өзіме арман еткенмін, ол менің армандарымды өзімен қоса алып кетті. Есімде жоқ соңғы рет қашан күлгенім. Онсыз өткен күндерім тек қана мұңға, азапқа толы. Онсыз өмірімді жалғастыруға барынша тырысып жатырмын. Я ол мені ұмытсын бірақ ол менің жадымда болады.. Өйткені қателіктердің кейбіреуі менен де кетті.. Кеше түнде оған өзім хабарластым бірақ ол көтермеді... Сол кезде гі сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес......
Махаббат хикаялары
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Денсаулық, дерт, қасірет

Көкті бу көтереді,
Жерді су көтереді,
Жүйрікті ау көтереді.
Жүкті нар көтереді,
Өлімді бар көтереді.

Бұлбұлдан шешен құс жоқ,
Бармақтай-ақ қарасы.
Оқтан жылдам ажал жоқ,
Тырнақтай-ақ жарасы.

Дүниенің қадірін,
Бергенде білерсің.
Жанның қадірін,
Өлерде білерсің.

Көп екен көргеннен көрмегенің
Бәрінен жақсы екен өлмегенің.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Өмірбаян: Әсемгүл Уразаева

Әсемгүл Уразаева – USC Travel компаниясының негізін қалаушы
Әсемгүл Әлікқызы 22 жасында Атырау қаласындағы «USC» ЖШС негізін қалап, құрылтайшысы болды. Ол Атырау қаласының қоғамдық өміріне белсене араласады, қайырымдылықпен айналысады және қаланың әлеуметтік жобаларын жүзеге асырушы ретінде танымал.

Оның компаниясы мұнай компанияларына құрал-жабдықтар, арнайы жұмыс киімдерін жеткізу жұмыстарымен, инертті материалдарды тасымалдауға арналған көліктермен жабдықтау жұмыстарымен айналысады. Сонымен қатар бизнесінің тағы бір бағытын туристік корпоративтік қызмет көрсетумен, компанияларға арналған саяхатты рәсімдеу (көрмелер мен семинарлар), БАӘ-да Халықаралық Балалар шығармашылық фестивалін өткізуге арналған жобаны рәсімдеу, БАӘ, Канада және Ұлыбритания оқытушыларының қатысуымен жаздық балалар лагерін ұйымдастыру жұмыстарымен айналысатын, сонымен бірге шетел азаматтарын қолдау жұмыстарымен, жұмыс істеуге рұқсат қағаздарын рәсімдеу, шетел азаматтарын тіркеу жұмыстарымен айналысатын USC TRAVEL туристік компаниясы жұмыс істеп жатыр.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіздік – халықтың бақ жұлдызы

Талай-талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан! Қазақстан – тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын. Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы.
Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті. 1991 жыл – еліміздің тәуелсіз Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері, міне, 25 жыл да өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдермен деңгейлес. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы – қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік мәселелерді талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын Азия барысы. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – студент жастардың көшеге шығып, оқ пен оттың астында өктем биліктен шектен шықпауды сұрауы және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын. Қазіргі таңда Тәуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – ең алдымен, халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикадағы қиыншылықтарға жауап беру болған еді......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Тілі мықтының – елі мықты

Тілі мықтының – елі мықты. Тіл - аса қадірлі ұстайтын байлығымыз. Л.Н.Толстой 2012 жылы Тәуелсіздік күні қарсанында Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2050 стратегиясы- қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдаған жолдау арнады. Жолдауда қазақ тіліне айрықша көңіл бөлінді. Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді. Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді. Оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын құдіреті, мүмкіндігі бар. Бір ауыз сөз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе, бір ауыз орынды айтылған сөз жадында жатталып, бақытқа жеткізеді. Сонымен қатар тіл - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра, өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем, асыл ойдың бұлағы, еліміздің іргетасы, тәуелсіздік тұғыры, ұлттың қуаты, ұлттың жан дүниесі. Расында қазақ халқының басында талай қиын нәубет, зұлматтың, қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы – ана сүтімен санасына дарыған ана тілі ғана. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануына қарсы тұруы тиіс. Ата-бабамыздан қалған асыл қазына – тілімізді сақтаудың тиімді жолы – отбасында ана тілінде сөйлеп, айналадағы дүние туралы сол тілде айтып, сол тілде қуаныш ренішіңді бөлісіп, өзіңді, өзгені жұбату болып табылады. Бұл - ана тілінің қадір-қасиетін арттыра түсері даусыз. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Өмірбаян: Жанар Байсейітова

Жанар Байсейітова – педагогика ғылымының кандидаты, профессор.

Жанардың барлық зерттеулері шаһардағы мектептің оқу және оқу-методикалық ісіне сондай-ақ Павлодар қаласындағы жоғары оқу орындарының оқу бағдарламасы мен тәрбие саласына енгізілген. Әсірсе жоғары оқу орындарындағы болашақ педагогика мамандарын оқытуға пайдаланылады.

Жанар Қазақстан Республикасының талантты ғалымдарына берілетін мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Эссе: Өмірді таңда

Өмір – адамға бір - ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый. Осындай сыйды бізге сыйлаған кім? Әрине, саған осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарың - ата – анаң. Егер саған анаң осындай баға жетпес сый сыйласа, сен соған лайықты өмір сүруге тиіссің. Адамдар, негізінен, бұл өмірге қонақ. Соны түсініп, сезіне білген адам өмірдің шын рахатын сезінеді. Өмірдегі түрлі оқиғаларда саған сүйеу болатын, сүрінгенде демейтін досың болғаны дұрыс.

Жақсы досы бар адам түзу жолдан таймайды. Өмір - өзен ағып жатыр, тынбайды, Өмір болмас қасіретсіз, мұң қайғы,- деп қазақ халқы өмірді ағып жатқан өзенге теңейді. Өйткені өмір өзен тәрізді тоқтаусыз, ешкімге білдірмей өтіп жатады. Сол өзен ағынында кейбір жан өз арнасын тауып жатса, енді кейбіреулері бастарын тасқа да, жарға да ұрып, өз жолын таба алмай жатады. Соңғысы, әрине, өкінішті - ақ. Өмір деген менің түсінігім бойынша алланың бізге берген сынағы. Қандай жағдай болмасын ақыл - ойымызбен, сабырлылығымызбен жеңе білуіміз керек. Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі - өзіміз. .....
Эсселер
Толық
0 0

Эссе: Арманым көп ту қылып қойған алға мың

Мен Тәуелсіз Қазақстан азаматы болғанымды мақтан тұтамын.Тарихымызды парақтап қарасақ ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолында қар жамылып,мұз жастанып,ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен ұрпақ үшін,ел үшін еліміз бен жерімізді қан қырғын жаугешілік заманында қалай қорғағанына тәнті боламыз.Қаншама жылдар бойы тәуелсіздікті аңсап,арманда кеткен ата-бабаларымыз көре алмаған тәуелсіздік мына біздің еншімізге бұйырып отыр.Тәуелсіздік деген не?Біз, қәзіргі балалар,осы тәуелсіздіктің қәдірін қалай бағалаймыз?осы жайлы ойланып көрейікші.Тәуелсіздік өз-өзінен оңай келе салдыма?әрине олай емес!басқа мемлекеттермен салыстырып қарайықшы.Небір мемлекеттерде бір үзім нанға зар болып,оқу дегеннің не екенін білмейтін де балалар бар екенін ұмытпайық.Ал біз ше? Біздің еліміз-Тәуелсіз Қазақстан.Батыстан шығысқа қарай, сонау Каспийдің жағалауынан Алтайдың баурайына дейін созылып жатқан кең байтақ жерімізде емін-еркін, алаңсыз өмір сүріп жатырмыз.Қәзіргі ел басқарып отырған мемлекет қызметкерлері,бізге тәлім-тәрбие беріп,барлық жағдайымызды жасапотырған ата-аналарымыз,жаңа технологиялық құралдар арқылы саналы тәрбие мен сапалы білім беріп отырған аяулы ұстаздарымыз біздің болашағымыздан зор үміт күтіп отыр.

Олай болса,осындай Көк Байрағы биікте желбіреген еліміздің еңсесін түсірмей,барлық мемлекеттермен бәсекеге лайық болатын еліміздің ертеңі болу-біздің парызымыз.С.Торайғыров атамыз кезінде:»Алдыма толған мақсат,толған таңдау,Алайын анасын ба,мынасын ба?» деп толғағандай, менде болашағым жайлы көп ойланып, көп толғанып отырамын.Арманым көп ту қылып қойған алға мың. . .Кім болсақ та,қандай мамандық иесі болсақ та елімізге қызмет ету біздің қолымызда....
Эсселер
Толық
0 0

Махаббат хикаясы: Жүрек шіркін ешқашанда ұмытпас екен

Мен студент кезімде 1 курсты бітіріп,жазғы демалыста "Gaminator" деген игравой залға күзет болып жұмысқа тұрдым. 2-3 ай өте мен сол жерде кассир-оператор болып iстейтін Зарина есімді қызбен дос болып сөйлесіп жүрдім. Не керек уақыт өте сол кызға деген сезімім өзгере бастады,арине бұл ғашықтық сезім еді. Уақыт өте жүрек сезімі күшейе бастады. Күндіз-түні есімнен кетпей,үйге келсем,жұмысқа барғым келіп,бір сменге сол қызбен түссем екен деп,сол қызды көруге асығар едім. Сезімімді біраз уақытқа дейін білдіре алмай жүрдім. Зарина есімді қыз ұнататынымды сезген болар,менімен сөйлескісі келмей. Жанындағы бірге істейтін қыздар мен жайлы айтса (не нравится он мне,если тебе нравится сама встречайся) деп менін алдымда қатты дауыспен айтар еді. Не керек арадан 1 ай өткеннен соң,жұмыста свет өшіп қалды. Жұмысты жауып,есікті құлыптап қойдық,қасымыздағы бірге істейтін қыздар-балдар бізді оңаша тастап кетті. Сол күні 11 қараша еді.

Сол қыздың ернінен сүйген күн еді ))) Сол күннен бастап біз кездесе бастадық. Уақыт өте бір-бірімізді қатты сүйіп,бізден бақытты бұл дүниеде жан болмады... Сол сезімнен басымыз айналып 2 жыл уақыттың қалай өткенінде байқамай қалыппыз. Қанша ұрысып,екінші маған звандама мен сені жек көремін деп жүріп,екеуіміз шаңырақ көтеріп үйленіп кеттік... Әрине бұл махаббаттың құдіреті ғой. Тойдан кейін екеуіміз қайта Алматыға кеттік. Сол жерде бірге тұрдық. Келіншегімнің,арине сүйіктімнің аяғы ауыр еді яғни екі қабат еді. Ойбооой неткен шіркін,бала кезімнен жинаған бәкіл нервімді ішті. Менде жаспын ондайды бұрын соңды көрмеген,не керек шыдадым. Ұрысып қалсақ үйіне кетіп қала беретін. Уақыт өте 2012 жылы 9_шы наурызда сағат 16:24 мин.өткенде келіншегім дүниеге ұл алып келді. Сол күні өмірдің қаншалықты керемет екенін түсіндім. Әке болғаныма сенбей,қуаныштан шек жоқ еді......
Махаббат хикаялары
Толық
0 0

Махаббат хикаясы: Бәрін уақыт көрсетер

Мен ішімдегі махаббат сырымды бөліссем деп ойлаймын.Бәрі менің колледж бітіріп,диплом алған күннен басталды.Менің ұнататын адамым ағамның досы,тіпті жақын досы десем де болар.Бұрындары ол кісіге көңіл бөлмейтінмін.Диплом алған күні группаластарымен,ағамның достарымен бір жерде бірге болдық.Ол кісінің мені ұнататын біліп жүрсем де, білмегендей кейіп таныттым.Сол күні ол кісі менің қасымнан шықпай,ағам ретінде жүрді.Тіпті туған ағам ондай көңіл бөлмеді.Уйге қайтатын кез келіп қалды, ал біз құрбымызды есік алдында тосып тұрдық.Ол кісі біздің жанымызда тұрып,көзін меннен алған жоқ.Содан не керек үйге әкеліп тастады.2-3 күн өткеннен кейін үйге звонда да, бір қыздың логинін сұрады.Мен бердім.Одан кейін әңгімені жалғастырып, былай деді
-сенің жігітін бар ма?
Мен: -Жоқ деп жауап бердім.

Дұрыс жігітпен жүрме оқуынды жалғастыр.Қазір көп жігіттер адал қызды жар етуді армандайды деді.Ағана айтсай мен сенің жігітім екенімді деді.Мен не дерімді білмей: -қалай айтам,мен саған аға ретінде қараймын гой.Сен ағамнын досы болсан,менің де ағамсын деп жауап қаттым.Арада біраз күндер өтті кейін түсіне бастадым ол кісіні менде ұнататынымды.Енді білмей жүрмін не істейтінімді.Сезімді жеткізсем, ағамнан бата алмаймын, бір жағынан өзім да қыз сезімін жеткізген дұрыс емес пе деп те ойлаймын.Мінезі қатал болса да, шыдай алатындай сезінем ін.Кейде оған сезімді жеткізсем, жарайды екеуміз бірге болармыз, бірақ ұзақ уақыт емес деген ойда келеді.Себебі: ол кісінің мінезі қаталдау,өз қалағанын істететін адам.Ал мен намысшылмын.Ондайды ұнатпаймын......
Махаббат хикаялары
Толық
0 0