Мақал - мәтел: Асығу, аптығу, сасу, асықпау

Шапшаңдықтан қашпа, аптығуға баспа.

Қойшы көп болса, қой арам өлер.

Түйе көп болса, жүк симас.

Құдай жүгіртпегенді бұзау жүгіртеді.

Қатын көп болса, шөмішті ит жалайды.

Асыққанның аяғы етегіне оралады.

Шабан үйрек бұрын ұшар.

Бүгін бітер істі ертеңге қалдырма.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Шығарма: Жеңдік жауды күресте

Ер есімі – ел есінде
Сүйінші, халқым, сүйінші!
Сүйіншіге сүйінші!
Шаттан, ата-анамыз,
Шаттан, аға-бабамыз,
Кек қайтарып фашистен,
Соғыс бітті жеңіспен,
Жеңдік жауды күресте
Жасалсын той-мереке.
Т. Жароков
Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына бірнеше жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды.....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Өлмейді ісі мәңгілік

Ұқсаттым өршіл тұлғаңды
Ақша қар жапқан шыңдарға.
Жүректен туған жырларды
Асқар тау-ата тыңдар ма.
Ә. Ысқақ
Ұлы Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында елімізде соғыс ардагерлерінің ерлігін паш етіп, Отан үшін, келешек ұрпағы үшін, жан аямай майдан кешкен майдангерлер үшін Елбасының қолдауымен жасалып жатқан игі істер баршылық. Солардың арқасында бейбіт өмір сүріп отырған ұрпаққа майдангерлерге осындай құрмет көрсету парыз деп ойлаймын. Соғыс жаңғырығы жылдан-жылға алыстап барады... Ол туралы үлкендерден, көнекөз қариялардан естіп жүреміз. Кинолардан, деректі фильмдерден көреміз.
Әйтсе де өткенге көз жүгіртпей, болашаққа бағдар жасау мүмкін емес. ХХ ғасырдың орта кезінде болған алапат соғыс Екінші дүниежүзілік соғыс болса, соның бір бөлшегі Кеңес Одағының тарихындағы Ұлы Отан соғысы болды. Жан алысып, жан берісер майдан шебінде қасық қаны қалғанша жау оғына қасқая қараған аталарымыз да ұрпақ жүрегінен ұмытылмақ емес.....
Шығармалар
Толық
0 0

Қиял-ғажайып ертегі: Алтын топай

Өткен уақытта бір бай болыпты. Мұның перзент дегенде жалғыз ұлы болады. Бай бір күндері жылқыларын суаруға көлге келсе, көлдің ішінде бір қып-қызыл шикі өкпе жүзіп жүр екен. Байдың айдап келген жылқылары көлдегі жүзіп жүрген өкпеден үркіп суға түспей қояды. Әлгі жерде бай жылқыларын иіріп құдыққа қанша айдаса да суға түсіре алмайды.

Сол арада бай құрығын қолына алып суда жүзіп жүрген өкпені түрткен екен, өкпе суға батып кетеді де әлден уақытта жалмауыз кемпір болып судан шыға келіп, байдың жағасынан ала кетеді. Сол арада байдың көзі алақандай боп қорқып кетеді. Бай жалмауыз кемпірге жалынады. «Ат басындай алтын берейін, қоя бер»,—дейді. Жалмауыз кемпір қоя бермейді. «Осы жылқылардың бәрін берейін, қоя бер»,—дейді. Кемпір қоя бермейді. Бай ақырында не берсе де кемпірден құтыла алмайтын болады. Бай: «Енді не берейін?»—дегенде кемпір айтады: «Жалғыз балаңды бер, сонда қоя берейін»,—деді. Жан—тәтті. Бай жалғыз баласын бермекші болады. Сонымен кемпір байды қоя береді. Кемпір айтады: «Балаңды қай жерде бересің?»,—дейді. Бай айтады: «Ертең жайлауға көшемін, сонда баламның алтын топайын қыстауға тастап кетейін, сен қыстауда сол топайдың жанында отырасың»,—дейді. Сонымен бай жалмауыз кемпірге уәдесін беріп, жылқыларын айдап кетіп қалады......
Ертегілер
Толық
0 0

Реферат: Дінтану | Мұсылман әлемінің философиясы

Қазақ даласының Ресейге қосылуы ХІХ ғасырдың орта тұсында аяқталды.
Осыдан бастап қазақтар қай жағынан болсада да Ресейге тәуелді күй кешті. Бұл кезде Ресейде капиталистік қоғам өркен жайған болатын. Капитализм Ресейге ғана емес, Кавказда, Орта Азияда, Сібірде, сонымен қатар қазақ даласында да қалыптаса бастаған еді. Ресейде болып жатқан экономикалық өзгерістер, саяси оқиғалар, мәдени даму үрдістері азды – көпті болса да қазақ даласына жетіп жататын.
Патшалық Ресей шет аймақтарындағы халықтарды аяусыз қанады, барлық жағынан дамуына кедергі жасап, соған тікелей күш жұмсады. Бұл жағдай ұлттар арасындағы араздықты қоздырды. Ресейге қараған басқа халықтар сияқты, қазақтың да тілі, ұлттық мәдениетіне зорлық келді, қорланды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Өнеркәсіптің экологиялық проблемалары

Елдің экономикалық құрылымы өндірістік күштердің орналасуымен, өндірістік және ғылыми потенциалдармен және материалдық өндірістің әлеуметтік-экономикалық даму қарқындарымен өзара әрекеттеседі. өндірістің тиімді орналасуы – халық шаруашылық және территориялық пропорцияларды жетілдіруге арналған база. Ғылыми ауқымды, бәсекеге қабілетті жаңа кәсіпорындарды орналастыру арқылы үйлеспеушіліктер жойылады, олар қоғамның мұқтаждықтарын есепке алумен қажетті пропорцияларды белгілейді. Ішкі құрылыстағы ығысулар да салалардың даму қарқындарына, табиғи ресурстарды және қолда бар өндірістік аппаратты пайдалануға байланысты болады:
Сонымен, бір аймақтың дамуы меншікті міндеттерді шешуді ескермегенде басқа аймақтардың мұқтаждықтарын қанағаттандырумен анықталды. Оның экономикасы тиімсіз құрылымдық саясаттың салдары болып табылған, бірқатар ерекшеліктермен сипатталады:
- ауыр өнеркәсіптің шамадан тыс дамуы, соңғы емес, аралық өнімді шығаратын материал сыйымы салалардың басым болуы;
- тұрғындардың қажеттері үшін өндірілетін өнімнің төмен үлесі;
- өндірістік аппараттың технологиялық артта қалғандығы (өнеркәсіптің негізгі қорларының тозуы – 60 % - тен артық, оның шамадан тыс көп үлесі металлургиялық, отын-энергетикалық комплекстерде);
- экологиялық проблемалар – Орталық Қазақстан қоршаған ортаның ластану және құлдырау дәрежесі бойынша, табиғатқа антропогенді жер етудің жиынтығы бойынша республикада алдыңғы орындардың бірін алады (ол атмосфераға зиянды заттардың лақтырыстары бойынша – бірінші орын).
Барлық постсоветтік кезең бойында орталық органдар аймақтың әлеуметтік, әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін база құруға емес, көмір өндіру бойынша міндеттерді шешуге баса назар аударды. Шаруашылықты жүргізудің және әлеуметтік проблемаларды шешудің жағымсыс тәжірибесі – бұл аймақты шаруашылықтық игерудің технократтық тұжырымдамасын айтарлықтый іске асыру, ол өндірістік мақсаттардың әлеуметтік мақсаттардан басылымдығымен ғана емес, сонымен бірге келешекті міндеттерді шешуге зиян келтіріп, ағымдағы қиыспаушылықтарды жоюға жұмсалатын күштерді шоғырландырумен де сипатталған.
Өндірісті дамыту, ҒТП бойынша шараларды жүзеге асыру, өнім сапасын жақсарту үшін өте қолайсыз жағдайлар қалыптасты. Сондықтан өнеркәсіптегі онсыз да ескірген өндірістік аппарат, соңғы екі-үш жылда алапатты түрде бұзылады, бұл көптеген кәсіпорындардың тоқтатылуы және жабылуы үшін қосымша себеп болуы мүмкін. Сонымен бірге, бұрын көрсетілгендей, біздің экономикамыздың жетілмеген құрылымын есепке алу керек. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өмірбаян: Владислав Трифонов

Владислав Трифонов – Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі

Владислав Трифонов – пейілі кең, жүрегі жұмсақ жан. Бірінші топтағы мүгедек боласа да, үнемі айналасындағы адамдарға көмектесіп келеді! Ол тағдырдың тауқыметіне қарсы тұра білді, бойындағы жігер мен қайсарлық оны алға жетелеп, Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі лауазымына дейін өсті.

Владислав Трифонов 1972 жылы өмірге кеген. 15 жасында Владиславтың көзі көру қабілетінен 99 % айырылады. Көз жанарының көруі нашарлағаны үшін ол 1-ші топтағы мүгедек болып қалды. Мұндай қиындыққ тап болған кез-келген адам өмірден баз кешіп, қиналары сөзссіз. Алайда Владислав тағдырдың сынағына қарсы тұра білді. Ол жасымай Шевченко қаласындағы техникалық училищеге оқуға қабылданып, «слесарь» мамандығын меңгерді. Мүгедектігіне байланысты кәсібі бойынша жұмыс істей алмайтындығын түсініп, 1994 жылы Ақтау қаласының «Меридиан» медицина колледжіне «фельдшер» мамандығы бойынша оқуға түсті. Оқуын аяқтағаннан кейін 23 жыл бойы мануалды терапия маманы болып жұмыс істеді.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Ердос Төлегенов

Ердос Төлегенов - журналист, әлемнің бірнеше елінде жарық көретін балаларға арналған “OYLA” ғылыми журналының негізін салушы

Интернет дамығалы газет-журналдың болашағына сенбейтіндердің саны көп. Тек Ердос Төлегенов олардың қатарынан емес. Ұзақ жыл “Эксперт Қазақстан” журналында қызмет еткен ол тек Қазақстанда емес, көптеген дамыған елдерде сұранысқа ие журналдың негізін салған.

“Балаларым өскен сайын, оларға оқуға ұсынатын сапалы әрі қызықты қазақстандық басылымның жоғын түсіндім. Ал біздің бала кезімізде ондай журналдар бар еді. Айналамда да ғылымға қатты қызығатын жастар көп болатын. Сондықтан, мен біздің балаларымыз білімді, жаңалыққа құмар, мәдениетті және сыни ойлай алатын адам болып өскендерін қаладым”. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Шығарма: Жеңіс жаңғырығы

Ұлы Жеңіске биыл 71 жыл толып отыр. Жеңіс! 1945 жылдың 9мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста 1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған... Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлиндегі Рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққанжауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді. Біз, Жеңіс күнін жақындатқан, қаратүнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз. Ұлы Отан соғысы және Ұлы Жеңіс. Бұл екі сөз бір-бірінен толықтыра түседі. Ұлы Жеңіс біздің халқымыздың орасан зор құрбандықтарымен келген қасіретті арифметикасы. Соғыс салған зардап әлі күнге дейін толық жойылған жоқ. Олардың Отан үшін қан кешкен әрбір қадамы, жеңісті жақындата түскен әрбір күні ұмытылмайды.
Өйткені, ерлік шежіресі ұрпаққа ұлағат, ертеңгі күнге үлгі боларлық сабақ. Біз соғыстан кейін туған ұрпақ, кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аға ұрпақтың – қазақтар мен қазақстандықтардың жанкешті ерлігі туралы тек оқулықтардан, көркем әдебиеттен және кинотуындылардан ғана білеміз. Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына бас иіп, олардың ерлігін ұастерлеу– кейінгі буынның азаматтық парызы. Соғыста біздің әкелеріміз ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың өршіл рухын, батырлығын әлемге паш етті. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Эссе: Елбасы мұраты – ел бақыты

Қағаны – батыр, ақылгөйі кемеңгер болған елдің бағы жанады.
Тоныкөк

Арман... Арман таусылар ма?! Аты аңызға айналған Астананы көруге құштар едім... Игі жақсылардың арқасында жазғы каникулда жол түсіп, еліміздің шаңырақ қаласына бардым. Ғасырлар тоғысында жұлдызы жанған шаһар күлімдей қарсы алып, дем арасында баурап алды. Даңқы алысқа жайылған Бәйтерек жақындаған сайын ажарлана түсті... Астанада болған үш күнім ғажайыптарға толы түстей болды... «Бір кездері «Арқалық» атанған жазық далалы кең мекенді адам баласын қанаттандырар, мынадай көрікті шаһарға айналдыру кімнің ойына келді екен?» деп ойлайсың. Иә, жауабын да білесің. Ол – ата-баба басынан өткен қиын-қыстау кезеңдерге қанық, білігі мен еңбекқорлығын серік еткен, талай сынға төзе білген, жүрегі «менің елім, менің жерім» деп жырлаған Елбасының идеясы, Елбасының ерлігі.

Біз тәуелсіздік алғанымызға аз уақыт өтсе де, әлем таңдай қағып, қызыға қарайтын елміз! Біз Туымыз көк аспанда желбіреп, Гимніміз асқақтай орындалып, ұрпағы бақытты балалық шағын өткізіп жатқан елміз! Бұл – үлкен құндылық. Мұндай бақыт қалай бұйырды? «Алтау ала болса, ауыздағы кетер, төртеу түгел болса, төбедегі келер» демекші, бұл бақытқа қол жеткізген бірлігіміз бен көреген саясаты бар Елбасымыз деп ойлаймын......
Эсселер
Толық
0 0