Шығарма: Менің нағашым

Менің нағашым Бауыржан Бабажанұлы 1969жылы 21 ақпанда Қарқалпақстан Республикасы Қоңырат ауданы «Ленинизм» деген ауылда дүниеге келді.Әкесі Бабажан ауылда зоотехник,анасы қарапайым жұмысшы.Үлкен ағасы,өзінен кейін інісі және екі апасы ,бір қарындасы бар. Жастайынан жыр тыңдап,өлең жазып әдебиетке қызыққан 1986 жылы мектеп бітіріп арман қала Алматыға барды.Бірақ сол жылы түсе алмай ,ауылына қайтіп келеді. Өзі тұратын ауылында совхозға қарапайым жұмысшы болып істейді. 1987жылы қайта оқуға барады бірақ түсе алмай күзде әскер қатарына қосылады.Сонымен 1990 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің фиология факультетіне оқуға түседі. Осы студент кезінде анасын қатты сағынса керек, «Ауылға хат» деген өлеңі туындайды

Ай, Күнге ұлын балаған,

Арманы биік, еңселі,

Жанымның нұры-жан анам,

Сағынып жүрмін мен сені.

Бесінгін Ардың тербедің,

Сананың көзін жарық қып.

Жұтаңдау,жарлы дүниені,

Қанағатыңмен қарық қып.......
Шығармалар
Толық
0 0

Өлең: Тыл ардагер - аналарға арнау

Соғысқа аттанғанда іні – аға,
Елде қалды кемпір – шалмен, бала – шаға. 
Нар көтерер жүктерді арқалаған,
Салмақ түсті тағы да аналарға.

Жан жарамен қол ұстасып жүре алмай,
Шаттықпенен емін - еркін күле алмай.
Ата - ене, балалары қалды қолда,
Жалғандағы жар қызығын көре алмай.

Жас нәресте шырылдады жаңа туып,
Анасы кетті еңбекке белін буып.
Жан жарын аттандырып қала берді,
Үлбіреген ақша бетін жаспен жуып.

Қуарған күз жапырақтай өңі солып,
Жарын күтті екі көзі мұңға толып.
Жер жыртты, өгіз айдап, егін салып,
Майысып саусақтары күс- күс болып.

Қайран ана аттандырды балаларын,
Кей ана қолда бар жалғыздарын.
Бүкіл әлем теңселіп, тебіренді,
Көтере алмай күңіренген ана зарын.

Қалғандай келешектен күдер үзіп,
Жас бой жеткен қала берді көзін сүзіп.
Атын жазып орамалға сүйгенінің,
Кестеледі көз жасымен моншақ тізіп.

Жеңістен соң не боларын ойламады,
Көбісі жеңіс тойын тойламады.
Жас жүрегін басқа жанға сыйлай алмай,
Жесірлікті бар өміріне мойындады.

Сөз жетпес азабына өткен күннің,
Дыбысы мәңгі өшпес зарлы үннің.
Жас баланың жетімдігін бастан кешкен,
Ізін калай өшірерсің қайғы-мұңның.

Күйзелді ойлап ана бала қамын,
Жеткізді жылай жүріп балапанын.
Аңсап өсті бала жүрегі,
Бастан сипар әкесінің алақанын.

Өткен өмір енді қайтіп келмесін,
Ешбір жаңға қайғы мұңды бермесін. 
Соғыс залым елге салған зардабын,
Оны ұрпақтар келешекте көрмесін.
Өлеңдер
Толық
1 0

Шығарма: Болашағы жарқын Тәуелсіз елім

Тұғырымыз –тыныштық,
тірегіміз-тұрақтылық,
тілегіміз-татулық болса еліміз
тарих төрінен табылады
Н.Ә. Назарбаев
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әр жыл басында өз халқына сөз арнап, жолдама жасайды. Ол теледидар, баспасөзде кеңінен жарияланады, халқымыздың талдауына түседі. Өйткені, оның сөзінде Қазақстан халқының әл –ауқатын көтерудің, мәдениеті мен тұрмысын жақсартудың мәселелері кеңінен айтылады. Жолдамада барлық мәселелердің ішінде мені қызықтырған нәрсе – қазақ елін, оның тілін мәңгілікке жеткізуге ұмтылу, оны жүзеге асырудың жайы. Осымен байланысты Қазақстан даму тарихынан өзім білетін жайларды шолып шықтым. Біздің ата-бабаларымыз осы аймақта басқа да тайпалармен бірге өмір сүрген. Төрт түлік мал өсіріп, кең далада бағып, күн көрген. Тарихтан белгілі моңгол шапқыншылығы кезінде, олар біздің жерімізді, елімізді тапап өтіп, орыс жерлерін үш ғасыр бағынышта ұстаған. Сөйтіп, біздің мәдениетіміз бен тұрмыс жағдайымыздың дамуына нұқсан келтірген. Ақыры жаугершілікпен келген моңғолдар өзгенің жаугершілігінен жойылып кеткен. Осыдан кейін бұрыңғы сақтар, қыпшақтар өз мекенжайларында қайтадан ел болған. Ертегілер мен дастандардан бізге белгілі болған батырлардың, хандардың істері- осы қазақ елінің біртұтас қалыптасуын бейнелейді.
Бүгінде халық аузында «Білектің күшімен, найзаның ұшымен» иемделіп келген қазақ елінің бүгінгі жер- аймағы қатарлас елдердің арасында көлемі жағынан 9-орын алады. Олардың арқасында қазір Жайық, Ертіс, Іле, Каспий, Арал сияқты өзен–көлдеріміз бар. Биіктігі мен сәнділігі жөнінен дүниежүзілік тауларынан қалыспайтын Алатауымыз да бар. Көп жылдары Ресейдің қарауында болған еліміз алғаш рет қырғын– соғыссыз, ұтымды саясаттың арқасында, бейбітшілікпен Тәуелсіздікке келді. Ол – тұңғыш Президентіміздің көрегендік саясаты деп халық есептейді.Осының арқасында еліміздің шекарасы белгіленді......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Табиғат адамдардың қателігін әрдайым көтере бермейді

Қазіргі таңда азаматты ерекше алаңдататын мәселердің бірі - қоршаған табиғи ортаның бүгінгі жай-күйі. Табиғат - тіршілік атаулының анасы, адамның өмір сүруінің бірден-бір көзі. Табиғаттың барлық құрамдас бөліктері бір-бірімен өте тығыз байланысты, өзара тәуелді. Даму ырғағы бір-бірімен үйлесімді байланысты болғанда ғана табиғат заңдылығы бұзылмайды.
Адам табиғи қорларды - тағам, құрылыс материялдарын шаруашылықты игеру мақсатында пайдаланады. Мұның бәрі табиғаттың даму ырғағын өзгертпей қоймайды. Бүгінгі таңда өндірістің қарқындап дамуы тек табиғи қорлардың сарқылуын ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаның шектен тыс ластану мәселесін де туғызып отыр. Өндірістен шығатын керексіз заттармен ең алдымен - ауа, су қоймалары, топырақ ластанады. Өндіріс қалдықтары топырақты құнарсыздандырып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне жағымсыз әсер етеді. Өндірісті өз мүддесі үшін дамытқан озық ойлы адамзат табиғаттан пайдалы затты алады да, оған зиянды қалдықтарын тастайды. Жиырмасыншы ғасырға дейін адам баласының табиғатқа келтірген залалы Жер шарының әр түпкірінде әрқалай болып келсе, қазір бұл әсер бүкіл ғаламшарды қамтып отыр. Сондықтан да табиғат-анаға перзенттік сүйіспеншілік пен мейірім, қамқорлық көрсету - адамзаттың ұлы парызы. Табиғатқа аялы қамқорлық қажет. Сонда ғана ол адамзаттың тіршілігі үшін ғана емес, ұдайы гүлденуінің де кепілі бола алады.
Табиғатпен қарым-қатынаста адамдар белгілі бір үйлесімділікті берік сақтауы тиіс. Табиғаттың да өз даму заңдылықтары бар, оған нұқсан келмеуі керек. Әйтпесе, табиғат өте қатал. Ол адамдардың тәкаппарлығын, қателіктерін әрдайым көтере бермейді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өмірбаян: Тайжан Қалмағамбетов (1878 - 1938)

Тайжан Қалмағамбетов (1878, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы - 1938, сонда) - ақын. Жезқазған, Қарағанды, Қарсақбай сияқты өндіріс ошақтарына арнау өлең-жыр шығарған.

1916 жыл ы ұлт - азаттық козғалысқа үн қосып , Амангелді сарбаздарын жырлады. Қазан төңкерісінен кейін жаңа кұрылысқа , Жезқазған , Қарағаңды , Қарсақбай сияқты өңдіріс ошақтарына өлең, жыр арнады. 1926 жылы Шеген, 1930 - 36 жылдары Болман, Иманжан тәрізді Арқаның белгілі ақындарымен айтысқа түскен. А.В. Затаевичке бірнеше ән жаздырған. 1934 - 36 жылдары халық өнерпаздарының республикалық слеттеріне, 1936 жылы Мәскеудегі қазақ әдебиетімен өнерінің алғашқы онкүндігіне қатысқан. "Тайжан әні", "Ыбырайға" сияқты ән-термелері күйтабаққа жазылған. Қалмағамбетовтың көптеген әндері кезінде жазылып алынбаған. Кейбір шығармалары ақындардың жалпы жинақтарында, газет-журналдарда ("Қазақтың 1000 әні", 1925; "Пернедегі термелер", 1965) жарияланған. "Ой ағысы" өлеңдер мен айтыстарының жинағы 1984 жылы жарық көрген.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіздік-бұл жырдың алдаспаны

Тәуелсізбін! Бар ма мұң?
Тәйелі болсын талғамым!
Өркені өссін қазақтың –
Осы- менің арманым!
Н.Ә.Назарбаев
Қазақ елі, қазақ жері қашанда өз тарихын – өзі жазған көреген халықтардың бірі де, бірегейі. Тасқа қашап жазарлықтай тарих қазақ жерін ешқашан айналып өткен емес. Қазақтың басына бақ біткені, осыдан аттай 25 жыл бұрын еліміз өз алдына дербес ел атанып, өзге елдермен терезесі тең, керегесі кең болған күн еді. Осындай бақ исі қазақтың маңдайына біткен күні еңкейген қарт пен еңбектеген баланың да қуанышында шек болмаған. Бұл күні кеудеде «қазақ» деп соққан жүректердің бұлқынған күн, тамырдағы қан бойға сыймай тулаған күн. Елімізде бұл қуаныштың болғанын шет елдерде қуана құптаған. Еліміз егемендік алғаннан кейін өзінің тұңғыш Елбасын ақ киізге отырғызып хан сайлады. Сөйтіп, қазақ перзенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ елінің президенті болып сайланды. Қазақ елінің болашағын өз қолына алып, барша қазақ жерінің ертеңі үшін жанын құрбан ететін Нұрсұлтандай асыл тұлға бізге керек еді.Үш жүздің басын біріктірген Абылайдай болған Нұр аға күні бүгін ел бірлігінің мызғымас тірегіне айналды.Ол өзінің барлық өмірін осы елмен байланыстырды.Өзінің барлық күш-жігерін осы елді дамытуға сарп етті. Еліміз дербестік алғаннан кейін өзінің рәміздерін дүниеге әкелді. Төл теңгесі де дүниеге келіп, қолданысқа енді. Сол күндерден бастап Тәуелсіз еліміз қарыштап дамып, кеңге құлаш жайды......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Қазақстан Республикасының портфелдік инвестиция жағдайы

Нарық экономикасына көшу мынадай компоненттердің: сұраныс пен ұсыныстың; табыстар мен шығындардың; ақша массасы, айналым қаражаты мен инвестициялық ресурстардың белгілі бір келісілуін білдіреді. Бұған мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруді жүргізу, яғни жеке меншік институтын енгізу жолымен ғана қол жеткізуге болатын еді.
Мемлекеттік экономикалық саясат ақша-кредит, салық-бюджет, баға және антимонополиялык, инвестициялық, технологиялық саясат кіруі тиіс болды. Бұл екі деңгейлі банк жүйесін құруды, алтын-валюта резервінің қорлануын, қор биржасы, салық, кеден және басқа органдар секілді жаңа мемлекеттік институттарды қалыпта дамытуды талап етті.
Бірінші кезеңде өзекті міндет басқарудың әміршіл-әкімшіл әдістерін алмастыру болды. Өйтпеген жағдайда туындаған проблемаларды шеш алмас едік. Ал олар анық көрініс берді.
Тұтыну тауарларын өндіру барынша азайды. Қаңыраған сөрелер сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігін көрсетіп тұрды. Тек бағаны өсіру есебінен пайда қуушылықтың жалпыға ортақ жарысы басталып кетті.
Тауар тапшылығы, өсіп бара жатқан гиперинфляция жағдайына тап болған біз бірінші кезекте бағаның ырықтандырылуын жарияладық, ол нарықка өтудің табанды қадамы болды. Сұраныс ұсынысты туғызады деген классикалық кестені іске косу керек болды. Бірақ та адамдар бұл шараны, бағалар кілт аспандап кеткендіктен, ауыр қабылдады.
Кеңестік экономикада бағалар сұраныс пен ұсынысты ескеріп емес, саяси және идеологиялық себептер бойынша белгіленетін. Сондықтан да экономика әрдайым тапшылыкты және инфляциялық болды. Оның үстіне тауарлармен және қызметтермен қамтамасыз етілмеген артық ақша проблемасын жоспарлы экономика әдістерімен шешу мүмкін емес. Бұл жағдайдан бірден-бір шығу жолы тұмшаланған инфляцияны ашық инфляцияға айналдыру болып табылатындықтан, кесімді бағалардан еркін бағаларға біртіндеп көшу сәтсіздікке ұшырайтын еді, сондықтан да онымен классикалык, әдістер бойынша күресу көмектеспеді.
Алайда рынокты тұтыну тауарларымен толтыру айтарлықтай тез жүрді, кезектер жоғалды, карточкалық жүйе алып тасталды. Адамдар өз бизнесін ұйымдастыра бастады, белгілі бір дәрежеде кәсіпкерлік бастамашылық көрініс берді. Бұл сұраныс пен ұсыныс экономикасының алғашқы нәтижесі болды.
Бірақ та өндіріс тоқтап, байланыстар үзілген ретт біздің біртұтас рубль аймағында тұрып жатуымыздан жағдай күрделі болып қала берді. Мұндағы келеңсіз үрдістер Мәскеу жүргізіп отырған жүйесіз ақша эмиссиясымен айқындалды. Ресейден Қазақстанға ескі рубльдер вагондап жөнелтілді, мұның өзі инфляция үшін нәрлі топырақ болды. Біз таңдау алдында тұрдық — не ақша массасын қысу керек, не бағаға қатаң мемлекеттік бақылау орнату керек. Екінші нұсқа ескі кезеңдерден әлдеқайда қалыпты болып көрінетін, бірақ та әу бастан-ақ реформалар қисынына қайшы келетін....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Ерлікке тағзым

Ей, ұрпағым! Батыс жақтан сол бір жыл, Қасірет алып соғыс деген үн келді. Әлемімнің болса да ортақ ай, күні, Ұмытылар ма қаралы жыл әйгілі. Жамылды елім сонау бір жыл бір сәтте Қасірет пен қайғыны. Аш қасқырдай жанарлары қанталап, Жау төнгенде Отаныма анталап, Кеттім мен де жау шебіне ең алғаш, Ел тілегі,ел үмітін арқалап.
«Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Бүгін таңғы сағат төртте неміс басқыншылығы тұтқиылдан шабуыл жасап, Отанымызға соғыс ашты.Барша азаматтарды Отанымызды қорғауға шақырамыз» -деп Левитанның радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін бақандай төрт жылға созылған, тарихта болмаған ірі-ірі, жойқын шайқастарымен белгілі Ұлы Отан соғысы басталды. Кеңестер елімен «соғыспау» туралы жасалған шартын опасыздықпен бұзған фашист әскерлері соғыстың алғашқы сағаттарынан бастап-ақ кеңес әскерлерінің маңызды орындарын жаппай бомбалады. 1941 жылы 22 маусымда басталған Ұлы Отан соғысына ел басына күн туғанда, біздің ата-әжелеріміз, аға-апаларымыз да қолына қару алып, елін,жерін қорғау үшін майдан алаңына аттанды. Иә, соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ сан миллиондаған адамдар Отанын жаудан қорғауда кеудесін оққа төседі, жанын қиды. Осындай қиын қыстау кезеңдерде «Біздің ісіміз-әділ, жау талқандалады, біз жеңіп шығамыз!» деген үндеу майдан шебінде жүрген әрбір сарбазға күш бергендей жігерлендіре, рухтандыра түседі. Ақыры, біз Жеңіске жеттік! Қанішер неміс басқыншыларымен шайқасқан Кеңес әскерлерінің үміттері мен сенімдері ақталып, армандары орындалды.......
Шығармалар
Толық
0 0