Асқар Ұзабаев - режиссер, сценарист, клипмейкер, продюсер. 1983 жылы 7 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. «Ғашық жүрек» («Коктейль для звезды») фильміне режиссер болып, аталмыш туынды арқылы танылды. 2012 жылы «Хабар» агенттігінің тапсырысымен SHINE production студиясымен бірлесіп түсірген 25 бөлімді «Ғашық жүрек» хикаясы шықты. 2012 жылы «НТК» арнасына BAS production студиясымен бірлесіп «Вузеры» атты жастарға арналған хикая түсірді. Кино өндірістегі ірі жобалармен және бейне өнімдерін түсірумен айналысатын 567 creative laboratory студиясының негізін қалаушы. Кинодағы рөлдері: 2000-2002 Балақайлар | Детки (хикая, Қазақстан) - Ерлан Режиссер: 2016 Гламур для дур ....
Алексей Лодочников - қазақстандық жас домбырашы-әнші
Алексей өзінің іс-әрекетімен сенім арқылы алдыңа қойған мақсаттарына жету керектігін дәлелдеп жүр. Алексей қазақ тілінде жетік сөйлеп қана қоймайды, домбырада керемет ойнайды және де өзінің жастығына қарамастан кітап жазады.
1999 жылы Ақсу қаласында дүниеге келген. Қашыр балалар үйінің тәрбиеленушісі. Соңғы 14 жыл бойы Алексей балалар үйінде тәрбиеленді. «Дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат – музыкалық колледж» кешені» ММ «Домбырамен халық әндерін орындау» бөліміне түседі. 2014 жылы Алексей Екібастұз қаласында бірінші рет Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алдында өнер көрсетеді. Бұл өнер көрсету оқушының өміріне үлкен ынта берді. Көп кешікпей ол республикалық және облыстық музыкалық конкурстарға қатысып, жүлделі орындар алады. Музыкалық колледжде оқып жүрген уақытта Алексей өзінің оқу орнындағы «Жас Отан» ЖҚ жетекшісі болады.....
Талғат Мұқантаев 3 қазан 1965 жылы Қазақстан республикасы, Форт-Шевченко қаласы, хирург-дәрігері отбасында дүниеге келген. Қазақ. Медициналық институтта оқу барысында, ол ақтөбелiк облыстық ауруханасында хирургиялық бөлімінде, медициналық аға ретiнде өзінің еңбек жолын бастаған. 1988ж. Ақтөбелiк Мемлекеттiк медициналық институтының емдiк факультетiн ойдағыдай бiтіріп, содан кейiн Маңғыстау облыстық ауруханасында шұғыл медициналық жәрдем беру бөлімінде хирург-дәрiгері болып жұмыс iстедi (Актау қ., Қазақстан Республикасы). 1992 – 1995жылдар аралығында РАМН Ғылыми хирургиялық орталықта клиникалық ординатурада оқып (Москва қ.), профессор А.Ф. Черноусовта, асқазан, өңештің жарақаттары және хирургиялық жолмен емдеу мәселесіне арналған, медициналық ғылыми кандидаты диссертациясын ойдағыдай қорғады. Қазіргі таңда И.М.Сеченов атындағы Бірінші МГМУ факультет хирургиясының клиникасында дәрігерлік диссертациясын қорғауды аяқтауда (Москва қ., РФ).
Ординатураны бітіргеннен кейін, 1995 - 2000 жалдары (Ақтау қ.) Маңғыстау облыстық ауруханасында хирургиялық көмек бойынша бас дәрігердің орынбасары болып жұмыс жасады. 2000 ж. осы больницада жалпы және видеоэндоскопия бөлімін негіздеп және басқарған. 2006 - 2009 жылдары Маңғыстау облыстық ауруханасының бас дәрігері болып жұмыс жасап отырып облыстың алдағы медициналық мекемесін еуропалық стандартқа сай бастамашылыққа алып және масштабты қайта құруын шындыққа ойдағыдай іске асырды. Қазіргі таңда, облыстың штаттан тыс бас хирургі, облыстық ауруханада видеоэндоскопиялық хирургия бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс жасайды.....
Қоғамда, поэзияда, музыкада, саяси өмірде өлмес, өшпес із қалдырған- Абай Құнанбайұлы.Ақын Абайдың шығармашылығы мен өмірі- халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоғалтпаған рухани мұрасы.Абай үні, Абай тынысы, Абай лебі- халық бейнесі, заман тынысы, қазақ үні. Шынайы өнер туындысындағы тұрлаулы идея қалдырған, мәдениет пен ақындығын ұштастыра отырып, ақиқатты толғайтындығы туралы Міржақып Дулатов: :" Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіші- Абай сөзі, Абай аты болуы керек...Ең жоғары, ардақты орын-Абайдікі",- деп, көркем өнердің бастауы, сөздің ұлы мағынасын айқындауышы ретінде танытады.
Абай ақындығын халыққа, ағартушылық мақсатқа бет бұрғызған.Ұрпақ мүддесі үшін ғылымның кілтін ашып, жігерлі жастық талабын білімге жұмсауға шақырған-ды.Сұлтанмахмұт Торайғыров:"Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе",- деп, сөз қадірін айнымас темірқазығына айналдырған хәкім Абайдың өнеріне тамсанған кейінгі буын өкілдерінің пікірі Абай образын аша түскендей......
Соғыстың қажеті жоқ! Соғыс жабайылардың еншісіне қалсын. Ги де Мопассан Ұлы Жеңістің 71 жылдығы да жақындап келеді. Уақыт өз дегенін жасайды. Жыл өткен сайын бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары сиреп барады. Сондықтан Ұлы Жеңістің авторлары – майдангерлерімізді сыйлап, құрметтеу, оларға қамқорлық жасау басты борышымыз! Біз 71 жыл бойы бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Ұлы Отан соғысына қатысқан ержүрек те, батыл аталарымыз бен апаларымыз: Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Мәлік Ғабдуллин, Рашид Жанғозин, Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаев, Төлеуғали Елебековтер,Талғат Бигелдинов, Төлеген Тоқтаров,партизандық қозғалыстың Ғалым Ахмедияров, Ғалым Омаров, Нұрым Садықов, Қасым Қайсенов, Нұрым Сыздықов, Әди Шәріпов, Тәжіғали Жангелдиннің есімі көпке танылды. Қазақстандық әйелдер — Нұрғаным Байсейітова, Тұрғаш Жұмабаева, Жамал Ақәділова батырлықпен аянбай шайқасып, біздің жерімізді, елімізді басқыншы жаудан қорғап қалған.Оңай келмеген жеңісте ерен ерлігімен көзге түсіп, ерекше сый-құрметке ие болған сан мыңдаған жауынгерлердің ішінде менің туған жерім- Жезқазған жерінен демайдан шебінде болып, Отан үшін ерлік көрсеткен ардагер-батырлар аз болмады. Ерлігін жыр қылып айтатын әрбір батырымызды біз ешқашан ұмытпаймыз......
Бұл тақырыпта шығарма жазу үшін көп ойландым. Неге десеңіз, үш бет жазайын, жүз бет жазайын жүректе жатқан сол бір жараны тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн. Менің атам да Ұлы Отан Соғысының ардагері еді. оның айтқан әңгімелері есімде жоқ . Мен онда мен 3-4 жаста болатынмын. Анамның айтуынша атам 21 жасында майданға аттанған екен. Соғыстың қалай болғанын атам айта қоймапты. Есіңе түсіру атам үшін қиын болатын. Мәскеу үшін болған шайқастарды еске ала келіп, Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, белгілі жазушы Бауыржан Момышұлы былай деп жазады: «Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады... біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік». Қанша үйдің ұрлап адамын. Қанша үйде сөніп қалды оттар,- деп ақындар жырлағандай, әр шаңырақта, әр жүрекке салған жара 71 жыл өтсе де әлі жазылып қойған жоқ. Өз үнін білдіруге әзір елгезек халық ақындары мен жазушыларының шығармалары бұл жылдары ерекше шабытқа толы болды. Олар жазушылар мен ақындардың туған халқына қалтықсыз қызмет етіп, соның мұңын мұңдап, жырын жарлауының айқын айғағы еді. Бұл шығармаларда неміс фашистеріне деген кекпен өшпенділік, халықты ізгі күреске шақыру, үндеу сарыны көрінді. Әсіресе Отанға төнген қауіп 96 жастағы қарт ақын Жамбылды тыныш жатқызып қоймады. Соғыстың алғашқы төрт жылында ол үш мың жолдай жыр төкті. Олардың ішіндегі ең көркемі әрі құндысы « Ленинградтық өренім» Толғауы еді. .....
ҚР бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы ғана емес, сонымен қатар корпоративтік бағалы қағаздар нарығы қалыптасты. Оның көлемі мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы сияқты болмаса да, жыл сайын біртіндеп дамуы байқалады. Ең алдымен, бағалы қағаздар нарығының акция нарығына тоқталайық. Суретте акционерлік қоғамдар санының және олардың акция шығарылымының санының серпіні қарастырылған. Мұнда, жыл сайын акционерлік қоғамдардың жабылуы және олардың санының қысқарылуы байқалады. Тек, соңғы жылда акционерлік қоғамдар санының біршама өскенін байқаймыз. Акция нарығынан басқа, корпоративтік бағалы қағаздарға облигациялар да жатады. ҚР-да акция нарығына қарағанда облигация шығарылымы аз көлемде шығарылады. Акцияға қарағанда облигация шығарылымы 5 есе төмен. Облигацияны шығару эмитентке акцияны шығаруға қарағанда тиімсіз. Оның себептеріне – облигацияның өтелуін, міндетті түрде сыйақыны төлеуін жатқызамыз. Бекітілген мерзімде эмиссиялық бағалы қағаздардың ішінен тек акция нарығы салыстырмалы түрде дамыған деп айтуға болады. Олардың даму үрдісі 7 есе сипат алады. Акцияларды шығару негізінен акционерлік қоғамдар тіркеу кезіндегі негізгі шарт екенін атап өтуге болады. Сонымен қатар, акция инвестицияның бір түрі – оның өтеуін қайтару немесе сыйақыны төлеу бойынша акционерлік қоғамда міндет туындамайды. Қор биржаның листинг «В» тобына қарағанда листинг «А» тобындағы шығарылымдар жоғары екінін байқауға болады. Ең алдымен, бұл эмитенттердің қаржылық тұрақтылығының жоғарлығын куәландырады. Сонымен қатар, эмитент қор биржаға айналысына бағалы қағаздарды енгізу кезінде листинг «А» секторына енгізуіне атсалысады. Себебі, бұл эмитенттің беделіне әсер етеді. Сонымен қатар, бағалы қағаздардың сенімділігінің, бағалы қағаздардың нарықтық бағасының өсуіне әкеледі. 6-шы суреттен байқағанымыздай, листинг «А» тобындағы шығарылымдар саны листинг «В» қарағанда 3 есе артық. Сондай-ақ, листинг «А» тобында бағалы қағаздардың шығарылымы қарқынды өсуі байқалса, листинг «В» тобында бағалы қағаздардың шығарылымының өсуі онша байқалмайды. KASE жалпы капиталдануы ЖІӨ-нің қатынасы негізінде көрсеткішке талдау жүргізу кезінде, осы көрсеткіштің ең жоғарғы деңгеңі 2006 жылы байқалады. Алдыңғы жылдары 21,62% (01.01.2005) және 35,02% (01.01.2006) деңгейінде көрініс тапты. 2007 жылдың 1 қаңтар айында аталған көрсеткіш 87,06%-ын құраса, есепті жылы 64,94%-ы деңгейіне төмендеді. 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «А» және «В» санаты бойынша ресми тізіміне енгізілген мемлекеттік емес бағалы қағаздар бойынша нарықта жалпы капиталдандыру тиісінше 8451466 млн. теңге және 375554 млн. теңге болды. Бұл ретте облигациялар бойынша капиталдандыру 36,12%-ға өсті, акциялар бойынша 5,11 есе өсті. KASE жалпы капиталдандыру 2007 жылдың 1 қаңтар жағдайы бойынша 8827020 млн. теңгені құрады, ол ЖІӨ-нің 101,17%-ын құрады. 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша осындай көрсеткіш 35,02% болды. Қор нарығының капиталдануының ұлғаюымен қатар, ЖІӨ-ге қор нарығын капиталдану көрсеткішінің өсуі де байқалды.....
Республика экономикасы аса күшті дағдарысты жағдайда болып, әрбір күн үсті- үстіне жаңа проблемаларды көлденең тартуда, ал бұл жағдайда экономиканы тұрақтандыру мәселесін баған сайын қиындатып, оның өзі іс- қимыл стртегиясында да, тактикасында даелеулі түзетулер енгізуді қажет етіп отыр. Өндіріс одан әрі құлдырап, ұлттық табыс азайып бара жатқан жағдайларда жұмыс істеуе тура клкді. Экономиканың қазіргідей жағдайға тап болуының себептері көп, олар жайында саясатшылар да, ғалымдар да жазып та, айтып та жүр. Солардың көбі республиканың ондаған жылдар бойғы «Социалистік» дамуы кезеңінен бері жалғасып келеді. Бірқатар факторлар республика экономикасының бурыңғы одақ экономикасымен барынша байланысты, Ресейдегі экономикалық реформаның бағыттары мен қарқындарына өте тәуелді болуына байланысты. Сонымен қатар үкіметте экономиканы республикамыздың жағдайларына сійкес түбегейлі реформалау жөніндегі ғылыми негізделген стратегия да, бағдарлама да жоқ болды. Осы кезге дейін шалғай, көбінесе жергілікті мәні бар шешімдер қабылданып, олар жағдайдыжақсартудың орнына көбінесе нашарлататын, оған қоса кешіктірілетін, қабылданған шешімдерді жүзеге асыру ісінде жасқаншақтық байқалатын. Мемлекет жаңа экономикалық құрылымдар жасау, кәсіпкерлік қызметтің барлық түрлерін кнңінен өрістету бағытында неғұрлым батыл күш-жігер жұмсауға тиіс болды, өйткені, біз көз жеткізгеніміздей, попополияндырылған экономика жағдайында бағаны ырықтандыру күткендегідей нәтижелер бермейді. Бірақ біз бұл мәселеде шабындық көрсетіп, басқалар қалай жасайды екен деп жалтақтаймыз. Негізінде заң актілері бар, олардың орындалуын, басқарудың барлық буындарын тарапынан қолдау көрсетілуін қамтамасыз етілуі қажет.кәсіпкерлікке қызмет көрсететін бүкіл жүйені, яғни рынок инфрақұрылымын жеделдете дамыту керек ....
Өмірбаяны Бауыржан Байбек 1974 жылы 19 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген. Әке-шешесі зейнеткер. Байбек Қыдырғали Мұқаметәмірұлы "Алматы қаласы бойынша жолаушыларды тасымалдау" КМК бастығының орынбасары болған. Ал анасы Алтынай Құнғалиқызы "Қазтамақөнеркәсіп" бөлімінің бастығы - бас маманы қызметін атқарған. Әкесі Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен бір сыныпта оқыған. Білімі Бауыржан Байбек Күләш Байсейітова атындағы республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатты тәмамдаған. 1994 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша Германияға оқуға кетеді, онда бір жылдай Бремен қаласындағы Гете институтында неміс тілін оқиды. Одан соң Любек қаласындағы Жоғары музыкалық мектепте үш жыл оқиды. 2002 жылы Орталық Азия университетінің халықаралық экономист мамандығы бойынша диплом алады. Саясат ғылымдарының кандидаты. Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін еркін меңгерген.....
Мəлік Батырхан Абайұлы (ALEM) (18 ақпан 1993 жылы туған, Үшқұдық қаласы, Науаи облысы, Өзбекстан Республикасы) — қазақстандық әнші, Ninety One тобының мүшесі және «Қазақстан Дауысы» атты жоба финалисті ретінде танымалдылыққа ие болды. Жəне X фактор жобасының жартылай финалист сияқты т.б танымалдылығы бар. Өмірбаяны Батырхан 1993 жылдың 18 ақпанында Өзбекстан Республикасы, Науаи облысының Үшқұдық қаласында дүниеге келген. Отбасында әкесі, анасы, ағасы және қарындасы бар. Отбасы Қазақстан Республикасы Қостанай қаласында тұрады. Балалық шағы Топтағы вокалистердің бірі Батырхан 1993 жылдың 18 ақпанында Өзбекстан Республикасы Үшқұдық қаласында дүниеге келген. 2002 жылы отбасымен Қостанай қаласына көшіп келеді. Жанұясында ортаншы бала, ағасы мен қарындасы бар. "Кейде қарындасым ренжігенде мені "Э, найнти уан!" деп атайды" ....