Шығарма: Тарихта қалған күн

1941 жылғы 22 маусым – тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн. 75 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы басталды. Соғыс және еңбек ардагерлері, облыс орталығындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері, студенттер –елі мен жері үшін өмірін қиып, туған жерге оралмаған қаһарман ерлерді еске алып, рухтарына тағзым етті.
22 маусым барлық посткеңес елдерінің тарихындағы ең қайғылы күндердің бірі. Осыдан 74 жыл бұрын, дәл осы күні таң қылаң бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер елін жаудан қорғау үшін қолына қару алып, қан майданға аттанды.
1939 жылдың дерегі бойынша, біздің республикамызда 6,2 миллион адам тұрып жатқан. Соғыс жылдары Кеңес Армиясының қатарына 1 миллион 200 мың қазақстандық шақырылған, 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да құрылымдар жасақталған. Майданға 14 100 жүк және жеңіл автокөлік, 1500 шынжыр табанды трактор, 110 400 жылқы, 16 200 арба жөнелтілді. Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік күштер дайындауға да лайықты үлес қосты. Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлингтегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарманмен жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді.
Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды, олар - Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов және Леонид Беда. Кеңес Одағы Батырларының қатарында қазақтың екі қызы – мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова бар. Рейхстагқа туын тіккендердің бірі – қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаев. Ал танымал қолбасшы, әскери жазушы Бауыржан Момышұлын, 28 панфиловшылардың ерлігін білмейтін жоқ шығар. Соғыстың тек майдан даласында ғана емес, тылда жүргені мәлім. Бүгінгі ұрпаққа Ұлы Отан Соғысындағы Кеңес Одағы мен оның халықтарының жеңісінің факторлары туралы айту парыз.Оны жас ұрпақ білуі керек.Ол соғыстағы жеңістің қайнар көздері мен қозғаушы күштері туралы ондаған, тіпті мыңдаған еңбектер жазылған.
Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық жүйесіне, Қазақстанның индустриялы, аграрлы ел болып қалыптасуындағы басқару мектебін құрудағы рөлін айту парыз. Отан соғысынан қайтқан жеңімпаздар аса құштарлықпен, адалдықпен, іскерлікпен еңбек етті. Отан соғысы жеңімпаздарының ерекше миссиясы туралы айтқанда ғалымдарымыздың екінші тылдағы ерлігі туралы айту қажет. Белгілі ғалымдар М.Ғабдуллин, С.Аманжолов, С.Бәйішев, А.Нүсіпбеков, С.Зимонов, А.Абдуллин, Ә.Қайдаров және басқалары соғыс кезінде ең қиын сәттерде жауынгерлердің арасына саяси-тәрбие жұмысын жүргізіп, алдыңғы шепте аянбай соғысса, соғыстан кейін ғылымның бүкіл бір саласына бағдар, басшылық жасап, Қазақстанда іргелі ғылымның дамуына ерекше үлес қосты......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Өлiм мен өмiр алысты

Өмірі - ұрпаққа өнеге.
Соғыстың аты соғыс қой,
Жалмады талай арысты.
Мылтықтың оғы босқа ұшпай,
Өлiм мен өмiр алысты.
Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал материалдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері 71 жылдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ.Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: 9 Мамыр-баршамыз үшін қасиетті де қастерлі күн

Жерге теріңді төксең,
Жеміске кенелесің.
Халқың үшін қаныңды төксең,
Абыройға кенелесің
Бауыржан Момышұлы
9 мамыр-баршамыз үшін қасиетті де қастерлі күн. Өйткені, 9 мамыр - фашизмді жеңген қаһарман халқымыздың мереке күні – Ұлы Жеңіс күні. Осынау қуаныш үшін өмірлерін қиғандарды еске алу күні. Бұл күні аналар мен жесірлердің жүрегі осыдан 71 жыл бұрынғыдай сыздайды. Ол күні жеңімпаздардың, олардың балаларының, немерелерінің жүрегі мақтаныш сезіммен лүпілдей соғады. Әлемді бақытқа бөлеген бұл қуанышты күн милиондаған бабаларымыз бен аналарымыздың қасиетті қанымен келді. Біздің бақытты болашағымыз үшін қасық қаны қалғанша күрескен жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен жақындатқан аталарымыздың ерен еңбектері ешқашан ұмытылмайды. Сол сұрапыл соғыста батырларымыздың сақтап қалған байтақ жері бүгінгі күн дүние жүзі таныған, әлем мойындаған мемлекет болып қалуы – біз үшін үлкен мақтаныш, мол жетістік. Қазір Республикамыз дүние жүзіндегі алдыңғы қатадың мемлекеттердің бірі болып, ең бастысы, елімізде бейбітшілік пен ынтымақтың өріс алып, халқымыздың тыныштықта бейбіт өмір сүріп келе жатуы – тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың адал да ұтымды саясатының, үлкен парасат пен биік талғамының арқасында. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Отан отбасынан басталды

Әрбір қазақпын деген азамат, ол өз елінің патриоты болуы тиіс деп ойлаймын. Сол секілді мен де өзімді патриотпын деп толық айта аламын. «Отан отбасынан басталды» демекші. Кішкентай күнімнен ата-анам мені мектепке бермей тұрып-ақ, маған әнұранды жаттатқызып, рәміздер дегеніміз не екенін, олардың мемлекет үшін маңызы қандай екенін ұғындырып өсірді. Осылай менің туған Отаным деген алғашқы патриоттық сезім қалыптасты. Қазірде халқымыздың өткен тарихы мені қатты қызықтырады, ол туралы оқудан, танып-білуден жалыққан емеспін. Бұның барлығы менің ұлтыма деген сүйіспеншілік, оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сондықтан да қазіргі уақытта өзіміз секілді жастар бойында бірінші орында тіліне, еліне, жалпы айтқанда өзінің ұлттық құндылықтарына деген құрметі тұруы басты міндет деп есептеймін. Отан менің барым да бағым да. Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер ғажайып сөз. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз елін, жерін найзаның ұшымен, білектің күшімен қасық қаны қалғанша жаудан қорғап бүгінгі ұрпақ бізге жеткізді. Қазақ жері, қазақ елі біздің ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпақтарға қалдырып кеткен баға жетпес байлығы және асыл мұрасы. Нәзік, сүйріктей саусағына ине ұстап, қолаң шашын еркелей тараудың орнына қолына суық қару алып елін, жерін қорғауға шыбын жанын шүберекке түйіп қаншама ару қыздарымыз ер азаматтармен бірге қан майданға аттанды емес пе? Әлия, Мәншүк, Бауыржан сынды аға - әпкелеріміз осы еліміз үшін жанын қиюға әзір еді.
«Қазақ елін, қазақ жерін тек қазақ қана басқаруы тиіс. Біздің басшымыз тек қазақ болсын» деп барша қазақ жастары ұрандап, жүректерінде от лаулап алаңға шыққан Ләззат, Қайрат, Жазира сынды жастарымыз осы тәуелсіздігіміздің нышаны емес пе? 1986 жылғы оқиға халқымыз ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздікке бастама болды. [justify][/justify].....
Шығармалар
Толық
0 0

Эссе: Менің анам

«Ана, мама» сөзінің кереметтілігін ешкім түсіне бермейді. Ол сөзге ие болуға кез –келген әйел адамның қолынан келмейді. Неге дейсізбе?

Мен ес білгеннен балалар үйінде болдым. Қазір мен үйдемін. Менің анам, әкем бар. Мен отбасындамын. Ағам екеуміз балалар үйінде болғанда ата-анамыздың болғанын қатты қалайтынбыз. Міне, сол тілегімздің орындалғанына 4 жыл болды.

АНА. Ол керемет жан. Анам бізді құшақтап иіскегенді жақсы көреді. Барлығы анамды жас дейді. Ол кісінің жасы бізді алғанда жиырма алтыда ғана болған. «Біз өскен сайын бізбен өскендей боламын», - дейді анашым. Ол кісінің қолы бізге мамықтай көрінеді. Анашымның даусы таңғы құстардың әніндей, ал оның шашының иісі таудан аққан судың иісіндей ерекше.

Анашым ертегідегі ханшайымдар секілді. Ертегі әлемінде жүрген періште секілді. Таң атқанымен тырпылдап біз үшін ас даярлап, бізді нәзік даусымен оятып, жұмысына асығады. Анашым- біздің өмірлік ұстазымыз. Ол - бізге ғана емес барлық мектептегі оқушыларға да ұстаз. Ол – мұғалім. Барлық балалар менің анашымды жақсы көреді. Анашымды барлығы құшақтауға асығады, кейде менің іштегі қызғанышым оянып кетеді.

Әкеміз анашымды «Алланың берген мақтауы» дейді. Сол мақтауды ешқашан жоғалтпай құрметтей білуіміз керек дейді. Ол құрметтің белгісі әкеміздің де анамызды қатты құрметтеуі. Жақында тағыда отбасымыз толықты. Өзіміз сияқты тағы бір баланы отбасымызға алдық. Маған осы кезде ұнағаны анамыз бен әкеміздің бізбен ақылдаса отырып шешім қабылдағаны. Анам әр кез бізге ақылдасуды, ақыл сұрауды үйретеді. Ол сұрағанның ұяты жоқ дейді. Анашымның осы сөздерін ойлай отыра мен анамды ұлы қазақ ақыны Абай атамыздай елестетіп санаймын. Анашымыз - біздің ғұламамыз......
Эсселер
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Аркадий Гайдардың шығармашылығы

Курск облысының Льгов қалашығында 1904 жылдың 9 қаңтарында Аркадий Голиков – яғни, болашақ жазушы Аркадий Петрович Гайдар дүниеге келген. Гайдардың әкесі Петр Исидорович халық мұғалімі болған. Льговта сол шақта қант рафинадының зауыты жұмыс істеген. Осы зауыт жұмысшыларына арналып кішкене мектеп салынған. Петр Исидорович сол мектепте қызмет атқарған. Аркадий және оның қарындастарының балалық шағы осы қант зауытының айналасында өтті.
Жазушының анасы, Наталья Аркадьевна, офицер қызы болған. Ол отбасынан жақсы тәрбие алып, Киев гимназиясын жақсыға тәмамдаған.
Үленген күндерінің алғашқы жылдары анасы Наталья Аркадьевна Петр Исидорович қызмет еткен мектепте дәріс берген. Ол ерте кезден балаларына өлеңдер оқып, ауыз әдебиетінен хабардар қылған.
Әкесінің алдында жазушы оқу сауатын өте ерте ашқандығымен қарыздар.
Кітаптар Аркадийдің алдында ол білмеген ғажайып әлемді ашты. Кітап арқылы ол ешқашан қыс болмайтын жерлер, шексіз мұхиттар туралы танып білді. 1913 жылы Аркадий тоғыз жасқа толғанда оны дайындық училищесіне оқуға берген. Ар бір жыл өткен соң Арзамдық реальныйға берген. Сол жылы бірінші дүниежүзілік соғыс басталды.
Алғашқы күндері-ақ Аркадийдің әкесін соғысқа әкеткен. Бірақ майданнан, әкесінен хаттар келіп тұрды.
Соғыс басталғаннан кейін оқу барысы біраз бәсеңдеді. Бірақ оның ең сүйікті оқытушысы Николай Николаевич Соколов (лақап аты - Галка) болған. Соколов қала бойынша ең сауатты кісі болып, көп саяхаттап, бірнеше тіл білген. Аркадийдің мектептегі өлеңмен жазған шығармасын оқып, оның нашар жазылғанын байқаса да Голиковты үйіне шақырып, өз кітапханасын пайдалануға рұқсат беріп, оқыған шағырмаларды талқылағанды, әңгімелегенді сүйген. Голиковтың 4-сыныптағы күнделігінен сүйікті авторларының тізімін көріге болады. Мұнда Пушкин, Гоголь, Толстой, Гончаров, Писарев, Шекспир, Жюль Верн, Марк Твен, т.б. бар.
Соколовтың секіріңкіреп жүретін жүрісінен балалар оны ойнап, Галка деп атап кеткендігінен Николай Николаевич өзінің «Мектеп» повесінде Гайдар болып аталады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Қазақстандағы ақша несие саясатының негізгі мақсаты

Қазақстандағы ақша – несие саясатының негізгі мақсаттарының бірі – жуық кезеңде ұлттық валютаны одан ары тұрақтандыру болады. Үкімет пен Ұлттық банктің бірлесе күш салуымен айырбас бағамының күрт ауытқуын болдырмау және ішкі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде жұмыс жүргізілетін болады.
Үкіметтің әрекеті. 2000 жылы шамамен алғанда
жылына 5-6% мөлшеріндегі инфляция қарқынына жету үшін ақша – несие және бюджет саясатын қатайтумен қатар ішкі инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейтуге ықпал ететін қаржылық тетіктер дамыйтын болады.
Жинақтауыш зейнеткерлік қордағы жинақталған ақша қаражатының айтарлықтай бөлігін тәуекелсіз инвестициялауды қамтамасыз ету қажет.
Үкімет мемлекеттік бюджет пен бюджеттен тыс қорлардың зәрулігін жабу үшін Ұлттық банктің несиесін
пайдаланбайтын болады. Мемлекеттік бюджеттің зәрулігін қаржыландырудың құрылымы,көбінесе,инфлияция қаржынының төмендеуімен,мемлекеттік қарызды басқару тиімділігінің артуымен, бюджеттік зәрулікті қаржыландыруға
инфлияциялық емес көздерді пайдаланумен,мемлекнттік
құнды қағаздар айналымының мерзімін ұзартумен анықталады.
Республиканың қаржылық жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қолдау үшін ақшалай- несиелік реттеу рычагтарын пайдалану жетілдіріле түспек.Банк жүйелерінің дамуына орай ақша-несие саясатының құралдарын мейлінше белсенді қолдану жоспарлануда:
ҚҰБ сыйақы(мүдделер) ставкасына бекіту,міндетті резервтердің сараланған мөлшерін реттеу,және,әсіресе,
ашық рынокта операциялар жүргізу.Мүдде ставкасына қатысты Ұлттық банктің саясаты тиісінше инфляция
деңгейінің динамикасымен және инфляциялық тасуға байланысты өзгеретін нақты көріністегі біркелкі оң ставканы қолдауға,сондай-ақ,қаржылық рыноктар жағдайларына бағыталатын болады.Ақша-несие саясатының
дәстүрлі құралдарын пайдалану,банктік қадағалауды күшейту,қаржылық рыноктарды қалыптастыру мен дамыту үшін қолайлы жағдайлар туғызу ішкі жинақтауды көбейтіп және оларды ұтымды орналастыруға ықпал ететін болады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Ең ауыр күндер

Біздің жүрегіміз темір емес. Міне, соғыстың біткеніне 71 жыл болды. Ата-баба қалдырған өнеге-үлгіні құрмет тұтып, оны қастерлеп жалғастыру жас ұрпаққа аманат. Әрбір адам елі үшін талмай қызмет етіп, халқының көркейіп өсуіне еңбек сіңіргенде ғана артына өшпестей із қалдырып, ұрпаққа ұлағатты өмір үлгісін тарту ете алады. Біздің атабабаларымыз болмаса, біз қазір тірі боламыз ба, болмаймыз ба енді бұл бір Құдайға аян. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп , күйдіріп жібере алады. Біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол-отанға сүйіспеншілік. Ардагерлеріміз мылтықтың оғын босқа ұшырмай, өлім мен өмір алысты. Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халықтарымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. «Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз адам»,- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғағаны өз халқын шын сүйетіндігінен болса керек. Сондай қиыншылық жағдайда дұшпанның қаптаған қарақұрым күшіне төтеп беріп, олармен табан тіресе шайқасқан аталарымыздың ерлігі біздің көкірегімізде мақтаныш сезімін ұялатады. «Ерсіз ел болмайды, елсіз ер болмайды»,- дейді батыр бабамыз – Бауыржан Момышұлы. Ұлы Отан соғысында ел күйреп, талай адам ажал құшты. Сол соғыста өзінің қайсар ерлігімен, қайратты мінезімен жауынгерлерге жігер берген бабаларға мың алғыс. .......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Жеңіс туын желбіреткендер

Сын сағатта ерлігіміз де, елдігіміз де бойымыздан табылды.
Н.Ә.Назарбаев
Мен өмірге келдім, алғаш рет анамды көрдім. Ия, ол маған өмір сыйлады, бағып-қақты, аялы алақанымен өсірді. Енді мен бақыттты баламын. Көзімді ашып жан-жағыма қарасам, бәрі-бәрі керемет! Мектепке келесің, білім аласың, емін-еркін ойнап-күлесің. Осындай тамаша өмір оңайлықпен келмегенін сәби жүрегім сезеді. Оған себеп – «соғыс» деген қарғыс атқыр сөзді айтып, атам еріксіз көзіне жас алатын. Соғыс. Осы бес әріптен тұратын қатыгез де сұмдық сөз құлаққа түрпідей тиетіні рас. 1941 жылы 22 маусым күні таңғы сағат төртте неміс фашистері бейбіт жатқан біздің Отанымызға опасыздықпен шабуыл жасады. Шырт ұйқыда жатқан қарапайым халық ұйқысынан шошып оянды. Соғыс 1418 күнге созылды. Отан үшін қан майданға әкелер мен ағалар, аталарымыз аттанды.
Алақандай ауылымыздан да қаншама боздақтар жауға қарсы соғысты. Солардың бірі – менің атам Тәжімбетов Іскендір. Жастық шағының қиын кезеңдерін, әсіресе соғыс майданындағы ауыр арпалыстарды, күні-түні ұйқы көрмей, дамылдамай, жауға қарсы шайқасқанын, жолдастарына оқ тиіп, майдан даласында көз жұмғандарын атам үнемі әңгімелеп отырушы еді. Ол майданда «Катюша» машинасын жүргізген. Жаулармен бетпе-бет кездескенін, ұрыс даласында қаншама жора-жолдастарының қалғанын есіне жиі алатын. Ескі суреттерге қарап, көзі жасаурайтын, жиі ойға шоматын ауылымызда қазір бір ғана ардагер қария бар....
Шығармалар
Толық
0 0