Мақал - мәтел: Көр, қабір, ақырет

Көр топырағы көзіңе түспесін,
Сөз салмағы өзіңе түспесін.

Өлсең көрің көң болсын,
Тіріде терің кең болсын.

Біреуге деп көр қазба,
Өзің түсерсің.

Шақырусыз тойға барғанша,
Қазусыз көрге бар.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Махаббат хикаясы: Бірақ, мен сені сүйемін!

Неден бастарымды да білмеймін... Өміріме құйындай кіріп, барлық дүниемнің астан-кестенін шығарып, кетіп барасын. Сені күткен уақыт ғасырлармен тең еді.Армандап сонша жыл аңсағаным сен болып шықтың.Сені қанша жыл білсемде, 1 жылдың ішінде өте жақсы танып білдім.Сенің ғана жанарыңнан өзім іздеген жылулықты таптым.Сен маған шексіз бақыт сыйладың.Сенің жаныңда жүріп қаңдай жан екеніңді біле алғ аныма қуанамын, сен нағыз бақытқа ие адамсың.Сенің көргенімде әлемнің бәрі жарыққа толы болып көрінетін.Менің өмірімді қалай өзгерткеніңді білсең ғой.Жасқа толы жанарымды шаттыққа толтырдың, сенің жаныңда өзімді әлемдегі ең бақытты жандай сезіндім.Сенің бар екеніңнін өзі шексіз бақыт.

Есіңдеме мені ешқашан тастамаймын деп айтқаның, олда ұмытқа айналып барама?Менде айттым сол кезде сені тастамаймын деп, мен бұл сөзімде тұралмайтын шығармын,егер сен болмасаң өмірдің мәнісі қалмайды,менде ол кезде жоқ болуым керек емес пе, оңдай жағд айда мен сөзімде тұралмаймын, сені тастап алыс сапарға кетермін,кешір.Мен саған барымды бердім, барымды.Мен сені шексіз сыиладым, пірімдей тұттым, саған бір шан жуытпадым, саған сендім. Жалғыз жарық жұлдызым едің, осы күнде сөнгенің рас па сонда?Сенің балаларыңа ана, анаңа қамқоршы,қарындасыңа ақылшы, өзіңе тірек болғым келіп еді,сенің таңдауын басқа жол екен,жоқ мен сені айыптамаймын. Сен әлемдегі жаны таза жансың, мүмкін біреудің азғыруына тап болған шығарсын.Сен бақытты боласын,сен соған ғана лайықсын.Қолымнан келсе саған үнемі бақ ыт қана сыйлар едім......
Махаббат хикаялары
Толық
0 0

Өлең: Уакыт

Кіммін мен? Қиал болып қалдымба?
Қайда сол шақ, ата-анамның қасында.
Ештемені ойламай ойын,күлкі бәрі болды шынайы,
Кәзіргісі өтірік бір көріністін бейнесі.

Ойламадым үлкен кісі болам деп,
Мұңға баттым өміріме...
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Шормақ Басыбақұлы, Шормақ батыр

Шормақ Басыбақұлы, Шормақ батыр (шамамен 1780, Қазығұрт бөктері – 1870, қазіргі Алматы облысы Панфилов ауданы Қоңырөлең ауылы) – белгілі би, батыр. Ел ішіндегі шежіре әңгімелерде Ұлы жүз албан ішінде қоңырбөрік руының сарықұл аталығын Шормақтың басқарғаны айтылады. 19 ғасырдың басында Жетісу қазақтары жоңғар шапқыншылығынан кейін есін жинап, атақоныстарына орала . .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экология | Зерттеу орны

1. Зерттеу орны - Шымкент қаласының қазіргі
экологиялық жағдайы
2006 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму тенденциясы сақталынған. Өндіріс өнімін шығару 11,8 пайызға, ауылшаруашылығының валдық өнімі 4,3 пайызға өсті. 2006 жылғы шығарылған өндіріс өнімі 142,5 млрд. теңгені құрайды, ал жалпы көлем индексі 2005 жыл деңгейімен салыстырғанда 111,8%. Кішігірім кәсіпкерлікте 2007 жылдың 1 қаңтарына жалпы жұмысшы сапы 313,4 мың адамнан тұратын 115,4 мың субъект тіркелген. Облыс экономикасының өсуі автокөліктің және Шымкент қаласында өндіріс секторының дамуы салдарынан ластауыш зат шығарындыларының артуына, өндіріс және тұтыныс қалдықтарын залалсыздандыруға, сондай-ақ қалалар мен елді мекендердің іркінді суларына қатысты экологиялық проблемаларды туындатады. Табиғат қорғау шараларына бөлінетін қаржының жеткіліксіздігінен проблемалар тереңдей түседі. Мәселен, 2006 жылы қоршаған органы ластаудан келіп түскен 394,353 млн. теңге төлемдердің тек ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Есірткілердің түрлері және адам ағзасына түрлі әсері

Есірткінің түрі көп. Соның дені көкнәр өсімдігінен екі әдіспен жасалады. Мұның алғашқысы апиын сағызынан өндіріледі. Ал, екіншісі үшін шикізат ұрық піскен соңғы құрғақ қауашақ. бұдан опиын, морфий, кодеин, тһебиын, гидроморфиин, героин (соңғы екеуі жартылай қоспалы) секілді есірткі түрлері жасалады.
Есірткінің бір түрі – көкнәрі. Ілгеріде-ақ оны Оңтүстік өнірде пайдаланған жандар болған. Олардың дені қарттар еді. Ауырып, сырқағанды, ауырғанды басады деп, суға қайнатып ішетін. Сосын оның әсеріне елітіп, қалғып-мүлгіп отыратын болған. Әзәзілге тәуелді сол жандар кейде көкнәрілері таусылып қалған кезде, туыс-бауырларын жұмысап жіберетін. Олар шыр айналып, таппай келіп жоқ деп айтса, оны аңсап тұрған қарттың хал-жағдайы бірден мүшкіл тартатын. Жоққа шыдай алмай жан-тәсілім еткендері қаншама. Ал кәмелетке толмаған жастар жағы оны пайдаланған жоқ.
Ал қазір ше. Есірткінің неше алуан түрі бар. Және оны пайдаланушылар өрімдей жастар. Тіптен солардың арасынан 8-10 жас аралығындағы жасөспірімдердің көптеп кездесетіндері мәлім. Әуелде ескі әдетпен мұны жасырып келген. Кейіннен ұрпақты аздырып, тоздыратын әлеуметтік кесел етек алып, індетке айналып асқынып кетті. Оларды қылмыскер ретінде қарап заң жүзінде жазалаған. Шамалғандағы болалар колониясына отырғызатын. Бірақ бұл түйықтан шығатын жол емес болып шықты. Содан кейін өркениетті елдердің тәжірибиесін пайдаланған жөн екені белгілі болды. Есірткіні пайдаланушыларға қылмыскер ретінде емес, ауру ретінде қарап , мемлекет тарапынан тегін емдеу қолға алынды.
Меперидин мен методон деген түрлері лабораторияларда қоспалардың қатысуымен дүниеге келеді. Екіншісі есірткіден зардап шегушілерді емдеу барысында емдік таблеткалар құрамында да оның өзіндік үлесі бар. Бұған бір мысал ретінте мрфийдің қатты шаншып ауыратын қылтамақ (рак) ауыруында дәрігердің бақылауымен сол кеселді тоқтатушы ретінде қолданылатынын атап көрсенен жөн.
Героин – морфийдің екінші қайтара өндеу жолымен жасалады. Медициналық мақсатқа қолданылмайды. Сол себепті де есірткінің бұл түрі өндіруге жатпайды. Заңнаң тыс. Онда есірткіге тән жағымсыз қасиеттің 90 пайызы сақталған. Мұның азғантай мөлшерін пайдаланудың өзі-ақ аса қысқа мерзімде оған деген құмарлық деңгейіне жеткізеді. Героинді қолдану оның ұнтақталған түрін иіскеу, ет пен тері арасына және тамырға егу арқылы жүзеге асады. Қан тамыры арқылы бір рет егудің өзі-ақ оған тәуелді болып қалуға жеткілікті көрінеді. Мұны зерттеген мамандардың жасаған қорытындысы осындай.
Оған бір рет тәуелділігін мойындаушының оның тұтқынынан босап шығуы мүмкін емес. Бойын құмарлық билеген жан елітіп рахатқа татуы үшін әр жолы есірткі мөлшерін арттыра түсуге мәжбүр. Мұның аяғы қайғылы жағдайға апарып соқтырады. Есірткі мөлшері шамадан тыс қолданушының өкпесі дұрыс дем ала алмауынан жансыз денесі күндердің күнінде ауланың бір түпкірінен, не қараңғы бөлмеден, тіпті әжетханадан табылуы да ғажап емес. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өмірбаян: Ерлан Рамазанов

Ерлан Рамазанов – балалар хирургі

Ерлан Рамазанов – облыстың білікті бас балалар хирургі. Жұмысын бастаған күннен бастап жас нәрестелерді хирургиялық жолмен емдеуге маманданған. Ерлан Амангелдіұлы Павлодар облысы хирургиясының неонатология саласына үлкен еңбек сіңірген маман. Ерлан сынды білікті мамандардың арқасында Павлодар облысы дімкәс болып туған сәбилерді оңалту бойынша көш бастап тұр. Әлбетте бұл көрсеткішке балалар хирургиясының айтарлықтай үлесі бар деген сөз.

Балалар хирургі болу – үлкен мәртебе. Өйткені шыр етіп дүние есігін ашқан шаранаға операция жасау – медицина саласындағы ең күрделі бағыттардың бірі. Ол білім мен тәжірибені, жауапкершілік пен шеберлікті талап етеді. Жас нәрестенің жүрек қағысы мамандардың біліктілігіне тікелей байланысты. Олар сәбидің бойындағы ақауды анықтап барып, тиісті емдеу шараларын қолға алады.
Ерлан Рамазанов бүгінгі күнге дейін екі мыңдай сәбиге операция жасаған. Ақ халатты абзал жан аймақтағы балалар хирургиясының негізін қалаған маман деп айтуға толық негіз бар.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Шығарма: Соғыс – күйретуші күш!

Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал матералдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, — деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр.
Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман орталған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ашшы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды. Ол — өмір заңы. «Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам»,- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғағаны өз халқын шын сүйетіндігінен болса керек.
Сондай қиыншылық жағдайда дұшпанның қаптаған қарақұрым күшіне төтеп беріп, олармен табан тіресе шайқасқан аталарымыздың ерлігі біздің көкірегімізге мақтаныш сезімін ұялатады......
Шығармалар
Толық
0 0

Эссе: Әлеуметтік желі

XXI-ғасыр келуі өркениеттің дамуы бізді телефонға телміртіп,әлеуметтік желі құрбаны қылуда.Осы тұрғыда жазып жатқан менде, оқып отырған сізде,қолданып отырған ұялы байланыс жайлы сөз қозғамақпын.
Жақсылығымен жамандығы қатар жүретін заманда,ұялы телефонның пайдасыда зияны да бар.Көбіне пайдасын іздеп зиян жағына кетіп жатамыз,әсіресе қоғам жастары түнімен музыка тыңдайды,уақыт босқа өткізуі тағы бар.Ғалымдар зерттеуі бойынша ұялы байланыс зиянынаң көздің көруі, не болмаса адам жүйке жүйесіне, сонымен қатар есте сақтау қабілеті төмендейтінін бұрыңнан айтып келеді.10 жыл шамасында үзбей пайдаланған болсаңыз, ең бірінші адамның миына зиянды заттарды еңгізбейтін сүзгіштің қабырғалары бітеледі,ал болашақта мидың қатерлі ісігіне шалдығуы мүмкін.Ал күнделікті өмірде жұмыс орында,не болмаса көшеде,тіпті жатар алдындада электронды хат,қоңырау, жарты сағатта келмесе қайта –қайта қарап қуатын тексерумен боламыз.......
Эсселер
Толық
0 0