Шығарма: Бейбітшілік нұры тұнған көк аспан

Пай! ПАй! Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер.
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер.
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер.
Сарылып сал-сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!
М.Мақатаев
Қазақстан – Алтайдан Атырауға, Қаратаудан Көкшеге созылып жатқан қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы, ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең байтақ жер.
Жазира жерді мекендеген ата-бабамыз басынан қиын-қыстау күндерді аз кешірген жоқ. Жаугершілік замандарда қаншама батыр ұлдарынан айырылып, ұлы –құл, қызы – күң болып кетпесін деп, елін, жерін сақтап қалу жолында қаншама тер төкті. Ер басына күн туса етегімен су кешуге даяр ерлер ұлтарақтай жері үшін қасықтай қаны қалғанша аянып қалмады. Соның барлығы да жері, елі, ұрпағы үшін күресіп, жер жастанғандар. «Ер ел үшін туып, ел үшін өледі» деген мақал осыдан қалса керек. Тәуелсіздік жолында шейіт болған батырларын еліміз ұмытпай, тағзым етеміз.
Айдынды көлдер, асқарлы таулар, күні от шашқан шөлдер, арналы өзендер, ну ормандар, сылдырлаған бұлақтар Қазақстан жерінде. Даласы дархан, топырағы қасиетті, қойнауы қазыналы еліміз жерінің кеңдігімен, байлығымен мақтана алады.
Міне, ежелден еркіндік аңсаған қазақ халқы тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына табалдырық басты......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Алтын тұғыр – Тәуелсіздік

Біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды
етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне, халық-
аралық қауымдастықтағы беделінің өсуіне
қызмет етуге парыздармыз
Н.Ә.Назарбаев
Ең бірінші, шүкіршілік ететінім – Тәуелсіздігіміз! Тәуелсіздік – тәңірім мәңгілікке мөрін басқан қазақ халқының төлқұжаты. Бүгін де тәуелсіздігімізге, азаттығымызға, дербестігімізге 25 жыл толып отыр. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсыншы тек! Сонда ғана барлығы осының аясында жүзеге асады. Арайлап атқан алтын таңның, шуақты күннің, алаңсыз қуаныш пен бақыттың, еркіндіктің қалай келгенін үлкен жауапкершілікпен сезінем де, күңіренем... Азаттық жолында көп қан төгілді – ау. Бұл жолда бұған дейін қаншама ұлтшыл батырларымыздың көтерілісі болып өтті десеңші. Бірақ, өз нәтижесін бермесе де, олар – ел қамын ойлап, еркіндікке ұмтылған батырларымыз. Көп жыл бойы сары орыстың боданында болсақ та, қазақ халқы – тілін, дінін, мәдениеті мен әдет – ғұрпын ұмытқан емес. Себебі, қазақ текті ұлт және арғы бабамыз рухты болған.
1986 жылы желтоқсанда «Жаңа алаңға», яғни «Брежнев» алаңына жиналып, жастардың көтеріліске шығуы, соңғы сенім, соңғы үміт, ақырғы бас көтеру болды. Ызғарлы желтоқсанның суығына тоңып, ақ қарға қаны төгіліп, аяусыз жазаланып, құрбан болған апа – ағаларымыздың өр рухы мәңгі өшпейді. Бостандыққа ұмтылған Қайрат, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды белсенді, ұлтшыл, жалындаған жастарымыз жастайынан қыршын кетті. Барша жастардың сол кездегі тілегі мен бір – Тәуелсіздік.
1986 жылы 17 – 18 желтоқсан аралығында өткен бұл көтеріліс тарихта - «Желтоқсан көтерілісі», - деп, ойып тұрып жазылды. Сол кезде кегі мен қаны кеткен, қаншама боздақтар мен бүгінгі тәуелсіздік ұрпақтары үшін, Желтоқсан оқиғасы – қайғы мен қуанышты қатар әкелді. Бұл көтерілістің шығу себебі:ең бірінші, қазақ компартиясының бірінші хатшысы Дінмұхаммед Қонаевтың орнына, халыққа ескерту мен ақылдасусыз билік басына басқа ұлт өкілі Геннадий Колбинді тағайындауы және қазақ жастарының тәуелсіздігімізге ұмтылысы еді. Ереуілде болған жастарымыздың барлығы тұтқындалып, жала үстіне жалған жала жабылып, ақталу мүмкіндігі мүлде болмады. Бірақ, ұлтшыл азаматтарымыз өздерінің не үшін олай жасап, неге бұлай істеп жатқанын, не істегенін анық сеніммен біліп, аққа – Құдай жақ екендігін түсінді. Өз елінің қамын ойлап, мына біз болашақ ұрпақ үшін аямай жанын берген сол кездегі апа – ағаларымыздың рухына мәңгі бас иіп, мың алғыс айтамыз. Сондықтан, тәуелсіздік құрбандарын тек желтоқсан айында еске алып, бас игеніміз жарамас, әрқашан есте сақтап, тағзым етіп жүргеніміз дұрыс......
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Шытырман оқиғаларды зерттеу Тәуелсіздік монументі (3 сынып, II тоқсан )

Пән:қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: Шытырман оқиғаларды зерттеу. Тәуелсіздік монументі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу;
3.4.1.2 түбір сөзге ­ы, ­і­нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазу.
Сабақ мақсаттары: түрлі жағдаятқа байланысты сөздерін жүйелі жоспарлай алады;
түбірінде ы, і дыбыстары бар кейбір сөздерге дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғандағы өзгерісін түсінеді.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Мен елімнің патриотымын

Отаным десем, ойыма,
Шалқыған байтақ жер келер.
Отаным десем, ойыма,
Көгілдір тартқан көл келер.
Баурайы байлық, қойны құт,
Отаным ешқашан
Тәуелсіздік, осы тәуелсіздік деген не, оның маңызы неде? Тәуелсіздік ол Мекен де болмас тең келер! –деп, ел, туған жер құдіретін шалқи жырлаған Жамбылда, Бауыржанда ұлтының қамын ойлап жырлады, халқының намысы деп, елінің тәуелсіздігі және жарқын болашағы үшін сұм соғыста жанын аяп қалмады. Болашақ өрендер үшін рухты өлең, өсиетті ойлар қалдырды «О, айналайын, кең далам! Қазақ бауырым жайлаған алып далам! Мінеки, біздің тауларды екі жаққа ысырып тастап, ши менен көдеге ырғалып, ұшы-қиыры жоқ шексіз теңіздейкөсіліп жатырсың. О, айналайын кең далам, еліме мықтылық және қуатты берген қасиетіңнен сенің айналайын?!». Қазақстан Республикасының мемлекеттілігінің негізінде XV ғасырда құрылған қазақ хандығы тұр. 1991 жылы 16 желтоқсанда қазақ халқы тәуелсідікке қол жеткізді. Содан бастап Қазақстан-Біріккен Ұлттар Ұйымының тең құқықты мүшесі болды. «Алаш» деген үлкен сөз, аталы ұғым. Соған лайық болу үшін еліңнің ертеңін ойлайтын азамат болуың керексің. Елің енді егемендік алып, өзін-өзі тану жолына түскенде, одан сен де тыс қала алмайсың. Еліміздің тарихы бай, еңсесі биік. Сондықтан да Алаш жұртының ертеңі кемел болмақ.....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Отан отбасынан басталды

Әрбір қазақпын деген азамат, ол өз елінің патриоты болуы тиіс деп ойлаймын. Сол секілді мен де өзімді патриотпын деп толық айта аламын. «Отан отбасынан басталды» демекші. Кішкентай күнімнен ата-анам мені мектепке бермей тұрып-ақ, маған әнұранды жаттатқызып, рәміздер дегеніміз не екенін, олардың мемлекет үшін маңызы қандай екенін ұғындырып өсірді. Осылай менің туған Отаным деген алғашқы патриоттық сезім қалыптасты. Қазірде халқымыздың өткен тарихы мені қатты қызықтырады, ол туралы оқудан, танып-білуден жалыққан емеспін. Бұның барлығы менің ұлтыма деген сүйіспеншілік, оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сондықтан да қазіргі уақытта өзіміз секілді жастар бойында бірінші орында тіліне, еліне, жалпы айтқанда өзінің ұлттық құндылықтарына деген құрметі тұруы басты міндет деп есептеймін. Отан менің барым да бағым да. Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер ғажайып сөз. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз елін, жерін найзаның ұшымен, білектің күшімен қасық қаны қалғанша жаудан қорғап бүгінгі ұрпақ бізге жеткізді. Қазақ жері, қазақ елі біздің ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпақтарға қалдырып кеткен баға жетпес байлығы және асыл мұрасы. Нәзік, сүйріктей саусағына ине ұстап, қолаң шашын еркелей тараудың орнына қолына суық қару алып елін, жерін қорғауға шыбын жанын шүберекке түйіп қаншама ару қыздарымыз ер азаматтармен бірге қан майданға аттанды емес пе? Әлия, Мәншүк, Бауыржан сынды аға - әпкелеріміз осы еліміз үшін жанын қиюға әзір еді.
«Қазақ елін, қазақ жерін тек қазақ қана басқаруы тиіс. Біздің басшымыз тек қазақ болсын» деп барша қазақ жастары ұрандап, жүректерінде от лаулап алаңға шыққан Ләззат, Қайрат, Жазира сынды жастарымыз осы тәуелсіздігіміздің нышаны емес пе? 1986 жылғы оқиға халқымыз ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздікке бастама болды. [justify][/justify].....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ел Тәуелсіздігіне – 25 жыл

Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастап кешу арқылы қол жеткен өз мемлекеттілігін құруға деген заңды құқығы бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», - деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр.
Менің туған жерім – Қазақстан Республикасы. Бұл – бай тарихпен, көне мәдениетпен және ерекше табиғатпен ұлы мемлекет. Осы тамаша табиғат-ай! Бурабайдың қатты қарағайлары, тың жердің алтын егіндері, Ұлы даланың ақшыл бетегесі – барлық менің Қазақстаным. Менiң Қазақстаным - ел ыстық қалаулы сонымен аяулы, маңызды, асыл. Ғасырлар көп оның жауларынан қоныстандырып, меңгерiп, қорғал қалылу және бүгiн өмiршең бiзге мұраға тапсырылу үшiн бабаларымыздарға керек болды. Еңбек, тер және қандар, қуаныш және бейнеттер неше өткен ұрпақтар үлесiне тидi. Жоңғарлармен соғыстар, патшалықтың қиын кезеңі, Ұлы Отан соғысы – қазақ халқы көп қайғыларды көзі көрді. Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды. Атап айтсақ тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді. Мемлекеттік рәміздеріміз, Ата заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елдің өзінің тез көркейіп өсуімен таң қалдырып, жаңа Астанамыз дүниеге келді. Әлемдік қауымдастық алдында «Қазақстан Республикасы» деген асқақ рухты елдің екенін мойындаттық. Ел экономикасы да жылдан-жылға нығайып, мәдени, рухани даму деңгейі белеске көтерілуде. Өзіне тәң барлық институттары бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын тәуелсіз мемлекет құрылды......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Болашағы жарқын Тәуелсіз елім

Тұғырымыз –тыныштық,
тірегіміз-тұрақтылық,
тілегіміз-татулық болса еліміз
тарих төрінен табылады
Н.Ә. Назарбаев
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әр жыл басында өз халқына сөз арнап, жолдама жасайды. Ол теледидар, баспасөзде кеңінен жарияланады, халқымыздың талдауына түседі. Өйткені, оның сөзінде Қазақстан халқының әл –ауқатын көтерудің, мәдениеті мен тұрмысын жақсартудың мәселелері кеңінен айтылады. Жолдамада барлық мәселелердің ішінде мені қызықтырған нәрсе – қазақ елін, оның тілін мәңгілікке жеткізуге ұмтылу, оны жүзеге асырудың жайы. Осымен байланысты Қазақстан даму тарихынан өзім білетін жайларды шолып шықтым. Біздің ата-бабаларымыз осы аймақта басқа да тайпалармен бірге өмір сүрген. Төрт түлік мал өсіріп, кең далада бағып, күн көрген. Тарихтан белгілі моңгол шапқыншылығы кезінде, олар біздің жерімізді, елімізді тапап өтіп, орыс жерлерін үш ғасыр бағынышта ұстаған. Сөйтіп, біздің мәдениетіміз бен тұрмыс жағдайымыздың дамуына нұқсан келтірген. Ақыры жаугершілікпен келген моңғолдар өзгенің жаугершілігінен жойылып кеткен. Осыдан кейін бұрыңғы сақтар, қыпшақтар өз мекенжайларында қайтадан ел болған. Ертегілер мен дастандардан бізге белгілі болған батырлардың, хандардың істері- осы қазақ елінің біртұтас қалыптасуын бейнелейді.
Бүгінде халық аузында «Білектің күшімен, найзаның ұшымен» иемделіп келген қазақ елінің бүгінгі жер- аймағы қатарлас елдердің арасында көлемі жағынан 9-орын алады. Олардың арқасында қазір Жайық, Ертіс, Іле, Каспий, Арал сияқты өзен–көлдеріміз бар. Биіктігі мен сәнділігі жөнінен дүниежүзілік тауларынан қалыспайтын Алатауымыз да бар. Көп жылдары Ресейдің қарауында болған еліміз алғаш рет қырғын– соғыссыз, ұтымды саясаттың арқасында, бейбітшілікпен Тәуелсіздікке келді. Ол – тұңғыш Президентіміздің көрегендік саясаты деп халық есептейді.Осының арқасында еліміздің шекарасы белгіленді......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіздік-бұл жырдың алдаспаны

Тәуелсізбін! Бар ма мұң?
Тәйелі болсын талғамым!
Өркені өссін қазақтың –
Осы- менің арманым!
Н.Ә.Назарбаев
Қазақ елі, қазақ жері қашанда өз тарихын – өзі жазған көреген халықтардың бірі де, бірегейі. Тасқа қашап жазарлықтай тарих қазақ жерін ешқашан айналып өткен емес. Қазақтың басына бақ біткені, осыдан аттай 25 жыл бұрын еліміз өз алдына дербес ел атанып, өзге елдермен терезесі тең, керегесі кең болған күн еді. Осындай бақ исі қазақтың маңдайына біткен күні еңкейген қарт пен еңбектеген баланың да қуанышында шек болмаған. Бұл күні кеудеде «қазақ» деп соққан жүректердің бұлқынған күн, тамырдағы қан бойға сыймай тулаған күн. Елімізде бұл қуаныштың болғанын шет елдерде қуана құптаған. Еліміз егемендік алғаннан кейін өзінің тұңғыш Елбасын ақ киізге отырғызып хан сайлады. Сөйтіп, қазақ перзенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ елінің президенті болып сайланды. Қазақ елінің болашағын өз қолына алып, барша қазақ жерінің ертеңі үшін жанын құрбан ететін Нұрсұлтандай асыл тұлға бізге керек еді.Үш жүздің басын біріктірген Абылайдай болған Нұр аға күні бүгін ел бірлігінің мызғымас тірегіне айналды.Ол өзінің барлық өмірін осы елмен байланыстырды.Өзінің барлық күш-жігерін осы елді дамытуға сарп етті. Еліміз дербестік алғаннан кейін өзінің рәміздерін дүниеге әкелді. Төл теңгесі де дүниеге келіп, қолданысқа енді. Сол күндерден бастап Тәуелсіз еліміз қарыштап дамып, кеңге құлаш жайды......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн

«Тәуелсіздік», «егемендік», «бостандық» деген сөздердің құдіреті мен қасиетін басында еркіндігі жоқ халық жақсы сезінеді. Негізі біз, қазақ, далада еркін жүрген, азат қалыпқа бейімделген халықпыз ғой. Сол себепті біреуге тәуелді болғымыз келмейді. Дегенмен тарих бар, соғыс бар, шапқыншылық бар, жеңіс бар...
Біздің халқымыз да қаншама нәубат, шапқыншылықты басынан өткізді. Ата-бабаларымыз бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткізді. Міне, тәуелсіздік оңай сыйға беріле салған нәрсе емес екен. Қаншама қантөгіс, қаншама адам өмірі қиылып келген дүние екен. Өз басым тәуелсіздіктен кейін туылған буынның өкілі бола тұра, бұл тәуелсіздіктің қалай келгенін өте жақсы білемін. Ал қазіргі таңда Тәуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Еліміздің Тәуелсіздігі - ең алдымен еліміздың бақыты. Тәуелсіздік туының желбірегеніне де, міне, 25 жыл толды. Мен Қазақстанды 25 жастағы азаматқа ұқсатамын. «Жиырма бес» деген нағыз күш-қайратқа толған жас, оңды-солды танып, ерінбей әрекет ететін кезең. Жиырма бестегі азамат алдынан кездескен қаншама қиыншылықтарды, бірталай сынақтарды тау қопарғандай қопарып тастайды емес пе?! Міне, Қазақстан да жиырма бестегі азамат сияқты алдынан кездесетін талай-талай тосқауылдарды қопарып тастайтыны анық, алда қаншама жетістіктерге қол жеткізетіні де анық. Дегенмен қаз тұрып қадам басқан Тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, ұлан-асыр даму көшінің алдына шықты. Алпауыт елдер қатарындағы АЛЫП мемлекет екендігін әлем жұртшылығына мойындатты......
Шығармалар
Толық
0 0