Балабақша сабақ жоспары: Тәуелсіз- Қазақстаным

Құрметті Ұстаздар,ата-аналар, кішкентай бүлдіршіндер!
Бүгін біз Тәуелсіздіктің 21жылдығына арналған кішкентай бүлдіршіндердің дайындаған «Тәуелсіз- Қазақстаным» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.
Әнұран орындалады.
Тәуелсіздік текке бізге келмеген,
Талай бабам қанын төгіп терлеген.
Сонда-дағы қасиетті қазағым,
Төл байрағын дұшпанына бермеген.
Бабалардың ғасыр бойы арманы,
Өткенімен келешегін жалғады.
Желбіреп тұр төл байрағы қазақтың,
Егеменді – тәуелсіздік алғалы.
Азаттық, тәуелсіздік қазақтың ежелгі арманы еді. Түлкі бұлаң тарихтың нешеме бұрылысында ел азаттығы үшін талай тарланның тақымындағы тер кеппеді. Соңына мәңгі ұмытылмас мұң қалдырып, жыл өткен сайын тарих қойнауына сіңіп бара жатқан 1986 жылдың желтоқсаны қай қазақтың жүрегін сыздатпады, кімнің көңіліне жара салмады?
1991 жыл – Тәуелсіз ел атанып, аяғынан тәй- тәй басқан республикамыз бен оның халқы үшін ерекше жыл. Сол күні республикамыздың аспанында қазақ елінің өз Жалауы желбіреді, елдігімізді танытар Елтаңбамыз қабылданды. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіздік толғауы

Сарғайса да тарихтың ақ парағы,
Ол күндер мәңгі есте сақталады…
Жалған өмір... Сұрапыл соғыс... Сұм ажал... Бұл үш құбылыс талайды тірідей жетім аттандырып, біреудің бал балалық шағын күл-талқан етіп, енді бірінің бейбіт тіршілігін түзелместей етіп жойды. Әрине, өмірдің дегені болады, ал, ажалдың бізді қашан жалмап әкетері бір Жаратқанға ғана мәлім. Соғыс ше?.. Оның алдын алу, болдырмау өз қолымызда емес пе? Жер бетін жалмап, аузын айдаһарша ашып, әлемге алақұйын жалын шашып, жан біткенді жоюға жанталасқан азапты қырғын – екінші дүниежүзілік соғыс. Соғыс жайлы сөз болғанда еріксіз терең ойға батамыз. Сондағы ең алғаш көз алдымызға келетін көрініс: танк пен қарудың құлақ тесер шуылы, бала-шаға мен қатын-қалаштың ауыр зары, ерлердің майданда селдей аққан қаны мен күйреп біткен шаңырақ... Осы ауыр да азап көрініс көз алдымыздан кетіп, мұңға толы естелікке айналған шақта, көп арам шөптің ішін жарып өскен ақ уызды гүл секілді, сол мұңға толы жылдардағы езуімізге күлкі үйіретін жайт – ата-баба жеңісі...
Ұлтымыздың, біздің жеңісіміз! Әр еске алған сайын ерекше күйге бөлейтін, жаннан қымбат тәуелсіздігіміздің қайнар көзі болған «Жеңіс күніне», міне, биыл 71 жыл толмақ......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ел тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздер егіз ұғым

1996 жылы 16-желтоқсанда өз тәуелсіздігімізге аяқ басқан кезеңде төл рәміздеріміз дүниеге келді. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Рәміздерін жасау бүкіл халықтық сипат алып көптің ісіне айналуы да кездейсоқ емес. Халық жүрегін желпіген еркіндік самалы ғажайып шағармашылық белсенділікке жол ашты. Елбасымыз жаңа мемлекеттік рәміздерді қабылдауға зор мән берді. Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге және мақтаныш етуге тиісті рәміздері бар. Қазақстан республикасының рәміздері – Ту, Елтаңба және Әнұранының сипаттамалары және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік рәміздер туралы» заңмен белгіленді.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіздік тұғырыңнан тайма, менің Қазақстаным!

Өткен ғасырдағы зұлмат жылдардан бері қарай тарих қайнауынан сыр тартсаң, қаншама мағлұмат аласың! Мағлұматтарды оқи отыра осындай дархан халықтың, осындай батыр халықтың, осындай арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты халықтың өмір бойы аңсағаны егемендік, тәуелсіздік екендігін көреміз. Тәуелсіздік жолында біз бір жыл, бір ғасыр ғана емес қолына найза ұстап, сақтар атанған заманнан бері қарай күресіп келдік.
Қандай қиындықтан өтсе де, елдігі мен бірлігін сақтаған заманнан, қазақ елінің алдынан шаша атты.
Тәуелсіздік – бұл біздің ата-бабаларымыздың аңсаған арманы, қанды қырғындарда қорған қалған ұлтарақтай жері, жетпіс жыл бұғауланса да жойылмаған тілі мен діні. Халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасқан, асыл жүректі, асқақ рухты перзенттерінің күрес жолы. Қазақ халқы мың өліп, мың тіріліп жүрсе де, «келешек ұл мен қызым ұлы мақсатқа жұмылсын, елін көркейтсін, еркіндікте болсын» деп армандап өтті.
«Балаға үміт арту - әкенің парызы, ақтау – баланың парызы», - дейді халық.......
Шығармалар
Толық
0 0

Балабақша тәрбие сағаты: Тәуелсіздік - көптен күткен бақытым

Сабақтың мақсаты: Балалардың өздерінің туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, өз елінің патриоты болуға, ел егемендігін сақтай білуге, елінің кірпіші болып қалануға баулу.
Тәрбиелік мәні: өз ұлтының тарихын, әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін білу
ұлтының намысын қорғай білетін, намысты қолдан бермейтін елінің адал ұлы болу....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Дінтану | Тәуелсіз Қазақстандағы діни ахуал

І. Кіріспе
Қазақстан тәуелсіз ел болғанына 16 жылдай уақыт болды, осы уақыт ішінде республикада саяси, әлеуметтік-экономикалық, рухани салаларда түбегейлі өзгерістер болып өтті. Республика халқының демографиялық құрамы өзгерді, қазіргі уақытта қазақ халқы басым этнос болып табылады.
Егер, 1989 жылдың 1 қаңтарына карай 30 діни бірлестікке енетін 700 діни бірлестік болса, 2003 жылдың 1 қаңтарына қарай республикада 62 діни бірлестікке енетін 5000 қауым бар. Олардың 75 % мұсылман қауымы құраса, 1300 қауымды басқа діни бірлестіктер құрайды. Олардың ішінде Евангельдік христиан –баптистердің 378 қауымы болса, 222 –сі орыс православиялық шіркеуінің қауымдары. Республикада барлық халықтың 70 % жуығы мұсылмандар, православиялықтар – 28 %, католиктер – 1 %, протестантар – 0, 5 %, басқалары – 0,01 %.
Қазақстандағы үлкен қоғамдық өзгерістер дін еркіндігіне жол ашты. КСРО тұсындағы діни құғындаудан кейін 70 жыл бойы қысылған халыққа қалаған дінін ұстануға рұқсат берілді. Қазақстан қоғамы полиэтникалық және полидінді болып келеді. Тәуелсіздік алғалы бері, өтпелі кезеңде көптеген діни бірлестіктер құрылып, көпшілігі жойылып кетті. Өзгерген жағдайда, түрлі дін үстанатын адамдардың бір-бірінің діни сенімін сыйлауға діни жанжалға жол бермеуге үйренуге тура келді. Қазақстан өкіметі діни келіспеушіліктердің болмауына барынша тырысып, осы бағытта дұрыс саясат ұстанып отыр.Қазақстан өкіметі діндер арасында бейбіт қарым-қатынас принциптерін еңгізіп, діни бостандықты қамтамасыз етуге кепіл болып отыр.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Егемен ел тірегі-тәуелсіздік!

Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік.
Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз,
қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның туын,
елтанбасын, әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет.
Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы
Н.Ә.Назарбаев
Туған жерім, ардақты мекенім, Қазақстаным! Осынау шексіз қиыры жоқ ұлан- байтақ далаң, шалқар көлдерің мен көк майса әсем табиғатың кімге өмір, бақыт, махаббат сыйламады десеңші... Саған қанша үңілсем де, әлі күнге сырыңды ұғына алмай келем. Сенің далаңда өзімді бақытты сезініп, Отанымның ұланы болғаныма қуанамын. Отанның ыстық ықыласы деген осы шығар... Қазақ даласына қарасаң, көзің жетпейді, кереметтей сәулетіне, жасыл-желекке оранған әсем табиғатына қарасаң көзің тоймайды, ерекше бір сезім сені жетелеп, өзіне ынтықтыра түседі. Тереңге бойлаған сан ғасырлық тарихына көз жүгіртсем, ел тарихы егемен елді әлі де алға жетелеп келеді, тарих беттеріндегі небір оқиғалар елдің жігерін жанып, алдағы күндерін айқындайды. Халқымыз тарихын сараптау арқылы тағылымды жақтарын серік ете отырып, елдің даму жолына мақсаттар қояды, болашаққа жоспарлар даярлайды. Ал елімізді осындай күнге жеткізген не, қандай күш? Бұлтәуелсіздік, азаттықтың сара жолын салудағы талпыныс, қайыспас қайсар күш. Кемелді Қазақстанның толағай табыстарының бірі- оның тәуелсіздігі.Тәуелсіздік! Дархан даламның толассыз табыстары осы ұғыммен ұштасып жатыр......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіздік - тәңір сыйы

Әлемдегі жер көлемі жағынан тоғызыншы орынды иеленген қазақтың көңіліндей кең-байтақ жер – менің туған өлкем, қазақ жері. Атыраудан Алтайға дейінгі, Есіл мен Алатауға дейінгі шексіз жерді аталарымыз қызғыштай қорғап, бізге тарту еткен үлкен сый. Келер ұрпағына «асыл мұрам, ал балам» деп айту үшін қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешкен еді. Туған жер туралы ойларымыз дәлелді болуы үшін Елбасымыздың сөзінен мысал келтіре кетейін: «Құдай қазаққа қырын қаратпаған: пейіліне сай етіп ұлан-ғайыр жер берген, астын-үстін толтырып кен берген, мейірбан, ақ көңіл, адал ел берген, жаны үшін малын, ары үшін жанын садаға ететін ер берген». Елінің елдігін, жерінің байлығын сақтап қалу жолында талай тарландарының, ержүрек, ел бірлігін ойлаған би - шешендерінің бастауымен «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», «Тәуке ханның жеті жарғысы» деген қағидаларды сақтап, «Абылайдың ақ жолы», «Нұрсұлтан Елбасымыздың нұрлы шапағатына» дейін ұласып отырғаны айғақ. Екі жүз жыл бойы қазақ халқына тыныштық бермей, бейбіт елге көз алартқан жоңғар басқыншыларына қарсы елін бастап, ерлікпен жерін қорғаған – Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай бастаған батырлардың, әз Тәуке, Абылай хан, Кенесары тәрізді хандардың ел үшін бастарын бәйгеге тіккен ерліктерін бүгінгі таңда ұрпақтары ұран қылып, мақтан етеміз. Иә, айта берсе кім менің байтақ далама көңілі ауып қызықпады десеңізші?! Сол қиын-қыстау кезінде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруға үндеген Абылай сияқты хандарымыз батырларын, елін сүйген ерлерін, қарапайым халықын достық, бірлікте ұстаған. Жағадан алған жауды тарыдай шашып, қоқаңдап қыр көрсеткен Қохан хандығымен де, қалың қара Қытаймен де, ормандай орыспен де тіл табысқаны бабамыздың даналығының арқасында. Сол бабаларымыздың сары майдай сақтап қалдырған асыл мұрасы, өмір сүріп отырған аяулы Отанымыз – Қазақстан....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ата-бабам аңсаған Тәуелсіздік

Тәуелсіздік ата-бабаларымыздың сан ғасыр армандаған, жете алмаған арманы. Елін жерін жаудан қорғап, қасиетті дархан даланы азат етуді міндет еткен. Ел басына күн туғанда даналығымен, батырлығымен, парасаттылығымен ел мұңын, халық сырын, тарих үнін түсіне білген, халықтың басын қосқан, халық мүддесі жолында, табандылығында, тапқырлығын да таныта білген хан Абылай. Қазақ халқының күшін тасытты, мәртебесін көтерді, Қазақ елін аса іргелі елге айналдырды. Батырларын, елін сүйген ерлерін, ақын-жырау өнерпаздарын достық –бірлікте ұстап, оларды жүзге бөліп жармады. Жауын торғайдай тоздырып, тарыдай шашып, ірімшіктей іріткен, қоқаңдап қоңқылдаған Қоқанмен де, қалың қара Қытаймен де, ормандай орыспен де тіл табысқан бабамыздың даналығының арқасында, осы біз өмір сүріп отырған аяулы Отан- Қазақстан жері сол бабалардың сақтап қалған, бізге қалдырған асыл мұрасы екені сөзсіз.
Осылардан туындайтын және басқа да ірілі-ұсақты шаралар болды.Тоталитарлық тәртіп жүзеге асырған халыққа жат саясат аса зор, қасіретті зардаптар әкелді. Жаппай отаршылдықтың салдарынан Қазақ халқының жартысына жуығы қырылды; өзінің атамекенінен басқа елдерге ауа көшті, тіл мен діл, дін мен ұлттық сезім, таным жойыла бастады.
Ахмет, Әлихан, Міржақып, Мағжан, Мұстафа, Смағұлдай бабаларымыз халықты алаш туы астында ел болуға, мемлекет құруға шақырды.
Сұлтанмахмұттың «Өлер жерден кеттік біз, бұл заманға жеттік біз»-деп жапанға жар салатын кезінде ұлт зиялылары не істеу керек, қайтеміз, қалай ел боламыз?- деп ойын он саққа, қиялын қырық саққа жүгіртіп еді. Сонда Әлихан Бөкейхан «Автономия, бізге керегі – автономия!» деп қайта-қайта шырылдап, телеграмма салумен болды.
Сондағы ойы «мемлекет құрып алайық, мемлекетіміз болса, қалғанының бәрі болады» деген асыл арманы еді. Қазақ автономиясын жариялағанда алаштың арыстары «Міне, ел болдық, еркіндік өз қолымызға тиді» деп бөркін аспанға атты. ....
Шығармалар
Толық
0 0