Шығарма: Егемен ел тірегі-тәуелсіздік!

Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік.
Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз,
қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның туын,
елтанбасын, әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет.
Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы
Н.Ә.Назарбаев
Туған жерім, ардақты мекенім, Қазақстаным! Осынау шексіз қиыры жоқ ұлан- байтақ далаң, шалқар көлдерің мен көк майса әсем табиғатың кімге өмір, бақыт, махаббат сыйламады десеңші... Саған қанша үңілсем де, әлі күнге сырыңды ұғына алмай келем. Сенің далаңда өзімді бақытты сезініп, Отанымның ұланы болғаныма қуанамын. Отанның ыстық ықыласы деген осы шығар... Қазақ даласына қарасаң, көзің жетпейді, кереметтей сәулетіне, жасыл-желекке оранған әсем табиғатына қарасаң көзің тоймайды, ерекше бір сезім сені жетелеп, өзіне ынтықтыра түседі. Тереңге бойлаған сан ғасырлық тарихына көз жүгіртсем, ел тарихы егемен елді әлі де алға жетелеп келеді, тарих беттеріндегі небір оқиғалар елдің жігерін жанып, алдағы күндерін айқындайды. Халқымыз тарихын сараптау арқылы тағылымды жақтарын серік ете отырып, елдің даму жолына мақсаттар қояды, болашаққа жоспарлар даярлайды. Ал елімізді осындай күнге жеткізген не, қандай күш? Бұлтәуелсіздік, азаттықтың сара жолын салудағы талпыныс, қайыспас қайсар күш. Кемелді Қазақстанның толағай табыстарының бірі- оның тәуелсіздігі.Тәуелсіздік! Дархан даламның толассыз табыстары осы ұғыммен ұштасып жатыр......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіздік - тәңір сыйы

Әлемдегі жер көлемі жағынан тоғызыншы орынды иеленген қазақтың көңіліндей кең-байтақ жер – менің туған өлкем, қазақ жері. Атыраудан Алтайға дейінгі, Есіл мен Алатауға дейінгі шексіз жерді аталарымыз қызғыштай қорғап, бізге тарту еткен үлкен сый. Келер ұрпағына «асыл мұрам, ал балам» деп айту үшін қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешкен еді. Туған жер туралы ойларымыз дәлелді болуы үшін Елбасымыздың сөзінен мысал келтіре кетейін: «Құдай қазаққа қырын қаратпаған: пейіліне сай етіп ұлан-ғайыр жер берген, астын-үстін толтырып кен берген, мейірбан, ақ көңіл, адал ел берген, жаны үшін малын, ары үшін жанын садаға ететін ер берген». Елінің елдігін, жерінің байлығын сақтап қалу жолында талай тарландарының, ержүрек, ел бірлігін ойлаған би - шешендерінің бастауымен «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», «Тәуке ханның жеті жарғысы» деген қағидаларды сақтап, «Абылайдың ақ жолы», «Нұрсұлтан Елбасымыздың нұрлы шапағатына» дейін ұласып отырғаны айғақ. Екі жүз жыл бойы қазақ халқына тыныштық бермей, бейбіт елге көз алартқан жоңғар басқыншыларына қарсы елін бастап, ерлікпен жерін қорғаған – Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай бастаған батырлардың, әз Тәуке, Абылай хан, Кенесары тәрізді хандардың ел үшін бастарын бәйгеге тіккен ерліктерін бүгінгі таңда ұрпақтары ұран қылып, мақтан етеміз. Иә, айта берсе кім менің байтақ далама көңілі ауып қызықпады десеңізші?! Сол қиын-қыстау кезінде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруға үндеген Абылай сияқты хандарымыз батырларын, елін сүйген ерлерін, қарапайым халықын достық, бірлікте ұстаған. Жағадан алған жауды тарыдай шашып, қоқаңдап қыр көрсеткен Қохан хандығымен де, қалың қара Қытаймен де, ормандай орыспен де тіл табысқаны бабамыздың даналығының арқасында. Сол бабаларымыздың сары майдай сақтап қалдырған асыл мұрасы, өмір сүріп отырған аяулы Отанымыз – Қазақстан....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ата-бабам аңсаған Тәуелсіздік

Тәуелсіздік ата-бабаларымыздың сан ғасыр армандаған, жете алмаған арманы. Елін жерін жаудан қорғап, қасиетті дархан даланы азат етуді міндет еткен. Ел басына күн туғанда даналығымен, батырлығымен, парасаттылығымен ел мұңын, халық сырын, тарих үнін түсіне білген, халықтың басын қосқан, халық мүддесі жолында, табандылығында, тапқырлығын да таныта білген хан Абылай. Қазақ халқының күшін тасытты, мәртебесін көтерді, Қазақ елін аса іргелі елге айналдырды. Батырларын, елін сүйген ерлерін, ақын-жырау өнерпаздарын достық –бірлікте ұстап, оларды жүзге бөліп жармады. Жауын торғайдай тоздырып, тарыдай шашып, ірімшіктей іріткен, қоқаңдап қоңқылдаған Қоқанмен де, қалың қара Қытаймен де, ормандай орыспен де тіл табысқан бабамыздың даналығының арқасында, осы біз өмір сүріп отырған аяулы Отан- Қазақстан жері сол бабалардың сақтап қалған, бізге қалдырған асыл мұрасы екені сөзсіз.
Осылардан туындайтын және басқа да ірілі-ұсақты шаралар болды.Тоталитарлық тәртіп жүзеге асырған халыққа жат саясат аса зор, қасіретті зардаптар әкелді. Жаппай отаршылдықтың салдарынан Қазақ халқының жартысына жуығы қырылды; өзінің атамекенінен басқа елдерге ауа көшті, тіл мен діл, дін мен ұлттық сезім, таным жойыла бастады.
Ахмет, Әлихан, Міржақып, Мағжан, Мұстафа, Смағұлдай бабаларымыз халықты алаш туы астында ел болуға, мемлекет құруға шақырды.
Сұлтанмахмұттың «Өлер жерден кеттік біз, бұл заманға жеттік біз»-деп жапанға жар салатын кезінде ұлт зиялылары не істеу керек, қайтеміз, қалай ел боламыз?- деп ойын он саққа, қиялын қырық саққа жүгіртіп еді. Сонда Әлихан Бөкейхан «Автономия, бізге керегі – автономия!» деп қайта-қайта шырылдап, телеграмма салумен болды.
Сондағы ойы «мемлекет құрып алайық, мемлекетіміз болса, қалғанының бәрі болады» деген асыл арманы еді. Қазақ автономиясын жариялағанда алаштың арыстары «Міне, ел болдық, еркіндік өз қолымызға тиді» деп бөркін аспанға атты. ....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіздік – асқақ армандар мен қайсар рухтың жемісі

Тәуелсіздік – филосифиялық, психологиялық, саяси мәні зор, қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - сананы жетілдіріп, ұлттық болмысты сақтап қала алатын басты қайнар.
Тәуелсіздік - бізге бостандық, азаттық, бейбітшілік, яғни бақыт силады. Тәуелсіздік бақытқа деген тура, ең жақын жол. Бізге тәуелсіздік оңай келген жоқ. Біздің ата-әкелеріміз, апаларымыз бостандықты қанмен, термен алған. Сондықтан 2016 жыл – барлық қазақстандықтар үшін елеулі жыл. Қазақстан. Осы бір сөзді естісек жүрегіміз лүпілдеп, сонау қиын- қыстау кезеңдерді басынан өткерген еліміз, оқ пен оттың арасында қасықтай қаны қалғанша айқасып, қыршыннан кеткен жастарымыз, тәуелсіз жолында құрбан болған асыл азаматтарымыз еріксіз есімізге түседі. Екі жүз жылдай патшалы Ресейдің отары, жетпіс жылдан астам уақыт Кеңес өкіметінің бұғауында болған Қазақстан бүгінде егеменді ел болды. Тәуелсіздік біздің елімізге оңайлықпен келген жоқ. Осы жолда біздің халқымыз батырлық пен батылдық, қайраттылық пен ержүректілік таныта білді. Өздерінің туған елі үшін жанын пида қылды.
Ұлт маңдайының бағына біткен Керей, Жәнібек, Қасым, Есім, Тәуке, Абылай сияқты хандар алмағайып заманда әділдік пен еркіндіктің туын ұстаса, Төле, Қазыбек, Әйтеке сияқты қара қылды қақ жаратын шешен билер, Асан қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Бұқар сияқты жезтаңдай жыраулар ел намысын биікке көтеріп, Бөгенбай, Наурызбай, Қабанбай сияқты ержүрек батырлар да қажыр- қайратын қазақ халқының елдік мұратына сарқа жұмсады.
Талай адамның жүрек жарасын тырнап өткен Ұлы Отан соғысы да есімізде. Жұдырықтай жүректері елім деп елжіреген талай батырлар жауға қарсы шықты. Ерліктің қос шынарына айналған Әлия мен Мәншүк сынды қазақ қыздары, Бауыржан, Талғат, Мәлік, Баубек сияқты асыл азаматтар өшпес ерлік танытты. Өмірдің әр мезеті қымбат тұста жауға Отан үшін, ел үшін ұмтылды. Ұлы Отан соғысы біздің елімізге түскен ауыртпалық болды. Осы сыннан да халқымыз мүдірмей өтті.....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Қазақстан - тәуелсіз ел

Тәуелсіз ел! Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орнаған, бір ауыздан айтылып, кең көлемде шарлаған осынау бір ыстық сөз, ыстық көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да қан тамырымыздың лүпіл-бүлкіліндей естіледі.Иә, бұл-бүкіл қазақ жұртының, дүйім Қазақстан елінің қызу кұштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл лебізі.Ол-өлең, ол-ән, ол-сұлулық, ол-асқақ арман, ол-шалқыған дәулет, көркейген сәулет! Елдік туымыз тігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз.Қазақ жері.
Қазақстан-тәуелсіз ел.Сол тәулсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! "Тамырсыз ағаш,тарихсыз халық болмайды"демекші, қазақ елінің азаттық,бостандық жолындағы тарихына бір сәт көз жүгіртіп өтетін болсақ, басынан қаншама қиын-қыстау ауыр сәттерді өткіздігін көреміз.Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, ұшса құс қанаты, шапса тұлпар тұяғы талатын кең-байтақ жерімізге көз алартқан жауларымыз аз болмады.Ең алдымен, Жоңғар халқы жерімізге баса көктеп кірді.Олардың жасаған шабуылынан еліміз аз зардап шеккен жоқ.Ел арасында "Ақтабан шұбырынды,Алакөл сұлама"орын алды.Алайда елінің тыныштығын ойлаған хас батырларымыз бен ел билеген хандарымыз бір жағадан бас, бір жеңнен қол жинап, атамекенін, жерін жаулардан қорғай білді.Одан кейін де халқымыздың ел тарихында қаншама ұлт-азаттық көтерілістер орын алды.Олардың барлығы халқымыздың тағдырына өшпестей із қалдырды.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ол туралы былай деп еске алады:"Қазақтар талай рет тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды.Бірақ өмірге деген құштарлық, азаттық аңсары еңсесі түскен елді қайра түлетіп, қайтадан тәуекел тұғырына қондырып отырды"......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіздіктің көк туы желбіресін

1941 жылы 22 маусымда тып-тыныш жатқан бейбіт елге тұтқиылдан фашистік Германия шабуыл жасады.Бұл елімізге төнген үлкен қауіп, әрі сын еді.Отанымызды қорғауға бұғанасы қатпаған жап-жас қыздар мен жігіттер де, еңкейген кәрі де аттанады. Ал, тылда қалған әйелдер мен әжелер, жас балалар тыным таппай еңбек етіп, бүкіл ауыртпалықты көтерді.Жас келіншектер мен қыздар қолдары қалт еткенде қалың киімдер тігіп, жылы кеудеше, қолғап, шұлық тоқып майданға, жауынгерлерге жіберіп көмек жасаған екен. Халықтың қабырғасын қаусатқан осы қаһарлы соғыс 4 жылға созылды. Қаншама адамдар осы сұм соғыста қаза тапты. Балалар әкелерінен, аналар балаларынан, қарындас ағасынан, жас әйелдер асыл жарларынан айырылды. Осындай қиын қыстау күндерде еліне деген сүйіспеншілік талай қазақ азаматын танымал батыр етті.
Солардың кейбіреулерін мақтаныш сезімімен атап өтетін болсам, олар – шығыстың қос шынары- Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова,Талғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Төлеген Тоқтаров, Бауыржан Момышұлы сынды батырларымыз. Міне осындай талай батыр аға-әпкелеріміз аянбай елі үшін күресті.Рейхстагқа ту тіккен қазақ халқының ержүрек батыр баласы- Рақымжан Қошқарбаев еді. Олардың елі үшін жанын қиған ерлігі бүкіл КСРО халқын тамсандырды. Олар Отанын қорғау жолында жасаған ерлігі үшін«Кеңес Одағының Батыры» деген үлкен атаққа ие болды......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіз елім – тұғырың сенің биікте

«Тәуелсіз Қазақстан!», «Қазақстан Республикасы!» Неткен керемет, киелі ұғымдар! Бұл ұғымдардан, Отанымыздың тәуелсіз, еркін мемлекет екенін бірден аңғаруға болады. Бүгінде біз қанатын көкке жайған егеменді елміз. Көк туымыз желбіреп, сол жағымыздағы мақтаныш сезімімен дүрсілдеп тұрған жүрек әнұранымызға әуен қосып, әнұранымыз асқақтай шырқалуда... Ата-бабаларымыз сан ғасыр армандаған Тәуелсіздіктің 25 жылдығы еліміздегі іргелі істермен айшықталып, сәт сайын жақындап келеді. Тоғыз жолдың торабындағы алпауыт елдер қатарындағы алып мемлекетімізді әлем жұртшылығы құрметтейді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев та Қазақстанның 20 жылда биік тұғырға көтерілуіне үлкен үлес қосты. Ерен еңбегімен Қазақстанның әр азаматының жүрегінен орын алған осындай көшбасшымыздың болғанына да мақтанамын.
Мен тәуелсіз елдің патриотымын! Ешқандай қиыншылық көрмей жүргенімде, ата-анамның жүздерінен қуаныш пен шаттық іздерін байқағанда, көкірегімді керіп «Тәуелсіз елдің патриотымын!» деп айта бергім келеді. Еліміздің бейбітшілігінің, тәуелсіздігінің арқасында күліп-ойнап, еркін білім алып жатқан ерікті елдің еркін ұландарының бірімін! Н. Ә. Назарбаев: «Алдымызда асу-асу белдер бар, ұлт жолында ұйтқи соққан желдер бар. Бел де талар, жел де беттен қағар. Бәріне төзу керек, бәріне көну керек, жас ұрпақ!» - деп айтқандай, біздер, жас ұрпақ тәулсіздігіміздің баянды болуы үшін жауапты екенімізді, аға ұрпақ зор сенім артып отырғанын түсінуіміз керек. Бүгінгі партада отырған оқушы – ертеңгі азамат, ел патриоты. Сол азаматардың ең бірінші міндеті – өзінің тәуелсіз елдің өркені екенін ұмытпау, екінші міндеті – сол елдің іргетасының берік болуына үлес қосу, тәуелсіз елдің патриоты екенін дәлелдеу. Жылдар бойы, көптеген жетістіктерге жетіп, қазақ елін көркейтіп, дүние жүзіне таныта білдік. Бұл үлкен – жетістік. Әрине, бұның бәрі елбасымыз Нұрсұлтан атамыздың арқасында. Әрине, бұл күн бізге оңайшылықпен келген жоқ. Осы азат күн үшін ата-бабамыз, әпке-ағамыздың қаншама көз жастары төгілді, көптеген қан төгілді. Бұл бостандықты халқымыз бұрыннан тілеген. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Тәуелсіздік тұғыры

Тәрбиелік: Болашақта ел азаматы атына лайықты болуға тәрбиелеу, еліне, жеріне, отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: еліміздің рәміздері
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекет барысы:
Шаттық шеңбері:
Елімізге тыныштық тілейміз!
Күніміз жарқын болсын!
Аспанымыз ашық болсын!
Деніміз сау болсын!
Нанымыз көп болсын! .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіздік тұғырым

Біз тәуелсіздікті ақылмен,ата-баба
жолымен алдық деп ойлаймын
Н.Ә.Назарбаев
Тамырын тереңге жайған тарихыма көз жіберер болсам, сананы талай ой тұңғиығына батырып,көкейге талай сұрақтың келетіні рас.Біз өр Алтай мен Атыраудың сақтап қалған сарқыты,ғұннан қалған жұрнағы,үйсіннің жүріп өткен ізіміз.Біз қазақпыз!Ақ білектің күші,ақ найзаның ұшы сынға түскен жаугершілік заманда,1458 жылы Әбілқайыр хандығынан іргесін бөлген Жәнібек пен Керей Моңғолстан жеріне Шу бойы мен Қозыбасқа ең алғаш еркіндіктің ақ жалауын тіккен едік. Он бес отауды біріктірген қара шаңырағымыз 1991 жылы ыдырады.Шығыстан алтын күн нұрын төгіп,еркіндіктің самалы есті.Көңіл көк аспанындағы қасірет бұлтты сейіліп,әнші бұлбұл шаттық әнін шырқады.
О,дүниеге жаңа сәби келді.Ол енді тәуелсіз елдің ұрпағы.Өлгеніміз тіріліп,өшкеніміз жанғанда,осы дүние есігін ашқан күнәсіз пенде.Осы сәбидің ертеңгі тағдыры үшін жанын қиған.Асқақ арманға қол созып бүгінгі бейбіт уақытты көре алмай кеткен асылдар қаншама?!Ағы мен қарасы,жақсысы мен жаманы, жасағы мен жасампазы егіз ұғым болған жаңа ғасырда сап алтындай баға жетпес байлығымыз ұлт құндылығын берік сақтауымыз керек.
Ұлан байтақ жері бар,сабырлы да еркін халқы бар,үлкен мемлекетінің өзгеге ұқсамайтын тарихы,қалыптасу,даму жолы да ерекше болды.Атабабадан қалған ұлан- ғайыр жерді иіріп,дербес мемлекет ретінде өз билігімізді сақтай отырып,өзгеге көңілімізді анық, дастарханы, қолы жомарт халық ретінде дамып жатқан еркін елміз.Тәуелсіздік алып келген жетістікте, оң өзгерістер де мол.Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі-еркіндік!Еліміздің еркін өміріндегі бүгінгі табыстырының бәрі де тәуелсіздіктің нәтижесі.Соның біріАстана. Аз уақыт ішінде көркейіп, түрленген,тәуелсіздігіміздің түлегі.Отанымыздың жүрегі-Астанамыз да елдігіміздің жаңа беттерін ашқандай,тәуелсіздігіміз әйгілеп тұр.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақстандықтар үшін айрықша оқиға.Орталық үкіметтің езгісіне шыдамаған қазақ жастары сол күні ереуілге шықты.Қазақ елі басшысының қазақ болуын талап етті......
Шығармалар
Толық
0 0

Эссе: Тәуелсіздік жолында

Міне бүгін тәуелсіздік таңы атты.Қазіргі кезде біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз.Тәуелсіздікті ата-бабамыз арман еткен еді.Тәуелсіздік жолында қанша дана батырларымыз бен көркем бұрымдыларымыз қанын төкті.Өтіп кеткен 2015 жыл еліміз үшін аса мыңызды жыл.Бұл жылы Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл атып өтілді.Осыдан 550 жыл бұрынғы болған оқиғаларды еске түсіру оңай емес.

XV ғасырда Қазақ жерінде бірнеше мемлекет өмір сүрген.Оның бір қатары Алтын Орданың құлауымен бөлініп шыққан.Көк орда Ноғай ордасымен Әбілхайыр хандаығына бөлініп кетті.Әбілхайырдан бөлініп шыққан Шыңғыс ұрпақтары Керей мен Жәнібек 1465 жылы Қазақ хандығы деген деген дербес мемлекет құрды.Қазақ хандығы Жәнібек ханның ұлы Қасым кезінде ерекше өркендеп өсті,"Қасым ханның қасқа жолы"деген заңдар жинағын шығарды.Хақназар,Шығай,Тәуекел хандар тарихта негізінен әсери жорықтарды ұйымдастырушы тұлғалар ретінде енді.Ал Есім хан тарихта реформа жасаушы ретінде ұлы хан ретінде аталды.Есім хан кезінде астана Түркістан болып,жүздер жүйесі қабылданды.Есім хан көз жұмғанан кейін Қайып хан кезінде 150 жылға созылған Қазақ-Жоңғар соғысы басталды.Қазақ халқы ненбір ауыр жағдайларды басынан өткізді.Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі "Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама" атты ашаршылықты,Бұлантты және Аңқарақай секілді халқымыз ауыр шайқастарды өз көздерімен көрді.Алайда Сырым Датұлы,Исатай Тайманұлы мен Махаммбет Өтемісұлы, Кенесары Қасымұлы секілді батырларымыз ақ найзаның ұшымен,ақ білектің күшімен жауға тойтарыс берді.Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде де қазақ халқы қайыршылық күйге түсті.Осыған орай ақпан,қазан төңкерістері болды.......
Эсселер
Толық
0 0