Әңгіме: Тәуелсіздік тәңірдің сыйы


Еркіндігін еншілеп, егемендік тізгінін қолына алған мемлекетіміздің Тәуелсіздік туын көгінде желбіреткеніне де міне, биыл 25 жыл толып отыр! 25 жыл! Тарих үшін қас-қағым бұл сәт, жұмыр басты пендеге әжептеуір уақыт. Жас жігіттің ақыл тоқтатып, оңды- солын танып, алға қарай нық басып, өзін көрсетер шағы десек, мемлекетіміздің де тек алға қарай дамып, өркендеу кезеңіне де жетіп отырғанын көзіміз көріп отыр.

Біздің Отанымыз - Егеменді, Тәуелсіз, Қазақ мемлекеті.

Осынау маржандай тізбектеле қалған сөздердің астарында-жатса түсінен, тұрса есінен бір сәт кетпеген бабалардың ғасырлық арман жолы жатыр емес пе?

Тереңнен ойлап, тебірене толғансаң- халқымыздың барша тарихы осы Тәуелсіздік үшін, халқымыздың бас бостандығы үшін күреспен өткен екен.

Мың өліп, мың тірілген қазақ елі қилы- қилы тағдыр тауқыметін көрсе де, ұлт ретінде тарих сахнасында өзін- өзі сақтай білді. Халқымыздың қайсарлығы мен табандылығы арқасында бүгінде еркіндік самалының рахатына бөленудеміз. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Тәуелсіздік тірегім

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар! Сіздерді еліміздің тәуелсіздік алғанына 23 жыл толу мерекесімен шағын орталық тобы балалары атынан құттықтаймыз!
Тәуелсіздік!
Ол ата - бабамыздың мыңжылдықтардан сыңсып жеткен Арманы, Үміті мен Сенімі. Ол Егемендік пен Дербестіктің ебі желі, Азаматтың алтын шуағы. Ол мойнына бұршақ салып жүріп Құдайдан тілеген менің ұлтымның ешкімге, ештеңеге айырбастамайтын бауыр етіндей ең қымбаты, ең асылы, аяулысы!
- Балалар, міне біздің «Мен қазақпын» деп еркін айтуға қол жеткізген тәуелсіздік алғанымызға 23 жыл толды.
Қазақстан Республикасы - біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз.
Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған.
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді.
1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
16 желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы, қасіретті күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындарымыздың қанатын қиып түскен сабырлық күні, өктемдік үні еді. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Шығарма: Мен Тәуелсіз елдің перзентімін

Бұл сөз – менің бойымдағы, сан мыңдаған тамырдағы қанды бұрқақтатып, кеудемдегі кішкентай жұдырықтай жүрегімді тулатып,басымды көкке көтеріп тұрып, анамның алпыс екі тамырын идірген сүтпен келген, қылыштай өткір қазағымның тілімен сөйлеткен, ғаламның төрт бұрышына мақтанышпен айтатын сөз.
Мен ұлтарақтай жерін қасық қаны қалғанша қорғап, қызын қырдағы жайқалған қырмызы гүлге балаған, ұлын ұрпақ жалғастырар мұрагері деп ардақтаған, жеті атадан қан тазалығын сақтап ұрпағын өсірген, бейбітшілік туын көкке көтеріп көк бөрінің еркіндігін сақтаған, текті қазақ деп аталатын тәуелсіз ұлттың өрені боламын.
Өткен тарихы мол мұраға айналып, өскелең ұрпаққа асыл қазынадай ілім жолын салдырған, тарихын өшпестей етіп тасқа қашаған, шежіресін өлместей етіп кітапта қалдырған, жырлары дастан болып жырланып, батырларының ерлігі аңызға айналған, осы ғаламда Мәңгілік ел болып қалатын мемлекеттің ұрпағымын.
Азаттық үшін күрескен Күлтегіннің ерлігімен сусындаған, Абылайдың туының астына қазақты жинаған, Қабанбай, Бөгенбай, Қарасай, Райымбек батырлардың ерлігін қайталаған, Кенесарының қайсарлығынан жүрегі тулаған, Ахмет, Бөкейхан, Мағжан, Шәкәрім жырларынан Алаш арыстарының арманын жалғастырған егеменді елдің ұрпағымын.
Талай қырғынды басынан кешірген, бүкіл әлемге қазағы «тарыдай шашылған»,бірақ атамекеніне қайта оралған, арыстарым құрбандыққа қиылған, рухани қазынам жасырын оқылған, талай қиындықты басынан өткізіп иілсе де, сынбаған қазақтың қайсарлығының жалғасымын. Тәуке хан жазған «Жеті жарғының» заңымен жүрген, ұлы билерімнің данышпандығын көрген, халқымның қырылғанына күйінген, батырларымның жеңісін сезінген, Әлия, Мәншүк, Бауыржанның ерлігін жалғастырар елдің қыранымын.
Абай салған дара жолда өзімнің кішкене ғана қайығымды ескен, Мұқағалидің сезімінен қиялданған, Фаризаның қайсарлығынан нәр алған қазақ қызымын. ....
Шығармалар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: География | Молдова Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы даму бағыттары

Молдовандардың ата-бабалары Дунай - корпат жерлері территориясында өмір сүрген гетодан тайпасы болған. Бұл тайпа гректермен сауда жүргізген. Молдова жерін адамзат төменгі палеолит дәуірінде мекендеген. 6-ғасырдан бастап, алғашқы мемлекеттік бірлестіктер құрыла бастады. vI ғ территорияға славян тайпалары тұрғындайды. Бір территорияда бірге тұрып, шаруашылық жүргізген соң валах тайпасы құрылды. 10 – 12-ғасырларда бұл өлкеге көшпелі печенег, қыпшақ тайпалары келді. 13-ғасырдың ортасы мен 14-ғасырдың 1-жартысында Молдова жері Алтын Ордаға бағынды. Х- ХII ғғ карпат-днестр жерлерінің шығыс бөлігі орыс мемлекетіне кірді, хIII – xIv ғасыр ортасында Молдовия территориясына татар, монғолдар кіреді. Оларды қуып шыққан соң 1359 ж Молдовия феодал княздығы орнады, оны бояр советінің көмегімен елді басқаратын государь биледі. Бірінші молдован государы Богдан болды. 17-ші ғасыр Ресейге деген сырқы саясат бағдары маңызды рөл атқарады. 18 ғасыр бірінші Петр мен Молдовия государы Дмитрий Контимердің Туркияға қарсы әскери саясат одағы құрылды. Бірінші Петрдің жеңілісінің кесірінен молдовия туркияның билігінде қалып, оның басшысы Контимер Ресейге қашады. Жүз жылдан астам уақытта фанориот хандығы орнады. Бұл уақытта Молдован княздігінің орнын грек фанориоттар иеленді. Шаруашылық құлдырады, қала тұрғындары қысқарды, Днестр мен Украинаға жаппай қашу болды. 1806-1812 жыл арасында болған орыс –түрік соғысынан соң Бұғарест келісім шарты бойынша Днестр мен Прут арасындағы территория 1813 ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Мен-тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағымын

Тәуелсіз 25 жыл! Туыңды биік ұстадың.
Көтерді халқың уақыттың қатал қыспағын.
Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,
Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным!
Иә, осыдан жиырма бес жыл бұрын Қазақ елі өз тәуелсіздігін жариялап, өз тарихымызбен алғаш рет, жалпақ дүниеге танылдық. Демократиялық, құқықтық мемлекет атанып, нарықтық эканомика жолына түстік.
Осы жылдарда халқымыз қазақ екендігін түсінді. Қазақ қазақты таныды. Ең әуелі өзімізді өзіміз таныдық. Аламан дүниедегі есімізді, еншімізді, несібемізді білдік. Тәуелсіздік қазақ ұлтының өзін, ата-дәстүрін, салтын табуына жол ашты.
Қазақстан тәуелсіздігі дегенде, тарихтың бәрі ойға оралады. Сол кезде көз алдымызға ғасырлар бойы бодандықтың бұғауынан құтыла алмай жанталасқан еліміз, «Абылай», «Алаш» деп жауға қарсы шапқан батырлары келеді.
Күлдір-күлдір кісінетіп,
Күреңді мінер ме екенбіз.
Күдіреден бау тағып,
Ақ кіреуке киер ме екенбіз! деп Ақтамберді жырау «қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын» заманды аңсаған екен. Бірақ сол бостандыққа қазақ елінің ұзақ уақыт қолы жетпеді. Өйткені, азаттық үшін күрес ғасырлардан жалғасып, тіпті, кешегі кеңестік билік заманның сұрқия саясаты кезінде де жүріп жатты. Қазақтың бас көтерер азаматтарын баудай түсірген сол бір қысылтаяң шақта «ұлтым» деген азаматтар қара басын қорғамай, халқы үшін күресе білді. Ұзаққа созылған отаршылдық құрсауын бұзып, орталық алаңына шыққан қазақ жастары бұдан әрі ұлт намысын аяққа таптатпайтынын әлемге айғақтап, ұлтымыздың мақтанышына айналды. 1986 жылы 16 желтоқсанда тоталитарлық режимге үнсіз шыдап келген халқымыздың қарсылығы лықсып келіп, жастар қозғалысына ұласты. Желтоқсан оқиғасы – қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы саналы күресі болып танылды.
Сонау бір өткен күндерде еңку-еңку жер шалып, егеулі найза қолға алып, жолбарыстай жортқан Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай бабаларымыз егенмендік үшін күресті.
Аз ғұмырын ой мен арманға толтырып, қазақ аспанында құйрықты жұлдыздай ағып өткен жас Шоқан мен осынау байтақ өлкеде оқу-білімді шырақтай маздап жандырған Ыбырай халықтың келешегі емес пе еді!
Атадан ұл туса-игі
Ата жолын қуса игі, - деген Төле би бабамыз. ХV ғасырда алғашқы хандарымыз Жәнібек пен Керей халқымыздың ұлан-ғайыр өлкесіне сұқтана қарағандардан атабабаларымыздың көздің қарашығындай сақтап, ұлтарақтай жерді ұрпағына қалдыру үшін бүкіл ғұмырын ат үстінде өткізген жоқ па? Халқын соңынан ерткен ер Қасымның тұсында да ел тағдыры әрленді емес пе? Қазақты қалың малсыз қалыңдыққа, бағусыз байлыққа бағындырған, ірілік елдің басын қосып, жауын жеңген тұлға Абылай еді......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз

Мен нағыз патриотпын! Ата-бабам мұра етіп кеткен өзімнің ғажап тілімде сөйлеп, дәстүрімді дәріптеймін. Қазақ даласы – мәрттік пен кеңдіктің куәсіндей дарқан дала. Дарқандық қанына сіңген қазақ баласының рухы асқақ, арманы алып, мақсаты биік болуға тиіс. Жасампаздық рух жанына серік жомарт халықтың ұрпағы жасымауға міндетті.
Мен – өзім сүйетін елдің патриотымын. Қаныма біткен қайсарлық, мұңға мұқалмас жігер мені әрқашан кеңдікке тәрбиелеп, өрлікке жетелеп келеді. Алтай мен Атырауға, Арқа мен Алатауға дейінгі алып мекен арманыма қанат бітіріп, шабытыма шабыт қосқандай болады. Мен бақытты ұрпақ екенімді айтудан әсте жалыққан емеспін. Тағдырдың талай тезін басынан өткеріп, теперішін көрген қаймана қазақтың бағы жанар, бабы келісер уақыты жаңа мыңжылдықтың еншісінде. Замана зары өткен халықты кеудесін жаныштаған ауыр езгіден құтқарып, қалың ұйқысынан оятуға барын салған ақын М.Дулатов:
Алыстан Алаш десе аттанамын,
Қазақты қазақ десе мақтанамын.
Болса да әкем қазақ, шешем қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын – деп жырлайды. Өршіл рухты ақын елінің ертеңі үшін жаны ышқына жар салады. ХХ ғасырдың басында жүрегі қазақ деп соққан асыл ұлдарымыз атойлап алаш атын алып ұран салса, ХХІ ғасырдың жаңа буыны әлемге қазақ атын паш етуі тиіс. Әлем жаһандану деп жар салып жатқан алмағайып заманда түркілік тектілік пен жасампаздықты, көшпелі ұлы өркениеттің асыл жәдігерлерін, бабалар аманатын шашау шығармай, келер ұрпаққа жеткізу – біздің басты борышымыз.
Менің кеудемдегі кішкентай жүрек «Отан» деп, «Қазақстан» деп бір сәт дамыл қақпай соғады. Ол жүректе қазақтың қаны бар. Ол жүректе ұлы өркениет жаратқан алып арман, асыл мұрат жатыр. Күре тамырды бойлай аққан әрбір тамшы қан «қазақ» деп атойлайды. Мен – нағыз патриотпын. Ұлы елдің, ұлы даланың ұрпағы екенімді мақтан тұтамын. Жаратылысымнан даланы сүйетін жаным оның әрбір сайы мен саласын, тауы мен тасын мейірлене құшады. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіздік толғауы

Сарғайса да тарихтың ақ парағы,
Ол күндер мәңгі есте сақталады…
Жалған өмір... Сұрапыл соғыс... Сұм ажал... Бұл үш құбылыс талайды тірідей жетім аттандырып, біреудің бал балалық шағын күл-талқан етіп, енді бірінің бейбіт тіршілігін түзелместей етіп жойды. Әрине, өмірдің дегені болады, ал, ажалдың бізді қашан жалмап әкетері бір Жаратқанға ғана мәлім. Соғыс ше?.. Оның алдын алу, болдырмау өз қолымызда емес пе? Жер бетін жалмап, аузын айдаһарша ашып, әлемге алақұйын жалын шашып, жан біткенді жоюға жанталасқан азапты қырғын – екінші дүниежүзілік соғыс. Соғыс жайлы сөз болғанда еріксіз терең ойға батамыз. Сондағы ең алғаш көз алдымызға келетін көрініс: танк пен қарудың құлақ тесер шуылы, бала-шаға мен қатын-қалаштың ауыр зары, ерлердің майданда селдей аққан қаны мен күйреп біткен шаңырақ... Осы ауыр да азап көрініс көз алдымыздан кетіп, мұңға толы естелікке айналған шақта, көп арам шөптің ішін жарып өскен ақ уызды гүл секілді, сол мұңға толы жылдардағы езуімізге күлкі үйіретін жайт – ата-баба жеңісі...
Ұлтымыздың, біздің жеңісіміз! Әр еске алған сайын ерекше күйге бөлейтін, жаннан қымбат тәуелсіздігіміздің қайнар көзі болған «Жеңіс күніне», міне, биыл 71 жыл толмақ......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіздік тұғырыңнан тайма, менің Қазақстаным!

Өткен ғасырдағы зұлмат жылдардан бері қарай тарих қайнауынан сыр тартсаң, қаншама мағлұмат аласың! Мағлұматтарды оқи отыра осындай дархан халықтың, осындай батыр халықтың, осындай арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты халықтың өмір бойы аңсағаны егемендік, тәуелсіздік екендігін көреміз. Тәуелсіздік жолында біз бір жыл, бір ғасыр ғана емес қолына найза ұстап, сақтар атанған заманнан бері қарай күресіп келдік.
Қандай қиындықтан өтсе де, елдігі мен бірлігін сақтаған заманнан, қазақ елінің алдынан шаша атты.
Тәуелсіздік – бұл біздің ата-бабаларымыздың аңсаған арманы, қанды қырғындарда қорған қалған ұлтарақтай жері, жетпіс жыл бұғауланса да жойылмаған тілі мен діні. Халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасқан, асыл жүректі, асқақ рухты перзенттерінің күрес жолы. Қазақ халқы мың өліп, мың тіріліп жүрсе де, «келешек ұл мен қызым ұлы мақсатқа жұмылсын, елін көркейтсін, еркіндікте болсын» деп армандап өтті.
«Балаға үміт арту - әкенің парызы, ақтау – баланың парызы», - дейді халық.......
Шығармалар
Толық
0 0

Балабақша тәрбие сағаты: Тәуелсіздік - көптен күткен бақытым

Сабақтың мақсаты: Балалардың өздерінің туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, өз елінің патриоты болуға, ел егемендігін сақтай білуге, елінің кірпіші болып қалануға баулу.
Тәрбиелік мәні: өз ұлтының тарихын, әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін білу
ұлтының намысын қорғай білетін, намысты қолдан бермейтін елінің адал ұлы болу....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0