Курстық жұмыс: Экономика | Банктік қызметтегі тәуекелділікті төмендету шаралары «ТемірБанк»

Кіріспе
Бұл курстық жұмыста банктік қызметіндегі тәуекелділік мәселесі қарастырылып отыр. Новиков И.А. айтқандай « Банктік нарық тәуекелділіксіз – нарық емес, сонымен қатар барлық банктік операциялардың спецификасы тәуекелділікке байланысты ». Соған сүйене отырып, банк үшін тәуекелділіктен қашу емес ( өйткені ол мүмкін емес), оны басқару арқылы шығындарды барынша азайту керек.
Банк тәуекелділігі дегеніміз не? Тәуелділік негізінде ықтималдылықты, ал нақтырық айтсақ, банктің қаржылық операцияларды жүргізу кезінде өз ресурстарының табысы бір бөлігін жоғалту немесе қосымша шығын шығару қаупін түсіндіреді. Банктік қызмет зиянсыз болу үшін келесі категорияларды ескеру керек: жоғалтулар, шығындар және залалдар.
Тәуекелділік пен жоғалту түсініктерін өзара тығыз байланысты. Сол себептікті тәуекелді жоғалту категориясын қолдану арқылы сан жағынан да бейнелеуге болады. Бұл тәсіл тәуекел теориясының дамуы үшін негіз болып табылады.
Банктер өз қызметі барысында белгілі бір шығындар шығарады. Шығын категориясына қатысты тәуекелдік, көзге көрінбейтін жағдайларға байланысты белгіленген мөлшерден көбірек шығын шегу нәтижесінде пайда болады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛ МЕНЕДЖМЕНТІН ЖЕТІЛДІРУ

КІРІСПЕ
Қаржылар нарықты экономиканы басқарудың ең тиімді нысаны болып табылады. Қаржы негізінде құрылатын мемлекеттік бюджеттің кірісіне қарай әлеуметтік-кепілдік қызметінің мүмкіндігі белгілі болады. Қаржы саясаты аса нәзік және күрделі аспап, ол жеңілдіктер мен жазалау шаралары арқылы шаруашылық қызметтің барлық жақтарына әсер етеді.
Қаржылар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның қаржы жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Қаржылар-шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория. Қаржы жүйесін құрайтын міндетті төлем – салық болып табылады.
Қандай да болмасын мемлекеттің салық жүйесі негізінен екі қызметті атқарады. Біріншісі фискалды қызмет болса, екіншісі басқарушы қызметі. Фискалды қызмет ешкімді де алаңдата қоймайды, себебі кез келген мемлекеттің өмір сүруі үшін қаражаттың қажеттілігі өте маңызды нәрсе. Ал басқарушылік қызметі - қаржының ең негізгі қызметі.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өмірбаян: Тәуекел Мүслім (1988 жылы 9 желтоқсан)

Тәуекел Мүслім (1988 жылы желтоқсанның 9 жұлдызында Алматы қаласында дүниеге келген.) – әнші, тележүргізуші және актер. Кішкентай кезінен Тәуекел спортқа жақын болған. Әрқашан футбол ойнағанды жақсы көрген, тіпті футболист болу оның бала кезгі арманы болған. Сонымен қатар жүзумен және күреспен айналысқан. Әртурлі спорттармен айналыса Тәуекел өзінің формасын сақтауға тырысқан. Алматы қаласындағы №140 мектеп-гимназиясын бітірген соң анасы Тәуекелге шарт қойды: өз күшімен грантқа түсу немесе әскерге бару. Тәуекел түндерін кітаптармен өткізіп, нәтижесінде емтиханды жақсы тапсырып институтқа түсті. Тәуекел Мүслім машина жасау мамандығын бітіріп «инженер-механик» мамандығын алған. Студенттік жылдары тек қызықты кездер ғана емес, өмірінің маңызды кезеңі болған. Себебі,Тәуекел өнер саласында өзін сынап көргісі келді. Бастапқыда модель болып, кейіннен жарнамаларға түсті. «Махаббатым жүрегімде» телесериалында басты рөлді сомдап, қазір Хабар телеарнасындағы «Жаңа күн» бағдарламасының жүргізушісі. Сонымен қатар,Тәукелді әншілік жағынан тануға болады. Өкінішке орай, әкесі оның өнер саласындағы жетістіктерін көре алмады. Тәуекел Мүслім әкесінен 22 жасында айырылды.
Түсірілімнен қолы босамай жүретін сері биылғы жазды демалысқа, жеке өміріне арнаған сыңайлы.
“Шынымды айтсам, дəл қазір алдыңғы маусымдағыдай қыруар жұмыс жоқ. Түсірілімдер азайып, өзіме, отбасыма, достарыма көңіл бөлудемін. Жуырда жаңа отандық комедияға түстім. Бірақ, басты рөлде емес, қосалқы кейіпкер образын сомдадым.
“Сырт келбеті үшін басты рөлді сомдаған” деп кінə артқыш жандарға бұл үлкен жаңалық болмақ»,-дейді актер.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Коммерциялық банктерде проценттік тәуекел

Коммерциялық банктер бизнестің басқа түрлерімен салыстырғанда жоғары левередж негізінде жұмыс істейді. Депозиттердің тарту мүмкіндігі мен депозиттердің құнында бұл заңдылық және жиі кездесетін айқынсыздық бизнеске ссуда беру – қалыпты жоғары тәуекелді – банктің негізгі функциясын жасайды.
Жалпы айтқанда, банктік менеджмент өзінің әрбір жобасында тәуекел пайда қатынасының оптималдысын таңдауы тиіс.
Батыстық әлемде коммерциялық банктер тәуекел категорияларының кең аймағын мойындайды, солай болса да олар тәуекелдердің көп бөлігін әр түрлі банктік мақсаттар мен стратегиялар шеңберінде белсенді басқарады. Тәуекелдің негізгі категориялар
• өтімділік тәуекелі;
• несиелік тәуекел немесе төлемеу тәуекелі;
• портфельдік тәуекел;
• салалық тәуекел;
• елдік тәуекел,
• валюталаық тәуекел;
• проценттік тәуекел:
Соның ішінде менің осы жұмыста қарастырғанын проценттік тәуекел.
Проценттік тәуекел, басқа да банктік тәуекелдер сияқты айқынсыздықты білдіреді, берілген жағдайда проценттік мөлшерлеменің алдағы уақыттағы өзгеру бағытымен және уақытымен байланысты айқынсыздықты білдіреді.
Проценттік тәуекел проценттік мөлшерлемелердің өзгеруінен туындаған қаржылық активтерден алынатын – құн немесе табыстардың ауытқуы ретінде анықталуы мүмкін. Ссудалар активтердің негізгі категориялары болып табылатын коммерциялық банктер үшін бұл анықтама белгілі бір ссуданы беру үшін банктің тартылған ресурстарының орташа құны оны толық өтеу кезіңінде ссуда бойынша орташа проценттік ретінде анықталуы мүмкін.
Қазіргі уақытта проценттік тәуекелді басқару көп жағдайда ақша нарығы жеткілікті дәрежеде жақсы дамыған және сәйкесінше, төмен инфляция деңгейі бар елдерде орналасқан банктермен жіктеледі.
Бұрынғы Кеңес Одағындағы Республикалардағы банктердің де проценттік тәуекелі жоғары болған. Сонда да, бұл елдерде дамыған ақша нарығының жоқтығын, жиі болатын инфляцияның жоғары деңгейі және ақша саясатын болжаудың мүмкіндігінің жоқтығын есепке ала отырып, проценттік
мөлшерлемені “басқару” депозиттер мен кредиттер бойынша мөлшерлемені келісіп өзгерту негізінде проценттік маржаны максимизациялау саясатымен жіктеледі. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Тәуекел мәні, функциялары және жіктелуі

Кіріспе
Нарықтық қатынастар жағдайында экономикалық тәуекелді бағалау және есептеу мәселесі басқарудың тәжірибесі мен теориясының құраушы бөлігі ретінде өзіндік теоретикалық және қолданбалы маңыздылыққа ие болады.
Басқарушылық шешімдердің көбісі тәуекелділік жағдайында қабылданады және оны бірқатар факторлар сипаттайды – толық ақпараттың жоқтығы, қарсы тенденциялардың бар болуы, кездейсоқтық элементтері және тағы басқалар.
Бизнес әлемінде сәттілік шешуші түрде кәсіпкерлік қызметтің таңдаған стратегиясының негізділігі және дұрыстылығына байланысты. Сондай-ақ критикалық жағдайдың ықтималдығы ескерілуі тиіс. Кәсіпкерлік қызметті тәуекелдіксіз көзге елестету мүмкін емес.
Тәуекелсіз бизнес мүмкін емес. Тәуекелдің күшеюі – кәсіпкерлік тәуекелдіктің екінші қарама-қарсы жағы, сол үшін өзіндік өтем.
Нарықтық қатынастар жағдайында өмір сүру үшін техникалық жаңашылдықтарды енгізуге және батыл іс-әрекеттерге бару керек, ал ол тәуекелдікті күшейтеді.
Осыдан мынадай шешімге келуге болады – кәсіпкер тәуекелдіктен қашпауы керек, оны азайту үшін тәуекел деңгейін бағалай білуі керек.
Кәсіпкердің ең маңызды мінез-құлық ережелерінің бірібылай: «Тәуекелден қашпау, одан да оны мүмкіндігінше төмен деңгейге түсіруге тырыса отырып, оның алдын ала білу». ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелді бағалау

Еліміздің нарықтық экономикаға өткеніне аз уақыт болғанымен, жалпы экономикалық өсу байқалғаны барлығына белгілі. Дегенмен, ұлттық байлықтың молайуы мұнайға байланысты екені барлығымызды мазалайды. Өйткені, біздің экономикамыз тек әлемдік мұнай сұранысы мен бағасына тәуелді болмақ.
Сондықтан да республика экономикасын тұрақтандыру үшін тек табиғи байлықты қазып алумен ғана шектелмей, өндіру, өңдеу салаларын да дамыту бүгінгі күннің басты міндеті.
Кеңес Одағы кезінде үлкен қарқынмен жұмыс істеген зауыт, фабрикалар бүгінгі күні жекешеленді, ол толығымен сапалы өнім өндіріп, оны нарыққа бәсеке қабілеттілігі жоғары етіп шығару өте қиын. «Тұрмыс – ақшаға» тәуелді дегендей өнеркәсіптің жұмыс істеуінің қайнар көзі ақша-қаражаттар екені мектеп оқушысына да белгілі. Соңғы бес-алты жылда бұл мәселенің де шешілуі табылғандай.Еліміздің басын жүйесінің әлемдік стандарттарға сай дамуы экономиканың салалрына көптеген ақша-қаражаттарының келуін қамтамасыз етуде.
Адам Смиттің экономиканың қозғаушы күші «халықтың жинақ ақшасы» деп өз заманында айтып кеткен ойы бүгінгі танның өзінде де өз күшін орнамағанына еріксіз мойын.
Екінші деңгейлердегі банктарда шығарылған халықтың жинақ ақшасын экономиканың жекелеген салаларын, оның ішінде өнеркәсіпті дамытуға бағыттау қажет.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономиканың қатынастарға көшуіне байланысты елдің экономикалық өмірінде, соңғы жылдары ұйымдар арасындағы шаруашылық қатынастар жүйесінде, сондай-ақ тұтастай алғанда халық шаруашылығының барлық салаларында терең, ауқымды өзгерістер көрініс тапты. Тәуелсіздік алғаннан кейін ел экономикасын тұрақтандыру қажет болды. Барлық завод, фабрикалар жабылып, тоқырау кезең басталды. Жабылған кәсіпорындарды қайта іске қосу үшін ірі ақша-қаражаттары қажет. Бұл қаражат көзі инвестиция немесе банктерден алынған несие алу болып табылады. Кәсіпкерлік қызметтердегі несиелеудің орны ерекше. Себебі, белгілі бір іспен айналысу үшін кәсіпкердің қолында күрделі қаржы ресурстары болуы қажет. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0