Қауынды адамдар тамаша дәмі мен пайдалы диеталық қасиеттері үшін бағалайды. Хош иісті, тәтті қауынға қарағанда жақсы десерт табу қиын. Хош иісті, тәтті жемісінің құрамында крахмал, белоктар, дәрумендер, пектин, органикалық қышқылдар және минералды тұздар болады. Әсіресе, құрамында темір және калий тұздары көп. Сондықтан...
Әрбір адам теңін тауып, бақытты отбасын құруды мақсат етеді. Бұл өз алдына оңай емес дүние. Шаңырақтың шайқалмай тұруы көп жағдайда әйел адамға байланысты.
Отбасының бақыты мен берекесі нәзік жандылардың қолында. Олай болса, төмендегі қағидаларды жадыңызға сақтаңыз:......
✅ Мақталы киімге тиген дақтан арылуға пияз көмектеседі. Пияз шырынын даққа жағып, 24 сағатқа қою керек. Кейін киіміңізді əдеттегідей етіп жуып ала бересіз.
✅ Тоңазытқыштағы жемісіңіз ұзақ сақталсын десеңіз, жеміс жатқан жəшік түбіне газеттен басқа кез келген қағазды қоюға болады. Оны əрдайым ауыстырып тұруды ұмытпаңыз.
✅ Лимон қабығын тастамаңыз. Ыдыс жуып жатқан кезде суыңызға салып қойсаңыз, ыдысыңыз жылтырап, жаңа бір өңге ие болады.
✅ Егер пердеңізге антистатик сеуіп қояр болсаңыз, пердеңізге айтарлықтай шаң тұрмағанын байқайсыз.
✅ Егер аяқ киіміңіздің өкшесі тықылдайтын болса, оған кастор майын жағып, бір түнге қалдырыңыз. Ертеңіне сабын суға жуылған дымқыл шүберекпен сүртіп алу керек. ......
Баланы ұрып, жазалау – қазақ қоғамына тән «тәрбие амалы». Негізінде, баланы ұру әдеті олардың жауап қайтара алмауынан туған.
Алғашқы кезең – 5 жасқа дейін
Бұл шақта балаға патшадай қарау керек. Тыйым салу орнына, көңілін басқа нәрсеге аударуға тырысыңыз. Егер тәртіп бұзса, қабақ түйіп, қорқытқан түр жасап көріңіз. Мұндай «тілді» балалар жақсы түсінеді. Бес жасқа дейін баланың өмірге қызығушылығы артып, әр нәрсеге көңілі ауып, жаңа дүниені тануға құмар болады. Бұл шақта баланың логикалық ойлауы әлі толық жетілген жоқ. Мәселен, қымбат ыдысты сындырып алса, оны сатып алу үшін көп еңбектеніп, ақша табу керек екенін түсінбейді. Сондықтан, жазалауды әр істен тыю және күш көрсету деп қабылдайды. Демек, оған ыдыс сындырмауды емес, өзінен күшті адамнан қорқуды үйретесіз. ......
Эндометрит - жатырдың кілегей қабатының қабынуы. Асқынған аборттар, босанулар, жатыр қуысын диагностикалық қыру, гистеросальпингография және басқа да жатыр ішілік араласуларынан кейін жиі кездеседі. Қабыну процесі барлық кілегей қабатқа тарауы мүмкін немесе ошақтық сипатта болады. Эндометриттің ауыр түрінде процесс диффузды және ошақты түрде болып бұлшық етке тарайды.
Клиникасы. Дене қызуының көтерілуі, іштің төменгі бөлігіндегі және шап аймағындағы ауырсынуға, іріңді сұйық, кейде жағымсыз иісті (ішек таяқшасы) бөлініске шағымданады; эндометрийдің эпителий жабындысының кейбір аймақтары десквамацияланып, нәтижесінде іріңдіге қанды бөлініс қосылады. Қынап арқылы зерттегенде жұмсақ консистенциялы, аздап ауырсынатын жатырды анықтаймыз. Жиі қабыну процесі лимфатикалық капиллярлар және қан тамырлар арқылы бұлшық ет қабатқа (эндомерит) және қоршаған қабатына тарайды......
Бүгінде көп қыздың әңгімесі әсіресе шаш күтіміне келгенде, ошаған майымен (репейное масло) тығыз байланысты болып кеткені жасырын емес. Қыздардың біразы шаштарын ошаған майымен жуып, қорытындысын мақтанышпен айтып жүр. Неге десеңіз, ошаған майы:
✅ Шаштың түсуін тоқтатады; ✅ Шашты өсіреді; ✅ Шашқа рең беріп, нәрлендіреді. Дегенмен ошаған майын қалай қолдану керектігін білмей жататынымыз бар. Ошаған майын аларын алып алып, шашқа қалай жағу керектігін білмегендіктен, жақсы нәтижеге жете алмауымыз мүмкін......
Өзге елдің азаматарына тұрмысқа шыққандардың барлығы жоғары білімді, қалталы, әрі мансап құрып үлгергендер. Шетелдік азаматтарға тұрмысқа шыққан бойжеткендерді көпшілік жақтыра бермейді. Барлығының айтары елімізде де сымбаты да, салиқалы ер жігіттер жетерлік.
Әсіресе балалардың денсаулығына пайдасы мол. Егер дене қызуыңыз көтеріліп тұрса, пиязды кесіп, алма қышқылына салыңыз. Артынша бірнеше тілімін құлағыңыздың үстіне, нәскиіңіздің...