Әжімді азайтатын маска

✅ Сұлулыққа құштар адам баласы әрдайым әдемі көрінуге талпынады. Әсіресе әйел затының табиғаты өзіне үнемі күтім жасауды талап етеді. Күтінетін адамның бір белігісі – тері тазалығы. Ұсақ әжімдерді тегістейтін және терең әжімдерді білдірмейтін масканы дайындап, қолданып көріңіздер.

✅ Қажетті ингридиенттер:

? сүт;
? 3 ас қасық ұн;
? 1 жұмыртқа.

✅ Ыдысқа 3 ас қасық ұн саламыз. Ұнға жылы сүт құйып, қоймалжың күйге енгенше ағаш қасықпен араластырамыз. Қоспаға жұмыртқаның сарыуызын салып, араластырамыз. Масканы жылы күйінде бетке және мойынға қалың етіп жағамыз. 15-20 минут демалып жата тұрыңыз. Содан соң жылы сумен жуып тастаңыз.......
Кеңестер
Толық
0 0

Табысты адамды қалай тәрбиелейміз

Көрген өнегесі мен алған тәрбиесінің арқасында адам табысқа жете алады. Баланың жетістікке жетіп, мақсатқа қол жеткізуі – ата-ананың берген бағыт-бағдарына байланысты. Жалпы, табыс деген не? Бақыт, денсаулық, өз еңбегімен жетістікке жету. Осы сөздермен баланы қанаттандыра білген ата-ана баласының еңбегін, жетістігін көре алады. Ата-ана тағы қандай бағыт бере алады?

1. Спортпен шұғылдану

Спорт – табысты адамға таптырмас серігу. Бала мұнда жауапкершілік, топ болып жарысу, топтың намысын қорғау секілді құндылықтарды боына сіңіре алады. Топ болып жарысып жүріп, бала жеңіс пен жеңілістің не екенін біледі. Спортқа деген ниеті бар бала қабілетті болады. Жеңіске жетіп, дандайсып ктепеу, жеңіліске ұшырап, тауы шағылмау.......
Кеңестер
Толық
0 0

Жаңғақ өттегі тасты түсіреді

Адам ағзасының қызметін қалыпта ұстап отыру үшін күнделікті рационға жаңғақтың түр-түрін енгізіп отырған жөн, себебі жаңғақтар — ми, жүйке жасушалары мен сүйектердің қызметі үшін қажетті бағалы қорек.

Тал жаңғағының құрамында А, С, РР, В тобының дәрумендері, барлық қажетті амин қышқылдары, фосфор, калий, темір, магний, мырыш сияқты минералды элементтер бар. Жаңғақтар клетчаткаларға бай және асқазанның перистальтикасына әсер етеді. Оларды бауыр ауруларында, атеросклерозда және кейбір жүрек-қан-тамыр ауруларында қолданған дұрыс. Бұдан басқа, гастритте қышқылды қалпына келтіреді ......
Кеңестер
Толық
0 0

Матрастағы дақтан құтылудың жолы

Кейде матрасқа қолымыздағы нәрсені төгіп алып, дақты кетіре алмай жатамыз. Әсіресе кішкентай балалары бар үйде мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Ал бүгәнгә таңда матрастың бағасы өте қымбат тұрады. Сондықтан біз сіздерге матрастағы дақтан ешқандай химиялық қоспасыз құтылудың жолын ұсынамыз.

Ол үшін:

- 235 мл сутек тотығы;
- 3 ас қасық ас содасы;
- сабын немесе ыдыс-аяқ жуатын құрал керек.

1. Қоспаны алдын ала дайындап, сақтап қоюдың қажеті жоқ. Өйткені ол көп тұрып қалса, дақ кетіргіш қасиетін жоғалтады. ......
Кеңестер
Толық
0 0

БАЛАНЫЗҒА ТІС ШЫҒА БАСТАДЫМА

Сәбиге алғаш тіс шықан кез. Баласы бар аналардың бұл сәт есінде болар. Немесе мұндай кезең сізді де күтіп тұрса керек. Осындай кезеңді қиындықсыз өткеру үшін және баланың тісі шыққанда бірден көмектесетін халықтық әдісті назарларыңызға ұсынамыз!

Сәбиге ең алғаш тіс шыққанда анасының таза саусағын құмарлана шайнағаны да жеткілікті.

Осы сәтте саусақпен баланың қызыл иегін уқалау әдісін қолданып көріңіз. Саусағыңызға шүберек орап алып, содаға немесе бура ерітіндісіне (1стакан суға бір қасық) малып қызыл иекті сүртіңіз. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Беттегі қара дақтардан тез арада құтылуға арналған маска

Жарты лимонды аласызда, 1-2 тамшы бал тамызып, бетіңізге жағасыз. Әсіресе мұрынға, иек астына. Жағып болғанда қара дак көп жерге, лимонды ұстап коясыз. 5 минут өткенде салқын сумен жақсылап жуып тастайсыз.
Сіз сол сәтте нәтижесін байқай бастайсыз. Соған қоса лимон пигмент дақтарын ағартуға септігін тигізеді, ал бал бетті сəбидің терісіндей жұмсақ əрі əдемі болуына септігін тигізеді.......
Кеңестер
Толық
0 0

Тойға дайындық: Қалыңдық қорқынышы

Үйлену оңай, үй болу қиын дегенмен, үйлену тойының да қиыншылықтары жетерлік. Әр ұсақ-түйегіне дейін ұйымдастырып, реттеп қою қыз баласының, әйел адамының мойнында. Сондықтан олар той жөнінде ер азаматтарға қарағанда көбірек бас қатырады. Бірі тойды уайымдап біраз салмақ тастаса, бірі уайымнан көп тамақ жеп қойғанын да білмей қалады.

Өмірде бір рет келетін отау құру тойы сценариі жазылған концерт секілді бірқалыпты өтіп кетпей, нағыз мерекеге айналып, қуаныш сыйласын десеңіз бүге-шүгесіне дейін алдын ала ойластырып қоюға тура келеді.

Тойға дайындық басталғаннан өзіңізді ханшайымдай сезініңіз. Барлық істі үтір нүктесіне дейін қалай орындалуы керегін түсіндіріп, ең сенімді адамдарыңызға тапсырыңыз. Той кезінде өзіңіз тек тапсырмалар орындалғанын қадағалап отыратын басқарушы боласыз.......
Кеңестер
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Ата-ана және тұрмысқа шыққан қыз)

Таныс емес тағдырдың әні кімге!
Титықтайды тұрмыстан кәнігі де.
Баласы бар,
Байы бар келіншектің
Ата-анасыз күні жоқ әлі күнге.
«Қызық көріп бетінің қызылында»
Тапсын ұлдың түзігін,
Бұзығын да!»,—
Деп бергісі кеп тұрса шешесінің, .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Түнімен телефоннан көз алмайтындар назарына

Британдық дәрігерлер смартфонды қараңғыда қолдану уақытша көруден айыратынын айтты. 22 және 40 жастағы екі келіншек көз жанарларының кейде 15 минут көлемінде көрмей қалатынын айтып шағымданған. Аурудың белгісі туралы New England Journal of Medicine журналында жарияланды.

Мұндай жағдайда бір көз жарыққа, екіншісі қараңғыға үйреніп қалады. Смартфонды сөндірген кезде жарыққа үйреніп қалған көз біраз қараңғыны қабылдай алмай қалады. Уақытша көрмей қалудың басты себебі – осы.

Көз жанардың әр түрлі адаптациясынан болатын жайсыздықтан сақтану үшін, дәрігерлер қараңғыда смартфонға екі көзбен бірдей қарауға кеңес береді. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Тойға дайындық Қалыңдық қорқынышы

Қалыңдықтар той дайындығы кезінде мынадай мәселелер бойынша алаңдайды екен:

– Көңілім бұзылып, көзіме жас келсе кірпігімдегі тущ ағып кетеді. Мұндай мәселе туындамас үшін суға ақпайтын тущ жағыңыз немесе қазір барлық қалыңдыққа ұсынылатын жасанды кірпікке бір күнге рұқсат беріңіз.

– Туфлиімнің өкшесі сынып қалса... Тойда қарбалас кезінде түрлі жағдай болуы мүмкін. Сондықтан барлығын ерте ойластырып қойыңыз. Бойыңыз тым кіші болса, бұл мәселе алаңдатпай қоймайды. Мүмкіндік болса, тағы бір өкшелі туфли жаныңызда жүрсін. Бойыңыз жолдасыңызбен қарайлас болса, жай табан аяқ киім алып, мейрамхананың (той өтетін жердің) сенімді жеріне қойыңыз.......
Кеңестер
Толық
0 0