Шариғат бойынша кімдермен некелесуге болмайды

1. Өмір бойы бір-бірімен үйленуге болмайтындар:
Жақын туған-туыстары. Олар: аналары мен әжелері; бірге туған әпке-қарындастары және олардың қыздары мен немерелері; Сонымен қатар, әкесі не шешесі бөлек әпке-қарындастары және олардың қыздары мен немерелері де үйленуге болмайтын кісілер қатарында; бірге туған немесе әкесі бір, шешесі бөлек, не шешесі бір әкесі бөлек аға-інілерінің де қыздарымен және немерелерімен некелесе алмайды[1]. Сондай-ақ, әке жағынан ағайын әпке-қарындастарымен және нағашы әпке-қарындастарымен[2] де үйленуге болмайды.

Сүт бауырлары: Әйелдің туған баласы туысқандарынан кімге үйлене алмаса, сол секілді сүт емген бала да олармен некелесе алмайды[3]. Айта кететін маңызды нәрсе, «сүт бауырлыққа» байланысты үкімдер тек сол емшек емген балаға ғана қатысты. Оның (әлгі сүт анадан ембеген) аға-інілеріне және әпке-қарындастарына қатысы жоқ[4].......
Кеңестер
Толық
0 0

Безеуге қарсы маскалар

Терінің ең көп тараған ауруы – безеу. Безеу көбінесе 14-16 жастағы балаларда болады. Бұл – жыныстық жетілудің уақытша қосымша әсері. Май бездерінің шығаратын өзегі бітеледі де оған ауру тудыратын микробтар түсіп, қабынады. Айналасындағы тері тығыздалып, қызарады да кішкентай түйін пайда болады, ол жиі іріңдейді. Олар уақытша пайда болады, бірақ терінің көп бөлігіне жайылып ауыруы мүмкін. Безеу бетті, кеудені, арқаның жоғары бөлігін зақымдайды.

Көптеген адам безеуден құтылу үшін қымбат дәрілермен, кремдер сатып алады. Негізі, безеуді үй жағдайында безеуге қарсы маска жасау арқылы емдеуге болады. Үй жағдайында безеуге қарсы маска жасау сіздің қаржыңызды үнемдейді. Үй жағдайында безеуге қарсы мынадай маскалар жасауыңзыға болады. ......
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық
0 0

Балалар киімін жуу

Бала киімдерін жууға кірісетін болсаңыз, құлақ асуға тұрарлық бірнеше кеңесіміз бар:
1. Кез келген жаңа киімді алдын ала жуып алыңыз.
Балаңыздың терісін қажамай, жарақаттамас үшін өзіңіздің де, баланың да жаңа киімдерін жуыңыз.
Кір жуу жай ғана тазартудан басқа, тасымалдау немесе қоймада сақтау барысында заттарға қонып қалуы мүмкін химикаттар пен майлардың дақтарын кетіруге көмектеседі.
Балаңыздың терісіне тиетін бірнеше зат:
• Киім
• Ішкі киім (теркөйлек, жөргектер, шұлықтар, дамбалшалар, пижамалар)
• Көкірекшелер
• Төсек-орын тыстары (ақжайма, жастыққаптар, сейсептер және т.б.)
• Жаялықтар
• Автокресло, бесік-арба және матамен қапталған бала манежі
• Ананың жеңіл жейделері
Бірақ барлық шараларды орындағанда, асыра сілтемеңіз, әрбір затты жуып отыру қажет емес. Балалар жылдам өседі, кейбір заттар балаңызға қажет болмай қалуы мүмкін. Сондықтан киімнің бір бөлігіндегі баға көрсеткіші бар заттаңбаны сақтап қойыңыз – онда Сіз оларды дүкенге қайта өткізіп, егер қажет болса, сатып жіберіп те аласыз. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Күйікті емдеуге қарапайым кеңес

Тұрмыс барысында әртүрлі себептерден дене зақымдалып отырады. Күйік солардың бірі. Төменде күйікті емдеудің қарапайым әрі өнімді әдістеріне тоқталамыз.

✅ 1. Алдымен суық сумен күйген жерді тазалап жуамыз. Сосын жара аузын суық суда жарты сағаттай тұрғызу керек. Әдетте судың температурасы қаншалықты төмен болған сайын, соншалықты өнімді болмақ (бірақ, 5С төмен болмауы керек). Бірақ әдетте қайнаған су болса бұл әдісті қолдануға болмайды.

✅ 2. Аз мөлшердегі тұзды суды жара орнына тамызып қойсаңыз қабынудың алдын алады. ......
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық
0 0

Кока Кола сусынының 12 пайдасы

Кока-Коланың қандай құпиясы бар? Естімеген елде көп демекші, бұл сусын туралы әлі де білеріміз көп екен. Бұған дейін оның адам денсаулығына зиян екендігі туралы ғана айтылған болатын. Сондықтан біз оны күнделікті тұрмыста қалай пайдалануға болатындығы туралы ақпарат ұсынуды жөн көрдік.

✅ 1. Егер кәстрөлді күйдіріп алған болсаңыз, ішіне Кока-Кола құйып қайнатыңыз. Кәстрөліңіз көз алдыңызда жаңарады.

✅ 2. Кез келген суретті ескі етіп көрсетуге болады. Ол үшін суретті Кока-Колаға аз ғана батырып, кептіру қажет. Бірақ суретті толықтай суландырмаған жөн, әйтпесе құртылады. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Шәугім тазартудың бір әдісі

Уақыт өте келе шәугімнің түбіне қақ тұрып қалады. Оны тазартуға лимон қышқылы көмектеседі.

Қақ – шәугімнің түбі мен қабырғаларына тұрып қалатын ізбесті тат. Ол су құрамындағы тұздан пайда болады.

Қақ ағзаға енсе, бауыр мен несеп-жыныстық жүйесіне зияны тию мүмкін.

Дүкенде ұсынылатын химиялық құралдар адам ағзасына зиян. Әрі ол шәугімді қаспақтан 100 пайыз тазартатынына кепіл жоқ. Сол себепті денсаулыққа еш зияны жоқ, әрі арзан құрал – лимон қышқылын пайдалануға кеңес береміз.......
Кеңестер
Толық
0 0

Киімдегі кофе дағын кетіру тәсілдері

Халқымыздың қымыз бен қара шәймен қатар таңертең кофе ішетін әдеті бар. Әсіресе жұмыста сергек жүргенді ұнататын қала тұрғындары жоқ емес. Бұл сусын бойға ерекше күш-қуат беріп, ұйқыны ашуға көмектеседі. Денсаулыққа зиян тигізетін тұстары да жоқ емес. Алайда біздің айтайын деп отырғанымыз бұл емес...

Таңертең оятқыштың шырылдағанын естімей, артынша кешігеміз деп төсектен асыға тұрып, жиналып жүріп байқамай кофе төгіп алатын әдеміз бар. Ол өзінен кейін дақ қалдырады. Киімнен ол дақты қалай кетіруге болады? Сол туралы сөз қозғайық. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Туфли тар болса

Күзде жаңадан алған туфли көбіне аяғымызды қажайды. Көшеде келе жатып жүру қиынға соға бастағанда «аяқ киімің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда?» деп іштей еріксіз күбірлейміз. Ал туфлиді кеңейтуге, аяқты қыспайтындай етуге болатынын білеміз бе?

Аяқты қысатын туфлиді қандай жағадайда кеңейтіп әуре болмау керек, алдымен соған тоқталайық:

- ұзындығы кішкене;

- 2 не одан да көп өлшемге кішкентай;

- жиек тігісі тар;

- жасанды материалдан тігілген болса.......
Кеңестер
Толық
0 0

Қарлыған деген не және оның пайдасы

Қарлығанның (крыжовник) шыққан жері Батыс Еуропа және Солтүстік Африка саналады. «Жабайы» қарлыған Кавказ, Орта Азия, Орта және Оңтүстік Еуропада кең тараған.

Қазіргі кезде қарлығанның түрлері көп. Қарлығанның басқа да атаулары кездеседі: Африкалық, Бауырсақ (Колобок), Малахит, Солтүстік Капитан, Сириус және т.б. Оның әрқайсысы басқаларынан өзіндік ерекшелігімен (суыққа төзімділігімен, жылдам өсуіне немесе өлшеміне байланысты) ажыратылады. Киви — қытай қарлығанын сыпайыландырған жеміс.

Қарлығанның түрлерінен басқа оның «туысқандары» болады. Мысалы, қарақат қарлыған тұқымдастығына жатады. Қарақат пен қарлығанды будандастыру арқылы йошта атты жидек алынған. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Әйеліңізді бақытты ету үшін 35 кеңес

1. Ашушаң болмаңыз, әйеліңіз сіздің жаныңызда өзін қауіпсіз сезінсін.

2. Үйге келгеніңізде әйеліңізге «Ассалямуалейкум» деп амандасыңыз. Ондай үйге шайтан жоламайды.

3. Пайғамбарымыз (ﷺ) әйелді аялап ұстауды қажет ететін хрусталь ыдысқа теңеген. Әйел табиғаты өте нәзік. Онымен қарым-қатынаста өзіңізді барынша қадағалаңыз.

4. Әйеліңізге кеңесті оңашада әрі өте жұмсақ айтыңыз. Оның кемшіліктерін жұрт алдында ауызға алудан абай болыңыз.

5. Жомарт болыңыз, әйеліңізге сараңдық танытпаңыз ......
Кеңестер
Толық
0 0