Өкшеңіз жарылса

Әсірісе, жаз уақытында өкшенің жарылып кетуі көптеген қыз-келіншектерде кездесетін жағдай. Ондайда қабыршық пен артық теріні ұстарамен қырып тастаудан аулақ болыңыз. Артық тері ұстарамен қырған сайын жалбырай түседі. Ал артық теріден арылмай крем жағудың нәтижесі болмайтынын да ескергеніңіз жөн. Сонымен қатар өкшені жұмсартып алып та тазартуға болмайды. Дұрысы жуынардың алдында өкшеге крем жағып, біраз жүру керек. Сосын өкше қырғышты сулап алып, құрғақ өкшені ысқылайды. Өлі терінің қалай түсе бастағанын сонда көресіз. Процесс тоқтап қалса, қырғышты сулап алып жалғастырыңыз. 2-3 рет қайталаған соң жуынуға болады. Душтан соң жұмсақ өкшеге крем жағып қойыңыз. Бес күн жасаған емнен соң өкшеңіз жұмсарып қалады. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Өміріңізді құр өткізіп жатқаныңыздың 13 белгісі

Өміріңізді құр өткізіп жатқаныңыздың 13 белгісі
Және сіз мұны байқамай жүрген болуыңыз да мүмкін.

Тәжірибелі психолог және ұстаз Кэрол Морган, оқырмандарына 2 сұрақ қояды: бала күнінде кім болуды армандадыңыз және сол арманыңыз іске асты ма? Теріс жауап бергендерге өмірлерінің құр өтіп жатқандығын білдіретін 13 белгіні айтқан екен. Кэрол ұсынған мақаланы оқып көріңіз.

1. Сіз лайықсыз заттарға тым көп уақыт жұмсайсыз

Бейнеойындар. Теледидар. Интернет. Тым көп тамақ. Шамадан тыс ішімдік. Тізімді жалғастыра беруге болады. Өміріңізге байсалды қараңызшы. Уақытыңыздың көп бөлігін қайда және қалай өткізесіз? Бұл сізге пайда әкеле ме? Бұл сізді жақсы өмірге жетелей ме? Егер жоқ болса, сізге күнделікті әрекеттеріңізді қайта қарастырып, өзгерістер енгізу қажет. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Гүл өсіру әдісі

✅ Гүл туралы, оны отырғызу туралы да бұдан бұрын жазылған. Адам өмірі бір орында тұрмайды. Тұрмыс өресі жоғарылайды, бүгінде отбасында гүл өсіру үй шаруасының бір бөлігіне айналған. Үйде өсірілген гүл ауаны тазартып, адамға демалыс сыйлайды. Ендеше, үй ішін ластамайтын әрі гүлді уламайтын, гүл егілген топырақтағы азықтық құрамды арттыратын, гүлдің өсіп-жетілуін жақсартатын, зиянды жәндіктерді жоятын қарапайым әдістерді таныстырамыз.......
Кеңестер
Толық
0 0

Басыңыз ауырса

Әлемдегі әрбір бесінші адам бас ауруынан зардап шегеді екен. Олардың көбі – бас сақинасы ауруына шалдыққандар. Алайда жай күнде басымыз ауыра бастаса, дәрі-дәрмекке жүгінеміз. Оның ішінде кейбірі денсаулыққа кері әсер ететіндіктен, дәрі-дәрмексіз де емдеуге болатын ем-шара түрлерін назарларыңызға ұсынамыз.

1. Қатты бас ауырғанда желкеден бастап белге дейін массаж жасап, басуға болады;

2. Күніге таңертең 1 стақан сүтке 1 ас қасық бал салып, 0,2 гр тасдәріні (мумие) қосып ішу керек;......
Кеңестер
Толық
0 0

Безеу картасы және безеуге қарсы күресу жолдары

✅ 1 және 2. Ас қорыту жүйесі - өнделген және денсаулыққа пайдасы кері тағамдарды аз жеңіз. Май үлесі аз тағамдарды көбірек тұтынған жөн.

✅ 3. Бауыр - Ішімдік, майлы тағамдар, сүтті тағамдардан бас тартыныз. Осыған қоса күніге жеңіл жаттығулар жасаңыз. Көбірек ұйықтаныз.

✅ 4 және 5. Бүйректер - көз айналасындағы барлық ақаулар (оған қоса айналасының қарайуы ) бұл бүйректердің қурап бара жатқаның көрсетеді. Көп мөлшерде су ішіңіз.

✅ 6. Жүрек - артериялық қысымды және В дәрімен деңгейін тексеріңіз. Ащы тағам, ет жеуді азайтыныз. Таза ауада көбірек болыңыз. Оның үстіне холестерин деңгейін төмендетініз. Пайдасыз майлы тағамдарды пайдалы майлы тағамдарға ауыстырыныз. Мысалы: жаңғақтарда, авокадода, балықта, зығыр дәнегіңде пайдалы Омега-3 пен Омега-6 үлесі бар. Соған қоса осы аймақта тері өткізетін бет терісінің тесіктерінің бітелуі ескірген макияж немесе мерзімі өткен косметика себеп болуы мүмкін. Осыған да аса көңіл бөліңіз. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Тұзбен емделіңіз

Күнделікті тұрмыста қолданатын тұздың қаншалықты пайдалы екенін білесіз бе? Оның адам денсаулығына тиімді тұстары өте көп. Әсіресе салқын тигеннен пайда болатын аурулардың алдын алуға көмектеседі.

1. Ангина

1 стақан жылы суға 1 шай қасық тұз...
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық
0 0

Балаларға арналған дәмді әрі пайдалы езбе сорпалар

Езбе сорпалар ағзамыз үшін өте пайдалы. Олардың қоректік қасиеті жоғары әрі тәбетіңізді ашатындай хош иісті болады.

Брокколи езбе сорпасы

Құрамы: 0,5 кг брокколи, 1 пияз, 1 стақан кілегей (майлылығы 10%), 2 стақан су немесе сорпа, тұз, бұрыш.

Дайындалуы: Пиязды тураңыз. Алдын ала қыздырылған майға пиязды қуырып алыңыз. Тұз салынған қайнаған суға немесе сорпаға броккольді салыңыз. Дайын болғанша қайнатыңыз. Ең соңында сорпаға қуырылған пиязды қосыңыз. Дайын болған қоспаны бір қалыпты құрамға келгенше блендерде езіңіз. Дайын болған езбені қайтадан кәстрөлге салып, үстіне бір стақан кілегей, қалауыңызша тұз, бұрыш қосып, қайнатпай, сәл ғана жылытып алыңыз. Езбе сорпа дайын......
Кеңестер
Толық
0 0

Қай дәрумен қай тағамда болады

Ағзамызға С дәрумені жетіспейді, РР дәрумені жетіспейді деген сөздерді жиі естиміз. Ал жеткіліксіз дәруменді толықтыру үшін қандай тағамдар тұтыну керегін білеміз бе? Білмесек, оқиық.

А дәрумені – сәбіз, цитрусты өсімдіктер, кілегей майы, сыр, жұмыртқа.

В1 – жаңғақ, сұлы (овес).

В2 – соя бұршағы, брокколи орамжапырағы, жұмыртқа сарысы, сыр.

В5 – бұршақ, күріш, саңырауқұлақ, бауыр, ет өнімдері. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Бал беттегі қара нүктені кетіреді

Балдың пайдасы ұшан-теңіз. Оны тек пайдалы ас түрінде ғана емес, сұлулықты сақтаушы ретінде де қолдануға болады. Сондықтан бал үйіңізде міндетті түрде тұруы керек.

? Беттегі қара нүктені кетіретін бал маскалары:

5 қасық балға 1 қасық тұз салып, араластырамыз. Қоспаны бетке жағып, 10-15 минуттан кейін жылы сумен мұқият жуу керек. Аптасына екі рет жасалады.

1 қасық ас содасын суға қосып ерітіп, 1 қасық бал қосамыз. Масканы бетке 10 минутқа қойып, жылы сумен жуамыз. Маска бетті қара нүктеден, артық заттардан тазартады.......
Кеңестер
Толық
0 0

Ойландыратын өмірлік оқиғалар

1. Бүгін бір әріптесім екіншісін мазақ етті. Әлі күнге дейін көлігің жоқ, жұмысқа қоғамдық автобустармен жүресің деп күлді. Сәлден кейін сол әріптесім банктен несиесін шегере тұруын өтініп отырды. Өмір-ай...
2. Бүгін пациентіме баласының сол қолы кеміс болып туатынын айттым. Ал ол болса: «Мен баламның ерекше жаратылыс болатынын білгем» деді!!!
3. Бүгін бір таныс әйел қызы қайтыс болғанда қалай қиналғаны туралы айтып берді. Қайғыдан қан жұтып, есін көпке дейін жинай алмапты. Өмір тоқтап қалғандай. Жоқтау айтып, жылаудан өзін тыя алмаған. Бір күні түс көреді. Түсіне кішкентай қызы кіріпті. Екі үлкен шелекпен су әкеле жатыр екен. Әр қадамын әрең басып, әлгі шелектерді әупірімдеп қиналыспен әкеле жатқаны анық көрінеді. Анасы одан: «Не әкеле жатырсың?» деп сұрайды. Оған қыз «Сіздің көз жасыңыз, анашым» деп жауап беріпті. Сол түсті көрген соң танысым есін жиып, бекер жылауын тыйыпты.......
Кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық
0 0