Алоэ өсімдігінің емдік қасиеттері

✅ Сонау есте жоқ ерте замандарда адамзат баласы дәрі-дәрмек деген дүниені мүлде білмейтін. Олар өздерінің сырқаттарынан айығу үшін халықтық амал-тәсілдердің көмегіне жүгінетін еді. Сондықтан да, шөптерден жасалған дәрілер бүгінге дейін маңызын жоғалтпай келеді. Және де дәрілік өсімдіктер адам денсаулығына ине мен дәрі-дәрмекке қарағанда, әлдеқайда қауіпсіз келеді. Себебі, таблеткалардың құрамында сіздің ағзаңыз қабылдай алмайтын химиялық заттар болуы мүмкін. Бірақ біздің айтқымыз келгені бұл емес еді...

✅ Сіздің үйіңіздің терезесінде алоэ аталатын кереметтей өсімдік өсіп тұр ма? Жоқ? Өте өкінішті. Осы жазбадан кейін алоэны өсіріңіз. Ол сізді өзінің жасыл көйлегімен ғана емес, шипалық қасиеттерімен де қуантатын болады.
Жер бетінде алоэның 300-ден астам түрі бар. Және оның әрбірінің өзіндік қасиеттері бар. Мәселен, бұта қалпындағы түрі ішкі ағзаға жақсы әсер береді, ағаш түріндегі алоэ сыртқы сырқаттарға қарсы тұра алады. Алоэ өте қарапайым, оның өсуіне ылғал мен жарық жеткілікті. Оның көбеюі де қиындық тудырмайды: ұрықпен де, бұталармен де, сабақтармен де, тіпті жапырағымен де өніп кете алады. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Асқазан өт жолдарын үй жағдайында емдеу

✅ Ең алдымен, шылымнан бас тартыңыз. Никотин - асқазанның жауы. Шылым асқазан жарасының пайда болуына тікелей әсер етеді. Сондай-ақ ішімдіктің де зиянды екенін естен шығармаңыз.

✅ Асқазан жарасынан арылу үшін ағзаңызға жасұнықтың көп мөлшерін жіберіңіз. Неғұрлым көп болған сайын, соншалықты жақсы. Жасұнық алмұрттың, шабдалының, алманың құрамында өте көп. Және де фасоль мен бұршақ тұқымдастар да сізге жақсы әсер етеді.

✅ Пиязды жақсы көріп жесеңіз, асқазаныңыз рақмет айтатын болады. Тым болмағанда күніне жарты пиязды жеуге тырысып бағыңыз. Немесе пияздың көп мөлшері бар салаттар мен жеңіл тағамдарды серік етіңіз. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Біліп жүріңіздер

10 бәледен құтқаратын 10 сүре
1. «Фатиха» сүресі – Алланың қаһарынан қорғайды.
2. «Иә-Сиин» - қиямет күні шөлден құтқарады.
3. «Духан» - Қиямет күні болатын қорқыныш пен үрейден құтқарады.
4. «Уақиға» - кедейлік пен мұқтаждықтан,
5. «Мүлк» - қабір азабынан сақтайды.
6. «Кәусар» сүресі - өзгелердің жек көруінен сақтайды.
7. «Кәфирун» - ақыреттегі өмірге сенбей, кәпір болып өлуден,
8. «Ықылас» - екіжүзділік пен өтіріктен сақтайды.......
Кеңестер
Толық
0 0

Күріш суының денсаулыққа пайдасы

✅ Ежелгі Қытай рецептілері тәніміздің саулығын сақтайды. Уақыттың өзі тексерген медициналық білім әдеттегі құралдар пайдасын тигізбеген кезде көмектеседі. Қытайлықтар күрішті ерекше жақсы көреді. Бұл тағамды көп тұтынатындары да кездейсоқтық емес.

✅ Дұрыс дайындалған күріш – өмірді ұзартып, ағзаны қажетті заттектермен қамтамасыз етіп отыратын, өте пайдалы тағам. Күріш жеп отырған кезде, ағзаңыздағы токсиндер сыртқа шығады. Асқазан мен ішек жұмысын ретке келтіреді......
Кеңестер
Толық
0 0

Әрдайым сымбатты көрініп денсаулығым мықты болсын десеңіз ас мәзіріңізге пайдалы 12 тағамды енгізіңіз

1. Сүт

Адамзат баласы дүниеге келген кезде әуелі ана сүтін қорек етеді. Ана сүті өмірге келген жас сәбидің дамып, өсуіне ықпал етеді. Себебі, оның құрамында балаға қажетті элементтер бар.

Жас сәбиге сүт қаншалықты қажет болса, үлкен адамдарға да соншалықты қажет. Сүт құрамындағы ақуыз тырнақ, шаш өсімін жақсартып, сүйектердің қатайып, мықты болуына әсер етеді. Дәрігерлердің айтуы бойынша, күнделікті майлылығы төмен сүт өнімдерін пайдалану ас қорыту жүйесін жақсартады.......
Кеңестер
Толық
0 0

Мінезімді түзеймін десеңіз

Қолыңызға қағаз бен қалам алып, тізім жазуға кірісіңіз. Бір жағына өзіңізге ұнамайтын қасиеттеріңізді, екінші жағына өзіңізге қажетті қасиеттерді тізіп жазыңыз.

Сіздің қандай негативті жақтарыңыз бар екен жақындарыңыз айтып бере алады. Бұл жолмен сіз өзіңізге сырт көзбен қарай аласыз. Жақындарыңыз сізге бар шындықты айтсын десеңіз, оларға ренжімей, сынды дұрыс қабылдай біліңіз.

Тізіміңіз дайын болған соң, жағымсыз қасиеттеріңізді түзейтін амалдарды жазуға кірісіңіз. Мысалы, жалқаулықты қандай да бір белсенді әрекетпен, пессимизмді позитивті ойлармен, ашу-ызаны мейірімділік, ізгілікпен, батылсыздықты ойдағы нәрселерді іске асыруға әрекет жасаумен түзеу секілді тәсілдерді тізіп жазыңыз.

Мінезіңіздің өзгеруі өміріңізге қандай өзгерістер алып келетінін елестетіп көріңіз. Алайда, бұл әрекет оңай емес екенін ұмытпаңыз.

Кейде сырт келбетіңізді өзгерту мінезіңіздің өзгеруіне де септігін тигізеді, әсіресе, әйелдер қауымында.

Мінезіңізді түзеу үшін, ең алдымен, ішкі жан дүниеңіздегі, түйсігіңіздегі тұрақталып қалған қағидаларды өзгерту керек, себебі, онсыз мінезіңіз өзгерсе де қысқа мерзімге ғана жетеді.......
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық
0 0

Шашты қалай тез өсіруге болады 12 кеңес

Негізгі бет > Ана әлемі

Шашты қалай өсіруге болады

Erketai / Май.15.2015. / 7 пікір
Шашты қалай тез өсіруге болады 12-кеңес.

1. Шаштараздың қызметінен бас тартыңыз бірақ, шаштың ұштарын үш ай сайын реттеп отыруға болады.

2. Қолданатын тарағыңызды жиі ауыстырып тұрыңыз, тарақ табиғи материалдан жасалғаны дұрыс(мысалы ағаштан немесе пластмассадан) тек темір болмауы тиіс.

3. Күніне екі рет (жиірек) шаштың шатасып қалған тұстарын басыңызды еңкейтіп тарап тұрыңыз бұл бір жағынан бас терісінің қан айналымын жақсартатын массаж болады.......
Кеңестер
Толық
0 0

ЕР ЖІГІТТІҢ НАЗАРЫНА

1.Ердің екі сөйлегені-өлгені. Уәде бермеуге тырыс. Әйтпесе, сөзіңде тұр.
2. Қысқа, нұсқа сөйле. Дауысың анық болсын.
3. Көп тыңда. Аз сөйле. Сөзіңнің артынан ісіңмен үлгеруге жаныңды сал.
4. Өсек айтылатын жерде болма. Кездейсоқ болған жағдайда қосылма. Кесіп тастауға тырыс
5. Таспен атқанды аспен ат- жеңісің! Содан кейін алшақ жүр.
6.Ренжітпе! Жүйелі қарғыс иесін табады.
7. Ешқашан мақтанба! Жұрт мақтасын.
8. Өзіңді сыйла. Өзгелер сыйласын.
9.Күнде өзіңе есеп бер. Өзіңді тәрбиелей бер.
10. Құмар ойын - әлсіздің әлегі. Мықтының рухы биік, денесі шымыр.
11.Үйретері мол мықтылардан ұстаздарың болсын. Бірақ, ешкімді пір тұтпа.
12.Сыйлағанның құлы бол. Кішірею төмендеу емес.
13. Ең алдымен өзіңе өзіңнің көңілің толатындай өмір сүр.
14. Саяхатта. Дүниетанымыңның аясы кеңейеді.
15. Қайтарымынан үмітті болсаң, жақсылық жасама.......
Кеңестер
Толық
0 0

Теріні жасартатын 5 қағида

Бет терісінің түсін жақсарту, ұсақ әжімдерді тегістеу және теріні балғын ете түсу үшін тамақтану мәзіріңізді ретке келтіру керек. Теріні жасартатын 5 қағида ұсынамыз. Жақсы нәтижеге жету үшін бұл қағидаларды қатаң сақтау қажет.

1. Қантқа жоқ деңіз.

Ағзадағы қант — әжімдердің негізгі көмекшісі. Қанттан бас тартсаңыз, нәтижені бірден байқамайсыз. Себебі, бұзылған талшықтар теріден шығып, олардың орнына жаңасы шығуы керек. Сондықтан шыдамды болып, күте білсеңіз, жақсы нәтижеге қол жеткізесіз. Қанттан бас тартқан әйелдердің жақсарып, терісі жасарғанын дәлелдеген зерттеулер көптеп кездеседі. ......
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық
0 0