Реферат: Педагогика | Қоғамдық қатынастар және тұлғааралық қатынастар

Саяси психология ғылымы адамдардың психикалық әрекеттерін зерттеуді объективті түрде жүргізіп, психикалық ағымдар, әрекеттер ақиқатта қалай болса, сол қалпында өзгертілмей зерттелінеді. Психикалық әрекеттердің және функциялардың әрқайсысы жеке-жеке әрекет етпейді, бірімен-бірі қарым – қатынаста байланысып, немесе шиеленісіп отырады. Сондықтан оларды зерттеген уақытта жеке психикалық фунцияларды өз алдына бөліп, оқшаулап зерттемей барлық психикалық әрекеттердің бірімен-бірі қандай байланысы, қатысы барлығын ашып зерттеген жөн. Психикалық әрекеттер бір қалыпта өзгермей тұрмайды, әр уақытта өзі дамып отырады. Ол сыртқы дүниенің адамға әсер етуімен байланысты болып келеді. Адамның психикалық әрекеттерін зерттегенде олардың қалай дамып, заңды болуын зерттеп отыру керек....
Рефераттар
Толық
0 0

Өмірбаян: Раисова Бақытжан Мұқтарханқызы (1959 жылы 6 қазан)

Раисова Бақытжан Мұқтарханқызы (1959 жыл 6 қазанШығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Еңбек аулы) - ақын.

1976 жылы көршілес Шыңғыстай аулындағы орта мектепті бітірді. 14 жасынан өлең жазып, әдебиетке деген ерекше құштарлығымен көзге түскен.

1965-1967 жылдары Москвадағы сценаристер мен режиссерлер дайындайтын жоғарғы курсты тәмәмдаған .

1976 жылы Бақытжан Раисова С. М .Киров атындағы (қазір Әл Фараби атында) Қазақ Мемлекеттік университетіне қазақ тілі мен әдебиеті бөліміне оқуға түседі. Университеттегі ұстаздары Р.Нұрғалиев, З.Қабдолов, Т.Кәкішев, А.Оразбаева Бақытжанның әдебиетші - маман ретіндегі жан-жақты білімін, табиғи берген ақындық дарынын ұштауға, тереңдете түсуге сәулелі жол ашқандай болады ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Танымдық іс-әрекет жеке тұлғаның дамуындағы қарым- қатынас рөлі

Кіріспе.
Мақсаты: Жеке тұлғаның дамуындағы қарым – қатынастатың және іс-әрекеттің ролін анықтау.
Міндеті:
- Жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі және қалыптасуының негізгі ұғымдарын ашу.
-Жеке тқлғаның қалыптасуының философиялық-әдіснамалық негіздерін сипаттау.
-Мұғалімнің іс-әрекеті ролін жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының жетекші факторы ретінде негіздеу.
Өзектелігі: Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандықтарға жолдауында стратегегиялық ерекшеліктері анықталған. Жолдауда айтылғандай келер ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш – «адамдар, олрардың еркі, жігері, табандылығы, білімі» - деп атап көрсетті. Шынында да Қазақстанның болашақ ұлдары мен қыздары нағыз білімді де, білікті заман талабына сай, жаңаша оқытылып, үйретілген. Халық мүддесін биік қоятын мамандар болуға тиіс екендігі түсінікті.
Бүгінгі таңда жас ұрпаққа әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениетін арттыру біздің басты міндетіміз.
Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын талап етеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Мұқағали Мақатаевқа арнау

Дара тұлға, ақиық ақын, бір өрен,
Жүрегінен ағылып жатыр жыр-өлең.
Өткені оның толы болды азапқа,
Азапқа толы, өмірі оның күйбелең.

"Неңді сенің аңсаймын, бала шағым?"
Деп жырлады, жас ...
Өлеңдер
Толық
0 0

Өмірбаян: Марфуға Айтхожина Ғалиқызы (1936 жылы 25 тамыз)

Марфуға Ғалиқызы Айтхожина (25 тамыз 1936 жылы ҚХР, Шыңжаң өлкесі, Құлжа қаласында туған) – қазақтың жыр аққуы атанған ақын қызы. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009).

Өмірбаяны
Марфуға Айтхожина 1936 жылы 25 тамызда Құлжа қаласында (ҚХР) дүниеге келген. Атасы Айтхожа топжарған шешен, суырыпсалма ақын, ел сыйлаған би кісі болған. Қазақ елінің басына қаралы күн туған кезде бұл кісі алғашқы қүрбандардың бірі болған екен. Ол кісіні "Итжеккенге" айдаған. Ал өз әкесі Ғали арабша, орысша сауаты бар білімді, жан-жақты зиялы адам болған. Ол кісіні де сол жылдары "Қарағаш" мектебінен (сол кездегі Қапал уезі) Алматыға сексен адаммен бірге айдап әкелген екен. Бес баласы аштан өліп, түрмеден қашып, зайыбы Бифатима "Иіруден" қашып, Қытай жерінде табысып, қыздары Марфуға дүниеге келеді. Ақынның балалық шағы қаймағы бұзылмаған, тұнығы шайқалмаған, халқымыздың салт-санасын қаз-қалпында сақтаған ортада өтеді. 1956 жылы Құлжадағы қыздар гимназиясын бітіреді. 1958 жылы атамекенге оралған. 1965 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1971 жылы Мәскеудегі жоғары әдеби курсты бітірген. 1961-1969 жылдары "Қазақ әдебиеті", "Қазақстан мүғалімі" газеттерінде өдеби қызметкер болып істеген. Акынның поэзиясында ерекше бөлек әуен еседі. Көңіл-күй лирикасында адам жанын тебірентетін, ойын толқытатын ерекше бір күш бар. Әсіресе туған жер тақырыбына келгенде сөзден ғажайып суреттер бояуын төгеді.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Бақыт Беделханұлы Әлдибеков (1975 жылы)

Бақыт Беделханұлы Әлдибеков (1975 жылы туған, Ұйғыр ауданы, Сүмбе ауылы) — ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі (2001).

Өмірбаяны
1996 жылы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.
1998 жылы осы оқу орнының аспирантурасын бітірді.
2000 жылы Т.Жүргенов атындағы театр және кино институтын бітірген.
2000 жылдан Астана қаласындағы "Елорда" баспасының редакторы.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Венера Нығматулина Ибрагимқызы (1962 жылы 10 тамыз)

Венера Ибрагимқызы Нығматулина (1962 жылы 10 тамызда Алматыда туған) — танымал кино актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2013). Кино өнері мамандығы бойынша Философия ғылымдарының докторы (2007 жылдан).
Венера Ибрагимқызы 1962 жылы 10 тамызда Алматыда дүниеге келген.
Әкесі - Ибрагимов Махмұд Жүсіпұлы (1938 жылы туған), зейнеткер.
Анасы - Ибрагимова Жанат (1938 жылы туған), зейнеткер.
1990 жылы Ташкент мемлекеттік көркем-театр институтының режиссерлік факультетін "театр және кино режиссері" мамандығы бойынша бітірген.
Орыс және ағылшын тілдерін біледі.
2002 жылдан «Шәкен Жұлдыздары» продюсерлік орталығы ЖШС бас директоры әрі («Звезды Шакена») Алматы халықаралық кино байқауының бас директоры.
2000 - 2002 жылдары Қазақстан Кинематографистер одағының вице-президенті.
КСРО және Қазақстан Кинематографистер одағының мүшесі (1987 жылдан).
2003 жылдан ҚР-да кино өнімін іріктеу және шығару жөніндегі сараптамалық-өндірістік комиссияның мүшесі.
2003 жылдан ҚР Спорт және туризм агенттігтері мен Халықаралық спорт ойындары шектерінде ұйымдастырылған спорт жайлы фильмдер байқауы қазылар алқасының төрайымы.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Ақжол Мейірбеков Нұсқабекұлы (1950 жылы 7 шілде)

Ақжол Нұсқабекұлы Мейірбеков (1950 жылы 7 шілдеде Түркістан облысы Арыс қаласында туған) — Дос-Мұқасан ансамбльінің әншісі. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1994). Құрмет орденінің иегері (2011). Ерен еңбегі үшін медалінің иегері (2005).
Ақжол Нұсқабекұлы 1950 жылы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында дүниеге келген.
Әкесі - Нұсқабек.
Анасы - Айша.
Шымкент қаласындағы Қ.Сыпатаев атындағы орта мектептің түлегі.
Мектептен соң Өзбекстанның Наманған қаласында Музыка училищесін бітірген.
Ташкент ауыл шаруашылығы институтын бітірген (мамандығы аграном).
Еңбек жолы....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Дастен Шәкіров Бақытбекұлы (1987 жыл 21 қыркүйек)

Шәкіров Дастен Бақытбекұлы - актер.
Дастен Шәкіров 1987 жыл 21 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. 1994 жылы Ш.Смаханұлы атындағы №62 қазақ лингвистикалық гимназиясына оқуға түсіп, 2005 жылы аталған білім ордасын бітіреді. Мектеп қабырғасында білім алып жүріп, Тагир Зариповтың джаз музыкалық мектебінде фортепиано сыныбын қызыл дипломмен тәмамдаған.
2009 жылы Халықаралық бизнес академиясының «Қаржы» факультетін бітірген.
Жарнамалық роликтер мен бейнебаяндарға түскен.
Кинодағы дебюті - «Жаным» телехикаясы.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Бибігүл Төлегенова Ахметқызы (1929 жылы 16 желтоқсан)

Бибігүл Ахметқызы Төлегенова (16 желтоқсан 1929 жылы туған, Семей қаласы) — қазақ әншісі (лирикалық-колоратуралық сопрано), КСРО халық әртісі (1967).

Өмірбаяны
1954 жылы Қазақ консерваториясын (Н.Самышинаның ән класы бойынша) бітірді. Ән айтуды көркем-өнерпаздар үйірмесінен бастады. Б.Төлегенованың әншілік талантын танып, оның өнер жолына түсуіне бағыт сілтеген әрі алғаш дәріс берген кеңес жазушысы Г.И.Серебрякова (сол кезде Семейде тұрған) болды.

Б.Төлегенова еңбек жолын 1946 жылы Семейдің ет комбинатында жұмысшылықтан бастады. Бірсыпыра уақыт қазақтың опера және балет театрында істеді.
1965-1971 жылдары қазақ филармониясының әнші-солисі болды.
1971 жылдан Қазақтың опера және балет театрында еңбек етеді.
Б.Төлегенова өнері республика, одақ көлемінде ғана емес, бүкіл дүние жүзіне танылды. Гастрольдік сапармен Үндістан, Алжир, Египет, Сирия, Вьетнам, Польша, Чехословакия, Канада, Швеция, Франция, Италияда болып, өнер толғады. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0