Қазақ тілінен сабақ жоспары: Спорт тұлғаларымен сұхбат (2 сынып, III тоқсан )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:« Тәні саудың – жаны сау»
Сабақтың тақырыбы:Спорт тұлғаларымен сұхбат
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.1.1.1 Сөзді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және оларды дұрыс қабылдайды
2.2.4.1 Мәселеден хабардар екенін көрсете отырып, нақты тақырып бойынша қысқа диалогке қатысады
Сабақтың мақсаттары:Барлығы: тақырыпқа қатысты сөздерді түсінеді
Көбі: тақырыпқа қатысты тірек сөздер мен сөз орамдарымен сөйлемдер құрастырады, сұхбатқа қатысады.
Кейбірі: өзі білетін спортшы туралы айтып береді.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өмірбаян: Бекболат Тілеухан Қанайұлы (1966 жылы 7 тамыз)

Бекболат Қанайұлы Тілеухан (7 тамыз 1966 жыл, Атасу кенті, Жаңаарқа ауданы, Қарағанды облысы) — әнші, жыршы, педагог, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1996), Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Дарын жастар сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжiлiсінің III және IV шақырылым депутаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті (2013 жылдың 24 желтоқсанынан бастап).

Білімі
В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-металлург мамандығы бойынша; Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын халық әндерінің оқытушысы, концерттік орындаушы мамандығы бойынша; Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының аспирантурасын (1995) бітірген. Доцент.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Баянғали Әлімжанов Тақанұлы (1954 жылы 16 қазан)

Әлімжанов Баянғали Тақанұлы (16.10.1954 т.ж. ) - ақын, драматург, жазушы, айтыс ақыны, жыршы-жырау, манасшы, кинорежиссер, сценарийші, актер, әдебиет пен өнер зерттеушісі,мәдениет қайраткері, сыншы, сатирик, кинодокументалист, тележүргізуші.Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Негізінен қазақ тілінде, арасында орыс тілінде де жазады. Діни көзқарасы - мұсылман. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Бейбітшілік пен өркендеу». Хоббиі - жауынгерлік өнер, бокс, шахмат ойыны, сөзжұмбақтар, судоку, кітап оқу, теледидар көру және т.б. Сүйіп оқитын әдебиеті - проза, поэзия, драматургия, кино, айтыс, жырлар, дастандар («Манас»).
Өмірбаяны
Әлімжанов Баянғали Тақанұлы 1954 ж. 16 қазанда Ақмола облысы (бұрынғы Көкшетау, Біржан сал ауданы) Степняк қаласында, қарапайым еңбекшілер отбасында дүниеге келген.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Алтынай Жорабаева Құлажанқызы (1978 жылы 28 қазан)

Алтынай Құлажанқызы Жорабаева (1978 жылы 28 қазанда ОҚО Төле би ауданы Бейнеткеш ауылында туған) — танымал эстрада әншісі. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері (2006). Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2004). Төле би ауданының құрметті азаматы (2013). Құрмет орденінің иегері (2017).

Алтынай Құлажанқызы 1978 жылы 28 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы Бейнеткеш ауылында дүниеге келген.
1995 жылы 1 мамыр орта мектебін тәмамдап, Қожа Аxмет Яссауи атындағы ХҚТУ, өнер факультетіне оқуға түседі. Университетті 1999 жылы бітіріп, аталған университетте 2 жыл мұғалімдік қызметін атқарады.
Алтынай Жорабаева үлкен сахнаға алғаш рет 1997 жылы шығып, облыстық «Арай» байқауында жүлдегер, ал республикалық «Жас қанат-97» байқауында дипломант атанған. Одан кейін де орындаушылық шеберлігін үздіксіз ұштау арқасында 2001 жылы Алматыдағы ХІІ Халықаралық «Азия дауысы» байқауында, 2004 жылы Болгарияның Варна қаласындағы ХІІ Халықаралық «Discovery» байқауында, 2005 жылы Мысырдың Каир қаласындағы ІІ Халықаралық «Александрия» ән байқауында лауреат болды. 2003 жылы Белоруссияда ХІІ Халықаралық «Славян базары» байқауында дипломант, 2004 жылы Латвияның Юрмала қаласында V Халықаралық «Янтарь жұлдызы» байқауында бас жүлде (Гран-При) және 2005 жылы АҚШ-тағы Голливудта өткен орындаушылық шеберліктің әлем чемпионатында екі алтын, екі күміс медальды иеленді. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Ермек Серкебаев Бекмұхамедұлы (1926 - 2013)

Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаев (4 шілде 1926, Петропавл - 16 қараша 2013, Алматы) — әйгілі опералық және камералық әнші (баритон), педагог, КСРО халық әртісі (1959), ҚазКСР халық әртісі (1956), профессор (1982), қоғам қайраткері. Социалистік Еңбек Ері (1986).

Өмірбаяны
Әкесі - Бекмұхамед Хусайнұлы Серкебаев (1896-1976), педагог, жазушы, ақын, драматург, Қазақстан Жазушылар одағының алғашқы мүшелерінің бірі, білім беру саласында еңбек етті. Анасы - Зылиха Сабырқызы (1906—1997), бастауыш кластар мұғалімі болды. Ермек Серкебаев үшінші сыныптан бастап оқуын Алматыдағы № 54 мектепте оқиды. 1941—1943 ж. П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесінде скрипка класы бойынша оқып, отбасының материалдық жағдайына байланысты үш жылдан кейін, оны тастап, Қазақстан радиосына дикторлыққа келеді, оған қоса киностудияның кейбір фильмдерінде осы тұрғыда қызмет....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Бөлтірік Атыханұлы (1870-1928)

Бөлтірік Атыханұлы 1870-1928 жылдары өмір сүрген. Ақыны, жыршы, күйші. Алматы облысы Райымбек ауданы Қарабұлақ ауылында тұрған.

Құланаян Құлмамбеттің шәкірті. Бала кезінде ауыл молдасынан дәріс алған. Жасынан ел аралап, өнер қуған. Жетісу өлкесіне шұрайлы өлеңдерімен ақын ретінде танылған. Атақты Жамбыл, Майкөт, Үмбетәлі ақындармен айтысының үзінділері ғана жеткен.

Күйлері "Терме күй", Жыр күй", "Ән күй" шығармалары сақталынған. Ақын жырларының сақталуына үлес қосқандар Байниет Малыбекұлы, Қайырбек Мәңкеұлы, Садықожа Моштайұлы, Бура молда, Саурықов Сыдық, Әбдірасылов Шәуен ауыздан-ауызға жатқа айтып, ұрпаққа жеткізді. Академиктер Рахманқұл Бердібаев, Кеңес Нұрпейісов, ғалымдар Сәрсенбі Дәуітов, Сағатбек Медеубеков ақын шығармашылығы туралы зерттеулер жазды.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Гауһар Әлімбекова (1971 жылы)

Әнші- сазгер Гауһар Әлімбекова 1971 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай өңірінде көпбалалы отбасында дүниеге келген. Ол гитарада ойнауды 9-сыныпта оқып жүргенде үйренген. Ең алғаш шығарған әні «Сағыныш сазы» деп аталады. Алғаш рет Гауһар жас сазгерлердің «Үкілі үміт» байқауында жарқ етіп көрініп, Исраил Сапарбай, Секен Тұрысбеков, Мұрат Құсайынов ағаларының батасын алды.
Гауһар Әлімбекова өзге әріптестері сияқты сахнаға орынды-орынсыз шыға бергенді ұнатпайды. Журналистерге де жиі сұхбат беруден бас тартады. Мұның себебін әнші бір сұхбатында былай түсіндіреді: «Ауыз толтырып, ел-жұртқа айтатындай тың жаңалықтар болмағаннан кейін, журналистерге қайта-қайта не айта бермекпін?! Бас тартатыным – сол. «Өнер жолы – ауыр жол» дегенді қайта-қайта қайталап, газет-журналға орынсыз жылтыңдап шыға бергенді жақтырмаймын».....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Мектепте жеке тұлғаның қалыптасуы

Кіріспе
Қоғамның ғылыми-техникалық, әлеуметтік – экономиклық дамуы өскелең, ұрпақтың интеллектуалдық, білімділік, жеке тұлғаны қабілеттерін жетілдіре түсуді талап етуде Елбасы Н.Ә.назарбаев өзінің Қазақстан халықына жолдауында болашақ, келесі ғасырға, жаңа мыңжылдыққа, халық болашаққа өтетін құндылықтар туралы айыпты; «Біз өзіміздің заманаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді, осынақындап алатын уақыт жетті. Біз ненің іргесі турғымыз келетін, таңдап алған мақсатымызға алып келетін дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екенін оның білуге және ұғынуға тиіспіз». Жеке тұлғаның ақыл ойын, танымдық үрдістерін жетірдірудің, әлеуметтендіру, адамгершілік, интеллектуалдық мәдение дамуының жоғары деңгейінің және кәсіби, біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие бере отырып жан – жақты қалыптасқан саналы азамат қалыптастыру бүгінде біздің басты бағытымыз. ХХ ғасырдың аяқ кезіндегі педагогикалық ой – тұжырымдардағы ізгілік идеялары, еркін білім беру, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, өлең шығармашылық әлемуетінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Енді осы идеяларды дамыту үшін лекцияның алдында оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлға бойында жан – жақтылық пен саналық, шығармашылық ой – мазмұнылық қалыптасуы, дарындылық біртұтас ой жүйесін қалыптасуы, сонымен қатар ерік – жігер қасиеттерімен бірге батылдыққа, тапқырлыққа, тез бағдарлауға, алғыр, зерек және сергек болуына көп септігін тигізе отырып бүгінгі таңда ең бастымы сапалы азамат қалыптастыру.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Саясаттану | Жеке тұлғаны саяси әлеуметтендіру процесіне білім мен саяси құндылықтардың ықпалы

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында қоғам өмірінің барлық салаларында түбірлі өзгерістер жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Осыған орай еліміздің білім беру жүйесінде де түбегейлі жаңарулар орын алуда. Демек, бүгінде Қазақстан КСРО кезіндегі бірыңғай және қатал мемлекеттік білім беру жүйесінен білім алудың плюралистік түріне өту үстінде. Яғни, елімізде білім беруді демократияландыру мен егемен мемлекеттің білім беру саясаты қалыптасуда.
Білім беру саласын дамыту еліміздің тәуелсіздігі мен дербес мемлекеттігін нығайту жолындағы басты басымдықтардың бірі болып саналады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өмірбаян: Кененбай Қожабеков Молданұлы (1928 - 1988)

Кененбай Молданұлы Қожабеков (3 ақпан 1928, Алматы облысы Жамбыл ауданы Ақсеңгір ауылы — 3 қараша 1988, Алматы) — актер, Қазақ КСР-інің халық артисті (1972).
Өмірбаяны
Алматы театр училищесін бітірген (1950).
1950—1961 жылы Республикалық балалар мен жасөспірімдер театрында қызмет етті.
1958 жылдан бері "Қазақфильм" киностудиясының актері.
1960 жылдың 10 қаңтарында Балалар мен жасөспірімдер театрынан шығып келе жатқан кезінде Ыдырыс Ноғайбаев, Нұрмұхан Жантөрин үшеуіне көше басбұзарлары шабуыл жасап, жұлынына әлденеше жерден пышақ салып, омыртқасын зақымдайды. Осы бір қарғыс атқан күнді актердің өзі «құлап түскен күнім» деген екен.
Театрлық және кинематографиялық рөлдері ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0