Пән: Қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі Сабақтың тақырыбы: Ахмет Йассауидің авторлық тұлғасы Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: • Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану; • Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау. Сабақтың мақсаттары: • Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолданады; • Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдайды. .....
Санжар Нұрланұлы Мәдиев - актер. 1986 жылы 4 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Халықаралық Лингвистика гимназиясын бітірді, кейін Қазақ Ұлттық университетінде «экономика» факультетінде оқыды. Оқуын университет магистратурасында жалғастырып, сонымен қатар Қазақ Ұлттық өнер академиясында оқыды. 2008 жылы магистрлікті қорғап, театр режиссері мамандығы бойынша академиядағы оқуын жалғастырды. New York Film Academy-да (Лос-Анджелес, Калифорния) Film Making мамандығы бойынша білім алды. Кинода «Кері жағы» фильмі арқылы дебют жасады (2009). 2014 жылы үйленді. Әйелі - Мөлдір Мәдиева. Бір қызы бар....
Қарым-қатынас және даму процесіндегі индивидтің тұлға ретінде қалыптасуы және кәсіби дамуы. Міндеті: Индивид ретінде туылған адам қоғамдық өзара қатынастар мен процестер жүйесіне қосылады, нәтижесінде ерекше әлеуметтік сапа иеленеді, тұлға болып қалыптасады. Бұлай болу себебі, қоғамдық байланыстар жүйесіне қосылған адам – субьект, іс-әрекет процесінде қалыптасатын және дамитын сананы иеленуші. Актуальдылығы: Индивидтің тұлғалық және кәсіби даму процесіндегі қарым-қатынастың алатын орны. Теориялық маңыздылығы: Біріншіден, адам – тірі табиғат өкілі, биологиялық обьект, екіншіден, саналы іс-әрекет субьектісі, үшіншіден, әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қарастырыла алады. Демек, адам – саналы және қызметке қабілетті биоәлеуметтік тіршілік иесі. Осы үш деңгейдің бір бүтінге бірігуі адамның интегралды сипаттамасын – оның жеке тұлғалылығын қалыптастырады. Практикалық маңыздылығы: Психологтарға үйреншікті ой бойынша индивид әлеуметтік ортады өмір сүріп, тәрбиеленуі кезінде дамиды.....
Нұрлан Мұханұлы Абдуллин (1964 жылы 6 қыркүйекте Алматыда туған) — қазақ эстрадасының әншісі. Мемлекеттік деңгейдегі іс-шаралардың жүргізушісі. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері (2007). Қазақстанның Құрметті Құрлысшысы (2010). Нұрлан Мұханұлы 1964 жылы Алматыда дүниеге келген. Әкесі - Мұхан Абдуллаұлы (мұғалім, мектеп директоры) Анасы - Гүлжиян Қайруллақызы (балалар үйінің меңгерушісі) 1991 жылы Сәулет және құрылыс институтының құрлысшы мамандығы бойынша бітірген. 2005 - 2010 жылдары Тұран университетінің құқықтану мамандығы бойынша экономист бітірген. 2011 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер болды.....
Тамара Асар (1976 жылы 16 шілдеде Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылында туған) — әнші. Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты (2007). Құрмет орденінің иегері (2014).
Биография Еліміздің батыс өңірі – Ақтаудан 16 шақырым жердегі «Ақшұқыр» деген ауылда ұстаздар отбасында өмірге келген.
«Жаратушы қиындықты тек көтере алатын адамына береді» дейді халқымыз. Осы сөзді өзіме ғана арналған деп қабылдайтын Тамара, тіршілікте басынан өткен түрлі ауыртпалыққа мән бергенді көңілі қаламайтын қайсар қыз.
90-шы жылдардың соңында ол жол апатына ұшырап, бір аяғынан айрылған болатын. Араға жылдар салып, денсаулығын қалпына келтірген әнші, өзін — өзі қамшылап өмір сүруді әдетке айналдырды. «Қиындық әркімнің басына болатын нәрсе, тек оны жеңудің кілті – жүректе» дейтін Тамара Асар өмірге ғашық адам кез-келген қиындыққа төзімді болып келеді деген пікірде. «Серпін» жастар сыйлығының иегрі Тамара Асар басқа әрпітестеріне қарағанда денсаулығына көбірек алаңдайды. Сондықтан қаланың қым-қуыт тіршілігінен шаршағанда көпшіліктен оң кетіп, баласымен демалғанды ұнатады екен. Туған жері Ақтауға жиі ат басын бұратын әнші жалғызсырыған сәтте қолына кітап алып, әдебиетпен сырласқанды жан рахатына балайды....
Тақырыптың өзектілігі. Елiмiздiң нарықтық қатнасқа өту жағдайында несие халық шаруашылығының дамуының негiзгi факторы болып табылады. Осы орайда экономикалық өсуді қаржыландырудың маңызды факторларының бірі – банктік несиелеудің дамуы екендігін атап өту керек. Әр түрлі экономикалық секторлардағы барлық дерлік кәсіпорындар өз қызметін жандандыру үшін, айналым қаражаттарын және негізгі қорларын толықтыру үшін банктік несиені алады. Қазіргі кезде елімізде әлемдік өлшемдер бойынша өндірісті несиелеуді көбейтуге өте жақсы жағдайлар бар, бірақ олар шектеулі түрде қолданылады. Бұл экономикадағы құрылымдық қайта құруды тежеп қана қоймай, банктік секторлардың несиелік және валюталық тәуекелдерге ұшырау мүмкіндігін күшейтетін банктік жүйе мен несиелеудің дамуына бірқатар теріс факторлардың әсерімен байланысты. Соңғы жылдары Қазақстанда банктік несиелеудің күрт өсуіне қарамастан, оның ЖІӨ-ге қатынасы әлі де төмен болып отыр. Сондықтан, экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізіп, елдегі шаруашылық субьектілердің қаржылық жағдайының жақсаруы шартында несиелеуге байланысты тежеуші факторларды жойып, оны кеңейту мәселесі алдыңғы қатарға шығады. Осыған байланысты заңды тұлғаларды несиелеуді жетілдіру механизмін қарастыру – қазіргі кездегі актуалды мәселелердің бірі болып табылады. Яғни, несиелеуді кеңейтіп, оның дамуына жақсы жағдай жасай отырып, заңды тұлғалардың қаржылық қажеттілігін қанағаттандырамыз. Ал, бұл экономикалық өсуге, өз кезегінде, әсер етеді. Жалпы алғанда, заңды тұлғаларды несиелеу кезінде шешімін күтіп тұрған бірқатар қиындықтар бар. Атап айтсақ, біріншіден, талап етілетін құжаттарды қарастырудағы кемшіліктер. Екіншіден, несие қабілеттілігін есептеулерді жүзеге асырудағы жетіспеушіліктер. Үшіншіден, экономика салаларының тек таңдамалы түрлерін несиелеп, кейбір аса қажетті салаларын олардың ұзақ мерзімді қажет ететіндігінен несиелемеу т.с.с. Осындай кемшіліктерді түзеп, несиелеу процесін жетілдіру керек. Бітіру жұмысының мақсаты – заңды тұлғаларды несиелеу механизмін қарастырып, ондағы жетілдірілуі тиіс жағдайларын анықтау. Сол арқылы ұсыныстар беру. Жұмыстың міндеттері: 1. заңды тұлғаларды несиелеу мәнін, механизмін; 2. Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердегі заңды тұлғаларды несиелеу тәртібін; 3. заңды тұлғалардың несиелеуді жетілдіру жолдарын айқындау болып табылады. Зерттеу объектісіне – АҚ«Туран-ӘлемБанк»тiң тұлғаларды несиелеу қызметі жатады.....
Азат Райымбекұлы Сейтметов (1964 жылы 14 желтоқсанда Алматыда туған) — танымал кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері (1988 жылдан). Азат Райымбекұлы 1964 жылы 14 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ ұлттық өнер академиясының "кино және театр актері" мамандығы бойынша бітірген. 1988 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында.....
Еркінбек Ақынбеков (1863 жыл, қазіргі Түркістан облысы, Түркістан ауданы, Құшата ауылы — 1918 жыл, Түркістан қаласы) — ақын, ауыз әдебиеті нұсқаларын жинаушы.
1893 ж. Түркістандағы төрт кластық орыс мектебін бітірген. Ферғана, Әулиеата, Шымкент уезі басқармаларында тілмаш болған. Түркістан уезі атқару комитетінде әкімшілік жұмыс атқарған.....
Есмұхан Несіпбайұлы Обаев (1941 жылы 23 маусымда Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылында туған) — актер, театр режиссері, театр қайраткері, профессор. Қазақ КСР Халық артисі (1988). Қазақ КСР Еңбек сіңірген өнер қайраткері (1975). "Тарлан" тәуелсіз платинды сыйлығының лауреаты. Барыс, Парасат ордендерінің иегері. Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының лауреаты. Есмұхан Несіпбайұлы 1941 жылы 23 маусымда Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылында дүниеге келген. 1960 - 1964 жылдары Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетінің режиссерлік бөлімін үздік бітірген. Еңбек жолы 1965 - 1967 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының қоюшы - режиссері болып, «Жаяу Мұса» (З.Ақышев), «Боран» (Т.Ахтанов), «Көзілдірік» (Б.Майлин) қойылымдарында режиссерлік қабілетін танытты....
Ақан Сатаев (23 желтоқсан 1971 жыл, Қарағанды, ҚазКСР, КСРО) — Қазақстан кинорежиссёрі, актёр, продюсер. Өмірбаяны мен шығармашылық жолы Арғын тайпасы Қанжығалы руынан шыққан. 1994 жылы Алматы қаласында Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кино және телевидение факультетін бітірді. Оқуды бітірген соң екі көркем фильмге түсті. Сол кездері режиссёр, продюсер ретінде жарнамалар түсірумен айналысып үлкен табысқа жетіп, 300 жарнамалық роликтер шығарумен қатар бірнеше "Алтын Жұлдыз" сыйлықтарын иеленді. 2003 жылы «Sataifilm» студиясының негізін қалады. 2007 жылы «Рэкетир» атты өзінің алғашқы толықметражды фильмін түсірді. Бұл көркем-суретті киноны журналистер мен сыншылар жылы қабылдады және фильм – кинотеатрларда кезекте тұрған көрермендердің көңілінен шықты. «Рэкетир» – қазіргі қазақ киносының тарихындағы ең алғашқы кассалық фильм.....