Дәурен Серікбекұлы Серғазин (1984 жылы 6 қазанда Теміртауда туған) — актер. Қазақстан тұңғыш президенті қоры сыйлығының иегері (2016). Астана жастар театрының актері (2007 жылдан). Дәурен Серікбекұлы 1984 жылы 6 қазанда Теміртауда дүниеге келген. Алматы облысы Ақсу ауданы Қапал-Арасан ауылында өскен. 2002 - 2006 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Драма және кино актері» мамандығы бойынша Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Білім беру ісінің үздігі, профессор Нұрқанат Жақыпбайдың шеберханасын бітірген. 2006 - 2007 жылдары «Қымызхана» бағдарламасында Жексеннің рөлін сомдаған. (ТРК Қазақстан); 2007 жылдан Астана жастар театрының негізін қалаушы актері.....
Майра Мұхамедқызы - (сахнада Maira Kerey - Майра Керей есімін пайдаланады) (1965 жылдың 5 қыркүйек күні Қытайдың Құлжа қаласында дүниеге келді) қазақтың ең атақты опера әншiсi (сопрано), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Париждегі "Гранд Операда" Қазақстанның атынан өнер көрсеткен тұңғыш әрі әзірге жалғыз опера әншісі. Өмірбаяны Майра Мұхамедқызы ҚХР-да өнерлі отбасында туып, өскен. Тарихи отанына 1994 жылы оралды. Әкесі Мұхамед Әбдіқадырұлы — композитор, профессор, музыка зерттеу саласы бойынша көптеген кітаптардың авторы. Анасы Камал Қуанышқызы — әнші, ҚХР Халық әртісі. Майра Мұхамедқызы Бейжің Ұлттар Университетінің Музыка Факультетін (Джоу Бен Чин сыныбы) және Пекин Консерваториясын (Го Шу Джен сыныбы) бітірген. Алматыда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында (профессор Н.А. Шариповтің сыныбы) стажировкадан өткен. ....
Головкин Геннадий Геннадьевич (8 сәуір 1982 жыл Қарағанды, Қазақстан) — қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта өнер көрсетеді. Орта салмақтағы әлем чемпионы (IBO тұжырымы, 2010 - қ.у; WBA тұжырымы, 2011 - қ.у; уақытша WBC, 2014 - қ.у). The Ring журналына сәйкес P4P салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшылардың ондығына кіреді. 2013 жылдың соңында WBA тұжырымы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі қазақстандық суперчемпион Геннадий Головкин беделді американдық USA Today басылымының нұсқасы бойынша «Жыл боксшысы» атанған болатын. Отбасы Әкесі – орыс, мамандығы – шахтер, анасының ұлты – кәріс, химиялық зертханада көмекші қызметін атқарған. Головкиннің 3 ағасының екеуі әскерде қызмет атқарып белгісіз жағдайларда қаза тапты (Вадим - 1990 жылы, Сергей – 1994 жылы). Үшінші ағасы – Максим де бокспен айналысқан, қазіргі уақытта бокстан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері болып саналады. Ағайындар бірдей салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен, бірақ бір-бірімен ешқашан да бетпе-бет шайқасқан емес. Бір-бірімен шайқас түскенде екеуінің біреуін жарыстан алып тастайтын болған. ....
Сүйер ұлың болса, сен сүй Сүйінерге жарар ол. Абай Адамзат баласының тарихымен тағдырында ХХ ғасырдың алатын орны айрықша . ХХ ғасыр қазақ даласына қуаныш пен қайғыны өсу мен өшуді, үміт пен күдікті аз әкелген жоқ. Социалистік идеяның құдіретіне қалтқысыз сенген туған халқы мен елінің игілігіне адал қызмет еткен абзал азамат, тұғыры биік тұлғалардың бірі Ораз Қиқымұлы Жандосов. Ең берік Ат, ең биік Ат, ең баянды Ат - Азамат.......
Жансая Ғалымжанқызы Мусина (1985 жылы 12 наурызда Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданында туған) — айтыс ақыны. Ерен еңбегі үшін медалінің иегері (2017). Жансая Ғалымжанқызы Мусина 1985 жылы 12 наурызда Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданының орталығы Сайхын селосында дүниеге келген. 2002 жылы Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жанындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатын бітірген. 2002 - 2006 жылдары Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. 2013 жылы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің магистранты. 2005 жылдан айтыс өнерінде.....
Есен Елукен (1973 жылы 5 желтоқсанда Ақтөбе облысы Шалқар ауданында туған) — «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің Президенті. Құрмет орденінің иегері (2016). Есентүгел Баймұханбетұлы 1973 жылы 5 желтоқсанда Ақтөбе облысы Шалқар ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1990 жылы Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шетырғыз совхозында бастаған. 1991 жылы Оңтүстік Қазақстан техникалық университетіне оқуға түсіп, 1996 жылы «Технологиялық процестер мен өндірісті автоматтандыру» мамандығы бойынша бітірген....
Мәдина Бақытжанқызы Сәдуақасова (1979 жылы 8 қыркүйекте Алматыда туған) — эстрада әншісі, тележүргізуші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2011). Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты (2009). Құрмет орденінің иегері (2017). Арғын тайпасының Бәсентиін руынан шыққан.
Мәдина Бақытжанқызы 1979 жылы 8 қыркүйекте Алматыда дүниеге келген. 1992 жылы он үш жасар қыз "әнші балапан" байқауына қатысады. Алғашқы әрі ірі байқауы ол телевизиялық жарыс "Музыкальный вояж" байқауы. Көптеген байқауларда гран-приді иеленіп, жүлдегер атанады.1999 жылы Мәдина, "Жас Қанат" байқауында ән шырқайды Сол сәтте жас әншінің ерекше дауысына тәнті болған Роза Рымбаева өз қамқорлығына алады, ақ жол, сәт сапар тілейді. Артынша Роза мен Мәдинаның дуэт болып шырқаған "Мақсат-бақыт бастауы" атты әндері жарық көрді. 1999 жылы Мәдина, "Азия Дауысы" байқауында өзінің бағын сынайды. Сол жылы Мәдина, облыста "жыл адамы" деп танылады. Одан кейін Президент оркестрінде, "Гүлдер" ансамбілінде ән шырқайды. ....
Әрбір адам – ашық энергоинформациялық жүйе. Ішкі және сыртқы дүниемізге ақпарат сенсорлық каналдар арқылы: көру, есту, сезіну т.б. Әрбір адам өздерінің әлемдік суреттерін сенсорлық әдіс бойынша суреттейді ол әдістер өзінің логикасы бойынша ұйымдастырады. Жалпы айтқанда, әлем суреттемесі көп қабатты символдар алаңы, белгілер, образдар болып келеді және олардың әрқайсысының өздігінше түсініктері және эмоционалдық түстері бар. Әжесі немересіне айтқан «барлық еркектерден қорық олар арсыздар» депті. Ал сол немересі 40 жасқа келгенде өмірде жалғыз болып қалғанын түсіндіре алмайды. Бұл призма сынып қалған калькулятор сияқты. Мысалы сіз екіге екіні көбейтсеңіз төрт болмай жиырма алты шығады. Бұл компьютерде адамның миы бір ақпарат кем дегенде болып жүргізіледі. Бұл жерде 3 фильтр болып табылады. 1. Нейрофизиологиялық. 2. Социолдық. 3. Индивуалдық. Нейрофизиологялық – бәріне белгілі барлық ақпарат бес органдарынан білінбейді. Мысалы дауыстың 20 және 20000-ға дейінгі ырғағы адамның құлағына естіледі. Көру жүйесі 380-680 милимикро интервал арасында көрінеді. Бірақ адамдарда әртүрлі қабылдау диапазондары болады. Социалдық – бұл жерде әр ақпаратты қабылдау қоғамдық нормалармен, үрдіспен, өз социалдық жүйе заңдарымен және біз тәрбиеленіп жатқан үрдіспен белгіленеді. Мысалы Азияда палауды қолмен жейтін болса, Европада мұны жабайылыққа санайды. Индивидуалдық – бұл саты адамдардың тапқырлығымен байланысты болып табылады. Ешкім және ешқашан бұл өмірді бірге-бір етіп қайталай алмайды. Тіпті егіздер де, бірге тұратын ұқсас адамдар да өмірге деген көзқарастары әртүрлі болады. Бір түбекте бір тіс пастасы бола ма деп сұрапты баласы әкесінен. Әкесі сонда: 150-200 гр болады деген. Баласы: Жоқ папа оның ішінде ас үйдегі қабырғаны, каридодағы қабырғаны былғауға жетеді. Сонымен репрезентативтік жүйе бойынша үш типке бөлінеді. 1. Визуалдық (көретін). 2. Аудиалдық (еститін). 3. Кинестетикалық және бір мето жүйе бар. Оны дискреттік деп атаймыз. Енді әрқайсысына сипаттама беріп өтейік. Визуальды ориентирлік тип. Жылдам қатты, таза дауыстың тоны, сөздің жылдам темпі жоғары және жылдам демалыспен шығуы. Дауыстың қаттылығы басында жәй басталып, аяғында айқайға дейін күшейеді. Визуальды бір адам мен сөйлесіп отырған кезде көзіне қарап отыру керек. Егер әңгіме қызықтырақ болса 80 проценттей сөйлесу контакті болады. Ал қызық емес болса, 50 проценттен аз болады. Бір адам мен сөйлесіп отырған кезде визуаль көзіне қарамаған болса, ол бір нәрсені жасырған секілді көрінеді. Егер балаға ұрысса да көзіме қара деген сөзді білдіреді. Егер де оның сөздеріне анығырақ құлақ салсақ визуальды сөзінен білуге болады. Визуальдар өздерін көбінесе телепатиялық дарындары бар екенін дәлелдей келеді және адамның ойын оқи алады. Мысалы, мен сенің не ойлап тұрғаныңды жапқсы білемін, деген сияқты ойларды білдіреді. Олар өздерін жоғары ұстайды. ....
Баян Максатқызы Алагөзова (9 қаңтар 1974, Орал, Қазақ КСР, КСРО) — белгілі продюсер, тележүргізуші, актриса, әнші, редактор және «Ғашықтар әлемі» жылтыр журналының бірге иемденушісі.
Зертеудің өзектілігі. Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі ғылыми және оқу пәні ретінде жетекшілік рөл атқара отырып, дене тәрбиесі саласындағы кәсіптік бағытты анықтайды. Сонымен бірге осы саладағы білім негізінің жүйесін құрайды. Мұғалімнің дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесін жете білуі, оның педагогикалық ойлау жүйесінің дамуының басты шарты. әртүрлі деңгей мен түрлерінде, дене тәрбиесі мәселелерін шығармашылық тұрғысынан шешуге, болып жатқан жаңалықтарды біліп отыруға, кейбір ілімдік және іс-тәжірибелік жаңалыққа сын көзбен қарап қабылдауға, дене тәрбиесі міндеттерін шешуде қосымша өтетін ғылыми пәндердің атқара рөлін дұрыс бағалауға, өзінің педагогикалық шығармашылық негізін жасауда атылып отырған пәннің маңызы зор. Нақты ғылыми және оқу пәні ретінде бөлімнің қайбір саласы болмасын, егер жеке, өзіне ғана тән пән мәніне ие болса ғана, жеке дара пән ретінде аталуға құқығы бар. Зерттеу пәні мәніне ие болса ғана, жеке дара пән ретінде аталуға құқы бар. Зерттеу пәні бір немесе басқа да ғылыми пәндерге тән ізденістің объектісін немесе субъектісін атайды. Зерттеу нәтижесінде жинақталғаг мәліметтер белгілі бір жүйеге қалыптасып арнайы оқу пәнін құрайды. ....