Жарқыншақ түспеу үшін жыр бетіне, Жарындай арыңменен бірге түне. Шыдаудың өзі де ерлік, айналайын, Халықтың сыйы менен құрметіне! Жастың да келіп қалды ақырабы, Жанымның дірілдейді жапырағы. Уақытың жетпей жатса, Кездесуге Бір күнде екі жерге шақырады......
Қазақстанның орталықтанған – жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертуде. Олар – меншік қатынастары; шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмі; олардың өзара қаржылық байланыстарының формалары; қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне мүдделілігінің дәрежесі. Қоғамдағы соңғы жылдарда болған өзгерістер – Қазақстан Республикасының нарық қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алғандағы өтпелі дәуір кезеңдерінің өзгерістері. өркениетті мемлекеттерде экономикалық өрлеуді қаржыландырудың басты жолы – бағалы қағаздар нарығы. Бағалы қағаздар кез-келген нарықтық экономиканың төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады, яғни бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, оларды нарық жүйесіндегі ең өміршең субъектілер ғана ала алады. Қазақстан Республикасының мемлекеті бағалы қағаздар нарығын құру және оны одан әрі өрістету мақсатында қажетті шараларды жасауда. Бұнда бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және оның құрылымы, бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары және бағалы қағаздар нарығының даму жолдары қарастырылған.....
Дипломатиялық құқық – дипломатия аясында атқаратын, сондай-ақ дипломатиялық құқық пәнін түсіну үшін дипломатия терминінің мағынасыншып алған жөн. Дипломатия – бұл мемлекеттердің сыртқы сыртқы саясатты жүргізуде атқаылатын қызмет. Сыртқы саясатты жүзеге асырудың ең бір әділ, бейбіт құралы. Дипломатияны жүзеге асырудың негізгі әдісі – келліссөздер. Сыртқы саясат дегеніміз - өз халқының ішкі қажеттілігі мен үйлесімін тапқан, халықаралық аренада мемлекет қызметінің негізгі бағыты. Сыртқы саясат мемлекеттердің мақсат, міндеттерін халықаралқ қатынастардағы мемлекет бағыттарының, сонымен қатар осы қызметтің жүргізу нысандары мен тәсілдерін айқындайтын әмбебап құрал. Әр елдің сыртқы саясаты сол елдің көрнекті халықаралық құқықтанушы мамандарының, ғалымдарының, саясаткерлерінің атсалысуыменанықталады. Сыртқы саясаттың маңызын түсініп, оның жобсын әзірлеп қою жеткіліксіз сонымен қатар, онң іс жүзінде жүзеге асырылуын амтамасыз етіуі керек. Міне, осы мақсатта мемлекеттер арнайы уәкілеттілік берілгенадамдрын мемлекет мүдесін білдіре отырып, оның сыртқы саясатын жүргізу үшін өзге мемлекеттерге жібереді. Олар өз мемлекеттерінің ұсыныстарын өзге мүделі мемлекеттің мемлекет басшысына табыстап отырады. Ежелгі Грецияда мұндай ұсыныстар арнайы тақтайлрға жазылып жіерілген. Оларды диплмдар деп атап, оны табыстаушы уәкілді тұлғаларды дипломаттар днп атады. Дипломаттардың негізгі міндеттері - өз мемлекеттерінің сыртқы саястын қолда бар барлық әдіс құралдармен жүзеге асырады. Осы түрғыдан алғанда дипломатия дегеніміз – халықаралық қатынастардағы мемлекеттердің сыртқы саясатын жүзеге асыруға арналған арнайы әдіс құралдар жйынтығы....
Мемлекеттік аппарат – қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі. Оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік кепілдіктерімен қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделер мен құқықтарын қорғау үшін құрылады. Қазакстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның екінші бабында: «Мемлекеттік қызмет – азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың аппаратында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызмет» делінген. ....
Гондвана жекелеген материктерге бөлінгеннен кейін Оңтүстік Америка ұзақ уақыт басқа континенттерден оқшау қалды. Сондықтан мұнда тек Оңтүстік Америкаға ғана тән өсімдіктер мен жануарлардың түрлері пайда болды. Африка мен Австралияда өсетін өсімдіктермен, мысалы, пальма, қараған, бөтелке ағашымен бірге Оңтүстік Американың өз түрлері — каучукты гевея, какао ағашы, хина ағашы бар. Хина ағашының ңабығынан дәрі жасалады. Оңтүстік Америка — көптеген екпе өсімдіктердің отаны (117-суретті қараңдар). Жануарлар дүниесінің де өзіндік ерекшелігі бар. Кейбір жануарлар (құмырсқа жегіштер, сауыттылар, пума) бүкіл материкте кездеседі. Экваторлың ормандар зонасы. Бұл зона, Африкадағыдай, экватордың екі жағында орналасқан. Оңтүстік Америкада оны сельва деп атайды, бұл португал тілінен аударғанда «орман» дегенді білдіреді. Оңтүстік Америкада бұл зона Африкадағыдан гөрі едәуір көлемді жерді алып жатыр. Сельва Африкадағы ормандарға қарағанда ылғалдылау, өсімдіктер мен жануарлар түрі де көбірек. Мұнда биіктігі 80 м-ге жететін сейба ағашы өседі, пальманың алуан түрлері, қауын ағашы, какао, гевея өседі. Орманның ірі өсімдіктерін лианалар шырмаған. Ағаштардың діңінде әдемі гүлдейтін орхидейлер көп. Көптеген өсімдіктерден бағалы ағаш сүрегі ғана емес, сонымен бірге жемістер, шырын, техника мен медицинада қолданылатын қабық алынады. Орман шетіндегі топырақ — қызыл-сары ферралитті, ол Африка ормандарындағыдай түзіледі. Сельваның жануарлар дүниесі ерекше бай. Мұнда ағаштың басында тіршілік етуге бейімделген жануарлар: ілмек құйрықты маймылдар, жалңауаң мекендейді. Тіпті, бақалар мен кесірткелер де ағаштың басында тіршілік етеді. Өзендер мен батпақты жерлерде тұяқты жануарлар — тапир мең Жер бетіндегі ең ірі кеміруші су шошқасы — капибара мекендейді. Оның салмағы 50 кг-ға дейін жетеді. Жыртқыштар аз, олардың ішіндегі көбірек белгілісі — ягуар.....
Азаматтық қоғамның пайда болуы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері оны буржуазиялық қоғамның жемісі дей келіп, нарықтық қатынастармен байланыстырады. Екіншілері ондай қоғам белгілі бір шамада болмасын тарихта болған дейді. Азаматтық қоғам идеясы өте ертеде пайда болған. Аристотель еңбектерінің өзінде біз азаматтық қоғамдағы меншіктің рөлі туралы пікірлерін кездестіреміз. Ол кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адамгершіліктің де иесі болады деп жазды. Өткен жүзжылдықта саяси ойлардың классиктерімен қаралған «Азаматтық қоғам» ұғымы антикалық полистердің феноменімен шықты. Полис гректер үшін ерікті азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепіл болатын қоғамдық өмірдің саласы. Полис-ең алдымен азаматтарды оған біріктіретін қоғам, сонымен бірге осы қоғамды қалыптастыратын материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы. «Полис» термині әдетте адамдарды топтастырушы аудармада «қала мемлекет» ретінде беріледі, бірақ ол сол сияқты «азаматтық қоғам» терминінің семантикасын да береді.....
Жалпы валюта жүйесі дегеніміз халықаралық валюта қатынастарының ұйымдастыру формасы, яғни ол - халықаралық несие-қаржы институттарымен халықаралық шарт және мемелекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін жүйе. Бұл ереже-шарттардың негізгі міндеті - халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет. Басқа жағынан, оның мақсаты - кейбір мемлекет пен үкіметтер жағынан болып тұратын әр түрлі валюталық шектеуді және тамыр-таныстық (протекционизм) әрекеттерді түп-тамырымен құртуға мүмкіндік жасау. Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес роль атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты мен жалақыға эсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-есептесу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің эрқайсысының ішкі ақша айналымын қамтиды. "Дүние-жүзілік валюта жүйесі" деген ұғымға кіретін ішкі және сыртқы жүйелер органикалық өзара байланысты, себебі екеуін біріктіретін түйін әлемдік ақша белгілері. Алғашқыда әлемдік ақшаның бірден-бір түрі болып алтын, кейін құйма формасындағы алтын есептелді. Алтын монетаны халықаралық есептесуде қолдану үшін алдымен құйма жасау, содан соң басқа елдің монетасын соғу қажет болды. Біртіндеп айналыс шығындарын азайту мақсатында халықаралық есеп айырысуда ұлттық алтын монета және несие айналым құралдары қолданыла бастады. Валюта қатынастары - әлемдік шаруашылықта валюта айналымынан қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылықтардың нәтижесінің (тауарының, қызметінің) өзара айырбасталуына қызмет етеді. Валюта қатынастарының кейбір элементтері көне дәуірде (ежелгі Египетте, Римде) вексель және айырбастау істері ретінде пайда болған. Валюта қатынастарының туындауы ұдайы өндіріске байланысты болғанымен оған, өз кезегінде, өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай керісінше де әсер (жағынды немесе жағымсыз) етеді. Валюта қатынастары құқықтың нормалармен және ережелермен реттеледі. ....
Валюта дегеніміз - бұл айырбасқа түсетін әркімге ортақ эквивалент болып табылады. Валютаның бірнеше мағынасы бар, бұл біріншіден, бір елдің ақша бірлігі; екіншіден, шет ел мемлекеттерінің ақша белгілері; үшіншіден, халықаралық есептесу және төлем құралдары. Әр елдің өзіне тән ортақ валютасы бар, валютаның көтерілуі немесе төмендеуі мемлекеттің күрделі проблемаларына әкеліп соғады. Осыған орай валюта мемлекетте үлкен роль атқарады. Мысалы, біздің валютамыз – тенге болып табылады, яғни, ол мемлекет үшін теңгенің көбеюі ақшаның құнсыздануын көрсетеді. Ақшаның құнсыздануы деген, инфляцияға әкеліп соғады. Жоғары да айтып кеткендей валютаның екінші түрі шет ел мемлекеттерінің ақша бірлігі, егер біздің елдің валютасы әлемдік нарықта белгілі бір рөлі болу, маңызды роль атқарады. Қысқаша, валюталық бағамы болу керек. Ал үшіншіден кез-келген елде оңай айырбасқа түсе алу керек. Менің ойымша, егер дүниежүзінде ортақ валюта болса оңайға түсер еді. Өйткені ешқандай айырбастыңда,қиындықта болмас еді. Әр мемлекет бір-біріне қолындағы валютасымен еркін түрде кіріп, шыға алар еді. Әрине, бірақ бұның да көптеген дұрыста, бұрыс жақтары бар. Дегенмен де әр елдің валютасы өзіне ыңғайлы сондықтан, әр бір елдің валютасы өз бетінше дамып, дүниежүзілік нарықта танымал болып, статусы жоғарлай берсін. ....
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4А Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы Сабақ тақырыбы: Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығының оңтүстік шекараларының нығаюы 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.1.10 – қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау; 6.3.2.6 – қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау Сабақ мақсаттары: Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызын талдайды.