Дәрігер мен пациент заң алдында тең. Дәрігер пациентпен “сыпайы, ұқыпты,мейірімді” болу керек! Гиппократ этикасы- бұл моральді-этикалық жүйе, дәрігерлік практиканы реттейтін, дәрігер-пациент қатынасын анықтайтын, дәрігердің басқа дәрігерге деген қатынасын айтады. Дәрігер мен пациент әлеуметтік денсаулық сақтау институтының шегінде теңқұқылы болып келеді.
Емделудің ең тиімді жолы – квалификациялы специалистерге көріну. Пациенттерді емдеу процесі бірнеше тізбектелген этаптардан тұрады: пациентті зерттеу, диагнозды қою, емдеу тактикасы мен схемасын таңдау, емдеу тәсілін пациентпен бірге талқылау, емдеуді жүргізу және реабилитациялық іс-шаралар. ....
Қазақстан Республикасының салық жүйесінде жанама салықтың бір түрі ретінде акциздердің маңызды фискальды мәні анықталған. Акциздер алғаш рет Ежелгі Римде пайда болған, ал Қазақстанда 1992 жылдан бастап енгізілген. Қазіргі уақытта акциздерге жалпы салық саясатының құрамдас бөлігі ретінде үлкен көңіл аударылуда. Қазақстан Республикасында акциздік төлемдер бюджеттің едәуір қаржы түсімдерін құрайды. Акциздер бойынша түсімдер акциздік тауарлар өндірісінің көлеміне тікелей тәуелді. Үкімет акциздік ставкалар мен салым салынатын айналымдар тізімін тәртіптік түрде реттейді. Жалпы салық мемлекеттік кірістерді құрудың бір көзі. Оның қажет екенін саяси экономикалық классиктері мен олардың ізбасарлары (А.Смит, Д. Рикардо, Н.Озеров, Р. Лемиман және т.б. ) дәлелдеді. «Салықтар – мемлекеттік қызметі үшін төлемдер» теориясына сәйкес олар мемлекеттік саяси, экономикалық қызметіндегі шығындардың орнын толтыру деп қаралды.,....
Әжелеріміз бен аналарымыздың бұрымдары қалың, әрі ұзын болғанын ескі фотосуреттерден білеміз. Ал, ендеше, біздің шашымыз неге тым жұқа? Сондай-ақ тарағанда уыстап түсуі де әрқайсымызды көп алаңдатады. «Шаштың өсуін жеделтетіп, қалыңдатады» деген жазуымен сусабындар да, шашқа арналған түрлі маскалар да дүкен сөрелері мен дәріханаларда толып тұр. Десе де, олардың керемет нәтижесіне қарық болып жатқандар аз. Сондықтан да кезінде әжелеріміз қолданған мына бір маскаға көз жүгіртіп көріңіз. Сізге керегі – нан мен су. ......
Компьютерлік вирус – арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) программа. Ол өздігінен –басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды ‘’бүлдіруге’’ кіріседі және компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа ’’ауру жұққан’’ немесе ‘’бүлінген’’ деп аталады. Мұндай программаны іске қосқанда алдымен вирус іске кірісіп, оның негізгі фукциясы орындалмайды немесе қате орындалады. Вирус іске қосылған программаларға да кері әсер етіп, оларға да ‘’жұғады’’ және басқа да зиянды іс-әрекеттер жасай бастайды ( мысалы, файлдарды немесе дискідегі файлдардың орналасу кестесін бүлдіреді, жедел жадтағы бос орынды жайлап алады және т.с.с). Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді. Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады. Вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекетін орындаған соң, жұмысты басқаруды негізгі программаға береді, ал ол программа алғашында әдеттегідей жұмыс жасай береді. Сөйтіп программа бұрынғысынша жұмысын жалғастырып, сырт көзге ’’вирус жұққандығы’’ бастапқы кезде байқалмай қалады. Вирустың көптеген түрлері ЭЕМ жадында DOS-ты қайта жүктегенше тұрақты сақталып, оқтын-оқтын өзінің зиянды әсерін тигізіп отырады. Вирустың зиянды іс әрекеттері алғашқы кезде жұмыс істеп отырған адамға байқалмайды, өйткені ол өте тез орындалып әсері онша білінбеуі мүмкін, сондықтан көбінесе адамдардың компьютерде әдеттегіден өзгеше жағдайлардың болып жатқанын сезуі өте қиынға соғады. Компьютерде ‘’ вирус жұққан’’ програмалар саны көбеймей тұрғанда, онда вирустың бар екенісырт көзге ешбір байқалмайды. Бірақ біраз уақыт өткен соң, компьютерде әдеттегіден тыс, келеңсіз құбылыстар басталғаны білінеді, олар, мысалы, мынадай іс-әрекеттер істеуі мүмкін: - кейбір програмалар жұмыс істемей қалады немесе дұрыс жұмыс істемейді - экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдар, т.б. шығады. - компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды . - көптеген файлдардың бүлінгені байқалады. Компьютерге вирус жұққанын байқаған кезде кейбір файлдар мен каталогтар, дискідегі мәліметтер бұзылып үлгереді, оның үстіне пайдаланылған дискеттер арқылы немесе жергілікті байланыс желілері бойымен компьютердегі вирус басқа компьютерлерге таралып кеткені байқалмай да қалады. ....
Кіріспе 1. Қылмыстың объективтік жағының түсінігі мен маңызы Қылмыс құрамының обьективтік жағы қылмыстық- құқықтық нормаларының диспозицияларында көрсетілген қылмыстық әрекеттердің сыртқы белгілерінің жиынтығында тұжырымдалады. Адам жасаған кез- келген әрекетте көптеген ішкі және сыртқыбелгілері болады. Нақтылы қылмыстық- жазаланатын әрекеттер әркезде де жеке- дара сипатта болады. Бұл жерде адамның жай дене қозғалысын емес, оның саналы қызмет-әрекетінің қарастыруымыз керек. Адамның мұндай қызметі- егер онда оның ойы, сезімі немесе көңіл-күйі емес, тек қимыл-әрекетті нақты көрініс тапқан жағдайда ғана қандай да бір қылмыстық заң нормасына сәйкес келеді және сол норманың ықпалында болады. Қылмыстық нақты құрамының обьективтік жағы- оны қоғамға қауіпті және қылмыстық құқыққа қарсы дап тануға, сондай-ақ оны қылмыстың аралас құрамдарынан ажратуға қажетті белгілердің ғана жиынтығын құрайды. Мысалы, ұрлықтың обьективтік жағы (ҚК-тің 175-бабы)- бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау; зорлаудікі- күш қолдану арқылы жыныстық қатынас жасау, жәбірленуші немесе жәбірленушінің дәрменсіздік жағдайын пайдаланып (ҚК-тің 120-бабы); бұзақылықтікі- қоғамды анық құрметтемеуін білдіретін, азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен не ерекше арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз іс-әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзушылық (ҚК-тің 257-бабы), және т.б.....
Кіріспе. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы қүрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады. Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған , қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады: жарғылық капитал, резервтік капитал және бөлінбеген пайда.Жарғылық қор мөлшері ұйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық кұжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек.....
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты ақшаның пайда болуына, құрылымына, маңыздылығына теориялық аспектілер беріп, ақшаны жан-жағынан - бұрынғы, қазіргі және болашақтағы позицияларынан қарастыру. Менің ойымша, ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Ал енді, ақша дегеніміз не деген сұраққа келетін болсақ, ақша - ол тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен, ақша ерекше тауар, ол тауарлар дүнимесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквиваент рөлін атқарады. Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар: 1. ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын; 2. онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын; 3. тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатындығын көрсетеді. Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама-қарсылық қайшылық та тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды шығарса, ол сатылмайды; оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де қанағаттандыра алмағаны. Егер тауар жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне тауар мен ақша арасындағы әрі бірлік, әрі қарама-қарсылық осылай түсіндіріледі. Қазіргі рынок қатынасында бұл заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардың қоғамдық қатынасын бейнелейді. Яғни ақша зат емес, адамдардың арасындағы өндірістік қатынас. Ақшаның қызметі: құн өлшеуші; айналыс құралы; төлем құралы; қазына жинау; дүниежүзілік ақшалар болып табылады. Жалпы, ақшаның қызметі туралы толығырақ, сіздер, осы курстық жұмыстың келесі тарауында танысасыздар. Біз білетіндей, ақша болмаса, айырбас жасау да мүмкін емес. Бұл деген сөз, қоғам дамуының негізі - мамандандырудың (еңбек бөлінісінің) жүзеге аспайтындығы, болмайтындығы. Қазіргі экономиканың барлық құрылымы ақшаға тәуелді. Сауда-саттық ақшаны «туғызды», ал сауда болса – адамдардың ең байырғы қызметінің бірі болғандықтан, ақшаның пайда болу тамыры да сол кезеңге кетеді. Әрине, ақшаның құрылымы да ( түрі де) мыңдаған жылдар ішінде талай рет өзгерген.....
Шетелдік инвестицияларды тарту ісі мемлекеттен нақты қолдау табуы тиіс.Инвестициялық қаржыларды ел экономикасына қатыстыру әр түрлі нысанда жүзеге асырылуы мүмкін, оған шетел банктері мен халықаралық ұйымдардан қарыз алудан бастап, кәсіпорындарды тікелей шетел инвесторларының меншігіне сатуға дейінгі әрекеттер жатады. Мұның өтпелі формасы ретінде бірлескен кәсіпорындар ұйымдастырылуы мүмкін. Шетел капиталын ұлттық экономикаға тарту өте пайдалы процесс. Біріншіден, шетелдік инвестициялар елдің өндірістік базасын жедел жаңартуға және оның өндірістік мүмкіндіктерін арттыруға көмектеседі. Екіншіден, шетел фирмалары жаңа өндіріс орындарын ашумен қатар, капиталистік бәсекелік күресте шыңдалған еңбек пен өндірісті ұйымдастыру тәжірибесән ала келеді. Біэдің экономикаға ірі инвестицияларды келтіру үшін бірнеше шарттарды орындау қажет. Біріншіден, мемлекет шетелдік инвестицияларға қауіпсіздік кепілдігін беруі қажет. Екіншіден, мемлекет шетел инвесторларына пайданы тұрақты валютаға ауысиырып әкетуіне жағдай жасауы керек. Шетелдік инвестициялар қоғамдық санада әлі де болса елді кіріптар етудің, оны шикізат шылауына айналдыру мақсатындағы экономикалық интервенцияның құралы ретінде көрініп отыр. Қазіргі уақытта дамушы және өнеркәсібі дамыған елдер арасындағы капитал қозғалысында елеулі өзгерістер пайда болды. Жас ұлттық мемлекеттерден капитал шығару, бір жағынан, олардың экономикасының дамуына мүмкіндік берсе, екінші жағынан, өнеркәсібі дамыған елдер жас ұлттық капиталдың өз елдеріне келуіне кедергі жасайды, сөйтіп дамушы мемлекеттерде негізінен шикізат өндірісін дамытады. Бірақ соған қарамастан, көптеген дамушы мемлекеттер өз экономикасы үшін дамыған елдердің капиталын тиімді пайдаланып отыр. Дамудың жоғары деңгейіне жету үшін жаңа индустриалды елдер алдыңғы қатарлы технология мен тікелей жеке меншік капиталды инвестициялау мүмкіндіктерін пайдаланады. Сондықтан да, шетелдік инвестициялардың басты мақсаты басқа мемлекеттерде жұмыс орындарын көбейтуге, жалақыны дер кезінде төлеуге, жаңа техникалық құрал- жабдықтарды алуға және үлкен нарық құруға мүмкіндік береді. Мен өз курстық жұмысымның алғашқы бөлімінде жалпы инвестиция түсінігіне және сол инвестицияның бір түрі тікелей инвестицияға тоқталып кеттім. Ал, екінші бөлімінде тақырыбыма байланысты Қазақстан Республикасында жалпы тікелей инвестицияның қалай және қай салада орналасқанын, сонымен қатар негізгі донор елдерге көңіл бөлгенді жөн көрдім. Осы бөлімнің бір бөлімшесі ретінде, мен біздің мемлекетімізге шетелдік инвестицияларды тарту не үшін қажет екеніне аз да болса тоқталып кетуді дұрыс деп шештім. Ал, ең соңғы бөлімін мен жалпы Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған инвестициялық саясатпен, инвестицияны ел экономикасына тарту кезінде пайда болатын негізгі проблемаларына жалпы шолу жасадым. ....
Зерттеудің өзектілігі: Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде Қытай халық республикасымен шектесетін табиғи шеп болып табылатын Жетісу Алатауын табиғатының алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Оны жеке табиғат аймағы ретінде қарастыруға төменде көрсетілген белгілері негіз болады: 1. Геологиялық құрылысының ерекшелігіне сай бір-бірінен терең тауаралы аңғарлар мен қазаншұңқырлар бөлініп жатқан орта биіктіктегі және биік қатпарлы-жатпарлы тау жоталарының басым болуы. Қазіргі жер бедерін жаңа тектоникалық қозғалыстардың әсерінен жаңғырған палеозой қатпарлы құрылымының айқындауы. 2. Құрлықтың орталық бөлігіндегі географиялық орнына сай құрлықтық ауа массалары басым болып, таулы, аңғарлы жер бедерінің әсерінен шұғыл континентті климаттың қалыптасуы. Батыс циркуляциясының әсерінен Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасы мол жауын-шашын түсуіне орай табиғатының сыртқы келбетін шөлді-шөлейтті, таулы далалы, таулы орманды, биік таулы субальплік және альплік ландшафтлар. 3. Жылу мен ылғалдың таралу ерекшеліктеріне сәйкес тауалды далалар, қылқан жапырақты таулы ормандар мен биік таулы таулы субальплік және альплік шалғындар басым болуы. Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының табиғатының ерекшеліктерін жан-жақты оқып үйрену жаһандану кезеңіндегі нарықтық экономикалық қатынастарға сәйкес табиғат байлықтарын тиімді пайдаланып қоршаған ортаның тепе–теңдігін сақтау мәселесін шешумен қатар, қазіргі экологиялық ақуалын жақсартып адамның шаруашылық әрекетінен деградацияға ұшыраған геожүйелерді біртіндеп қалпына келтіруге мүмкіндік береді. ....