1.Әлеуметтік қатынастар субъекті әрі әлеуметтік мәнді қасиеттердің иегері ретінде әрбір адам-жеке адам болып сипатталады. «Жеке тұлға» түсінігімен қатар біздің қолданымымызда «тұлға», «дара тұлға» терминдері бірге жүр.Бұл түсініктердің әрқайсысы өз ерекшіліктерімен ажыратылады, бірақ бір-бірімен тығыз байланысты. Осылардың ішінде ең жалпыланған, көп қасиеттердің бірігуін - «адам» түсінігі қамтиды. Адам - өмір дамуының ең жоғарғы деңгейінің көрінісі, оғамдық еңбек барысының жемісі әрі табиғат пен әлеуметтік болмыс тұтастығын аңдататын тіршілік иесі. Алайда, адам әлеуметтік- тектік мәнге ие болғанмен, ол жалпы табиғат туындысы ретінде- дара адамдық сипаты жағынан жанды мақұлық дүниесіне бөлектенбейді. Дара адам - «homo sapiens» тектілердің өкілі,адамдық даму нышандарының иесі-нақты адам ....
Кіріспе Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Мемлекет қызметінің түсінігі мен мазмұны» деп аталады. Бұл тақырыпты таңдауыма басты себеп болған мәселе, оның бүгінгі мемлекет органдарының атқаратын қызметін түсіндіру болып келеді. Негізінең мемлекет дегеніміз - белгiлi бiр аумақ шеңберiнде халықты өз ырқына көндiрiп отыратын, бүкiл қоғам атынан iшкi және сыртқы саясатты жүзеге асыратын, барлық халыққа мiндеттi заңдар мен ереже-қағидаларды шығарып қабылдайтын, халықтан салық жинайтын ерекше құқылы саяси ұйым. Мемлекеттің міндеттерді орындауы олардың қызмет бағыттарынан көрінеді. Мемлекеттің қызметтері дегеніміз – қоғамды басқарудағы мемлекеттің өзінің алдына қойған міндеттері мен мақсаттары, әлеуметтік тағайыны мен мәнін білдіретін, өздеріне ғана тән формалары, өздеріне ғана тән әдістер арқылы атқарылатын әрекеттері және олардың негізгі бағыттары. Мемлекеттің қызметтері қатып қалған және ешбір өзгермейтін қатаң қағида (догма) емес, қайта олар өзгермелі, өзгерістерге жиі ұшырайтын құбылмалы болып келеді. Мемлекеттің негізгі мақсаты – қоғам үшін, қоғамдағы адамдардың топтары үшін, қоғамның дамып өркендеуі үшін қызмет атқару болып табылады. Қоғам - өте күрделі құбылыс. Қоғамның негізгі тірегі -өндіріс. Өндірісті ұйымдастырып, дамыту үшін мемлекет те, адамдардың бірлестіктері де, жекелеген адамдар да қажетті іс-әрекет жасап отырады. Бұл салада мемлекеттің істейтін қызметі сан алуан. Мемлекет өзіне қарайтын кәсіпорындарды тікелей басқарып, олардың жұмысын реттеп отырады.....
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында ашылған физика мен химияның ұлы жаңалықтары: катод сәулелерінің, электролиз құбылысының, радиоактивтіктің ашылуы атом құрылы-сының күрделі екенін және оның құрамына электрондар кіретінін көрсетті. Электрон заряды теріс, массасы протон массасының 1/1840 бөлігіне тең бөлшек. Атом электронейтрал бөлшек бол-ғандықтан электрондардың теріс зарядтарын нейтралдап тұратын атом құрамына кіретін оң зарядтар болуға тиіс. Атом қүрамына оң зарядты бөлшектер кіретінін 1911 жылы ағылшын ғалымы Э. Резерфорд тәжірибе арқылы дәлелдеді Орасан көп атомдар арқылы өткен сәулелердің тек кейбіреулёрі ғана бағытын өзгертеді. Бұдан атомның құрамындағы оң зарядтар шоғырлапған белшектің көлемі өте кіщкентай екенін байқауға болады. Осы тәжірибе негізінде Э. Резерфорд атомның планетарлық теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша атомның ортасында оң. зарядталған ядро болады, оны электрондар орбиталар бойынша айналып жүреді. Атом электро нейтрал болғандықтан ядродағы оң зарядтардың саны, оны айналып жүрген электрондар зарядтарының са-нына тең. Электрондар массасы өте аз шама болғандықтан, атомның барлық массасы ядроға шоғырланған. Ядроның көлемі атомға қарағанда өте кішкентайЖгер атом, ядро, электрон шар тәрізді десек, атомның диаметрі 1010 м, ал ядроның диаметрі 10~15 м болады, яғни ядро атомынан 100 000 есе кіші болады. Бұдан былайғы зерттеулер ядродағы оң зарядтардың саны Д.М. Менделеевтің периодтық жүйесіндегі элементтің реттік номеріне тең екенін керсетті. ....
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5 Сабақ тақырыбы:Саяхат.Көлік – идеяларды түсіну. (3-сабақ) Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) Ж5 Жай сөйлемді жазуда бас әріп пен нүктені саналылықпен қолданады. Т2 Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді. Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді: Жай сөйлемді жазуда бас әріп пен нүктені мұғалімнің көмегімен қолданады. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді. Оқушылардың көпшілігі: Жай сөйлемді жазуда бас әріп пен нүктені саналылықпен қолданады. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді. Кейбір оқушылар: Жай сөйлемді жазуда бас әріп пен нүктені саналылықпен қолданады. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді, сөйлеу барысында еркін қолданады. ....
Қатысушылар: ортаңғы тобы. Мақсаты: Балаларды негізгі түстерді топтастыруға үйрету: қызыл, сары, көк, жасыл. Балалардың түсті қабылдау және түс туралы түсініктерін жетілдіру. Көру арқылы есте сақтау және қиял, ойлау қабілеттерін дамыту. Шаттық шеңбері: Ауадан қуат алайық Алақанға салайық, Күннен алған жылуды Жүрегімізге салайық. Жүректегі жылуды, Бір - бірімізге сыйлайық І. Ойын.»Пойыз» ІІ. «Есте сақта және боя». Мақсаты: Балалардың түс туралы түсініктерін жетілдіру және көру арқылы есте сақтау қаблеттерін анықтау. Балалар үлестірмедегі алмаларды суретте көргендей етіп бояйды. ІІІ. Ойын. «Атомдар және молекулалар». Мақсаты: Қысымды түсіру, топты біріктіру. Осы ойын арқылы балалардың өзара қарым - қатынасын бақылауға және көңіл - күйлерін көтеруге болады. Балалар бөлмеде еркін қозғалады (билеуге де болады). Психолог: Сендердің әр қайсыларың атомсыңдар. Жалғыз жүріп іштерің пысып кетті, сондықтан екіден, содан кейін үштен бірігіңдер......