Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктердегі ұрықтану туралы түсінік және зиготаның түзілуі. (Биология, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көбею
Сабақтың тықырыбы: Өсімдіктердегі ұрықтану туралы түсінік және зиготаның түзілуі.
Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары: Айқас және өздігінен тозаңданудың салыстырмалы артықшылықтарын сипаттау
Гүлді өсімдіктердегі қосарлы ұрықтанудың маңызын сипаттау
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар: қосарлы ұрықтану туралы түсінік қалыптастырады;
Кейбір оқушылар: айқас тозаңданудың артықшылықтарын сипаттай алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Құқық | ҚҰҚЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ

Құқық мемлекетпен бірге қоғамның объективтік даму процесінің нәтижесінде өмірге келді. Алғашқы қоғамдағы әлеуметтік нормалар: әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни өсиеттер, мемлекеттік жүйеде бірте-бірте екінші қатардағы нормаға айналып, құқық әлеуметтік негізгі нормаға айналды. Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келді. Сол көне заманнан ғалымдар құқық пен мемлекет қашан пайда болды, қалай дамып келеді?– деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келді. Өйткені құқықтың мазмұнын, тарихын, белгі-нышандарын жақсы білу қоғамды дұрыс, сапалы реттеп-басқаруға өте қажет.
Құқық қоғамды реттеп, басқарудағы негізгі құрал; құқық қоғамдағы бостандықты, әділеттікті теңдікті, адамгершілікті қалыптастыратын негізгі құрал; құқық мемлекеттік билікті, қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік даму процесінің даму бағыттарын анықтап отыратын негізгі құрал; құқық қоғамдағы заңдылықты, тәртіпті бақылап отыратын негізгі құрал; құқық мемлекеттің ішкі-сыртқы істердегі егемендігін қамтамасыз ететін негізгі құрал т.б. Бұл пікірді жалғастыра беруге болады. Құқық –қоғамның экономикалық базисінің үстіндегі қондырма. Оның қоғамдағы мәні, маңызы, мазмұны мен нысаны, сайып келгенде, қоғамның экономикалық, мәдени-рухани сипатына байланысты. К.Маркс «Гота программасына сын» деген еңбегінде: «Құқық ешуақытта да экономикалық құрылыстан және қоғамның соған сәйкес мәдени дамуынан жоғары бола алмақ емес» – деді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі

Қандай ғылымның болмасын пайда болу тарихы, маңызы мен мақсаты және қоғамда алатын өз орны бар екендігі белгілі. Солардың ішінде басқа салалардан өзінің ерекшелігімен оқшауланатын Бухгалтерлік есеп саласы бұдан бірнеше жүздеген жылдар бұрын пайда болып, күнделікті өмірде қолданылуы барысында қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына қарай өзгерістерге ұшырап келе жатқан ғылым болып табылады. Бухгалтерлік есеп туралы белгілі ғалым Б.Де Солозано “Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес және де бухгалтерлік есепсіз әлемді басқару мүмкін емес, адамдар да бірін-бірі түсінбес еді ” – деген болса, оның әріптесі П. Самуэльсон “Біздің ғасырымыз - машина ғасыры, сондай-ақ ол Бухгалтерлік есеп ғасыры болып табылады ”, - дейді. Ал осы ғылымды зерттей келе Р.А. Фаулки “Есеп – барлық бизнестің тілі, яғни философиясы”, - деп айтса, Л. Фон Мизес “Есеп – бұл бизнестің ар-ожданы, ұяты”, - деп жазған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушылардың қолдануына ыңғайлы етіп жеткізіп беріп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Бұған дәлел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы өткізген конференциясында “Есептей алмаған, басқара алмайды”, - деген сөздің жайдан-жай айтылмағандығын атап өтуге болады. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындау үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның кірістері мен шығыстарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады. Бухгалтерлік есеп қаржылық (сыртқы) және басқарушы (ішкі) есеп болып екіге бөлінеді. Басқарушы есеп кәсіпорынның қаржылық ақпараттарын ішкі пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болса, ал қаржылық есеп жоғарыда айтылған қаржылық ақпараттарды ішкі пайдаланушылармен қатар сыртқы пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе. Яғни, басқарушы есептің мәліметтерін кәсіпорын басшылары қандай да бір шешім қабылдау үшін пайдаланатын болса, қаржылық есептің мәліметін бұлармен қоса жабдықтаушы (мердігер) кәсіпорындар, банк мекемелері, салық органдары және тағы да басқалар пайдаланады. Кез-келген ұйым үшін қаржылық есеп міндетті түрде жүргізілетін болса, басқарушы есептің жүргізілуі және оның тәртібі әрбір кәсіпорынның экономикалық саясатына байланысты. ....
Рефераттар
Толық
0 0