Мақсаты: Балаларға негізгі түстерді топтастыруға үйрету: қызыл, сары, жасыл. Балалардың түсті қабылдау және түс туралы түсініктерін жетілдіру. Көру арқылы есте сақтау және қиял, ойлау қабілеттерін дамыту.
Шаттық шеңбері: Ауадан қуат алайық Алақанға салайық Күннен жылу алайық Күннен алған жылуды Жүрегімізге салайық Жүректегі жылуды Бір - бірімізге сыйлайық
1. Есте сақта және боя Мақсаты: Түс туралы түсініктерін жетілдіру және көру арқылы есте сақтау қабілеттерін анықтау. Балаларға үлестірме беріледі. Үлестірмедегі алмаларды суретте көргендей қылып бояйды.
2. « Атомдар және молекулалар» ойыны Мақсаты: қысымды түсіру, топты біріктіру. Сонымен қатар, осы ойын арқылы балалардың өзара қарым – қатынасын бақылауға және көңіл - күйлерін көтеруге болады. Балалар бөлмеде еркін қозғалады (билеуге де болады) Бірнеше уақыттан кейін психолог: Сендердің әрқайсыларың атомсыңдар, жалғыз жүріп іштерің пысып кетті, сондықтан атомдар екіден бірікті содан кейін үштен және т. б .....