Бір күні құстарға да әмір жүргізуші Сүлеймен патша барша құстарды жинап алып: – Мен қартайдым, жамбасыма жұмсақ төсек керек. Барша құстарға айтарым: маған бір-бір талдан мамықтарыңды жұлып беріңдер. Содан төсек жасатайын, – депті. Патшаның тілегін естіген құстардың бәрі бір-бір тал мамық жүнін жұлып беріпті.......
Бекәділ дәлізде тұрып, өз бөлмелерінде сабақ дайындап отырған екі баласына:
— Ау, Әли, Мұхтар, сағат он боп қалды. Аяқтарыңды жуып, жата берсеңдер де болады, — деді.
— Жат, жатыңдар. Таңертең тұрмай әлек қыласыңдар! — деп, Ләззат күйеуінен гөрі қаттырақ ескертті.
Кіші ұлы Мұхтар күндегі әдетімен:
— Сендер қайда барасыңдар?
— Қайда барушы ек. Алаңда біраз сейілдеп, жүріп қайтамыз.
Үш бөлмелi кем үйде Әли, Мұхтар оңаша қалды. Әли алтыншы, Мұхтар бесінші оқиды. Жоқ, ата-анасын тыңдамайтын немесе жүре тыңдап, бір айтқанды он қайтара айтқызып, әке менен шешенің ашу - шамына тиетін қыңыр-қисық балалар бұлар емес. Әр нәрсенің шөгін білетін тәрбиелі балалар екеуі де. Сабақты жақсы оқиды. Мұғалімдеріне де, таныс көрші-қолаңға да жағымды.
Кітап - қағаздарын жиыстырып, столдан бірінші боп тұра берген Мұхтар кішілік шолжаңдау мінезі ұстап, Әлидің қалқиған құлағына шертіп келіп қалды. Әли тек осыны
күтіп отырғандай сақ еді. Зыта жөнелмек болған Мұхтарды ол екі аттатпай-ақ ұстап алды. Екеуі сол арада, еденге төселген қызыл ала кілемнің үстінде, таласқан иттерше апыр-топыр болды...
Стол басында көбірек отырыңқырап қалғанда, әсіресе, үйде әке, шеше жоқта, бойдың құрыс-тырысын осылайша жазып алу олардың қашаннан бергі әдеті. .....
Ауады да тұрады, аңсарым-ай! Әлі сен есімдесің, Аршалы сай. Сол түні неге мені өлтірмедің? Сол түні риза едім алса құдай. Сен куә, Аршалы сай, Сол түні мен,аққуға тұзақ салын, өлтіріп ем. .....
Жаршысындай ақ шағала, аппақ пейілімнің тілегі, үміт оты - қасиетті Рамазан айын сарыла күтіп жүргеніме, міне, біршама айдын жүзі болып қалыпты. Рамазан айы, сен менің түн жамылған тонаушыма айналдын. Иә, тонаушым. Себебі түннің жарымында сені ойлап, армандап "Қиял" атты үлкен сапарға жол тартамын.......
Пайғамбарымыз (с.а.с. )айтқан: "Егер түнде иттердің үргенін және есектердің ақырғанын естісеңіздер, олардан Аллаһқа сыйыныңыздар. Өйткені, олар сіздер көрмейтін нәрселерді көреді", - деген.