Өлең: Жұмағали Саин (Бір түнде)

Колхозды ауыл бұлтсыз таза күн батқан
Мезгіл еді ұйқысына ел жатқан.
Келі жатты жігіт пен қыз қыдырып,
Қалған білем оңашалау кідіріп...
Ауыл сыртын бұлар кезіп келеді,
Қыз тыңдайды, жігіт сөйлеп береді...
Күліседі, әзілменен қағады,
Екеуіне не айтса да жағады...
Бұлар міне бір бақшаға бұрылды,
Әне отырды, тағы неге кідірді?...
Сезім жеңді, отты қ ұшақ ашылды,
Ыстық беттер бір-біріне басылды........
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Түн мен күн)

Кеш болып, түн тұнжырап күн батқанда,
Шешініп төсегімде мен жатқанда,
Ай ғана босағаға төгіп нұрын,
Тынымсыз байғыз сорлы зар қаққанда.
Сол түні басқан елді нұрсыз сәуле,
Қайғыңның төсегінде жылап Зәуре,
Неткен түн, неткен дала, неткен заман?
Тас қамау, тар тұсауда адам әуре.
Аһ, ұрып мен секілді талай бала,
Телміріп туған айға көзін сала,
Сабырсыз таң күткендей миллион - мыңдар,
Еткендей айды ана, күнді пана.
Қобыз бен домбыралар түнде сарнап,
Булығып қыл қылқынып жатқан зарлап,
Ыңыранып бебеу қаққан ұытты үні
Еңіретіп егілтетін мені де арбап.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Түн қатады партизан)

Қаңтар күйі қарт боран
Жынданады айғай сап,
Аш арыстан сымбатты
Азу тісі сақылдап.
Абыржымай, ақырын.
Теңселеді қара орман,
Мұздай темір құрсанып
Түн қатады партизан.
Түн қатады партизан,
Қар құшады, мұз жайлап,
Қалтырамас біреуі,
Көр қылсаң да ойбайлап.
Қатал, қайсар жүрегі
Қайтпас боран кәрінен,
Қымбат елдің намысы
Партизанға бәрінен......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Колхоз түні)

Жел де тынған, бір жым-жырт
Кен даланы ой басып.
Жер шеңберін жапты ымырт,
Теңіз көкпен жалғасып.
Кербез аспан шаттанды,
Бетін жұлдыз жасырып.
Көр деп мені мақтанды,
Көзге оттай басылып.
Егінді жер, әсем қыр
Түн сырымен жалғасты.
Көкте жұлдыз, жерде гүл
Бір-бірімен арбасты.
...Күзет. Қырман басында
Ән шырқады Балтабай.
Өзі сүйген жасында
Күзеткені көп бидай......
Өлеңдер
Толық
0 0

Махаббат хикаясы: Күндіз түні ойымда

Мен анамның айтқан әрбір сөзіне еш қарсылық танытқан емеспін. Анам не десе сол болады. Тіпті мамандық таңдауыма да әсері тиді, бірақ мен осы күнге дейін анамның бұрыс айтқанын корген емеспін. Мен анамның көңіліне кірбің жүрегіне жара салудан қорқамын...
Бәрінің бастауы қалаға оқуға түсуімнен басталған еді. Мен 2009шы жылы (орта) мектеппен қоштасып қалаға оқуға түстім. Мен тек оқуды ойлайтынмын. Ал жігіт жайында еш ойлаған емеспін. Өмірде бір адамға ес түссіз ғашық болу дегенде естігенде күлкім келетін. Кейде қыздардан бір жігіт үшін өлуге бармын дегенді естігенде олар неге осыншалықты ақымақ деп ойлайтын едім. Сол кездері өзімнің де осындай күйді кешетінім үш ұйықтасам түсіме кірмейтін еді.

Сүйгеніммен танысуыма септігін тигізген агент еді. 2011ші жылдың сәуір айында менің класстас құрбым маған жиі хабарласып, сөйлесіп тұруымыз үшін маган мир ашып берді. Менде агентте тек жақындарым ғана болған болатын, басқа адамдарды еш қабылдап сөйлеспейтін едім. Сәуір айында не жын түрткенін білмеймін бір баланың авторизациясын бірден қабылдадым. Ол екеуіміз бірден тіл табыса алмадық,жиі урысып тұратынбыз. Бірде ол кездесуге шақырды. Мен бірден келісімімді бере қойған жоқпын. Ол менің туыстарымның үйіне қарама –қарсы уйде тұрады екен, біз сол дворда кездестік. Ол маған бір көргеннен ақ ұнады, тіпті бұрыннан таныс адамдар сиқатты сөзіміз де жараса кетті.
Сол күні ол маған менің логинымды қайдан алғанын айтқан болатын, ол менің группаласым Бақытбектің жан досы болып шықты. Осылай ша екеуіміз де кездесе бастадық, алғашқыда бәрі тамаша еді, ол екеуіміз кездескенде мен бақыттан басым айналып, төбем көкке бір елі жетпей тұрғандай күйде болатынмын. Мен тіпті өзімнің сезімдерімді сыртқа шығармауға тырысатынмын, тіпті жанымдағы жақын құрбыларымнан да жасыратын едім. Ғ ашық болып қалдым деп айтуға ұялатынмын. Ол маған сезімдерін білдіріп менің сезімдерімнің қаншалықты екенін сұрағанда мен басқа жанды сүйемін деп айтатын едім. Сол суйген адамымның озі екенін ол сезбейтін де еді. Осылайша қалай екі айдың зулап өте шыққанын байқамай да қалыппын. Мен әрқашан өзімнің ішкі сезімдеріммен арпалысуда болатынмын. өмірде өзім қорыққан жағдайлар өз басымнан өтіп жатқанын сезетін едім......
Махаббат хикаялары
Толық
0 0