Мақал - Мәтел: Төрт түлік (Жылқы, Түйе, Қой, Сиыр)

Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.

Таңбасыз тай, енсіз қой болмайды.

Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп,
«Ештеңені білмейтін момыным!» деп.
Сиыр сүйеді баласын «торпағым» деп,
«Қараңғыда баспаған қорқағым!» деп.
Түйе сүйеді баласын «боташым» деп,
«Жаудыраған көзіңнен тоташым!» деп.
Ешкі сүйеді баласын «лағым» деп,
«Тастан тасқа секірген шұнағым!» деп.
Жылқы сүйеді баласын «құлыным» деп,
«Тұлпар болып жүгірер жұрыным!» деп.

Мал – баланың шашуы.
Мақал-мәтелдер
Толық
180,5 -100,5

Адыраспан – бел ауруларына ем

Адыраспан – түйетабандар тұқымдасына жататын, тарамдалған бұтағы мол, мыңжылдық шөптесінді өсімдік, оның жапырақтары кезектесе орналасады. Бозғылт-сары гүлдері жеке.....
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық
1 0

Қазақша мақал - мәтел: Ешкі

Есі кеткен ешкі жинар,
Ешкі жинап есін жияр.

Айдағаны - бес ешкі,
Ысқырығы жер жарады.

Түйені жел шайқаса,
Ешкіні көктен ізде.

Әркім тапқанын теке қояды.

Жылқыны бөгелек,
Ешкіні кебенек аздырады.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Алдымыздағы жексенбiден Дуйсенбiге караған түн Ашура түнi

Ашура сөзі оныншы мағынасына келеді, өйткені Аллаh Тағала Пайғамбарымыздың үмметіне он үлкен кереметтер берген: 1) Режеп айы, 2) Шағбан айы, 3) Рамазан айы, 4) Қадір түні, 5) Ораза айты, 6) Зилхиджа айының он күні , 7) Арафа күні, 8) Құрбан айт күні, 9) Жұма күні, 10-Осы Ашура күні.

Бұл күні үйге ұсақ-түйек заттар алынса, бір жыл бойы үйде береке болады. Пайғамбарымыз Хадис шеріпінде «Кімде кім Ашура күні отбасының нәпақасын мол қылса, Аллаһ Тағала да.....
KZ
Толық
0 0

Елімізде электр энергиясы әзірге қымбаттамайды

Еліміздегі электр энергиясын таратушы компаниялар арасында жаппай қысқарту болғалы жатыр. Энергетика министрлігі жұртқа жарық жеткізіп жүрген делдал мекемелерге талапты барынша күшейтпекші. Сөйтіп, ұсақ-түйек компаниялар біріктіріледі. Қазір Қазақстанда қуат көзін бөлетін 160 мекеме бар. Оның үстіне......
Жаңалықтар
Толық
0 0