Алғашқы тістері қашан шығады?Сәбидің алғашқы тістері анасының жатырында жатқанында-ақ қалыптаса бастайды. Табиғат «сыртқа шығуға бұйрық бергенше» қызыл иектерінің ішінде жасырынып жатады. Дені сау баланың сүт тістері 5-7 айлығында қызыл иекті жарып шыға бастайды. Ең бірінші болып төменгі орталық екі тісі, одан соң тура сондай жоғарғы тістері шығады. 12 айға дейін оған оң және сол жағынан екі көрші тістері қосылады. Осылайша, өзінің алғашқы туған күнін әдетте сәби 8 «қаруланған» тісімен қарсы алады. Қалғандары (сүтті тістің саны20 болады) бір жыл ішінде ақырындап шыға бастайды.Кей тістер кешігіп шықса, уайымдаудың қажеті жоқ: кейбір дені сау балалардың 1 жасқа қарай алдыңғы 6 тісі ғана шығады.2,5 жасқа қарай сүтті тіс толық шығып болады.......
Тіс ауруы – күтпеген кезде келетін қонақ. Бұл мәселе сіз үшін бейтаныс болуы мүмкін. Алайда тіс – адамның ең жанды жері. Бұл жағдайды түзетіп, қорқынышты сезімнен қалай арылуға болады? Біз сіздерге ауруды бірден басатын 7 әдісті ұсынғымыз келіп отыр.
✅ 1.Тіс ауруына қарсы сарымсақ, пияз және тұз көмектеседі. Бұл тағамдарды уатып, тіске басу арқылы аурудан арыла аласыз.
✅ 2. Мақта тығынын самырсын майында жібітіп, ауырған тісіңізге немесе қызыл иекке 10-15 минут басып, 1,5-2 сағаттан соң тағы бір рет қайталасаңыз, нәтижесін көресіз. ......
Бұл мақалада Қазақ хандығының қалыптасып, даму тарихымен тығыз байланыста болған Жетісу аймағының қазіргі таңда тарихи деректер мен ғылыми зерттеулерде зерттелу деңгейіне тарихнамалық шолулар жасалынған. ХVІ-ғасырдың басындағы бірінші онжылдықта да қазақтың ханы Керей ханның баласы Бұрындық өзінің хандық билігін жалғастырған. Алайда оның Жетісу жерінде ешбір билік жүргізген әрекеттері жазба деректерде кездеспейді. .....
Кіріспе Мақсаты: Оқушыларды қоғамның белсенді және білімді азаматты етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Міндеті: - Мұғалімнің сабағына қойылатын талаптарды анықтау - Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымның қалыптасуының адамгершілік қасиеттерін, дүниетанымдылығын арттыру. - Мұғалім еңбегінің шығармашылық сипатын анықтау. Өзектілігі Мұғалім - өмір бойы оқып тынбай ізденетін мамандық мұғалімнің беделі-білімде. Бүгінгі таңда жаңаша жұмыс жасау, оқу мен тәрбие үрдісін жаңаша ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр. Ал егемен еліміздің дамуы мектеп жұмыс әдістерінің түбегейлі өзгеруінсіз, оның іс-әрекетінің жаңадан құрылуынсыз мүмкін емес. Өйткені бүгінгі бала-ертеңгі дарынды білімді, жастар тәуелсіздігімізді баянды етіп, қоғамдық әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қоса алады. Сондықтан жоғары сынып оқушылары мұғалім берген білімді ғана игеріп қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, нысаналы, зерделі, дарындық іс-әрекеті мен сабақтастары білуі тиіс. Осыған орай, жоғары сынып оқушыларының интелектуалдық мәдениетінің дамуын арнайы ұйымдастыру оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты оқу табылады. Білім беру мектептің ғана ісі емес мектеп білім алудың кілтін ғана береді. Мектептен тыс білім алу дегеніміз- бүкіл бір ғұмыр! Адам өмір бойы білімін көтеріп отыруы тиіс.....
Сәбиге алғаш тіс шықан кез. Баласы бар аналардың бұл сәт есінде болар. Немесе мұндай кезең сізді де күтіп тұрса керек. Осындай кезеңді қиындықсыз өткеру үшін және баланың тісі шыққанда бірден көмектесетін халықтық әдісті назарларыңызға ұсынамыз!
Сәбиге ең алғаш тіс шыққанда анасының таза саусағын құмарлана шайнағаны да жеткілікті.
Осы сәтте саусақпен баланың қызыл иегін уқалау әдісін қолданып көріңіз. Саусағыңызға шүберек орап алып, содаға немесе бура ерітіндісіне (1стакан суға бір қасық) малып қызыл иекті сүртіңіз. ......
Пән: Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: 6-сабақ Ғарышты игеру жетістіктері Оқу бағдарламасына сілтеме: ӘТН4.1.Грамматикалық норма Оқу мақсаттары: 8.4.4.1. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін ажырату, қолдану....
Кіріспе. Барлық тірі табиғат соның ішінде жүгірген аң, жорғалаған жәндік пен ұшста, жалпы бүкіл тірі организмдер ауамен дем аламыз, су ішіп, онымен жуынамыз. Бұлар бізді қоршаушы ортаның басты үш құраушысы болып табылады. Ғылымда оны биосфера, яғни тіршілік ортасы деп атайды. Биосфера – түрлі тірі организмдер мекен ететін жердің үстіңгі қабаты мен судан, өзендер мен көлдерден, теңіздер мен мұхиттардан, яғни жердің асты – үстіндегі су мен будан және 2-3 шақырымға дейінгі тереңдіктегі жер қойнауынан тұратын нәзік қана өмір әлемі. Сондай-ақ ауа 12-15 шақырым биіктігіне дейінгі аралықты қамтитын және тропосфера деп аталатын төменгі қабаты да осы тіршілік аясына кіреді. Биосферадағы тепе-теңдік, ондағы заттық және күш қуаттық алмасулар,онда тұрушы барлық тіршілік иелерінің өмір сүруінің нәтижесі болып табылады. Бүгінгі таңда тіршілік аясының аумағы бірнеше кеңейе түсуде.....
Пародонт ауруларын комплексті емдеуде тістерді таңдап егеу негізгі шаралардың бірі болып табылады, окклюзиялық бұзылыстарды қалпына келтіру және тістерің тірек тіндерін жарақаттаушы окклюзияны реабилитациялау және алдын алу үшін стимуляциялы, функциональды қысымды қалпына келтіру болып табылады. Жарақаттаушы окклюзия – бұл бір тістің немесе бір топ тістердің функциональды қысымынан болатын тіс қатарының патологиялық жағдайы, ол пародонт тіндерінің өзгерісіне, бұлшық ет дисфункциясына, самай – төменгі жақ буынының ауруларына алып келеді. Жарақаттаушы окклюзия интакті пародонт кезінде де болуы мүмкін, тым көп немесе бағыты бойынша дұрыс емес окклюзиялық қысымнан және пародонт ауруларында тістің тірек тіндерінің әлсіздегенде болуы мүмкін. Бұл кезде қалыпты окклюзияның өзі де тіс тіндерін қоршаған толеранттылыған жоғарылап қарапайым окклюзияның өзі жарақаттаушы факторларға айналады. Комбинирленген жарақаттаушы окклюзияның жоғары қысыммен пародонт ауруларының бірігуінен пайда болады. Клиникада көбінесе тістердің ерте түйісуінен болатын травматикалық окклюзиямен науқастар кездеседі, ол керексіз бүйір қысымға алып келеді( горизонтальды және қисық), ол пародонт ауруының негізгі патогенетикалық факторы болып келеді. Окклюзиялық түйісудің үш класын ажыратады. Бірінші класс- төменгі моляр және премолярдың ұрт төмпешіктерінің вестибулярлы бетіндегі локализациясы, тағыда төменгі күрек және сүйір тістердің вестибулярлы бетінде. Екінші классқа жоғарғы моляр және премолярлардың таңдай бетіндегі таңдай төмпешіктерінің алдын ала түйісуі жатады. Үшінші класс- жоғарғы моляр және премолярлардың ұрт бетіндегі таңдай төмпешіктердің ерте түйісуі. Ерте түйісу дара тістердің немесе топ тістердің қажалуының болмауынан, тағыда породонттың зақымдалуынан тістердің орнының өзгеруінен болады. көрші тістің болмауы, антогонист тістің окклюзиялық бетінде пломбаның қатты қажалуы, жақтың дамуының аномалиясы тіс қатарының окклюзиялық бетінің деформациясына алып келеді. Бұл кезде тістерді таңдап егемейді оның орнына окклюзиялық бетті өзгертетін тіс бөліктерін егейді. Тістерді таңдап егеу тістемнің ақауында, тіс қатарының ақауында, тістің қатты тіндерінің бір қалыпты қажалмауында, төмпешіктердің физиологиялық қажалуының болмауында көрсетілген. Тістерді таңдап егеудің көрсеткішіне пародонт тіндеріне қысымның артық түсуінің клиникалық және рентгенологиялық әдістердің болуы: бөлек тістердің қатты қозғалғыштығы, тіс мойынының және түбірінің жалаңаштануы, жоғарғы немесе төменгі күрек тістердің алға шығуы, желпігіш(веер) тәрізді орналасуы, жақтардың түйісуінің орталық, бүйір және алдыңғы окклюзия кезінде тістердің ерте түісуі кезінде, жақтардың қозғалысына кедергі жасайтын тістердің окклюзиялық бетінің бөліктерінің болуы. Тістерді таңдап егеуді тіс қатарының көптеген түйісу нүктелері болу үшін жасалынады, пародонт тіндеріне функциональды көп қысымның түсуін жою үшін және төменгі жақтың свободной кинематикасы үшін жүргізіледі. Тістерді таңдап егеудің уақыты аурудың клиникалық суретіне байланысты. Жарақаттаушы окклюзиясы бар және пародонттың айқын қабыну симптомы бар науқастарда тістерді таңдап егеуді тек қабыну үрдісін жойғаннан кейін жүргізу керек. Егер клиникалық суретте сүйек қалталары бар сүйек тінінің деструкция симптоматикасы алда тұрса онда тістерді таңдап егеу операция алды кезеңінде немесе хирургиялық ем кезінде жүргізіледі. Себебі репаративті процесс кезінде окклюзиялық жарақатты болдырмау үшін.....
Сөз таптарының басқа түрлеріне қарағанда етістік жайлы М.Қашқаридың «Диванында» толық айтылады. Осы етістіктің қай категориясы болмасын «Диван» тілінде тек қана көрініс тауып қана қоймай, арнайы түсіндірілген. Сөз болып отырған «Диван» тіліндегі етістік категорияларының ішінде шақ тұлғалары «Диван» тілінде біршама көп вариантты болып табылады. Шақ тұлғаларының мән-мағынасы мен қолданылуы әркелкі болады. Кәзіргі түркі тілдерінің бәрі қазақ тілінде қолданылатын шақ тұлғаларының грамматикалық мән тұрғысынан да, морфологиялық жағынан да, фонетикалық сипаты жағынан да белгілі дәрежеде «Диван» тіліндегі сондағы тұлғалармен байланысты. Сонымен бірге Махмуд Қашқаридың жеке тұлғалардың қолданылу ерекшелігі мен мән мағыналарын түсіндіруі сол тұлғалардың кәзіргі қазақ тіліндегі ұзақ уақыт бойы ұшыраған өзгерістердің белгілі дәрежеде түсінуге мүмкіндік береді. «Диван» тілінде ашық райдың өткен шағы етістікке –ды/ -ді,-ты/- ті,-дук/-дүк,-мыш/-міш қосымшаларының жалғануы арқылы жасалады,-ды қосымшасы қазіргі қазақ тіліндегідей жедел өткен шақтық мән береді. Бұл тұлғаны М.Қашқаридың өзі былай түсіндіреді: «өткен шақ тұлғасы барлық етістіктерден –ды қосымшасы қосылу арқылы жасалады және бұл қағида ешқашан өзгермейді». Мысалы: Ол аны уруб қамтурды- -Ол оны ұрып құлатты. Сөйлемді жақсарту үшін соңғы дыбысы қатаң әріптерге аяқталған негіздерден жасалған өткен шақ етістігінің қосымшасы –ды-ты-ты-ға ауыстырып қолданған дұрыс –дейді М.Қашқари. Алайда М.Қашқаридың «Диванында» қатаң дыбысқа аяқталған түбірге де –ды түрінде жалғану кездеседі. Мысалы: Ерет бічді- ер кісі ет кесті. Құл тәңріге тапды- құл тәңріге табынды. Бұл мәліметтерге қарағанда ιιι ғасыр тілдерінің кейбір ерекшеліктерінің әлі жайылмағандығын және дауыссыздар үндестігінің әлі толық қалыптаспағандығын байқауға болады. Дегенмен, Қашқари т қатаң дауыссызына аяқталып, -ды қосымшасының басқы дыбысы соның әсерінен т- ға айналуына арнап мысал келтіреді. Тюркологияда жедел өткен шақ тұлғасы ең әуелі д дыбысынан емес, қатаң т дыбысынан басталғандығы жайлы айтылған. Бұл әсіресе Орхон-Енисей жазбаларында –ты вариантының көп қолданылуына негізделген. , жақ жедел өткен шақ құрамындағы –ы дыбысының протезалық қызметімен қоса «Диванда» оның әртүрлі дауыстыларға ауысып айтылуы кездеседі. Бұл жайында Қашқари түсініктемесінде: «Түріктер –д әрпін кәсра қылып бардым» дейді. Бұл қағидаға дұрыс келеді. Ал оғыздар мен кейбір басқа тайпалар –ды-ны фатха қылып «бардам» дейді арғулар мұны дамма қылып «бардум,келдүм» деп айтады. Бұл қағидадан алшақ.Бірақ тайпалар арасындағы айырмашылық осындай,»-дейді.Қашқаридің бұл пікірі зерттеулерде фактілік дәлел тапты. Алтайст Рамстедт алтай тіліндегі бір кезде 111 жақты білдірген жіктеу есімдігі ретінде қарайды. Осы есімдіктің ісі қазіргі Шанчжур тілінде де сақталған.-ды аффиксі езулік дауыстыларды бар буыннан кейін жалғанады. ....
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасы Конституциясы 6 - шы бабының 1 - ші тармағында мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншікті танып, оның бірдей қорғалуын бекітуі/1/ және мемлекетіміздің экономикалық даму жолы жоспарлық экономикадан нарықтық экономикаға көшуі қоғамдық катынастардың жаңа толқынының пайда болуына алып келді. Дамыған нарықтьщ экономикалық елдерде дәстүрлі қалыптасқан қызмет қатынастарын кұқықтық реттеуде алдыға шықты. Кеңестер одағы кезінде қоғамда калыптасқан көз қарастарға сәйкес қызмет тек халыққа қызмет көрсету түрлерімен шектелді. Қызмет қатынастарының басқа түрлері танылмады. Қоғамдық қатынастар алдымен пайда болып, дамыған соң қүқықтық рәсімделуге жатады. Азаматтық кодексте алғаш рет азаматтық қүқықтардың объектісін жеке қарастыруы осының дәлелі бола алады/2/. Корғауға шығарылатын негізгі мәселелері: Осы жүмыста қорғауға шығарылатын келесі мәселелер болып: - қүкықтарды қорғаудағы мәселелерді ашу; - қызмет мәселелерін қарастыру және қүқықтық анықтамасын беру табылады. Ғылыми жүмысты зерттеудің әдістемесі. Зерттеу барысында ғылымдық танымның жалпы әдістері, салыстырмалы - қүқықтық талдау, функционалды күқықтық талдау, дедукциялық және индукңияльщ әдістерді, жүйелі, тарихи амалдар сияқты арнайы ғылыми әдістер және т.б. қолдан...