Реферат: Әдебиет | АЛПАМЫС БАТЫР ЖЫРЫН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ

«Алпамыс батыр» жыры қазақ халқының ауыз әдебиетіне жатады және жырдың қазақша бірнеше нұсқалары бар. М. Ғабдулин «Алпамыс батыр» жырының жиналуы мен зерттелуі тураы былай деп жазады: «…«Алпамыс» қазақ еліне, әсіресе оңтүстік қазақтарына, ертеден таныс, көп заман бойына ауызша айту арқылы тараған көне жырдың бірі бола тұрса да, тек өткен ғасырдың аяқ кезінде ғана хатқа түсіп, баспа жүзіне шықты. Жырдың бір вариантын алғаш рет Жүсіпбек қожа Шейхұлы Исламов деген кісі 1899 - жылы Қазан қаласында бастырып шығарды. Содан кейін жырдың осы варианты өзгеріссіз 1901, 1905, 1907, 1910, 1912, 1914, 1916 жылдары қайта басылды. Жырдың бұл вариантында айтылатын негізгі әңгімелер Алпамыстың Гүлбаршынға үйленуі, Тайшық ханға аттануы. Ұлтанды жеңуі жайында болатын…» (М.Ғабдуллин,«Қазақ халқының ауыз әдебиеті», Алматы, «Мектеп» баспасы, 1974- жыл, 169 -170 беттер).
Алпамыс батырдың қалмақтармен соғысқан сәті жырда былай суреттеледі:
… Астында Шұбар секірді,
Жазым болып кетер деп,
Үстінде бала бекінді,
Шынжыр арқан,темір тор,
Жүн- жүн болған секілді.
Тағы шұбар бұлқынды,
Үстінде бала жұлқынды,
Қамалап тұрған қалмаққа,
Жалғыз бала ұмтылды.
Енді қалмақ сасады,
Қақпаның аузын ашады.
Біріне бірі қарамай,
Қақпаға құлып сала алмай,
Бет бетімен қашады.
Алдыңғы жағын қалмақтың
Арт жағы келіп басады…
…Көк орданың басында,
Көк өзеннің қасында,
Тайшық хандай ханына
Алпамыс берен айқасты.
Қарсыласып қалысты,
Тайынбай найза салысты.
Біріне бірі ылағып,
Екі найза қағысты.
Осы менен екеуі
Біраз жерге барысты.
Найзаларын тастасып,
Қылышпенен салысты.
Ат үстінен жүгіртіп,
Бірін бірі шабысты… («Алпамыс батыр», «Қазақ әдебиеті» (хрестоматия), құрастырушылар: Т.Ақшолақов, Ә.Қанафин, М. Хасенов, Алматы, «Мектеп» баспасы, 2001 -жыл, 89 бет).....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Суретті талқылау (2 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Менің мектебім
Сабақтың тақырыбы: Суретті талқылау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (ОБ сілтеме) 2.1.8.1 Талқылауларға қатысып, өз пікірін білдіреді.
Сабақ мақсаттары: Өз пікірін білдіруде сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қорғалатын объектілі жүйелерге бағытталған тәсілдерді қолдану

Ел президентінің 1997 жылдың 10 қазандағы « Қазақстан 2030 ». Барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуы атты Қазақстан халқына жолдауында ұзақ мерзімді басымдық ретінде ұлттық қауіпсіздік айқындалды, оның құрамының бірі ақпараттық қауіпсіздік болып табылады.Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздік тұжырымдамасы ҚР – ның конституциясының және «ҚР – ның Ұлттық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 26 маусымдағы, « Мемлекеттік құпиялар туралы » 1999 жылғы 15 наурыздағы, « Терроризмге қарсы күрес туралы » 1999 жылғы 13 шілдедегі, « Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы » 2003 жылғы 7 қаңтардағы, « Ақпараттандыру туралы » 2003 жылғы 8 мамырдағы, « Экстремизмге қарсы іс – қимыл туралы » 2005 жылғы 18 ақпандағы.ҚР – ның заңдарының, ҚР – ның президентінің 2006 жылғы 18 тамыздағы № 163 жарлығымен мақұлданған. ҚР – ның ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін дамытудың 2006 – 2009 жылдарға арналған тұжырымдаманың негізінде дайындалды.
Ақпараттық қауіпсіздіктің нақты жай – күйін бағалау және осы саладағы негізгі проблемалар мен бағыттарды айқындау кезіндегі жағдайлар.Қазіргі уақытта Қазақстанның саяси өміріндегі және экономикасындағы болып жатқан қайта құру процестері оның ақпараттық қауіпсіздігінің жай – күйіне тікелей әсерін тигізеді. Бұл ретте ақпараттық қауіпсіздіктің нақты жай – күйін бағалау және осы саладағы негізгі проблемалар мен бағыттарды айқындау кезінде ескеруді қажет ететін жаңа факторлар туындайды.
Ұлттық қауіпсіздік түсінігі ішкі және сыртқы болып келетін қатерлердің бар болуы, қорғаныш объектінің өмірлік маңызды мүдделерінің бар болуы. Олардың арасындағы тепе – теңдіктің бар болуын анықтайды. Ұлттық қауіпсіздікті тиімді шешу үшін түрлі қауіпсіздік факторларын жүйелі түрде қарастыру мемлекеттің барлық негізгі құрылымдарының өзара әрекет ету тетігін қалыптастыру керек.
Компьютерлер – ақпараттық жүйені қалыптастырушылардың бірі, бірақ біздің назарымыз бірінші орында ақпаратқа негізделеді, компьютердің көмегімен сақталатын, өңделетін және жіберілетін ақпараттарды қарастыра аламыз, оның қауіпсіздігін анықтайтын барлық жиынды құрайтын және бірінші орындағы ең әлсіз буын көптеген жағдайларға бағынатын адам болып табылады (мысалы өзінің паролін жазып қоюға болады «Азамат хаккер»).....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Жаз тілі)

Дидары жаздың жарқырап,
Жадырап күлді тағы жер:
Жасанған жасыл жау-жарақ,
Жайнады жазша жауынгер.
Трактор елде аршындап,
Бұзылды тыңдар, не бір бел:
Сіңіріп дәнді топырақ
Құлпыртты қырды егіндер.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан Республикасының әлеуметтік қатынастарға салық салуды жетілдіру

Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар - бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңарумен қабаттаса жүреді. Мемлекет салық саясатын- салық саласындағы шаралар жүйесін – қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік- экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірлеген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізіледі.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Әлеуметтану | Әлеуметтік жұмыскердің еңбекте себептілік

Себептілік-бір ғана басты функцияны басқарады. Сырт жағынан алып қарағанда жұмыскер еңбектік процесте белгілі бір стимулға сүйенеді. Қай стимул болсын. Нақты қабылдауы адамдардың бейнелі түрде қабылдауы. Ішкі жағынан алып қарағанда себептілікті анықтайды. Осы процесте стимулдық жүйеге ене отырып жауапты болу, адамдардың себептілікке байланысты табысқа жетуі, жеке және топтық түрлері мен тапсырманың орындалуын стимулдық себептілік көрсетеді. Қазіргі ғылыми тәжірибеде-басқару түсінігін қарастыра келіп себептілік бірнеше білімдерді толықтыра келіп топтық және ерекшелік жүйелермен халықты біріктіреді. Ғылыми басқару теориясын себептіліктің екі түрі бар. Мазмұндық, әрекеттестік.

Теорияның аты Қысқаша мазмұны
Мазмұндық теориясы
Абрахама
Маслоудың
иерархиялық топтары Бұл топта адамдар иерархиялық құрылымды біріктіреді.Біріншісінде физиологиялық қарым-қатынас (алдын-ала қорғану, физиологиялық және
Психологиялық жағдайлардан) екіншісі-әлеуеттік бірін-бірі түсінбеушілік, өз-өзін жете білмеушілік айналадағылармен бір кісідей қарым –қатынас байланыс орнату.
Дэвида
Мак Кленанданың жариялық теориясы Адамдар қарсылық білдіре отырып, билік, бақыт, тілек білдіру. Осы үшін бір деп сананы түйеді. Билік әр адамның тілегі арқылы басқа халықтарды өздері үшін басқарады.Мүмкіндік болған жағдайда адамның билігін ашық түрде халыққа жария етіп, белгілі бір тәуекелділікке келеді.
Екі факторлық теориясы Фредерика
Херцберга Нақты мақсатқа жету. Басқа да қатынасқа түсу, дөңгелек үстелде мәселелер ұйымдастыру, халыққа көмек көрсету.
Д. Портера
Және Э. Лоулера (Портера-Лаулера)
Әдістік теориясы) Осы теорияда себептілік бір элементі бекітеді. Ол әдіс: Шешім шығару ерекше топтың анықталуы, біреуге тәуелді боды, іштей қарсылық білдіре отырып адамның бойындағы қасиеттерге әдістемелік бір бағыт қояды.
Иерархиялық үлгінің себептілігін американдық психолог Абрахамам маслоу (1906-1970) енгізді.
Осы үлгіні бірінші рет қабылдауы адамдардың осы үлгіге қанағаттарлық қаруы, оған беттелуі.Халықтың жеке басын шешу, өмірде аларлық жолдары көп. Жеке бас себептілігін (1984) Жұмысшылардың жеке бас дербес бірігуі, басшылардың өзара ынтымақтастық орнату, бір өлшемге келуі. Себептілікке қарсы біршама себептерді шешу назар аудара отырып, барлық тәжірибені қанағаттанарлық еңбекте шамалы нәтижесін қолға алады. Еңбекте күндіз-түні жұмыс істеп табыс табу басты міндеті деп қояды. Еңбекте себептілік кісілерден тұрады:Себептілікке қарсы жағдайларды шешу, жолдаманы жіберу,өндіру, топтық және сандық рольді түрлендіріп бір жүйеге енгізеді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | Ақшаның маңызы мен қажеттілігі шығуы

Қазіргі жағдайда ақша, шаруашылық өмірдің ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан, материалдық бағалылықтар мен жабдықтау қызметтеріне байланысты болатын барлық мәмілелер ақшалай есеп айрысудан тұрады. Ақшалай есеп айырысулардың өзі екі формаға: қолма-қол ақшалармен есеп айырысу және қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуға бөлінеді. Қолма-қолсыз ақшаларды қолдана отырып, есеп айырысуды ұйымдастыру нақты ақшалармен есеп айырысуларға қарағанда біршама қолайлы. Мұндай есеп айырысу негізінде айналыс шығындарын үнемдеуге болады. Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақшаның жаратылысын зерттегендегі басты анық болғанды, ол, оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар - сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғы шарттарын туғызған.
Нақты және абстракты еңбектің, жеке және қоғамдық еңбектің бөлінісі, тұтыну құны мен құнның арасында тауар табиғатына байланысты болатын қайшылықтар айырбас құнның әр түрлі формаларын туғызды. Айырбас - бұл бір тауар өндірушіден, екінші біреуіне жүретін тауардың қозғалысын білдіреді. Мұнда тауарлардың баламалылығын (мал = бидай = балта), яғни, тауардың түріне сапасына, формасына және тағайындалуына байланысты өлшенуін талап етеді. Сонымен қатар, әр түрлі тауарлардың бір біріне өлшенуіне ортақ негіз болуы қажет.
Ақшаның объективті қажеттігі тауар өндірісі және айналысының болуына сәйкес қалыптасты. Ақша - бұл тауар айналысы құралы және ізбасары болып табылады. Тауар мен ақша бір бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар айналысының да болуы мүмкін емес.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПАЙЫЗДЫҚ САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ

Кіріспе
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделеңдіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі пайыз саясатының басты мақсаты — айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Монғолдар мемлекеттілік деңгейге қалай жетті? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:XIII – XV ғғ. І ж. Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Монғолдар мемлекеттілік деңгейге қалай жетті? 1-сабақ
Оқу мақсаты: Көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін талдау.
X – XIII ғғ. мемлекеттерді білу және картаны қолдану арқылы саяси үдерістерді түсіндіру.
Сабақ мақсаты: Монғол империясының құрылуы және қоғамдық құрылысын,саяси үдерістерді түсіндіру.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚР бағалы қағаздар нарғының жетілдіруі мен даму жолдары

Кіріспе
Бағалы қағаздар кез келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберілді, яғни оларды нарық жүйесіндегіең өміршең субъектілер ғана ала алады.
Өзінің ұйымдық және құрыламдық ерекшелігіне орай бағалы қағаздар қаржы институттары, қаржы нарықтары және оларды реттейтін құқықтық ережелермен қатар мемлекеттің қаржы жүйесінің тұтас бір бөлігін құрайды. Мұдай жүйе біздің мемлекетімізде нарық қатынастарын қалпына келтіру қажеттілігі туындаған кезде, яғни 90-жылдардың басында құрыла бастады.
90-жылдардың экономикалық тәжрибесі дәлелдегеніндей шаруашылықты жетілдірудің нарықтық әдістерін қалпына келтірудің және оны одан әрі дамытудың басты құралы – бағалы қағаздар екені талассыз ақиқат. Бағалы қағаздар ақша түріндегі капиталға да, заттай капиталға да меншік құқын бекітіп, тек бағалы қағаздар арқылы ғана мемлекеттік меншік акционерлік қоғамдардың, яғни жекеменшік иелері – халықтың меншігіне айналдыру мүмкін....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0