Қазақ тілінен сабақ жоспары: Климаттық өзгерістер №1 (7 сынып, I тоқсан, 3 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Жердегі климаттық өзгерістер.
Сабақтың тақырыбы: Климаттық өзгерістер №1
Сабақта іске асатын оқу мақсаты: (оқу бағдараламасынан сілтеме) Ж1. Әртүрлі стильде мәтіндер құрастыру.
7.Ж1.Мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, өтініш, түйіндеме, ресми құттықтаулар жазу......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Хан шатыр» ойын-сауық орталығы (1-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астана – мәдениет пен өнер ордасы
Сабақтың тақырыбы: «Хан шатыр» ойын-сауық орталығы (1-нұсқа)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) О6.Оқылым стратегияларын қолдану
6.2.6.1 - оқылым стратегияларын қолдану:
комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу.
Сабақтың мақсаттары: Оқылым стратегияларын қолданады:
комментарий жасайды, іріктеп оқиды.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Тілеулестерге)

Уайым көп, ойым да алаң, жаным да алаң,
жырым жоқ баяғыдай жалындаған.
От сезім, өрт күтетін тілеулестер,
жазғырып қарамаңдар бәрің маған.
Жүргенде жүйке тозып, шаршаулы үнмен,
сендерді ойыма алып,
аңсап жүрген....
Өлеңдер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Ана тілім

(мектеп шәкірті үшін жазылған)

Ол қазақ даласының шалқар көгінде күмбез болып көтерілген еді. Айбынын асырғысы келіп, мейманасын тасытпақ болған нөпір жауға қас батырдың тілімен рух болып аттандап, қыран құстай шүйілді. Ол қазақ сахарасының ұлан-байтақ шетіне ән болып қалықтады, күй болып домбыра пернесінен төгілді, қозы қайырған баланың сыбызғысы болып сарнады, қобыз шанағында мұң болып жүректерді жылатты. Ол тағы да мыңдарды тебірентті. Шарана сәбидің құлағына бесік жырымен ана әлдиі болып құйылды, бойжеткен арудың ыстық ұясын қимаған сыңсу әні болып естілді, туған еліне, ата-анасына деген асыл сезімі болып жүрек пернесінің көңіл-күйін шертті. Осының барлығында да ана тіліміздің рухы жатты. Менің туған тілімнің рухы еді.

Менің ана тілім. Менің тіліме қатысты сөздер құлаққа қандай жағымды естілетін еді. Осы тіл менің құлағыма бесік әлдиімен енді, ата-анамның маған арнаған жылы сөздерімен дарыды. Ол мектептегі алғашқы ұстазымның әуезді үнімен тәлімді тәрбие болып жүрекке құйылды. Ол оқу ордасындағы ана тілі пәні мұғалімінің қоңыр даусымен ғылым негізі болып санамды билеп алды. Ыстық ұядағы ұстаздарымның мағыналы сөздері арқылы ұлттық рухымды биікке көтерді, арман көкжиегіне жетеледі. Ана тілім сағыныш сезімге толы әндер арқылы биік белеске шарықтатты, туған жерімді сүюге, ардақтауға үйретті. Сондықтан да мен ана тіліме мәңгі қарыздармын. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Дауыссыз дыбыс әріптерінің емілесі

Б, п фонемалары астыңғы еріннің үстіңгі ерінге нық тиіп, тез ажырап кетуінен жасалады. Бұлардың бір-бірінен басты айырмашылығы дауыс алғашқысына (б) аздап қатысады да, екіншісіне (п) қатыспайды. Бұлардың тілде қолданылуында да кейбір ерекшеліктер бар, атап айтқанда, б фонемасы сөздің басында (6258 сөз, қ, т-дан кейін үшінші орында), ортасында актив қолданылады да, сөз соңында кездеспейді. Соңғы позицияда б жазылғанмен (араб, гардероб, куб, клуб, ромб, прораб, штаб) оның айтылуы п болады. Сондықтан да бұл сөздерге жалғанатын қосымша қатаңнан (арабқа, клубқа, штабпен, штабсыз) басталады. Ал п фонемасы сөздің барлық позициясында ұшырай береді. Тіліміздегі п-дан басталатын (991) сөздердің дені кірме болып келеді.
Сөз басында б мен п айтуда, тіпті жазуда да (орфографиялық сөздікте) кейде жарысып жүреді: байым — пайым, балуан — палуан, барабар — парапар, батсайы — патсайы, бәле — пәле, бұйда — пида, палау — балау, пәтуа — бәтуа, пейіл — бейіл, пенде — бенде т.б.
«Әдеби тілімізде болсын, говорларымызда болсын қатаң п дауыссызы байырғы қолтума сөздерімізде оқта-текте болмаса, әдетте көп қолданыла бермейді. Бұған дейінгі диалектопогиялық мәлімет жинаған қазақ говорлары арасында бұл құбылыстың (ұяң б-ның қатаң п-ға ауысуының) біршама жиірек байқалатын жері Өзбекстан, Тәжікстан, Қарақалпақстан, Түрікменстан республикаларының территориясы мен осы республикаларға шектес аймақта тұратын қазақтардың тілі».
Артикуляциялық жақтан ұқсастығының арқасында б, п және м фонемалары қосымшалар мән шылаулардың бас позициясында бірін-бірі үнемі алмастырып отырады. Мысалы: — -бын//-пын//-мын, -мыз//-быз//-пыз, мен//бен//-пен, -ма//-ба// -па т.б.
Сөздің басқы, соңғы позицияларында бұл екі фонема көрші дыбыстардың әсерінен бірімен-бірі алмасып отырады: Ақ-пала (ақ бала), Сәтпай (сәтбай), көпполдұ (көп болды), қабы (қап-ы), қабады (қап-ады), көбжасар (көпжасар), көбеді (көп еді) т.б. Мұның үстіне п кейде у-ға айналып кетеді: тауып (тап-ып), жауып (жап-ып), теуіп (теп-іп), сеуіп (сеп-іп).
Бас оқулықтың авторы I. Кеңесбаевтың айтуынша, дауыстылар аралығында келген б дыбысы: а) б мен в-ның аралығынан айтылады»; ә) «ауызекі тілде сол дыбысқа таяу айтылады»; б) «в-ға әнтек бейімдеу айтылады» ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Отбасы бәйтерегі №2 (1 сынып, 3 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім
Сабақтың тақырыбы:Отбасы бәйтерегі №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
1.5 Тыңдалған және оқылған мәтіндер бойынша сұрақтар құрастырып, орынды жауап беру
1.1.5.1 Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді
1.6 Түрлі құрылымдағы мәтіндерді түсіну
1.1.6.1 Жаңа сөздердің мағынасы мен айтылуын түсінеді.
Сабақтың мақсаттары: Барлығы: Тыңдаған мәтінді түсінеді, қимыл арқылы білдіреді.
Жаңа сөздердің айтылуын түсінеді.
Көбі: Тыңдаған мәтінді түсінеді, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді. Жаңа сөздердің мағынасы мен айтылуын түсінеді.
Кейбірі: Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді. Жаңа сөздердің мағынасы мен айтылуын түсінеді сөйлемдер құрастыра алады. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Демалыс күндері туралы оқу (3-сабақ) (2 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат
Сабақ тақырыбы:Демалыс күндері туралы оқу (3-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.3.2.1 шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым фразалардың / сөйлемдердің мағынасын түсіну
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын мұғалімнің қолдауымен түсінеді.
Көптеген оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді.
Кейбір оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын толықтай түсінеді. ...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Менің сүйікті ертегім (2 сынып, I тоқсан)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақ тақырыбы: Менің сүйікті ертегім
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.2.2.2 мұғалімнің көмегімен шығармадағы көркемдеуіш құралдарды /салыстыру, кейіптеу/ табу
2.3.9.1 сөйлем түрлерін айтылу мақсатына қарай ажырату және сәйкес тыныс белгілерін қолдану /нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі/
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:
• Ертегіні айта алады.Мәтінді оқып, мазмұнын түсіне алады;
Оқушылардың көпшілігі:
• Ертегіні өз бетімен құрастыра алады. Көркем сөздерді пайдаланып өздерін суреттей алады алады;
Кейбір оқушылар:
• Сөйлем құрастырып, түрін ажырата алады.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Бата-тілек: Қарияларға бата

Түндерің тыныш болсын,
Үйлеріңе ырыс толсын!
Келіндерің есті болсын,
Ұлдарың сесті болсын.

Балаларың қуаныш әкелсін,
Немерелер жұбаныш әкелсін.
Орындарың төр болсын,
Дастарқандарың мол болсын.....
Баталар
Толық
2 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жеке портреттер (1 сынып, 1 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақтың тақырыбы:Жеке портреттер №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)Т1 Зейін қойып тыңдау.
Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және дұрыс қабылдайды
Ж2 Көркемдегіш құралдарды пайдаланып жазу.
Қарапайым, түсінікті тілмен жазады.
Сабақтың мақсаттары: Барлығы: Сөздерді зейін қойып тыңдайды. Қарапайым тілмен жазады.
Көбі: Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді. Қарапайым, түсінікті тілмен жазады.
Кейбірі: Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді, дұрыс қабылдайды және қөркемдегіш құралды пайдаланып жазады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0