Өлең: Күләш Ахметова (Ертіс бойында туған ой)

Жасыл дала, жасыл қыр, жасыл ғалам,
Жасыл нұрмен, табиғат, асыл бағаң.
Жасыл дала төсінде ойнайды Ертіс —
Еркелігі әлі де басылмаған.
Ертіс бойын жағалай ұшар әнім,
Тұнығынан иіліп іше аламын.
Кенет... түсті есіме шөлдеп жатқан
Ауылым — менің құйттай Ұшаралым.
... Құлағыма көңілсіз күй келеді,
Сарғаюда су жетпей жиделері.
Ыстық желден қураған жапырақтар
Сөйлер еді, су болса, билер еді.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Эссе: Туған өлке

Туған өлке, туған жер дегенде, адамның бойы дір етері анық. Туған жер-ол Отан ана, тарихың. Туған жер -сайран салып, көбелек қуып, қызықты балалық шақты өткізетін жер ғана емес, ол сенің өткенің мен болашағыңның ұштасуы, сенің болашақта орын табуыңа әсер ететін жақының секілді. Әр адамның туған жері өзіне ыстық.

Менің туған жерім Жантемір ауылы. Менің ол жерде болашақ тұлға ретінде алғашқы кірпіштерім қаланды. Ол менің кіндік қаным тамған жер, ата–бабам орын тапқан жер.Туған жер туралы сөзбен жеткізу мүмкін емес. Жантемір ауылы шағын отаным, жүрегімнің төрінен мәңгілікке орын тепкен мекен. Бұл дегеніміз Отанға деген махаббат, сүйіспеншілік, сағыныш. Туған елден, жерден қияда жүргенде Отанға деген ықылас, ондағы адамдарға, даласы мен жусанына, табиғатына деген сағыныш пен махаббат ыстық болары айқын.......
Эсселер
Толық
0 0

Эссе: Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін

Туған ел.... Туған жер... Осы екі сөзде ғана қаншама ой,мағына жатыр десеңізші? Туған жердің қадірін әркім әрқалай түсінетін шығар. Туған жерге деген сүйіспеншілік өз үйіңді,өз шаңырағыңды қадірлеуден басталады. Отбасыңда бойыңа дарыған жақсы қасиеттер өсе келе туған жерге деген сүйіспеншілікке айналады. Ақындар жырға қосып жырлағандай,туған жер маған күш-қуат беріп,өз өлкемнің жанашыры болуына шақырады.

Мен өз балалық шағымды өткізген аяулы мекенім туған жерімді ыстық сезіммен,шын жүрегіммен сүйемін. Мен үшін туған жер дүниедегі ең ұлы деген нәрселермен пара-пар.Себебі-мені жылытып әлпештеп өсірген анам,аялап өсірген әкем,аға-әпкелерім,туған-туыстарым,достарым,маған білім беріп,білім жолына жетелеген ұстаздарым,дүниеге келген жерім. Менің отаным-аса үлкен болмаса да,мен үшін аса қымбат,әрі киелі жер-Орал қаласы.

Осы мекенде мен өзімнің бейкүнә,көңілді де шаттыққа толы,уайымсыз балалық шағымды өткіздім. Туған өлкем-Оралымның ауасы,алғаш балабақшаға келген күндерім,мектеп табалдырығын алғаш қадам басқан сәттерім,сыныптастарым мен достарыммен өткізген әр уақытым,таныстығым.. Бәрі де әлі есімде. Туған жердің ауасы да,суы,жайлаған жасыл желегі,күні мен түні,даласы ыстық болып келеді. Туған жерімізден жыраққа,алысқа кетсең туған жерімізді,үйімізді сағынып отырамыз......
Эсселер
Толық
0 0

Шығарма: Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін

Туған жерін сүйе алмауы дегеніміз, меніңше адам баласы дүниеге шыр етіп түскен жерінен бастап, өсіп- өнген, жүрген ортасын ұмытып, туған елін, өзі жетіліп толғандай болған адами қасиеттен жұрдай адамдарды айтуымызға болады. Нақтырақ айтсақ, өз елін ұмытып қана қоймай, тілін, дінін, салт- дәстүрімен әдет- ғұрпын, халықтық дәстүрге сай ырым- жоралғыларын білмейді.Сондай адамдардан өз Отанына жаны ашымай, ұлтараздықты қоздырып , іріткі салатын ойларды айту –адамдық іс емес екенін айта аламыз. «Елінен безіп, елсізде өлгеннің, екі көзін қарға шұқиды» - демекші, белгісіз бір себептермен адасып, елін сатқан адамдар өзге елдерде де өмір сүре алмай ,өз қателіктерінен опық жеп жатқандар қаншама? Екі көзін қарға шұқуы , қарғаның қара ниеті құс екені, опасыз адамдарды бірден білетіні байқалады. Сонымен адамгершілік қасиеттен ада, яки өзінің ұлтын айтуға ұялатын, тіпті өзі туған ата- анасынан жеріп, тани алмауы, адамды есалаң, мәңгүрт етеді.

Әрбір адам баласы, туған жерін, туған ауылдың ауасын, туған өлке табиғатын, туған тілін сағынбайтын адам кемде- кем шығар. Мен туған жер, ақ төбенің баурайында орналасқан Ақтөбе қаласында тудым. Ақтөбе қаласы өзге өңірлерден өзгешелігі Елек өзенінің үстінде орналасқан. Қысы ақ түтек боран болса, күзі ақ жауынды нөсерелете жауатын, көктемі күн ылғалды, жазы қоңыр салқын болатын қала, мен үшін ең ыстық, ең қымбат атамекен болып келеді.Осы қалада мектеп қабырғасында болып, кейін өзім қалаған тілдің шебері болуы арманыммен оқу бітіріп, қазіргі балаларға жылылық мейірім төгетін ұстаздық қызметімді жалғастырудамын. Ең алдымен Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев жолдаған «Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты тақырыптағы Жолдауында көрсетілген «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келді» айтқандай, қазақ тілінің мәртебесін арттыруына кішкене болса да ықпал етіп, іскерлік кездесу тілі ретінде қолданылуына болашақ өскелең ұрпақты үйретуге атсалысудамын......
Шығармалар
Толық
0 0

Тақпақ: Туған жер

Жаным менің жадырайды келсе мұнда,
Келмеске кетсе, мәңгі болса құлда.
Кетсем егер шалғайға,алысқа мен
Тартып тұрар туған жерде таста,құмда.
Өлеңдер
Толық
0 0

Эссе: Туған жер

Кіндігі арқаның көк орай алқабы,
Самалы жүзіңді құшады алдан.
Көгінде күн күлген мұндай жер кім білген,
Шарықтап ән болып құшады алдан.
Нұр тұнған өмірім,
Құлпырған өңірі ,
Өзгеден тұратын дара дархан,
Атыңнан айналдым Жаңаарқа.
Биыл Жаңаарқаның 90 жылдығы мен Алаш деп қазақтың қамын ойлған кемеңгер ақынымыз Сакен Сейфуллин 125 жылдық мерей тойы аталып өтілді. Жаңаарқаның халқының бірлігі мен ынтымағының арқасында шараға қатысу үшін Жаңаарқа ауданнан 12 ауыл және 2 округ кентінен тұрғындар жиналды. Балдай қымызы бір мезетте мың күбіге құйылып пісіліп генстік рекотқа енді. Туған жерімнің осындай мақтанышымен мақтанамын. Туған жердің қадірін қасиетін білу үшін кіндік тамған жерге еңбек ету керек деп ойлаймын. Ұлы Абай айтқандай «есектің артын жусаң да мал тап» деген. Қара жұмыс болса да еңбек еткен адамға туған жерден табылады. Мысалы: Қытай мемлекеті халқы қарапайым. Қандай жұмыс болса да өз туған жерінде жұмыс істей береді. Бір журналист заводта жұмыс істейтін қытайлық азаматтан сұрапты:
– Өзіңізге істеп жатқан жұмысыңыз ұнай ма? – дейді.
– Маған істеп жатқан жұмысым ұнайды – депті. Ал қазақтан сұрағанда: – Жалақысы аз екен негізі мен басқа жұмыс істегім келген – дейді. Бұдан не аңғаруға болады. Отанға деген сүйіспеншілік жоқтығынан өз-өзіне деген сенімсіздік. Тек қана қара бастын қамын ғана ойлау. Жастарымыз ауылда жалақы аз деп қалаға немесе шетелге жұмыс іздеп кеткендер қаншама. Сол өзінің іздеген жұмысы да ауылдан сабырмен қарекет етсе табылып қалады ғой. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол»......
Эсселер
Толық
0 0

Эссе: Туған жер тұғырым

Бұрынғы Елбасымыз Н. Назарбаевтің « Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында: «...Туған жер –әркімнің шыр етіп жерге түскен ,бауырында еңбектеп , қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір бақи тұратын өлкесі», - деген еді.Бір ауыз сөзбен туған жер деген ұғымды толық қамтитындай...

Жалпы туған жер дегенде есімізге балалық шағымыз түсетіні айдан анық, солай емес пе?! Сол туған жерде туылған соң ол жердің табиғатын ерекше ұнатамыз. Біз үшін ауасы, тау-тасы бәрі ерекше болып , бәрінен қымбат санаймыз.Ешқандай адам өзінің туылған жерін ұмытпайтыны айдан анық. Себебі туған жер әрбір адамның жүрегінен орын алады. Оған деген махаббатымыз шексіз... Мейлі біз алыста болсақ та, туған жерді күнде ойламасақ та, тіпті кейде жиі баруға уақыт таппай жатамыз дегенмен де, оны сағынғанымыз есімізге түссе, біз бәрін тастап сонда баруға дайынбыз .Өйткені біз үшін ол анамыздай , оған барсақ демаламыз, шаршағанымызды ұмытып , онымен өткен қызықты күндерімізді еске алып бір марқайып қаламыз.

«Осы туған жер дегеннің қадіріне жетіп жүрміз бе?» деген сұрақ келеді. Тарихқа көз жүгіртіп көрейікші , осы ұлан байтақ жер үшін , ел үшін қаншама адамның қаны төгілді, қаншама жастарымыз тәуелсіздік құрбаны болды.Қан мен тердің арқасында келген жерді қорғау , қадірлей білу біздің міндетіміз . Алайда ,осындай тыныш елде тұрып көптеген діни ағымның жетегіне кетіп жатқан жастарымыз көбейіп кетті қазіргі сәтте, оның барлығы діни сауатсыздық пен патриотизмдік сезімнің азайып бара жатқандығынан деп білемін......
Эсселер
Толық
0 0

Шығарма: Туған жерім – тұғырым, өскен елім – өзегім

Тәуелсіз ел тарихы! Ерте заман, о бастан қазақ халқы, Ел болуға талай ғасыр шайқасты Үйсін, сақтар, ғұндардың патшаменен батыры, Еуропаның төріне даңқы өрлеп жайғасты, Алла бізге сыйлады еркіндік пен елдікті, Оған қоса берген ғой сабырлық пен теңдікті Зар заманда бірігіп, жұдырық пен найзасы Қорғады ғой өле-өлгенше басқа ұлт пен теңдікті. Еділ патша ұрпағы Абылаймен жалғасып, Елдік үшін күрестік тайсалмастан сан ғасыр Бастан кешкен зар заман, отаршылдық езгісін, Болашағы елімнің, бүгінгі ұрпақ көрмесін!!!
Әдікенова Марфұға Азат Қазақстанның ең қастерлі құндылығы – ел тәуелсіздігіне тура жиырма бес жыл толады. Иә, бір мың тоғыз жүз тоқсан бірінші жылдың он алтыншы желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасының Мемлекттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң Еуразия құрлығының жүрек тұсындағы ежелден ұлы дала атанған ұлан-ғайыр өлкеде жаңа мемлекеттің дүниеге келгенін паш етті. Санаулы сағаттардан кейін әлемнің әр тарапындағы алуан мемлекеттерден келіп түскен ежелден азаттық аңсаған қаһарман халықтың тәуелсіздігін таныған қуанышты хабар ақпарат құралдары арқылы дүниенің төрт бұрышына түгел тарап жатты. Біз тәуелсіз еліміздің бүгінгі биігінде тұрып, осы күнді армандаған бабаларымыздың биік мұраттары алдында, жан алысып, жан беріскен алмағайып замандарда азаттық үшін күрескен аталарымыздың өз аманаты алдында, ел бостандығы жолында құрбан болған есіл ерлеріміздің мәңгі өшпес рухы алдында басымызды иіп, тағзым етеміз. Тәуелсіздік мағынасы өте зор, тамыры терең ұғым, ал тәуелсіз ел болу дегеніміз не?....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Туған өлкем – тұнған шежіре

Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!

Ө. Тұрманжанов

«Туған жердің қадірін туғалы түзге шықпаған елдегі адам қайдан білсін?» – деп Ж.Аймауытов айтқандай, мен осы уақытқа дейін туған өлкемнен алыс кетіп, сағыныш сезімін басымнан кешіріп көрмеппін. Бірақ туған жеріме деген мақтаныш сезімім ерекше. Сол сезімнің жетегіне ере отырып, ұлттық-рухани тамырыма нәр берген туған өлкем Хромтау туралы сыр шертейін.

Біріншіден, жер қойнауы хром мен мысқа, мырыш пен никельге, қоңыр көмір мен басқа да қазба байлықтарға өте бай. Бүгінгі күні еліміз үшін аса маңызды үш ірі өндіріс орны – «Дөң» кен байыту комбинаты, «Восход-Ориел» ЖШС және «Ақтөбе мыс компаниясы» АҚ жұмыс жасайды. Жері ырысты Хромтау – астықты өңір. Егер біздің өңірге жолыңыз түссе, көктемнен күзге дейінгі дала бояуының сан түрге өзгергенін көріп, тұрғылықты халықтың ерен еңбегі мен ырысты несібесінің куәсі боласыз......
Шығармалар
Толық
0 0