Өлең: Туыстықтың қадірі

Туыс бауыр ағайындар туысым
оңды болсын мынау сенің жұмысың,
баршаңызға ақ жол тілеймін қашанда
ертеңгі күн не боларын кім білсін.

Сыйласайық бәрімізде көзіміздің тірісінде
ертеңгі күн,кім бар....
Өлеңдер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Мәшһүр Жүсіп Туысқан бауырларыма бір насихат


«Әй, қазақ ағайындар! Жылдан жылға кедей болып, жоқ жерде малдарыңнан айрылып қалып, күн асқан сайын кеміп барамыз, мұны кімнен көресіз?! «Қыс алды, боран алды»,-дейсіз, қыс пен боран алатұғын болса, қоян неге өлмейді, торғай неге өлмейді? Бораннан ығып, суықтан үсініп бір қоянның, бір торғайдың өлгенін көрген жан жоқ. Қазақта бір мақал бар «Жаман Құдайшыл келеді» дейді.

Ол сөздің мағынасы құдай, құдайдың жазуыменен болды десеңіз, бұл сөздің тұрғаны теріс. Өзі жаратқан мүлкін, өзі бар қылған мақұлығын құдай неге қырады? Кім болса, ол болсын, өзі жасаған нәрсесін өзі бұзбайды. Құдай тәбәрак оттағала мұнша жаратқан мақұлығын жоқ қылуға мөлшер қылған болжалды мезгілі бар. Ол мезгіл Ысырапыл (Исрафил) періштенің сұрын (сорын) үруімен (ұруымен) болмақ. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Ағайын, тума, туыс, туысқан

Ағайын татуда ат көп,
Абысын татуда ас көп.

Ағайынға қарап мал өсер.

Ағайын мен жекжат арасын,
Майына мінген ат айырады
Немесе оқымаған бата айырады.

Екі ағайынды жігіттің,
Кере қарыс жалы бар.
Жалғыз басты жігіттің,
Шығар-шықпас жаны бар.

"Сіз", "біз' деген жылы сөз, ағайынға жарасар.

Көсеуің ұзын болса, күймес,
Ағайының көп болса, ешкім тимес.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Испандық туысқандарға)

Кең даласы қазақтың
Құлпырады гүл жайнап,
Өзбекстан бір елім
Гүлстандай — алма бақ.
Тәжікстан түлеген
Желі жібек — күн шуақ.
Қайта туған бәрінде
Қажырлы берік халқым шат.
Сталиннің жазында
Жадыраған жан рахат. .....
Өлеңдер
Толық
0 0