Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Теңге

Білімділік: Ұлттық ақшамыз теңге туралы түсінік беру. Ақша түрлері (қағаз, темір, ірі, ұсақ) туралы ұғымдарын тереңдету. "Теңге" ұғымын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Балалардың қызығушылығын арттыру, тиянақтылыққа, бірін - бірі тыңдай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балалардың зейіні мен логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін дамыту.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, үлестірмелі материалдар
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиет .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Биология | Амур жалған теңге балығының морфобиологиясы

Қазақстанға балықтарды жерсіндіру тарихы бойынша үш кезеңге бөліп қарастырылады.
Республикамыздың суқоймаларына балықтардың алғашқы жерсіндірілуі революциялық кезеңге дейінгі уақытта болған. Ол 1885 – 1890 жылдары Алматы қаласының тоғандарына бірнеше дана сазан балықтарын жіберуден басталған.
Екінші кезең 1848 – 1956 жылдары аралығында әр түрлі суқоймаларға балықтардың 18 түрі, сонымен қатар бірінші кезеңнен екі есе көп отырғызылған. Арал бассейініне балықтардың 13 түрі енгізілген. Осы уақыт аралығында Арал теңізіне шоқыр балықты жерсіндіру жұмыстары оралдың дельта бөлімінен алынды.
Үшінші кезең 1950 жылдардан басталды. Бұл кезеңде ақсаха, көксерке және өсімдікжемді балықтарды жерсіндіру жүзеге асырылды. Осы уақытта Қазақстанда әдейі ұйымдастырылған топтың қатысуымен Кәсіптік жерсіндіру станциясына әкеліп отырғызды. Қазақстанның тоған шаруашылықтарына және Орталық Азия суқоймаларына – Қытай елінің суларынан және Амур бассейіндерінен әкеліп ақ амур және ақ дөңмаңдай балықтарын жерсіндіргенде кездейсоқ әкелінген тағы басқа бірнеше түр балықтары болды. Солардың ішінде амур жалған теңге – балық кездескен.
Амур жалған теңге – балық Abbottina rivularis (бұрынғы атауы Pseudogobio rivularis) кең тараған түр. Олар Жапония, Қытай және Амур өзенінің төменгі бассейінде мекендейді [1].
Қазақстанда бір ғана түрі кездеседі. Ол Abbottina rivularis. 1956 – 1958 жылдары өсімдікжемді балықтарды Қытайдан жерсіндіру кезінде Қазақстан мен Орта Азия тоған шаруашылығына кездейсоқ әкелінген [2-5].
Амур жалған теңге балығы 1968 жылы табылған. Түр – жылу сүйгіш. Маусым – шілде айларында өрістейді [1,6,7].
Бұл ұсақ балықтар ихтиофаунаның әртүрлілігін толықтырып тұрады.
Өндірістік маңызы жоқ, бірақ Амур өзеніндегі өндірістік маңызы бар балықтардың қорегі ретінде маңызы бар. Қорек ретінде бағалы бентофагпен бірге конкуренциялық қатынаста болады.
Мақсаты: Амур жалған теңге – балықты оқып зерттеу, көптеген ғылыми кітаптар арқылы терең танысу, зерттеу методикасын үйрену, құралдармен жұмыс істеп үйрену.
Міндеті: Балқаш бассейндігі әр түрлі суларында мекендейтін амур жалған теңге – балықтың экологиялық өзгерістерін морфоанализ арқылы зерттеу. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Төл теңге және азаттықтың рухы

Бұлар бірінші курсқа түскендерінде өздерінің ұстазы, кафедра меңгерушісі ағайларының: "Айналайындар-ай, сендердің қадамдарың құтты болды-ау! Екі бірдей қуанышқа кенелдік қой!" деп қайта-қайта айта берген сөзі бар еді. Өйткені ол қуаныштың біріншісі республикада тұңғыш рет қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы осы оқу орнында филология факультетінен бөлініп, өз алдына дербес шаңырақ көтеріп жатса, ал екінші қуаныш сол оқиғадан кейін арада жиырма екі күн өте бере, яғни 22 қыркүйек күні қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін алған қуанышы еді. Ұстаздарының шаттықты жүздеріне қарап отырып, сонда бұлар адамның жекебас қуанышынан да айрықша қуаныштардың бар екендігін сезінген. Ал арада санаулы күн өткенде Алматыдан келген профессор әйел адамның: "Тілімізге мемлекеттік тіл мәртебесін алу оңай болған жоқ қой, қарақтарым! Біз қуаныштан жылап тұрдық қой!" деген сөзін естіп тебіренген. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы теңге

Өзімнің жұмысымды мен «Қазақстан республикасының ұлттық валютасының нығайту проблемасы» туралы тақырыпта жазып отырмын. Осы тақырыпты тандап алған себебім, ең біріншіден, теңге – бұл Г.А. Марченко мырза айтқандай «тәуелсіздіктің тұмары». Яғни, ұлттық валюта - әр елдің тарихында маңызды орын алатын және мемлекеттің экономикалық егемендігінің көрсеткіші болып отыр. Ұлттық валютаның енгізілуі нарықтық экономикақа көшуге бағытталган түpлi структуралық өзгерістердің бірі. Осы сәтте, бар жетістіктері мен қиыншылықтарын, теңгенің енгізілуінің алдында, оған артқан үміттерінің ақталғаны немесе ақталмағанын атап көрсеткім келді.
Жалпы айтқанда, ақша - бұл ежелден келе жатқан тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Олар адам арасындағы өндіріс кезінде белгілі бір экономикалық қатынастардың көрсеткіші ретінде саналады. Ғасырлар бойы адам өркениетінің дамуымен қатар, ақша қатынастары мен жүйесі үнемі дамып келеді, және олардың бүгінгі қалпы да біткен іс емес. Теңге де дамып келе жатқан валюта.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Ұлттық валюта | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВАЛЮТАСЫ ТЕҢГЕ

Кіріспе
Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құкықтық актілерінен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданыста болады және Қазақстан Республикасының резиденттері мен Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды жүзеге асыратын резидент еместерге қолданылады.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде осы Заң Қазақстан Республикасының резиденттеріне қолданылады.
Қазақстан Республикасының Заңына сай валютаны ретке келтіру міндеттерін жүзеге асыру құқығы бар Мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылау органдары болып табылады.
Валюталық бақылау органдары өз міндеттерін жүзеге асыру үшін валюталық бақылау агенттерін жұмысқа тартады және олардың тиісті тапсырмаларды орындауы үшін біршама құқықтарды береді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Ертеңге - Елбасымен

«Ер- ел тірегі» деген қанатты сөздер бар. Айтса, айтқандай-ау!.. Бейбіт күнде дүйім халықтың ішер ас, киер киімін қамдау сияқты материалдық сұраныстарынан бастап, олардың тамырын тереңге тартар рухани қажеттіліктерін де орнына келтіре білген, ал қиын-қыстау замандарда түтеген борандардың өтіне шығып, еліне ықтасын бола білген қаншама ардақты ата-бабаларымыздың есімдері тарихта қалды десеңізші. Сөйтсек, тұтас әлемге тұтқа болған сол бір пәруана жандар ең әуелі өз Отанының мызғымас тірегіне айнала білген екен ғой. Ақтығында біздің батырларымыздың көзінің тірісінде, қайта құру дәуірінің бізге берген бақыты- Азаттық, Еркіндік, Егемендік тұсында тағы да сол халық ортасынан тағы бір азамат шығарды. Ол-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Теңгерілген диета (Жаратылыстану, 2 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Денсаулық. Денім сау болсын десең...
Сабақ тақырыбы: Теңгерілген диета
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 4. Адам. Адам денесінің құрылымы
Сабақ мақсаттары: 2.4.2.1 Энергия мен адамның дамуы үшін тағамның маңыздылығын түсіну;
2.4.2.2.Тағамның кейбір түрі денсаулық үшін қауіпті болатынын білу
Салауатты диета бізге не беретіні туралы сұраққа жауап беру үшін жеке тәжірибені пайдалану
Жоспарланған ғылыми зерттеу
2.1.2.2.Проблеманы және оны шешу жолдарын анықтау және түсіну
Мәліметтерді алу және таныстыру
2.1.4.2.нәтижелерін бақылау түрінде таныстыру........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0