Желіде базадағы ҰБТ сұрақтарын сататын алаяқтар пайда болды (фото)

Алматы тұрғыны Дидар Марданов әлеуметтік желілердің бірінен ҰБТ сұрақтарының дұрыс жауаптарын сататын парақшаны жолықтырған. Олар түлектерге жоғары бал жинауға көмектесетін көрінеді деп хабарлайды nur.kz.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Сабақ жоспары: Бақылаушы және тестілеуші бағдарламалар

Пәні: Жаңа педагогикалық технологиялар
Тобы: 2 п МК, 3 с КШИ
Уақыты: 12.04.2016
Сабақтың тақырыбы: «Бақылаушы және тестілеуші бағдарламалар»
Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:
А) ақпараттық құзыреттілік
Ә) коммуникативтік құзыреттілік
Б) проблеманы шешу құзыреттілігі ....
Сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Асем-ай Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестіктің баскару жұмысының ақпараттық жүйесі

Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі ролі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Елдің біртұтас қаржы жүйесі тиісті ақша қорлары құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады.
Сонымен бірге жалпы институционалдық тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан ол мемлекетте іс-әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Филология | Лингводидактикалық тестілеу

КІРІСПЕ
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі – шетел азаматтарына қазақ тілін оқытатын оқу орындарында қазақ тілін өзге тіл ретінде игеру деңгейін сертификаттау стандартын бірізділікке салу, яғни коммуникативтік қабілет-құзіретті қалыптастыру дәрежесін объективті түрде өлшей алатын және тілді игеру деңгейін анықтай алатын бақылауды негіздеу.
Қазіргі заманғы әдістемеде қазақ тілін өзге тіл ретінде оқыту тәжірибесіне тесттік бақылауды енгізу мен ұйымдастыруда белсенді әрекеттер жүріп жатыр.
Соңғы жылдардағы бақылаудың жаңа түрінің негізгі талабының бірі – оқушының мекеніне, уақытына, тілді оқып үйренудің нысаны мен түріне тәуелсіз коммуникативтік қабілет-құзіретінің қалыптасу дәрежесін өлшеу мен сыналушының өзге тілді игерудің нақты деңгейіне жетуіне ықпал ету. Тестілеу тәуелсіз бақылау тәсілі ретінде танылып, мойындалған. АҚШ-та, Голландия, Англия, Дания, Франция, Израил, Финляндия, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия елдерінде кеңінен қолданысқа енді.
Соңғы 10 жыл ішінде тілдік тесттер синдикаты жасалды:
- ETS, Американың педагогикалық тестілеу қызметі, яғни әлемнің 40-тан астам елдерінде жұмыс істеп, жыл сайын жарты миллионнан аса адамнан ағылшын тілінен TOEFL (Test of English fs f Foreing Language) емтихан қабылдайды;
- АҚШ Сыртқы істер министрлігі институты тестілеу қызметі – FSI, шет тілі оқытушыларының Американдық ассоцияциясы жанындағы (ACTFL) тест орталығы;
- Европадағы лингвистикалық тестілеу ассоцияциясы (Assocition of Language Testes in Europe, ALTE) және Европалық одақ қолдауымен жұмыс істейтін Халықаралық сертификаттық одағы (International Certificate Conference, ICC);
- Кембридж университетінің емтихандық синдикаты;
Жоғарыда аталған тест орталықтарының тәжірибесіне көп сүйенуімізге тура келеді. Себебі оларда көптеген жылдар бойы тілдік білімді бағалаудың, бақылаудың – тестілеудің теориясы мен практикасы қалыптасқан [1,12].
Тарихи мәліметтерге көз жүгіртсек, бүгінгі күні тілдік білімді тестілеу оқытудағы қазіргі заманғы көзқарасты – коммуникативтік мақсатты білдіреді. Өткен жылдардағы тесттер – негізінен интуитивті немесе субъективті сипатта болды және оқытушының жеке пікір ойларына да байланысты болды десек қателеспейміз. Интуитивтік кезеңнен кейін тестілеу ғылыми кезеңге көшті десек те болады. Тілшілер бұл кезеңде тілдік білімнің объективтік бағалануының маңыздылығын баса көрсетті.
Қазір біз тілдік білімді бағалаудың коммуникативтік кезеңіндеміз. Бұл кезең тілдік тұлғаларды емес, оны қолдана білудің маңыздылығымен ерекшеленеді. Субъективтік, яки интуициялық кезеңде дайындалған тест мазмұны бойынша тіл үйренушілердің сөйлем үлгілерін, грамматикалық үлгілерді, құрылымдарды жаттауына тура келді. Субъективтік кезеңдегі тестілер көптеген жазбаша жұмыстардан құрылатын: диктант, мазмұндама, шығарма, оқылымға негізделген сұрақтарға жауаптар. Ал, бағалау негізінен тілдік білімі (тілдік білім дегеніміз – барлық қазіргі тілдер мен мәдениеттер саласы бойынша ана тілі мен меңгерген тіліндегі қалыптасқан білімі) жақсы деңгейдегілер үшін ғана сәйкес келді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Электротехнология | Күрделі тізбектерді эквивалентті генератор әдісімен шығарғанда компенсация және беттестіру әдісері

Электр энергиясын қолдану бізге барлық іс-әрекеттерді жақсартуға өнеркәсіпке жаңа автоматтандырылған технологиялық процесстер енгізіп жаңа мүмкіншіліктерді берді. Ауыл шаруашылығында жаңа қажеттіліктерде құрылған технологиялар нақты өнім түрін жылдам және жеңіл түрде тудыратын болды.Электр энериясы өмірдің барлық салаларында соншалықты кең таралуының басты себебінің бірі – электромагниттік энергияны өте аз шығынмен алыс қашықтыққа беру және оны энергияның басқа да түрлеріне: механикалық, жарық , жылу , химиялық және т.б. түрлендіру ыңғайлы.
“ Электротехниканың теориялық негіздері ” курсының пәні деп, тізбектер мен өрістердегі өтетін электромагниттік процестерді сандық және сапалық жағынан оқып үйренуді айтады.Физика және жоғары математика курстарына негізделген бұл курс , осы заманғы электротехникалық құрылымдардың әртүрлі кең кластарына қолданылатын инженерлік есптеулер және талдау әдістеріне толы болады. Сонымен қатар ЭТН өндіріске қажетті болашақ мамндардың электротехника мен радиотехникадан ғылыми көзқарастарының қалыптасып жетілуінде аса маңызды рөл атқарады және бұл курсқа арнай электротехникалық және радиотехникалық пәндер негізделеді.
ЭТН курсында электрлік және магниттік құбылыстарды екі тәсілмен сипаттап жазу қолданады . Оның бірі тізбектер теориясы, ал екіншісі өріс теориясы.
Тізбектер теориясында нақты электротехникалық құрылымдарды жобамен идеялизацияланған схемалармен ауыстыру қолданылады. Бұл схема анықталуға тиісті кернеулер және токтары бар тізбектің бөліктерінен тұрады. Инженерлік практикада, тізбектер теориясы аралық токтар арасындағыкернеуді есептеуге жүгінбей–ақ, қарастырылып отырған тізбектің бөлігінің ұштарының арасындағы кернеуді тікелей дәл анықтауға мүмкіндікбереді. Токтарды өткігіштің қимасының әр түрлі нүктелеріндегі оның тығыздықтарын ещқандай есептеусіз-ақ анықтайды.
Өріс теориясы кеңістік пен уақыттағы нүктеден нүктеге дейінгі электрлік және магниттік шамалардың өзгерісін зерттейді. Ол электрлік және магниттік өрістердің кернеуліктерін электр энергиясының сәуле шығарумен, көлемдік зарядтың таралуы, токтардың тығыздықтары және т.б. зерттеумен шұғылданады.
ЭТН курсында диалектикалық ойлауды қалыптастыратын симметрия принципі, энергияның минималды принципі, зарядтың сақталу заңы, магнит ағынының үздіксіздік принципі деп аталатын жалпы физикалық принциптер қолданады. Электр тізбектерін есептеуді екі әдіспен баяндап жеткізуге болады. Бірінші әдіс бойынша , есептеу жұмыстары синусоиадлық токтың электр тізбектерінің теориясы бойынша баяндалады. Ал екінші ідіс бойынша, әуелі есептеу әдісі резетивтік тізбектер (тұрақты ток тізбектері) қатысты қарастырылады да, сонан соң бұл әдістер синусоидалық ток тізбетеріне ауысады.
Электр тізбегі деп – электр тоғын тудыратын құралдар мен обьектілер жиыны , ЭҚК тоғы және кернеуі туралы түсінік көрсететін электромагниттік процесстер. Тұрақты ток тізбегін , қазіргі техникадағы өз бағытын өзгертпейтін яғни э.қ.к көз полярлығы әр уақытта тұрақты тізбегін айтамыз. ....
Рефераттар
Толық
0 0