Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Ә.Н. Қазақстан халқына ұсынған «Қазақстан-2030» атты болашаққа бағытталған даму бағдарламасында, ең маңызды мәселенің бірі ретінде отанымыздың саяси, қорғаныс, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету деп атап өткен. Осы бағдарламаны жүзеге асырудың бірден-бір жолы Республика тұрғындарының денсаулығы мықты, физикалық белсенділігі жоғары жастардың санын арттыру болды.[1]
Қазақстан республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін мемлекеттік саясат халық денсаулығын басты назарда ұстап келді. Көп ұлтты, көп дінді зиялы қоғам құруға бағыт ұстанған Қазақстан Тәуелсіздікке ие болғаннан бастап өзінің өміршең мемлекеттік саясатын халық денсаулығы деп жариялап келеді.[2]
Халықтың денсаулығы – қоғамымыздың заманауи талаптарының басты мәселесі болып табылды. Бүгінгі таңда орын алып отырған экономикалық дағдарыс, әлеуметтік мәселелердің ушығуы халық денсаулығына кері әсерін тигізді. Сондықтан, Қазақстан халқының
денсаулық жағдайын көңіл қынжыларлық жағдайда деп бағалауға болады және соған орай медициналық қызметкерлердің барлық күш-жігерін, халықтың денсаулығын сақтауға жұмылдыру қажет. Оның, ішінде, кейінгі қауым, жас ұрпақ-балаларымыздың денсаулығын сақтап, нығайту–қоғам мен мемлекеттің негізгі, кейінге қалдыруға болмайтын міндеттердің бірі болып табылады. [3]
Дүниежүзілік
денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша экологиялық зардаптар бүкіл адамзат ауруларының 33%, уыттанудың, 68%, астманың 44 %, онкологиялық аурулардың 19% және 1,3 млн. қатерлі ісіктен қайтыс болудың себептері болып табылады. [4]
Жер жүзінде экологиялық апатты аймақтардың пайда болуы, жаңа технологияларды қолданысқа кеңінен енгізу, урбанизация факторлары иммундық жүйе қызметінің бұзылуынан бастап иммундық тапшылық ауруларына дейін әкеледі.
Әлемде, 2002 жылдан бастап ауа ластануынан қайтыс болғандар саны автокатастрофадан мерт болғандардан асып түсті. [5]
Иммундық жүйенің сезімталдығы антропогендік факторлардың тірі ағзаларға әсерлерін ерте басын анықтайтын бірден – бір индикаторлық көрсеткіш болып табылады. [6]
Иммундық жүйенің қызметіне әсер ететін бірден- бір фактор қанның- морфофизиологиялық көрсеткіштерінің ауытқуы қазіргі заманғы
денсаулық саласының өзекті мәселелерінің бірі. Осы мәселенің аз зерттелуінен жоғары мүгедектіктің және еңбекке қабілетсіз адамдардың көбеюіне себеп болып отыр.
Иммунды жүйе ағзаның ішкі орталығындағы антигендік тұрақтылықты қадағалайтын және рециркуляция жолымен байланысатын жасушалардың мүшелерден қан айналымына ауысумен кері қайтуына арнайы лимфоидты мүшелермен тіндердің өзара жиынтығы.[7] ....